Кокенова Мохидил


БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК АЛҒЫШАРТТАРЫ



бет9/31
Дата07.01.2022
өлшемі386,62 Kb.
#19607
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК АЛҒЫШАРТТАРЫ





    1. Білім беру саласындағы мамандардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелу деңгейі

Заманауи білім беруді ізгілендіру және модернизациялау үдерістері оқушылар мен білім алушыларға деген қатынастың өзгеруіне ықпал етеді, ал олардың жеке-типологиялық ерекшеліктерін, тұлғалық сипаттарын және т.б. есепке алу болашақ педагог-психолог профессиограммасының маңызды компоненті болып табылады. Педагог-психолог білім беру мекемесінің психологиялық қызметі аясында балалармен және жасөспірімдермен түзетуші-дамытушы, кеңес беруші-ағартушы, писхопрофилактикалық жұмыстармен қатар диагностикалық қызмет атқарады, ал ол өз кезегінде маманның диагностикалық құзыреттілігіне негізделеді, құзыреттіліктің бұл түрін жоғары мектеп қабырғасында қалыптастыру болашақ педагог-психологтардың кәсіби даярлығының маңызды нәтижелерінің бірі болып саналады.

Бұл бөлімде психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «диагностикалық құзыреттілік» түсінігінің зерттелу деңгейін қарастырамыз.

Терминнің тарихына тоқталатын болса, онда ХХ ғасырдың 70 жылдарында-ақ “құзыреттілік” термині оқытуды жекешелендіру мәселесіне байланысты Еуропа елдері мен АҚШ-та кеңінен қолданылды. Ол кезде ой айтарлықтай қарапайым болатын: оқытуда ғылым негіздерімен және оқытудың сәйкес әдістерімен шектеліп қалуға болмайды, сыныптағы микроортаны, тұлғааралық қарым-қатынастың барлық деңгейлерін дамытуға тырысу қажет. Іс-әрекет мектептегі оқу-тәрбие үдерісі шеңберінен шыққан жоқ.

Осы мәселе бойынша ұғымдық шегінің мазмұнына тоқталамыз. Егер де С.И. Ожеговтың орысша түсіндірме сөздігінде «құзыретті» ұғымы бірнеше мағына білдірсе: білетін, хабардар, қандай да бір салада беделді, құзыреттіліктерге ие: онда «құзырет» ұғымы әлдекім жақсы білетін сұрақтар шеңбері немесе біреудің өкілеттілігі, құқығы шеңбері деп түсіндіріледі.

Шетелдік заманауи сөздікде «құзыретті» ұғымы «біреудің басқаруына кіретін қандай да бір мекеменің өкілеттілігі шеңберіндегі, тұлға немесе қызмет, сұрақтар шеңберіндегі құзыреттілікктерді иеленуші. Сонымен қатар екінші мағынасы да бар: сол тұлға меңгерген білімі, тәжірибесі бар сұрақтар саласы. Соған қоса «соmpetere» сөзі француз тілінен аударғанда – талап ету, сәйкес болу, жарамды болу мағынасын береді; латын тілінде «competens» «сәйкес келетін, қабілетті» дегенді білдірсе, ағылшын тілінде «сompetence» «қабілет немесе құзырет» деп аударылады.

Құзырет – бұл құбылыс («сұрақтар шеңбері»), ал құзыреттілік – тұлғаның қасиеті, сапалары. Демек, бұл терминдер– екеуі екі бөлек ұғымдар. Құзыреттілік – бұл қандай да бір сала бойынша білім мен тәжірибе синтезі(А.В. Сурыгин). Көрсетілген анықтамаларды есепке ала отырып, біз «құзырет» терминінің келесідей түсініктемесін ұсынамыз: «Құзырет– бұл білім алушы оқу барысында меңгеруі керек және соңғы нәтижесінде қандай да бір сала бойынша оның құзыреттілігін қалыптастыратын білім, білік, дағдылар жиынтығы».

Құзыреттілік –қызмет субъектісінің жаңадан пайда болуы (иелену, оның тұлғалық қатынастарына және қызмет мәніне қосатын адамның сәйкес құзыреттіліктерді меңгеруі), ол кәсіби даярлау үдерісінде қалыптасады, кәсіби қызмет мәнін құрайтын функционалды міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін білімдер, біліктер, қабілеттер мен тұлғалық сапалардың жүйелік көрінісін ұсынады[29].

Ш.Т. Таубаева, А.К. Мынбаева, З.М. Садвакасова құзыретті мақсат ретінде, ал құзыреттілікті нәтиже ретінде сипаттайды[40][68].

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдасақ, құзыреттілік – бұл кәсіби міндеттердің орындалуын, мақсатқа жетуді, нәтиже алуды қамтамасыз ететін әрекетті сапамен жүзеге асыру мүмкіндігі деген қорытынды жасаймыз.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ұсынылған диагностикалық құзыреттілік түсінігін қарастырамыз. Болашақ әлеуметтік педагогтар жайлы О.В. Вечканова және Л.Н. Титова зерттеулерінде диагностикалық құзыреттілік болашақ әлеуметтік педагогтардың диагностикаға позитивті қатынасы синтезінде көрінетін дайындық ретінде қарастырылады, тәжірибелік педагогикалық қызмет жағдайында қатысушыларды және мектеп ұжымын зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық білімі мен білігін қолдануы.[16].

К.С. Ахметкаримова «диагностикалық қызмет» ұғымының мәнін қызмет объектісінің жағдайы жайлы ақпаратты алудың ғылыми-ұйымдастырылған үдерісі ретінде ашады, қойылған мақсатқа жету үшін бірізді түзетуші әрекеттермен диагнозды бекіту және тексеру мақсатында бұл ақпаратты арнайы өңдеу ретінде қарастырады[34].

Диагностикалық құзыреттілікті болашақ мамандардың зерттеушілік құзыреттілігінің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырған мамандардан С.С.Сейтенова, Ш.А.Мухангалиеваны атауға болады. [36]

Л.Н. Волошина, Г.Е. Воробьева, Н.Д. Лащенко, болашақ тәрбиешіні кәсіби даярлау жағдайында диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды қарастыра отырып, диагностикалық құзыреттілігінің болуы жас педагогқа тұлғалық даму мәселелерін кәсіби анықтауға, даму, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін негізді іріктеуге, жаңа педагогикалық жағдайларда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға көмектеседі деп тұжырымдайды [23].

Касен Г.А., Отарбаева А.Б. мектеп педагог-психологы мамандығы үшін қажетті болып табылатын қажетті диагностикалық міндеттер тізімін бөлді:



  • басқа білім беру мекемелерінде меңгерілетін, басқа оқу пәні бойынша көбінесе нақты білімдерді, біліктер мен дағдыларды игеру деңгейін анықтау;

  • оқыту нәтижелерін, болуы мүмкін ауытқуларды жедел анықтау және оларды

  • түзету үшін білім алушылардың оқу жетістіктерінің, оқығанының және үйренгенінің түрлі аспектілерін зерттеу;

  • белгілі бір оқу пәні немесе нақты пән аясындағы жеке зерттелуші тақырып бойынша қатысушылардың жіберген білімдерін анықтау;

  • тұлғаның өмірлік мақсаттарының құрамы мен құрылымын анықтау және өлшеу;

  • әдеттердің, мінез-құлық стереотиптерінің тұрақтылығын зерттеу;

  • адамгершіліктің мәдени әлеуетімен тұлғаны билеу өлшемін анықтау;

  • мақсатты тұжырымдалған педагогикалық күш салу мен социогендік ықпалдың интегративті нәтижесі ретіндегі қатысушылардың тәрбиелілігінің (және жалпы қабылданған нормадан ауытқуының) түрлі көріністерін анықтау;

  • барлық қатысушылардың тәрбиелік мүмкіндіктерін (тәрбие субъектісін қоса алғанда) және педагогикалық үдеріс факторларын орнату;

  • нақты берілген жағдайдағы бөлінген критерийлер бойынша қатысушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау;

  • балалардың жеке даму ерекшеліктерін анықтау;

  • дамуындағы ауытқуларды анықтау;

  • бала тұлғасының дамуына ықпал ететін факторларды анықтау;

  • білім беру үдерісіндегі тұлғаның дамуы нәтижелерін дәйектеу [32].

Біздің ойымызша, заманауи мектеп пен педагог-психологтар алдында тұрған күрделі міндеттерді тиімді шешу үшін, бүгінгі күні олардың болашақ кәсіби қызметін мақсатты қайта құру, нақтырақ айтқанда, диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруқажет, теория мен тәжірибе болатын өзіндік білім беру аймағындағы универститет ортасында болашақ мамандарды кәсіби-тұлғалық жетілдіру, оқу және ғылыми-зерттеушілік қызметпен «қатар» жүреді.

Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілінің мәні мен мазмұнын анықтау мақсатында «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының бар анықтамаларын қарастырамыз және талдаймыз. Айта кетерлігі, бұл ұғым психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеткілікті кең қарастырылмаған, сонымен қоса қазірде «диагностикалық қызмет» бөлек ұғым ретінде жиі кездеседі. Сондықтан да осы анықтамалар арқылы біз педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігі түсінігінің мәнін анықтайтын анықтамаларды қарастырамыз (Кесте 1).


Кесте 1 – «Диагностикалық құзыреттілік» ұғымының мәні жайлы авторлардың анықтамасы


Автор Ұғым Ұғым

ның мәні




1

2

3

О.И. Дорофеева

Диагностикалық

қ ұзыреттілік



«Кәсіби педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын кәсіби мәселелер мен міндеттерді шешу үшін диагностикалық қызметті жүзеге асыруға педагогтың теориялық

және тәжірибелік даярлығының тұтастығы».[14]



О.В. Вечканова,

Л.Н. Титова



Диагностикалық

құзыреттілік



Диагностикаға позитивті қатынас синтезінде

көрінетін даярлық, тәжірибелік педагогикалық

қызмет шарттарындағы білім алушылар мен ұжымды зерттеу барысында психологиялық-

педагогикалық білім мен біліктерді қолдануы.[16]



Е.П. Ивутина

Диагностикалық құзыреттілік

Кәсіби қызметті меңгерудегі пайда болатын тұлғаның маңызды өзгеруі[12]

Г.А. Рязанова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметтің барлық кезеңдеріндегі кәсіби қызметтің нысандары жайлы болашақ маманның терең және толық ақпарат алуы үдерісіндегі тұлғалық берік көзқарастары,

сенімдері, мақсаттары жүйесі.[15]



А.В. Фурлетова

Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті теориялық және тәжірибелік даярлықтың бірлігі: диагноз қоя білу, диагностикалық гипотез ұсыну, психологиялық-педагогикалық қызметтің шынайы жағдайларында пайда болатын мәселелер мен міндеттерді шешу, өз қызметіне үнемі мақсатты толықтырулар енгізу және т.б. тұратын тұлғаның интегралдық сапалары [13].

А.В. Сеничкина

Диагностикалық құзыреттілік

«Тұлғалық-саналы позитивті қатынасында көрінетін, білім берудің түрлі кезеңдерінде диагностикалық қызметке оның қабілеттілігі мен даярлығы, диагностикалық міндеттерді шешуге бағытталған терең, берік диагностикалық білім мен білігінің болуы» [39].

  1. - кестенің жалғасы

1

2

3

Н.В. Кутовая

Диагностикалық құзыреттілік

Жеке диагностикалық қызметінде болашақ мұғалімнің психологиялық-педагогикалық білімі мен білігін қолдануға даярлығы және қол жеткізілгендер негізінде өзіндік диагностика жасау

қабілеті[17].



А.Н.Марина

Диагностикалық құзыреттілік

Студенттердің өзіндік әрекетінің жүйелі бірізділігі.

[24].


О.М

Краснорядцева



Диагностикалық құзыреттілік

Өзіндік диагностикалық қызметте стратегия мен тактиканы таңдау мүмкіндігі [19].

Л.Ю.

Александрова



Диагностикалық құзыреттілік

Диагностикалық үдеріс логикасына сай ойлау мен тәжірибелік әрекеттердің және операциялардың жиынтығы, ол белгілі бір әдістер мен әдістемелерді қолдану арқылы балалар әрекеті мен тұлғаны

тиміді зерттеуді қамтамасыз етеді [18].



В.Н. Кoсырeв

Диагностикалық құзыреттілік

Дәрігердің диагностикалық міндеттерді тиімді шешу даярлығы мен мүмкіндігі. Құрылымдық қатынаста ол тұлғаның интегралдық сапасынан құралған және теория мен практиканың синтезі негізінде қалыптасатын жеке құзыреттіліктер қатарынан тұрады.

[20].


Осылайша, зерттеудің бұл кезеңінде «диагностикалық құзыреттілік» ұғымын зерттеушілердің көзқарастары бірыңғай емес деген қорытынды жасауға болады, оны анықтау үшін жеткілікті кең терминологиялық аппарат қолданылады. «Диагностикалық құзыреттілік» түсінігі әдетте жиі «педагогикалық және психологиялық диагностика» түсініктерімен синонимдес анықталады.

Айта кету қажет, «диагностикалық құзыреттілік» ұғымы түрлі әдеби дереккөздерде өзіндік жан-жақты жеткілікті талданған жоқ. Дегенмен, бұл ұғымның теориялық мәнін зерделеуге мүмкіндік беретін қазіргі таңда алғышарттар қалыптасты.

Сонымен, «диагностикалық құзыреттілік» ұғымының күнделікті түсінікте қолжетімді болғанына қарамастан, оған толық және нақты ғылыми анықтама беру жеткілікті күрделі. Әйткенмен, біздің ойымызша, диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың кәсіби мәнді және кәсіби-шартталған сапасы болуы тиіс.

Жүргізілген талдау қорытындысында айта кету қажет, диагностикалық құзыреттілік ұғымының мазмұндық мәнін анықтау мақсатында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу бұл ұғымның белсенді қолданылатын кең тараған, яғни біздіңше анықталғандай білім беру, жалпы педагогикалық және тұлғалық салаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Біз диагностикалық құзыреттілік әртүрлі қызмет үдерісітерінде қалыптасуы мүмкін және бұл қызметті адам қаншалықты табысты жүзеге асырғанынан көрінеді деген көптеген авторлардың пікірімен келісеміз. Мұнда болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілікті меңгеруіне көмектесудегі негізгі мәселе үдерісті ұйымдастыру болып табылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет