Кіріспе ­­­­­­­­­­


Ш.Құдайбердиев лирикасындағы перифраздардың қолданысы



бет10/24
Дата25.11.2023
өлшемі1,5 Mb.
#127391
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
1.5 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы перифраздардың қолданысы
Көркем шығарма тілінде өзіндік тиімді орны, реті бар болып келетін сөз қолданыс түрлері – перифраза.
Р.Сыздықова Абай туралы: «қалыпты тілдік перифраздарды қолданумен қатар, ұлы ақын перифраздық тіркестердің небір ойға келмейтін түрлерін жасады» деп, өмірді бұлдыр заман-қайта айналмас, жаңғырмас бұлдыр заман деп немесе сұм жалған, қайран дәурен деп:
«Бір қызық ісім екен сұм жалған да,
Қалжыңбасшыл өткізген қайран дәурен»
дегендей дәстүрлі поэтикалық образдарды авторлық перифраздармен бергенін көптеген фактілермен дәлелдейді. Қазақ поэзиясы тілінің перифраз саласына енгізген Абайдың ең үлкен өзгеріс жаңалығы «сандаған жаңа фразалар ұсынды, образды тіркес жасаудың жаңа жолдарын көрсетті, осы орайда перифрастиканы жүйеге айналдырды» деп жазды.[10,18]
«Шынында да, Абай тіліндегі перифраздар өзіндік ерекшелігімен бой ұрып тұрған, бейнелі, көркем, жаңашыл-өте шебер жасалған және қисынымен қолдануын тапқан тіркестер, олардың эстетикалық құндылығы да осында» деп көрсетеді.
Мұндай тың қолданыстар Шәкәрім шығармаларында да өз жалғасын тапты.
Шәкәрім тілінде жұмсалған перифраздар сонылығы жағынан да, саны жағынан да бұрынғылардан өзгеше, жалпы халықтық тілде қалыптасқандары да, өзі жасаған авторлық түрлері де бар. Мысалы, Шәкәрім өмір, тіршілік дегенді :
«Тойымсыз нәпсі, тұрақсыз дүние» [72]
«Ей, Криз сенен менің ойым бөлек,
Бұл дүние шыр айналған бір дөңгелек» [48]
«Байқап оқып отырсам, соның бәрі
Дүниені сұм, алдамшы деп жазады» [105]
деп жазады.
Жалған дүние
«Қайғы көрсем: «дүниенің жалғандығы»,-
Дедім алдап, мінеки, алғандығы» [104]
Сұм дүние
«Мен де соққы жедім-деп-сұм дүниеден,
Көп жазып ем, оныма өкіндім мен» [104]
Өмірді
«Кейбіреулер жазады «қу өмір» деп,
«Тұрағы жоқ, алдамшы, су өмір» деп.
Көрген қызық, қылған іс-бәрі де ұшып,
Иә көлеңке, яки түс, «у өмір» деп» [105]

«Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,


Дүниеде-алдамшы, өмір-қу деп елірме» [108]

деп суреттесе, бұларды ақын өзіне дейінгі әдеби дәстүрден алған.


Шәкәрімнің көркем тіл кестесіндегі ерекшеліктің бірі –авторлық перифраздарды қолдануы. Мысалы «саналылық» ұғымын Абай журектің көзі десе, Шәкәрім көңілдің көзі:

«Сол сықылды көңілдің көзі ашылса,


Көп ойланып қиынға сермей-сермей». [59]
«Бас-көзі жұмылады,
Көңіл көзі жұмылмайды» [545]
деп қолданған.
Шәкәрімнің тіліне зер сала қарайтын болсақ перифраздардың сан алуан түрлері кездеседі. Мәселен :
Ақынның тіл кестесіндегі көзге түсер ерекшеліктердің бірі –
1) поэтикалық (еркін) перифраздарды қолданулары:
«Сөйтсем олар керең, соқыр,
Көздегені-қара су.
Құлағы тас, ұқпай отыр,
Жүрегі мұз, қардан» [150]
Мұнда адам жүрегін бейнелеуде перифраз тәсілі сәтті шыққан.
2) эвфемистік перифраздар. Тілдің екінші атаушысы ретінде перифраз алғашқы номинацияны жай ғана ауыстырып қоймайды, ауыр ойды бүркемелеп, оны жеңілдетіп жеткізеді. Яғни перифраздар арқылы айтайын деген ойын, ондағы бір ұғымды сыпайылап, жұмсартып жеткізу мақсаты көзделеді де, бұл тұрғыда оның эвфемизм сөздермен арақатынасы сәйкестенеді. «Негізінен, эвфемистік парафраза (перифраз) табу сөздерді немесе мағынасы суық, дөрекі, ыңғайсыз, қолайсыз, анайы ұғымдарды майдалап, тігісін жатықтау етіп жеккізу үшін қолданылады.
Шәкәрім шығармаларынан эвфемистік перифраздарға төмендегі мысалдарды келтіруге болады:
«Сен кеттің , тірі қалдым, ұлғайды арман,
Айрылып сорлы болдым ғашық жардан». [207]
«Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым».
«Есіңді жи, ерте ойлан,
Қаза келді-өлдім де ...» [45]
3) Метафоралық перифраздар. Метафоралық перифразды қолдануда символдық бейнелердің де өзіндік рөлі болады. Мысалы:
«Ойым-у, өмірім-су, үмітім-бу,
Қалмады бір сүйеніш шат қылғандай» [130]
Перифраздың мұндағы мақсаты-ойды, өмірді, үмітті жай ғана сипаттай салмайды. «Ойым-ау» деп халқының надандығына көңілі толмай, айтайын деген ойын сыртқа айта алмай, ішінде шер болып қалғаны туралы айтса, «өмірім-су» деп өмірдің-жалған, су сияқты ағады деп кететінін айтады, «үмітім-бу» деп үмітінің бұлыңғыр, күңгірт екендігін перифраздармен беріліп, сол дәуірдің шындық бейнесі дәл ашыла түскен.
4) Метонимиялық перифраздар. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және осыған орай , сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы метонимияның өзара байланысы жуықтай түседі,тіпті екеуінің тегі бір болып шығады. Мысалы:
«Дінің шатақ, әдетің арсыздық деп,
Жақпадың молдалар мен халқыңа да.
Ендігі жас ескі исің шығады деп,
Олар да келмей отыр қартыңа да!» [138]
«Үсті толған ас еді,
Нан алып же демейді,
Келемеж қылды кедейді,
Тоқ кісі не демейді» [484]
«Балалар нашарлықтан оқи алмай» [137]
Мұнда «ескі исің шығады» деп яғни ескіліктің дәурені өткендігін, «тоқ кісі» деп бай, жағдайы бар кісіні, «нашарлықтан» деп қолында жоқ, кедей адам деген образды синонимдермен алмастырып берген.
5) Синекдохалық перифраздар. «Синекдохадағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалқы немесе керісінше алмасып айтылып, ауыспалы мағынада қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жататын болса, синекдоханың да табиғаты перифразға жақын мәселенің бірі екені аңғарылады. Мәселен Ш.Құдайбердиевтің дастанында мынадай жолдар бар:
«Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау, кең иықты». [294] Ақын сұлу мүсінді жігіттің бет әлпетінің әр түрлі бөлігін алып, оған анықтауыш сөзін қосып, бөлшектер арқылы шебер де әсем, анық суреттер жасай білген.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет