Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері


ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Орталық Қазақстанның



Pdf көрінісі
бет39/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Орталық Қазақстанның 

экономикасындағы ӛзгерістер 

Аймағамбетұлы Р., Тҿлегенова А.Ж., АрқМПИ, Арқалық қ.  

 

                ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанның Еуразия экономикасына кіруі,ресми 

биліктің  белсенді  саясаты  жҽне  Қазақстанға  нарықтық  қатынастардың  енуі  нҽтижесінде 

Орталық  Қазақстанда  кҿшпелі  ҿмірдің  сипаты  ҿзгере  бастады.Бұл  жҿнінде  1890  жылы 

Садуақас Шорманов мынадай пікір айтты: «Прежде киргизы кочевали с начала декабря,а 

ныне  в  силу  разных  условий,начинают  кочевать  меньше.Главными  причинами  к  этому 

можно  признать  следующие:  увеличение  численности  население,проведение  между 

волостями  границ,занятие  некоторых  мест  под  селение  и  ,наконец,стремление  самих 

киргизов поскорее вернуться на зимовки для производства необходимых работ по запасу 

сена  и  уборка  хлеба.»  Бұдан  кҿріп  отырғанымыздай,ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысында 

Қазақстанда таза мал шаруашылығы кҽсіпшілік пен егіншілікпен толықтырылды.Бірақ та 

ХІХ  ғасырдың  70-ші  жылдарында  егіншілік  Орталық  Қазақстанда  баяу  дамыды.Мұның 

себебі—аймақта  жаңа  отырықшы  мҽдениетке  терең  тамыр  жаюға  мүмкіндік 

бермеген,Қазақстанның орталық бҿлігіндегі табиғи-климаттық жағдай.Осы тұрғыда орыс 

зерттеушісі В.А.Остафьев былай деп жазды: «Нельзя водворять переселенцев отдельными 

поселками,потому  что  земли  здесь  песчаные,частью  твердо-глинистые  и  каменисто-

древесные,также неудобны для земледелие.» 

               Егіншілік  мҽдениеттің  таралуына  оған  жарамды  жерлердің  кҿлемі  ҿз  ҽсерін 

тигізді.Мысалы,  айдалатын  жер  жалпы  жер  кҿлемінің  кҿпшілік  уездерде  0,01%,  0,13%, 

0,3% ғана құрады. 

                Осы  жағдайда  кҿшелілер  арасында  ауылшаруашылық  мҽдениетін  қайта  құруға 

қажеттілік  туды.  Қазақтардың  арасында  отырықшылық  мҽдениетінің  ҽрі  қарай  дамуы 


 

281 


үшін үкіметтің жүргізген жұмыстарының ішінде жер жырту,жергілікті халықтарды жаңа 

ауылшаруашылық құралдарымен таныстыру, дҽн сатып алу тағы басқалар болды. 

                Қазақ 

қоғамында 

егілетін 

дҽстүрлі 

дақыл 

түрлері—тары,бидай,қара 



бидай,сұлы,арпа болатын.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында дҽнді дақылдар 

ішінде  тек  ҿз  қажеті  үшін  ғана  емес,сонымен  бірге  сатуға  арналған  бидай  жҽне  мал 

азығына арналған сұлы алдыңғы қатарға шығады. 

                Орталық Қазақстанда жаңа мҽдениеттің таралуының тағы да бір ерекшелігі,ХІХ 

ғасырдың ІІ жартысында дҽстүрлі егістік жерлердің қысқаруы жағдайында қазақтар жем-

шҿпке  мұқтаж  болып,дҽстүрлі  шаруашылықты  қолдап  отыру  үшін,егіншілікпен 

айналысты.М.Олкотт  бұл  мҽселе  бойынша  былай  деп  жазды:  «Началом  введение 

земледелие  в  казахские  степи  должен  рассматриваться  тот  период,когда  богатые  казахи 

вынуждены были искать дополнительный корм для своих поголовий скота,только лишь с 

этого  периода  земледелие  становиться  постоянным.»  Осыған  байланысты  қазақ 

шаруашылығында сұлының дҽстүрлі түрлерінің бірі астық шҿбі болып табылды. 

                 Орталық  Қазақстанда  отырықшылықтың  дамуының  келесі  бір  маңызды 

факторы—уездің  кҿшпелі  жҽне  отырықшылық  халық  арасында  егіншілік  ҿнімдерін 

тұтынудың  ҿсуі  болып  табылады.Осыған  байланысты  ХІХ  ғасырдың  80-ші  жылдарында 

ресми үкімет былай деп  мҽлімдеді:«...с каждым годом в Степном крае все  уменьшается 

потребность  в  приобретении  хлеба  из  соседных  местностей,а  параллельно  с  этим 

казахское  население  все  больше  обращается  на  хлебную  пищу  и  местные  запашки  все 

больше расширяются.» 

                  Сонымен,егіншілік  ҿнімдерін  тұтыну  мұқтаждығы,егіншіліктің  де  даму 

дҽрежесін  кҿрсетеді.Қазақтар  астықты  жергілікті  қоныс  аударушылардан  да  алып 

отырды.Жергілікті  халық  пен  қоныс  аударушылар  жерді,негізінен,ҿгіз  жеккен  соқамен 

жыртты.Ҽр  адам  үшін  орта  есеппен  2,1-ден  4,7  десятина  кҿлемінде  егіс  екті.Бұл  барлық 

ауыл  үшін  450-810  десятинаны  құрады.Ҿнімді  машинаның  кҿмегімен  жинап 

алды.Бидайдың  ҽрбір  пұты  үшін  70  тиыннан,сұлыны  60-70  тиыннан,арпаны  40-50 

тиыннан,картопты 20-30 тиыннан сатты. 

                  Бірақ  та  кҿшпелілердің  жергілікті  жерді,  жер  мен  климаттың  ерекшеліктерін 

ҿте  жақсы  білуі  ХІХ  ғасырда  орыс  жҽне  қазақтармен  бҽсекелестікке  түсуге  мүмкіндік 

берді.Егер  қоныс  аударушы  шарулар  қазақтарға  егіншілікті  үйретсе,қазақтар  қоныс 

аударушыларды суармалы егіншілікке үйретті.Таң қалдыратыны---табиғатпен етене ҿскен 

кҿшпелі қазақтар,ҽсіресе,оның кедей бҿлігі қоныс аударушы шаруалар мен солдаттардың 

егін ҿсіре алмаған жерлерінде жақсы ҿнім алып,оларға қалай егу керектігін үйретті. 

                  Алайда,шаруашылықтың  жаңа  дҽстүрі  мен  түрлерін  кҿшпелі  халық  оңай 

қабылдамады.Бұл  жағдай  Қазақстанның  орталық  бҿлігінде  ХХ  ғасырдың  басына  дейін 

қазақ елінің негізгі ҿмір салты кҿшпенді мал шаруашылығы болғанымен дҽлелденді. 

                  Сонымен,ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Орталық  Қазақстан 

жағдайында  егін  шаруашылығының  дамуы  табиғи-жағрафиялық  жағдайларға,яғни 

топырақ 

пен 


су 

ресурстарының,жауын-шашынның 

аз 

болуына,климаттың 



континентальдық  жҽне  құрғақтығына  тҽуелді  болды.Сондықтан  да  сол  кездегі  қазақ 

қоғамында  мал  шаруашылығы  негізгі  шаруашылық  түрі  болып  қалып,ал  егіншілік 

қосалқы шаруашылық есебінде саналды.  

 

Ҽдебиеттер тізімі. 



1.Артыкбаев Ж. История Казахстана в ХІХ веке.Караганда.1992 г. 

2.Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. Алматы.1992 г. 

3.Кусаинов К. Тургай: на рубеже двух столетий. Алматы.1994 г. 

 

 

 

 


 

282 


ҼОЖ 930.2:94(574) «1917/2000» 

 

Кеңестік жҥйе келеңсіздіктері  

Айткенов З.Ш., Байкенов С.Е., Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ Арқалық қ.  

 

Қазақстанда  тарих  ғылымының  Кеңестік  дҽуірде  қалыптасып,  дамуына  ҿз 



еңбектерімен,  зерттеулерімен  елеулі  үлес  қосқан  ғалымдардың  үлкен  шоғыры  ҿсіп 

шықты.  Олар  Отан  тарихы  бойынша  іргелі  зерттеулер  жүргізіп,  республикамыздың 

ғылымы  мен  мҽдениетінің  ҿркендеуіне  бар  күш-жігерлерін  жұмсады.  Осыдан-ақ, 

қоғамның  прогреске  ұмтылған  талпынысын  шапшаңдатуға  ықпал  ететін,  ҿздерінің 

кҿрегендігімен  ҿмір  сүріп  отырған  кезеңінің  бет-бағдарын  анықтайтын  негізгі  күш-

зиялылар  қауымы  екендігін  байқаймыз  жҽне  де,  зиялылар  қауымының  тарихын  зерттеу, 

олардың  ролі  мен  ғылымға  қосқан  үлесін  зерделеу,  кейінгі  ұрпақ  үшін  маңызды  міндет 

екендігін түсінеміз. 

Сондықтан  да  болар,  бүгінгі  таңда  Отандық  тарих  ғылымы  еліміздің 

тҽуелсіздігімен  бірге  келген  терең  де  түбегейлі  ҿзгерістер  мен  жаңаруларды  басынан 

ҿткеруде.  Оның  ең  басты  кҿрінісі  –  тарих  ғылымының  бұрынғы  кеңестік  идеологиялық 

қыспақтан  арылып,  ғалымдарымыздың  тҿл  тарихты  түбегейлі  зерттеуге  бет  бұрғаны  дер 

едік.  Ұлттық  тарих  жалаң  күйінде  емес,  тұтас  ұлттық  таным,  тҿл  рухани  құндылықтар 

контексінде  қарастырыла  бастады.  Бірақ  бұдан,  бүгінгі  таңда  тарих  ғылымы  ҿзінің 

міндеттерін  тікелей  орындай  бастады,  қоғам  дамуының  қажеттіліктеріне  толық  жауап 

беруде деген ұшқары ой тумаса керек. 

Жалпы, тарих ғылымы-ұлттың, елдің тҽуелсіздігінің тірегі. Ҿйткені, Отан тарихы – 

оның  ҽлемдік  қауымдастықтағы  орнын  айқындайтын  негізгі  фактор.  Тарихсыз  қоғам, 

халық,  мемлекет  болмайтыны  белгілі.  Дегенмен,  сол  тарихтың  ғылымға  негізделіп, 

шынайы,  түбегейлі,  жан-жақты  зерттелмеуі  тарихи  сананың,  ұлттық  рухтың  ҽлсіреуіне 

ҽкелетініне,  ҽсіресе,  ҿткен  жиырмасыншы  ғасырдың  ұрпақтары  талай  рет  кҿз  жеткізді. 

Ендеше,  Отандық  тарих  ғылымының  алдында  тұрған  ҿзекті  мҽселе  –  сол  ғылымның 

теориялық  жҽне  методологиялық  ұстанымдарына  сүйене  отырып,  іргелі  зерттеулер 

жүргізу болып табылатындығы дер едік.     

Кеңестік  дауірде  ҿмір  сүрген  тарихшылардың  еңбектері  «маркстік-лениндік»  тұрғыда 

жазылған  деген  үкімді  оңай  шығара  салуға  дайын  енжарлық  пен  салғырттықтың  бұл 

мҽселеге  мойын  бұрып,  зерттеуге  кедергі  жасап  отыр  десек,  асыра  айтпағанымыз  болар. 

Кеңестік  дҽуірде  зиялылардың  ролі  жасанды  түрде  тҿмендетілді,  кейінгі  орынға 

ығыстырылып  отырды.  Кҿптеген  талантты  ғалымдар,  ҿнер,  мҽдениет  қайраткерлері 

репрессияға  ұшырап,  есімдері  кҿпке  дейін  белгісіз  болып  келді.  Қазақ  ұлтының  бетіне 

шыққан қаймағы-оқығандарын, зиялыларын, қаламгерлері мен санаткерлерін сылып алып 

тастап, бірнеше буынның тҿбесіне қорқыныш пен үрейді  тҿндірді де тұрды. Бұл ұлт ой-

санасының  жетілуі  мен  дҽстүр  сабақтастығына  орасан  зиянын  тигізді.  Ұлт  дамуының 

күретамыры  рухани  салада  «ақтаңдақ»  беттер  кҿбейді.  Осындай  қиын  да,  күрделі 

проблемалардың қатарына жеке тұлғалардың, жеке тарихшылардың қоғамдық қызметтері 

мен  ғылыми  еңбектерін  зерттеу  жұмыстарының  жатқызылуы  да  орынды.  Ҿйткені, 

олардың  саяси-ҽлеуметтік  кҿзқарастарын,  қоғамдық  қызметін  бағалауда,  қазақ 

тарихындағы ролін анықтауда белгілі бір бағыт, табан тірер негіз бар. Бұл тұрғыда кешегі 

кеңестік  империя  кезінде  жүргізілген  бір  жақты  идеологияға  қарамастан  халқымыздың 

сол  ғасырдың  күрделі  тарихын  алғашқы  күйінде  жеткізуге  тырысқан  С.Асфендияров, 

М.Тынышбаев,  Е.Бекмаханов,  Ҽ.Марғұлан  сияқты  біртуар  тарихшы  ғалымдардың 

болғандығы  елмерейін  асқақтата  түсері  сҿзсіз.  Сондықтан  да  кҿзінің  тірісінде  Отандық 

тарихтың дамуына ерекше атсалысып, халқымыздың ҿткеніне, болашағына шыншыл баға 

беру  жолында  талай  қиындықтарға  ұшыраса  да  ҿмірлерінің  соңына  дейін  адал  қызмет 

еткен  ірі  тұлғалардың  іс-ҽрекеті  жас  ұрпақтардың  ой-санасынан  берік  орын  алуы  керек 

деп білеміз.  



 

283 


Тҽуелсіздік,  жалпы  Тҽуелсіз  Қазақстан  жайында  сҿз  етер  болсақ,  алдымен  КСРО-

деп  аталған  алып  айдаһарға  ұқсас  тоталитарлық  империяның  есімізге  еріксіз  оралатыны 

айдан анық. Тоталитаризмның еріксіз еске оралуы да түсінікті жҽй. Себебі, аттай 70 жыл 

темірдей берік тар құрсауында бұғаулап ұстауы санаға салған сызат, жүрекке түскен үрей 

екендігі  айтпасада  белгілі.  Сол  бір  сұрапыл  кезеңдер  Қазақ  елі  үшін  ауырда  азапты 

болғаны  тарихи  шындық.  Бас  кҿтеріп  ҿз  идеясын  ашық  айтқан  анығында  империяның 

саясатына қарсы тұрған қазақ зиялылары кезең-кезеңмен  «халық  жауы, ұлтшыл»  - деген 

желеумен сотталып, жер аударылып, жазықсыз атылып кеткендігі бесенеден белгілі. Міне 

осындай үркітіп, қорқытып үрейін алып бірінде тырып еткізбей ұстау Қызыл империяның 

70-жыл  ұстанған  үйреншікті  саясатының  кҿрінісі.  Коммунистік  партияның  дүрілдеп 

тұрған  тұсында  одақтас  республикалардың  мҽселесін  тек  Кремль  ғана  шешуге  құқылы 

болатын.  Қаншама  қазақ  шығармашылық  зиялылары  ҿздерінің  құқығын  қорғау  да 

қорғансыз  баланың  күйін  кешті.  Біздің  сҿз  етіп  отырған  мҽселемізде  шығармашылық 

зиялыларының  кеңестік  кезеңдегі  түрлі  құқықтарының  қорғалмағандығы  жайында. 

Ұлттың кҿзі мен құлағы боп саналған ұлт зиялылары ҿзге түгелі ҿз құқықтарын қорғауға 

келгенде ҽлсізде, қорғансыз болды. Соның бір айғағы «ғалым, жазушы, ақын, композитор, 

суретші  т.б.»-болып  елге  кеңінен  танылған  талант  иелерінің  ҿз  кезеңінде  жазған 

еңбектерінің  ҽділ  бағасын  ала-алмауы  болатын.  О.Сүлейменов,  Е.Бекмаханов,  М.Ҽуезов, 

М.Қозыбаев, І.Есенберлин жҽне т.б. ҿз еңбек жолдарында кҿптеген социализмның қырағы 

саясатының  құрбаны  болды.  Мҽселен:  сыншы,  ғалым,  жазушы  Ы.Нұрғалиев  сол  кезеңді 

былайша  еске  алады.  1966  ж  «Қазақ  ҽдебиеті»  газетінде  жарияланған  «Қилы  заман» 

қандай  туынды?»  мақаласынан  бастап  үстімнен  арыз  жаңбырша  жауды.  Мұхаңның 

(М.Ҽуезовты  айтып  отыр.  Автор  С.Б)  кҿп  жыл  бойы  кҿмбеде  беті  жабулы  жатқан 

шығармасына  шырылдап  ара  түскен  сол  мақала  кҿп  жерде  талқыланып  ақыры  «Қазақ 

ҽдебиетінен» Н.Ғабдуллин бас редакторлықтан, З.Серікқалиев бҿлім меңгерушілігінен, ал 

мен  Қазақстан  жазушылар  Одағындағы  қызметінен  қуылдым,  «Трагедия  табиғаты»  атты 

кітабымда Шҽкҽрімнің «Еңілек-Кебек» поэмасын ауызға алғаным үшін... үш ҽріптің үйге 

келіп, кітаптарымды ақтарып тексергені де шын»/1/. 

Міне осындай жарлық  салдарынан Ы.Нұрғалиев докторлық диссертациясын 2 рет 

қорғауына  тура  келгенін  біреу  білсе    біреу  білмес.  Тіпті  І.Есенберлиннің  1967  жылы 

жарық  кҿрген  «Қатерлі  ҿткел»-деп  аталатын  романындағы  Ақан  есімді  кейіпкердің 

Мағжан  Жұмабай  ұлының  тікелей  протатипі  екенін  тҽуелсіздік  алғаннан  кейін  ғана 

білгеніміз  аян.  Автор  ол  жайында  былай  дейді:  «Романды  жазған  кезінде  орыс 

ағайындардың ҿкшесі қисық десең, ұлт тҽуелсіздігі десең, тұқымы тұздай құритын, қосақ 

арасында  соңыңа  күдік  іліндіріп,  жеккҿрінішті    болып,  ҽйкҽпір  аталып  абыройыңнан 

айырыласың,  шет  жағасын  кҿріп  мойныммен  кҿтерген  адаммын  ұлт  жанды  мінезіммен 

дүниеге  келген  тарихи  шығармама  сол  кездегі  орталық  партия  комитеті,  мемлекеттік 

қауіпсіздік  комитеті  қоян  кҿрген  бүркіттей  шүйлікті.  «Осы  неге  хандарды  қаза  береді»- 

деп  су  тиген  қарақұртша  жиырылды.  Соңыма  кҿлеңкеме  сабылтып  үндеместерін  салып 

қойды» /2/.

 

Кейбір  социализмнің  «сүзгісінен»  байқаусызда  ҿтіп  кеткен  бұндай  шығармалар 



үшін сол кездегі редакция басшылары айып арқалап, кінҽлі болып жұмыстан қуылып бір  

сҽтте ай кҽпір атанып шыға келуі оп оңай еді. Қазіргі ұрпақ қастерлейтін белгілі ғалымдар 

Қ.Жұмалиевтің,  Ҽ.Марғұланның,  М.  Ғабдуллиннің  «Қобыланды  батыр»  жырына  берген 

объективті бағалары үшін жазықсыз айыпталғанын да осының бір айғағы еді /3/.

 

 Бұларды 



білу бізге ҿткендегі қателерімізді қайталамау үшін де қажет емес пе?

 

1968  ж  Ставрополь  кітап  баспасынан  Ф.Б.Садықовтың  «Единство  народа  и 



противоречения социализма» атты кҿлемді монографиясы жарық кҿрді. Ол кітапта совет 

қоғамының  ішкі  жҽне  сыртқы  қайшылықтары  жан-жақты  қарастырылып  талданған. 

Осындай  шындықтың  бетін  ашқан  үшін  жаңағы  монография  кітап  сҿрелерінен  алынып 

тираж  жойылды.  Ал,  кітап  авторы  қызметінен  алынды,  партиядан  қуылды.  Дҽл  осындай 

жағдай  да  О.Сүлейменовтың  «АЗиЯ»,  М.Қозыбаев  пен  З.А.Голиковтың  «Золотой  фонд 


 

284 


партий.  Из  опыта  кадр  политики  КПСС»  О.Исмағұловтың  қазақ  этносына  арналған 

кітаптары пышаққа түсті /4/.

 

 Бұл кітаптардың жазығы неде еді ?- дегенге келер болсақ қалыптасқан жүйеленген 



пікірлерге  тосын  ой  қозғағаны  болатын.  Осындай  қуғын,  жала  жабудың  астарында 

қазақты  тұншықтыру  жымысқы  саясаттың  ұшы  кҿрінеді.  Алайда  социализм  ҿз  білгенін 

қанша  жүзеге  асырып,  тырысып  баққанымен,  қазақ  халқының  бір  тұтас  ел  екенін 

мойындамауға амалы қалмады. Кеңестік кезеңінде жариялықты аңсаған қазақ зиялылары 

Тҽуелсіздік  алғаннан  кейін  ғана  ҿздері  аңсаған  жариялыққа  қолдары  жетті.  Сҿйтіп 

социализм салған қыл бұрау қазақты мҽңгі бұғаулап ұстай алмады. 

Дегенмен,  сол  кездегі    кеңестік  саясаттың  шеңберінен  шығып  кетпей, 

Қазақстандағы саяси, ҽлеуметтік-экономикалық хал-ахуалдың бет-ҽлпетін кҿбінесе жалаң 

деректерді  сҽтті  пайдалану  арқылы  кҿрсетуге  тырысқан  ғалымдарымыздың  зерттеу 

еңбектері бүгінгі тҽуелсіз заманда да ҿз мҽн-мазмұнын жоғалтпайтындығына сенімдіміз. 

Қоғам қайраткерлері мен зиялылардың басты мақсаттары ҿз туған халқының ҿткен 

тарихын кейінгі ұрпаққа сол алғашқы қалпында еш бұрмалаусыз кҿрсету болып табылған 

ғалымдарымыз  болған  тарихи  оқиғаларды  архив  құжаттары,  нақты  деректер  арқылы 

жеткізуді  мұрат  етіп  алған.  Соның  натижесінде  кҿбінесе  Қазақстан  туралы  сан-саналы 

құжаттар жинағын даярлап, цифрлар мен деректер арқылы ҽркезде қазақ халқына қатысты 

жүргізілген саясаттың оң, терісін бағалауды оқырманның ҿз үлесіне қалдырып отырған. 

Мұның ҿзі, сол кездегі кеңестік бір жақты идеологияның қитұрқы бағыт-бағдарын 

кҿрсетудің  ең  бір  ұрымтал  тұсы  болатын.  Осындай  бағыттары  үшін  олар  талай  рет 

сыналып,  қуғындауға    да  ұшырып  отырған.  Екінші  жағынан  зиялы  қауым  ҿздері  ҿмір 

сүріп,  қызмет  атқарып  отырған  қоғамға,  Кеңес  мемлекетінің  жүргізіп  отырған  саясатын 

қолдап,  мақұлдауға  тиіс  болған.  Олардың  кҿптеген  еңбектерінен  біз  осы  жайды 

аңғарамыз. Қалай болғанда да зерттеуші ғалымдар сол кездегі тарихи, саяси, ҽлеуметтік-

экономикалық  хал-ахуалды  кҿрсете  отырып,  соның  негізінде  Қазақстанның  да  ҿзіндік 

даму жолын айқындап беруге қол жеткізген. 

Ҽрине,  кеңес  ҿкіметі  кезіндегі  жазылған  еңбектер  бүгінгі  тҽуелсіз  Қазақстанға  

қатысы  ерекше.  Ҿйткені,  ғасырлар  бойы  ҽуелі  патшалы  Ресейдің,  одан  соң  Кеңестік 

Ресейдің боданы болып келген Қазақстан саяси, ҽлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан 

алғанда орыстарға барлық жағынан да тҽуелді болып келді. Шындық тұрғысынан алғанда 

тҽуелсіздік  бастамасы  Қазақстанда  Кеңес  ҿкіметі  орнаған  жылдардан  бастау  алған 

болатын.  Қазақстанның  автономия,  одан  соң  тең  дҽрежелі  республика  атануы  сол 

жиырмасыншы жылдардан, яғни Ресейде Қазан тҿңкерісі жеңіп, шетаймақтарда да Кеңес 

ҿкіметінің орнаған кезінен басталған болатын.   

Кейінгі  жас  ұрпақ,  біздер  үшін  қазақ  халқына  тҽуелсіздік  ҽкелген  жаңа-ХХ1 

ғасырда  ҿткен  тарихымызды  түгендеп,  ой  елегінен  ҿткізіп  рухани  байлықтарымызбен 

қатар,  сол  байлықтарды  жасап,  зерттеп  құнды-құнды  еңбектер  жазып  қана  қоймай, 

халқының  жарқын  болашағы  үшін  қызмет  істеген  біртуар  азаматтардың,  қоғам 

қайраткерлері мен зиялылардың есімдерін сол алғашқы қалпында  туған халқына қайтару 

бүгінгі  таңда  атқарылуға  тиісті  кезек  күттірмейтін  мемлекеттік  деңгейдегі  басты 

міндеттердің бірі деп білеміз. 

 

Пайдаланған ҽдебиеттер: 



1. Прасат 1993ж №2  «Қазақ энциклапедия керек пе?» Ы.Нұрғалиев  

2. Парасат 1995ж №1 «Біз білмейтін Есенберлин» Д.Досжанов 13 бет 

3. Қазақстан коммунисі» 1991ж №3 « Зиялы қауым неге қуғындалды»  

    О. Таласов.  

4. Ақиқат 1992ж №5 « Таңдауға ерік бар ма» Т. Кішібеков. 33б  

 

 



 

 

285 


 

ҼОЖ 94(574) «1950/2000» 



Академик С.Бейсембаевтың тарихи, рухани мҧраларының танымдық, 

 тәрбиелік ерекшеліктері 

Айткенов З.Ш., АрқМПИ, Арқалық қ. 

 

Табиғи зеректілік, кемерінен асып тҿгілген мол ақыл мен білім, зор еңбекқорлық, 



сирек  кездесетін  ұйымдастырушылық  қабылет  пен  табандылық  жҽне  іскерлік  академик 

С.Бейсембаевтың бойына туа біткен қасиет болатын. 

Сондықтан да болар ол туған жері мен халқының сенім артқан адал азаматы болып 

қана  қоймай,  ҿзі  таңдап  алған  ғылым  жолында  да  басқаларға  үлгі-ҿнеге  боларлықтай 

дҽрежеде еңбек етті. Мұның ҿзі ұрпақтар жалғастығы деуге тұрарлық іс. Себебі, ҿткенді 

білмей болашаққа жол салу мүмкін емес. 

Ал,  С.Бейсембаев  болса  дҽл  осы  салада  соңына  мол  рухани  байлық  қалдырып 

кеткен  азамат.  «Нағыз  адамды  дҽуір  тудырады»  деп  ұлы  Абай  атамыз  айтқандай 

С.Бейсембаев та Қазақстан ғылымынан ҿзінің лайықты орнын алған ҿз дҽуірінің перзенті 

екендігінде дау жоқ. 

С.Бейсембаевтың  кез-келген  тарихи  еңбектерінің  мҽн-мазмұнына  зер  салсақ,  одан 

біздер терең ойлылақ пен пайым-парасаттылықтың ізін кҿреміз. 

Оның  зерттеулерімен  танысу  барысында  ҿз  халқыңның  ҿткен  тарихына  деген 

қызушылық,  жақсы  мен  жаман  жақтарын  салыстырушылық,  болашаққа  деген 

сенімділіктің туындайтындығы сҿзсіз. 

Академик  ғалымның  тұстас,  замандастарының  айтуы  бойынша  ол  тек  ҿз  саласың 

білгірі  болып  қоймаған,  сонымен  қатар  ҽдебиет,  мҽдениет,  ҿнер  салаларын  да  тереңінен 

игерген  жан  болған.  Сондықтан  да  болар  С.Бейсембаев  кімдермен  болсын  ортақ  тіл 

табысып, күн тҽртібінде тұрған мҽселенің шешімін табуға тырысатын. Қоғамдық қызметін 

ғылыми жұмыстармен байланыстыра жүргізу нҽтижесінде ірі табыстарға қол жеткізетін. 

С.Бейсембаевтың 

тарихи, 


рухани 

мұраларының 

танымдық, 

тҽрбиелік 

ерекшеліктерін оның ҽріптес, қызметтестерінің естелік мақалаларынан кҿптеп табуымызға 

болады.  Мысалы,  республикамызға  кеңінен  танымал  ғалымдар  Т.С.Садықов  пен 

А.Ғ.Сармұрзин  ҿздерінің  «Аксакал  исторической  науки»  деген  мақалаларында 

С.Бейсембаевтың  ғылымға  қосқан  үлесі  мен  қоғамдық  қызметіне  жҽне  адамгершілік 

қызметіне: «Оның оқып, тоқығаны шектен тыс, қоғамдық қызметінің аясы кең: Қазақстан 

Орталық  Комитетінің  мүшесі,  Республика  Жоғарғы  кеңесінің  депутаты,  Ғылым  жҽне 

техника саласынан Республикалық мемлекеттік сыйлықтарды беру жҿніндегі Комитеттің 

мүшесі, Ғылыми дҽрежелер беру жҿніндегі Диссертациялық кеңестің мүшесі. Ол сонымен 

қатар ҿнер мен спортқа да ҿте жақын болатын[1].  

Жоғарыда  біздер  С.Бейсембаевтың  тарихи,  рухани  мұраларының  танымдық, 

тҽрбиелик  ерекшеліктерін  білгіміз  келсе  ол  туралы  ҽріптестері  мен  қызметтестері  ҽр 

кездері жазған бай мұра мақалалар мен естеліктерге кҿңіл бҿлу қажеттігін айтқамыз. Енді 

солардың бірқатарына тоқталып ҿтелік. 

Мысалы,  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері,  тарихшы  Ш.Құсанова  ҿзінің  «Елінің 

ардақты  перзенті»  деген  эссе-естелігінде:  «Серікбай  Бейсембайұлы  адамгершілігі  зор 

ерекше тұлға:  бабамыз Қожа Ахмет Яссауи сҿзімен айтқандай  «ізгі  жүрек ҽзиздерге ізет 

еткен,  жаны  жайсаң,  жақсыларға  қызмет  еткен...  сҿзінен  мейірім,  жүзінен  нұр  жайылып 

тұратын» адам еді. Секеңнің ірі тұлғалық қасиеттерін айтып жеткізе алмаспын. 

Серікбай  Бейсембайұлы  жалғыз  ғана  мен  емес,  жүздеген,  мыңдаған  педагогтарға, 

шҽкірттерге  игілікті  ықпалын  тигізген  адам.  Секең  ішкі  дүниесінің  байлығымен 

маңындағы  адамдарға  ҽрқашан  нұрын  шашқан,  ҿзінің  жайдары  мінез-құлқы,  ізгілікті 

ісімен  үлгі-ҿнеге  кҿрсеткен,  сегіз  қырлы  бір  сырлы,  адамгершілігі  мол,  ҿте  байсалды, 

халқының  барлық  қасиеттерін  ҿз  бойына  толық  сіңірген  елінің  кемеңгері  ҽрі  эстет  адам 

еді»-деп есіне алады [2]. 



 

286 


С.Бейсембаевтың  барлық  зерттеу  еңбектері  кеңестік  кезеңде  маркстік-лениндік 

кҿзқарас тұрғысынан жазылса да бүгінгі күнге дейін ҿз маңыздылығын жоймай отыр. Осы 

туралы  республикамызға  белгілі  тарихшы  Ж.Б.Абылхожин:  «Многие  фрагменты  из 

исследовании  именно  того  периода  дали  живительный  мыслительный  материал  для 

«квантового скачка» новейшей историографии. И именно к такому ряду работ относятся и 

многие исследования академика С.Б.Бейсембаева»,-деп жазды [3]. 

Жоғарыда  айтылғандай  тарихшы-академик  С.Бейсембаев  біржақты  идеология 

ұстанған кеңес ҿкіметі  тұсында ҿз туған елі  Қазақстанға байланысты екенің бірі  батылы 

барып зерттеуге бара алмайтын тақырып тҿңірегінде қадау-қадау еңбектер жасап, онысын 

ұлтық мүдде пайдалына шешуге ұмтылды. 

Бір республикалық басылымның тілшісі онымен ҽңгіме барысында: «Сіз институт 

басшысы, ғалым ҽрі түрлі ғылыми еңбектердің редакторы ретінде кҿптеген құжаттармен 

жұмыс  істеп  қана  қоймай,  публицист  ретінде  де  кеңінен  танымалсыз.  Негізгі 

еңбектеріңізді қай тілде жазасыз»,-деген сауал қояды [4]. Оған академик: «Мен қазақ орыс 

тілінде  бірдей  білемін.  Ертеректе  С.Мұқановтың  «Сырдария»  романының  жолма-жол 

орысша  аудармасын  жасадым.  Сол  секілді  Высоцкийдің  «Пламя  гневасын»  орысшадан 

қазақшаға аударғам»,-деп жауап қайтарған.  

Ғалым-тарихшы,  қоғам  қайраткері  С.Бейсембаевтың  жеке  басындағы  осындай 

табиғи, адамгершілік ерекшеліктері оны ҽрдайым басқалардан бҿліп тұратын.  

Осыдан-ақ  біздер  С.Бейсембаевтың  жазған  еңбектерінің  кҿпшілігі  (жеке  жҽне 

авторлық  құрамда)  бүгінгі  таңда  сирек  кездесетін  кітаптар  қатарынан  табылатындығын 

байқаймыз.  Ҿйткені,  ол  еңбектердің  барлығы  да  ҿте  білгірлікпен,  жан-жақты 

салыстырулар  мен  талдаулар  жасау  арқылы,  архив  материалдарын  молынан  қамту 

негізінде  шындық  тұрғыда  жазылған  рухани  мұраларымыздың  бір  бҿлшегі  болып 

табылады. 

С.Бейсембаев  саяси  жағдай  ҿте  бір  қиын,  шиеленісіп  тұрған  жағдайда  институт 

директоры  болып  жұмыс  істеді.  Бірақ,  ҿзінің  терең  білімдарлығы  мен  биік  адамгершілік 

қасиеті  арқасында  ҿзі  басқарған  ұжымың  алтын  діңгегіне  айналды.  ХХ  ғасырдың 

алпысыншы жылдарының ортасынан бастап Қазақстанда жалпы ғылымның, оның ішінде 

тарих  ғылымының  да  даму  тенденциясы  байқалды.  Осы  тұста  қазақ  тарихшыларының 

қатары  А.Нүсіпбеков,  Г.Ф.Дахшлейгер,  М.Х.Асылбеков,  Б.Тҿлепбаев,  Б.Сүлейменов, 

Т.Балақаев,  Р.Сүлейменов,  М.Қозыбаев,  К.Нұрпейісов,  сияқты  талантты  ғалымдармен 

толысты. Ҽрине, олардың қатарында С.Бейсембаев та болатын.  

Осы орайда екінші бір автор З.О.Дүкенбаева «Академик С.Бейсембаев жҽне ұлттық 

шығармашылық  интеллигенцияның  тарихы»  атты  материалында:  «С.Бейсембаевтың 

республикамыздағы ғылыми интеллигенцияны баптап, ҿсірудегі атқарған зор еңбегі кҿпке 

белгілі.  Аға  ұрпақтың  ҿкілі  ретінде  ол  жас  тарихшы  ғалымдарды  тҽрбиелеуге  кҿп  кҿңіл 

бҿлді.  Ҿзінің  бай  ғылыми  тҽжірибесін  жастарға  беруге  аянбады.  40  жылға  жуық  (50 

жылдардан  бастап  )  ҚазМУ,  ҒА-ның  Ш.Уҽлиханов  атындағы  тарих  жҽне  этнология 

институтында, Партия тарихы институтының ғылыми кеңестерінде тарих саласында жҽне 

т.б,  қоғамдық  ғылымдар  бойынша  қорғалған  диссертациялар  академик  С.Бейсембаевтың 

қатысуымен оның жанашыр ақыл-кеңесімен келген еді»,-дейді [5]. 

Бір  кездердегі  С.Бейсембаевтың  шҽкірті,  қазіргі  академик  К.Нұрпейіс  ҿз  ұстазы 

туралы:  «Серікбай  ағаны  артта  қалған  ХХ  ғасырдың,  сонау  50-жылдарының  басынан-

қазақ  мемлекеттік  университетінің  студенті  болған  бозбала  кезімнен  білемін.  Ол  кездегі 

С.Бейсембайұлы  айтылмыш  оқу  орнының  проректоры  еді.  Сол  кездегі  Сҽкең  менің 

жадымды үлкен жүректі, терең білімді,қайырымда қамқор ұстаз ретінді қалыпты. 

Академик 

С.Бейсембайұлының 

мектебінен 

ҿткен 

ғалымдар 



туған 

Республикамыздың  жҽне  одан  да  тыс  жерлердің  ғылыми  мекемелері  мен  жоғары  оқу 

орындарда жемісті еңбек етуде»,-деп еске алады [6]. 

С.Бейсембаевтың  қоғамдық  қызметі  жҽне  биік  адамгершілік  қасиеті  туралы 

Кеңестер Одағы Орталық Комитеті жанындағы марксизм-ленинизм институтының Қазақ 


 

287 


филиалында 40 жылдан астам жұмыс істеген белгілі ғалым Ағзам Байшы: «Секеңнің жеке 

басына келсек, табиғатынан сабырлы да салмақты, ішкі сырын баршаға шығарып салатын 

байпаз  мінезді,  маңғаз  азамат  еді.  Осыдан  да  болар  ҿзім  (А.Байшы)  кҿбіне  сол  кісінің 

жүріс  тұрысына,  мінез-құлқына,  жалпы  тұлабойы  тұрғысына  қарап  бой  түзеуді  арман 

еттім.  Соның  ішінде  ҽсіресе  ұстамдылығы,  шыдамдылығы,  сырласа  да  сыйласа  да  білу 

сияқты  қадір-қасиеті  қатты  қызықтыратың.  Ҿзім  деген  адамға  ҿзегі  жыртыла,  үстіндегі 

кҿйлегін шешіп беруге даяр еді жарықтық. Адамды адамша сыйлау білу де үлкен қасиет 

екен ғой‖,-деген пікір білдірген[7]. 

Ал  белгілі  химик,  ҚазҰУ-ның  профессоры  Х.К.Оспанов:  «Серікбай  ағаның 

бойында аристократтық қасиеттер қалыптасқан ҿте биязы да ақкҿңіл жан еді. Білімі ұшан-

теңіз  болатын.  Сонысымен  аудиторияны  баулап  алатын.  Оның  отбасының  мүшелері  де 

ҿте бір зиялы жандар еді. Ҽсіресе, жұбайы. Ешкімді жатырқамай, ҿз туысқандай күтетін.  

Бір  сҿзбен  айтқанда  Баянауыл  жерінен  бүкіл  Қазақстан  ғылымының  мақтанышы 

Қ.И.Сҽтпаевтан бастап Ш.Шҿкин, Ҽ.Мағұлан, Е.Бекмаханов, Ҽ.Бектуровтармен қатарҿнер 

саңлақтары  Ш.Айманов,  К.Кенжетаев,  ақын-жазушылар  З.Шашкин,  О.Сүлейменовтар 

ҿнір,  ҿсіп  шыққан.  Міне,  осындай  алып  тұлғалардың  ішінде  С.Бейсембаевтың  да  болуы 

заңдылық деп білеміз»,-деп еске алады [8]. 

Бүгінгі  таңда  Абай  атындағы  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің 

профессоры, тарих ғылымының докторы Ҽ.Н.Құдайбергенов: «Бірінші рет Секеңді кҿрген 

адам,  Тҽңір  мен  туған  анасының  келісті  келбет  бергеніне  разы  болмай  тұра  алмайды. 

Атақты  неміс  философы  Артур  Шопенгауэр:  «Кісі  келбеті-бұл  адамның  кім  екенінің 

кепілдемесі, ҿзі туралы ашық хаты іспеттес. Міне, мен осындай адаммын деген мінездеме 

оның дидарында ап-айқын жазулы тұрады»-деген екен. 

Республикамызға  кеңінен  танымал  тарихшы  Р.Б.Сүлейменов  С.Бейсембаевтың  70 

жылдың  мерей  тойына  арналған  мақаласында  академик  ғалымның  жастарға  деген 

қамқорлығын: «С.Бейсембаев жас ғалымдар легін дайындауға, оларға ғылыми тақырыптар 

беріп  басшылық  жасауда  басқаларға  үлгі-ҿнеге  боларлық  дҽрежеде.  Жастарды  үнемі 

қоғамдық жұмыстарға араластырып, бағыт-бағдар беріп отырады»,-деп кҿрсетеді [9]. 

Туған елдің руханият ҽлеміндегі табысын күллі қазақ қауымына мҽшһур еткен ұлы 

тұлғалар тобының ғибратты ғұмырлары-ұрпақ үшін сабақ қымбат қазына-мұра. Ал, қазақ 

елінің  рухани  пайымы  жоғары,  ҿткенге  сара-сын  кҿзбен  қарап,  жақсылар  мен  ірілерді 

іріктеп, зердемен бағалау, бағамдау-ұрпақ парызы. 

Таным-талғамы  кҿбінен  ілгері  дарындар  ғана  ҽлеуметтік-бұқаралық  істерді  ел 

жұрттың  ой-санасына,  рухани  діл-тірлігіне  қозғау  саларлық  ҽргелі  де,  сүбелі  жұмыстар 

тындыра алады. 

Қоғам. Адам. Ҿмір... Бұл үш сҿз кімді болсын ойлантары хақ. С.Бейсембаев кҿзінің 

тірісінде  осы  үш  сҿздің  қадырін  түсініп,  бар  ҿмірін  белгілі  бір  мақсаттарды  орындау 

жолына  арнаған.  Сондықтан  да  болар  қоғамдық  жұмыста  да,  ғылыми  ізденістерде  де  ол 

үнемі қолдауға ие болып, үлкен жеңістерге жетіп отырған. ҿмірінің кҿп бҿлігін қоғамдық 

мҽселелерді шешуге, адамдармен аралуға арнаған . 

Осының  барлығы  да  ғұлама  ғалымның  қарапайымдылығын,  ҿз  ісіне  деген 

жауапкершілігін,  айналасындағыларға  деген  ерекше  құрмет,  ілтипатын  кҿрсететін 

қасиеттер  деп  білеміз.  Ол  қайтыс  болған  соң  кҿпшілік  халықтың  сұрауы  бойынша  2003 

жылдың  26-шы  желтоқсанда  Алматы  қаласындағы  «Таугүл-3»  ықшам  ауданының  бір 

кҿшесін С.Бейсембаевтың атымен атау туралы қалалық ҽкімшілік маслихатының шешімі 

шықты. 


Бұл жерде ерекше кҿңіл бҿліп тоқтала кететін бір жай С.Бейсембаев туралы естелік 

айтқандардың  барлығы  да  ең  алдымен  оның  биік  адамгершілік  қасиетін  бірінші  планға 

шығаратындығы.  Тек  ҽріптестері  мен  достары,  шҽкірттері  ғана  емес,  туыстары,  оның 

ішінде балалары да осыны айтады.  



 

288 


С.Бейсембаевтың  соңында  ҿмір  бойы  жинақтап,  зерттеп,  жазған  мол  рухани 

мұралары ғана емес, сонымен қатар аялап, ҽлпештеп, тҽрбиелеп ҿсірген тҿрт баласы мен 

жеті немересі жҽне шҿберелері де қалды.  

«Жансыз  еңбек-сезімсіз  еңбек».  Оны  ешкім  қызығып  оқымайды.  Ал,  керісінше 

С.Бейсембаевтың  ғылымдағы  парасатты  да  зиялы  ойы  кімді  болса  да  ойландырмай,  таң 

қалдырмай  қоймайды.  Оның  нақты  ғылыми  талдаулары,  мҽселені  саралап,  талдап 

ашудағы  іздемпаздығы  ғалымның  зертеу  нысанасының  айқындығы  мен  ақиқаттылығын 

кҿрсетеді. 

«Ғылым  жолы-ұлы  жол,  ұлағатты  жол».  Міне,  осы  ұлағат  жолында  С.Бейсембаев 

ҿнегелі ойымен қазақ деп аталатың ұлы ұлттық аяулы перзенті бола білді 

Кейінгі  жас  ұрпақ,  біздер  үшін  қазақ  халқына  тҽуелсіздік  ҽкелген  жаңа-ХХ1 

ғасырда  ҿткен  тарихымызды  түгендеп,  ой  елегінен  ҿткізіп  рухани  байлықтарымызбен 

қатар,  сол  байлықтарды  жасап,  зерттеп  құнды-құнды  еңбектер  жазып  қана  қоймай, 

халқының  жарқын  болашағы  үшін  қызмет  істеген  С.Бейсембаев  сияқты  біртуар 

азаматтардың,  қоғам  қайраткерлері  мен  зиялылардың  есімдерін  сол  алғашқы  қалпында 

туған  халқына  қайтару  бүгінгі  таңда  атқарылуға  тиісті  кезек  күттірмейтін  мемлекеттік 

деңгейдегі басты міндеттердің бірі деп білеміз. 

 

Ҽдебиет тізімі 



1.

 

Т.С.Садыков,  А.Г.Сармурзин.  Аксакал  исторической  науки.  //Матер.  Респ.  Научно-



практ. Конф. Посвещенной 90-летию академика С.Бейсембаева. Павлодар 2002, с.8-11 

2.  152.  Ш.Құсанова.  С.Бейсембайұлы-ғалым  педагог,  ұлағатты  ұстаз.  //Академик 

С.Бейсембаевтың 

90-жылдығына 

арналған 

респ. 


Ғылыми-тҽжірибелік 

конф.материлдарынан, Павлодар 2002, 19-24 б. 

3.  Ж.Б.Абылхожин.  Труды  Академика  С.Бейсембаева  продолжают  работать  на 

качественную эволюцию Казахстанской историографии. //Академик С.Бейсембаев.А.2004, 

стр.30-34   

4. В.Чундеров. Дело которому служит. //Вечерняя Алма-Ата 1972г. 27декабря 

5. 

З.О.Дукенбаева. 



Академик 

С.Бейсембаев 

жҽне 

ұлттық 


шығармашылық 

интеллегенциясының тарихы. //Академик С.Бейсембаев. А.2004, 32-42 б. 

6.  Қ.Нұрпейіс.  Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  парасат  иесі.  //Академик  С.Бейсембаевтың  90-

жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары 17-19 бет. 

7. А.Байшы. Ҿнегелі ҿмір, ҿшпес із //Академик С.Бейсембаев А.2004, 25 желтоқсан. 

8. Х.К.Оспанов. Воспоминания о С.Бейсембаеве. //Академик С.Бейсембаев. А.2004, с.90-

91  

9. Р.Б.Сулейменов. Вклад Ученного. //Казахст. Правда, 1982, 26 декабря. 



 

ҼОЖ 37.013.43 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет