Құл-Мұхаммед М., төраға



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,95 Mb.
#64
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Кірісу

Төле дейді ұраным,

Қоғалы дейді тұрағым.

Бақтиярдан ажырап

Бәйдібек бай Жәнібек,

Жалғыз ұлы—Жарықшақ

Домалақ деген ананың.

Албан, Суан, Дулат боп,

Бөлініп бері шығамын.

Жарылғамыс, Жанту боп

Жаныстан келіп тарадым.

Патша менен ханы көп,

Байы менен жарлы көп,

Ілгергі өткен заманның.

ұлы Шыңғыс ханыңды

Алдымен баян қылайын.



Хан Шыңғыс

Өте  ерте  заманда  қазақ,  өзбек  болып  аталмай  тұрып, 

күншығыста бір хан болған. Хан неше жылдай перзент көрмей 

жүргенде, әйелі құрсақ көтеріп, бір күні қыз туады.

Туғанда қызының реңі қараңғы үйді жарық етеді. Хан: «Бұл 

қызымды  ерге  бермеймін»,—деп,  қызына  темірден  сарай  сал-

дырып, соның ішіне қойып бағады екен. Күндерде бір күні темір 

үйдің  ішіне  иненің  жасуындай  тесіктен  күннің  сәулесі  түсіп, 

қыздың бойы соған балқып кетіп, жүкті болады.

Еңсегей бойлы ер Есім

10


118

119


ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Ханның бұған қаһары келіп, неше күн ас ішпей, азаптанып 

дағдарып, ақыры хан өзінен туған қызын өзі өлімге бұйырады.

Ханның  туысқан  інісі  қарындасына  артықша  жаны  ашып, 

жаллаттардан  жасырып  қызды  сарайдан  алып  шығады. 

Қарындасымен  жыласып  қоштасқан  соң:  «Іле  бойы  адам, 

ақыры біреуге кез боларсың»,—деп, тіллә сандыққа салып, Іле 

дариясына ағызады.

Орнына  бір  жазықтыны  өлтіріп,  киімдерін  қандап, 

жаллаттарға да, ханға да қызды «өлді» деп жариялайды.

Екі адам моңғолдардан шықты аңға,

Зер салды тамаша етіп дарияға.

Жарқырап алтын сандық келеді ағып,

Иаскукей баһадурмен қалды таңға.

Сандықтың таңдап бірі ішін алды,

Екеуі уәдесінен қажымады.

Ішінде бір қыз жатыр шала-жансар

Аспанға нұры шығып жарқырайды.

Ол қызды таңдағаны кетті алып,

Қараса, өзі жүкті, пайымдайды.

Өзінің ресімінше неке қиып,

Қасына бір күндерде жақындайды.

Тылсымат дарбазасы аман екен,

Құлыбы ашқан сайын шатырлайды.

Дүниеге бір күн бала пайда болды,

«Ділікүнболдақ» деген жерінде еді.

Қатындар кіндік кескен назар салса,

Оң қолы қан уыстап жұмулы еді.

«Зілінде үлкен патша болар» десіп,

Аттарын Темушин деп, қойыпты енді.

Жұрт сұрап даражаға жеткеннен соң,

лақабын сонан кейін Шыңғыс дейді.

«Қожа—нұрдан, төрелер—сағымнан» деп,

Бұл сөздің осылайша мағынасы еді.

Тоғыз ұл туды артынан аналары,

Он екіге келгенде әкесі өлді.

Санаға 1237 жыл толғанда,

Жасында жиырма екі патша болды.

20

30

40



120

ТАРИХИ  ЖыРлАР

120

121


Темушин  өсе  келе  өзінің  ақылымен,  ерлігімен  жұрт  көзіне 

түсті.  Тоғыз  ұл  оны  күндеп,  көре  алмайтын  болды.  Бір  күні 

анасы айтты: «Сенің мыналармен анаң бір болса да, атаң басқа 

еді.  Бір  күні  болмаса,  бір  күні  зорлық  қылар.  Осылар  есейіп, 

өз  беттерімен  кеткенше,  Іленің  басына  барып,  садақ  атып  күн 

көр. Іленің беті құстың жүні болса, сенің тірі екеніңді білемін. 

Мына алтын жүзігімді қай кезде жіберем, сонда кел. Онан бері 

келме»,—дейді.

Темушин Іле басына барып, аң атып, құс жүнінен кепе қылып 

жатады. Садақ жасап, оқ жонады. Табақ жасап, табақтарына: 

«Мынау—хан табағы, мынау—жасауыл табағы» деп ат қояды.

Дәл  осы  кезде  манғұл  елінің  ханы  өліп,  кімді  хан  қоярын 

білмей,  манғұлдар  дағдарады.  Ел  хандыққа  таласып,  бөлініп, 

келісе  алмай,  ақылы  зерек  Темушиннің  анасына  келіп,  ақыл 

салады.

Әйел айтады: «Менің алдыма талапкерлердің бәрін жиыңдар. 



Аспанға  садақ  тартсын.  Кімнің  садағы  сағымға  тоқтаса,  соны 

хан  сайлаңдар»,—дейді.  Талапкерлер  жиылып,  садақты 

қанша тартса да, ешбірі сағымға тоқтата алмайды. Сонда әйел: 

«Ендеше,  мына  жүзікті  алып,  Іле  басындағы  менің  балама 

барыңдар»,—деп,  жүзігін  беріп  баласына  ел  басшыларынан 

бірнеше адам жібереді.

Шақырушылар  барған  жерде  Темушин  бұларға  қарсы 

садақ  тартпақ  болады.  Келгендер  жүзікті  көрсетіп,  анасы 

шақыртқандығын  айтты.  Темушин  отырып:  «Ендеше,  мен 

жанды нәрсеге мініп бармаймын»,—дейді. Келгендер ойласып, 

ағаштан  иіп  арба  жасады.  Темушин  арбаға  мінді.  Жүргенде 

арбаның  қаңқылдап  дауысы  шықты.  Сондықтан  арба  қылған 

ұстаның  атын  «Қаңқулы»  деп  қойды.  Соның  өзін  халық  бері 

келе «Қаңлы» атап кетті.

«Қаңлы» деген сөз «арбалы» дегенді білдіреді. Арба қылған 

ұста  келе  жатып,  «Енді  осы  хан  болатын  болды  ғой,  жана-

сам,  қор  болмаспын»  деген  оймен  өз  аяғын  шотпен  шауып, 

ақсақ  болды.  Соған  Темушин  мейірі  түсіп:  «Арбаны  істеп  бер-

ген  осы  ғой»  деп  бірге  мінгізіп  алды.  «Қаңлы  елінде  хан  бар, 

кәделі  елде  қаңлы  бар»  деген  қазақта  мақал  бар.  Және  «Хан 

жоқ  болса,  қаңлыдан  хан  көтер»  дейді.  Бұл  мақалдар  содан 

қалған. Қаңлы елі әлі күнге дейін өзге қазақпен: «Арбаға хан-

мен бірге мінгенбіз»,—деп талас етеді. Бұл таластың мәні осы-


120

120


121

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

лай.  «Түрік  патшасы  қаңлыдан»  делінеді.  Олар  Шыңғыс  хан-

нан қашып барған 300-400 үйдей қаңлы тұқымынан. Шыңғыс 

халықтарды  қырып, опаттап, өзіне бағындырып жатқанда, үш 

жүз-төрт жүздей қаңлы араб жұртына қашып барады. Шыңғыс 

ханнан  кейін  оның  немересі  Алаку  деген  хан  араб  жұртының 

Абесения  руынан  болған  «Мутауакәл-Алала»  деген  патшасын 

Бағдат  шаһарынан  қумақшы  болады.  Баяғы  Шыңғыс  зама-

нында қашып барған қаңлылар өсіп, құралданып қалған екен. 

Араб патшасы қорқып, Бағдаттан қашпақшы болып жатқанда, 

бұлар  патшаға  келіп:  «Сен  ұрысқа  қарсы  тұра  алмасаң, 

тілхатпен  патшалықты  бізге  бер.  Шыңғыс  хан  нәсілдерімен 

біз  ұрысамыз»,—дейді. Патша тілхатпен патшалықты береді. 

Олар  Шыңғыс  немересімен  ұрысып,  жеңіп,  қуады.  Мұнан  соң 

қаңлылар арабпен қатар, түрікті де билейді.

Түріктің  хандық  тұқымы  қаңлыдан  қалған.  Түріктің  осы 

күнгі патшасы да сол тұқымнан делінеді.

Арбасын даярлап,

Кілемге алтын салады.

Қызмет етіп ардақтап,

Еліне алып барады.

Хабар тапты Шыңғыстан

Маңғұлдардың тамамы.

Хабар айтып жұртына

Теп-тегіс жинап алады.

Садағын тартып аспанға,

Сағымға тоқтап қалады.

«Сағымға ілген садағын

Төрелер» деген мақал бар,

Осы еді—себебі.

Жеті мәрте оқ атты.

«Осыдан мысал, әлеумет,

Жеті жүз жыл әулетім

Дүниенің жүзіне

Хандық құрар»,—деп еді.

Әмір Темір патша да

Шыңғыс ханның нәсілінен,

Айналып бәрі төре еді.

Орыс алып жоғалтқан,

50

60


122

ТАРИХИ  ЖыРлАР

122

123


Кенесары, Наурызбай,

Ақырғы жері бұл еді.

Құлақ салсаң, әлеумет,

Бұл да—Шыңғыс әулеті.

Тәуекел ханнан баяндап

Әңгіме қылып берелі.



Тәуекел   хан

Ал тыңдасаң, әлеумет,

Түркістан атты қалада,

Дешті-Қыпшақ далада,

Баласына үш жүздің

Тәуекел атты төреңіз

Хан болып көп жыл тұрады.

Он сегізде хан болып,

Қырыққа жасы кеп еді.

Осынша хан болғанмен,

Бір перзенті жоқ еді.

Жері байтақ, елі бай,

Алтын-күміс, қазына сай.

Иісі қазақ баласы

лақап қылып сол күнде

«Хандардың ханы» дер еді.

Қазақстан жұртының

Атырабын болжасаң,

Еділ, Жайық, Қапқазбен

Бір шеті Жаркент, Құлжамен,

Омск пен Томск,

Ауған, Бұқар арасы,

Есепсіз жұрты көп еді.

Зарлаушы еді дәйімі:

«Жүз жасадым да, Рәббім,

Ақыры ажал келеді.

Аяды перзент»,—дегенді. 

Бір күн айтты зар жылап,

Гүлханым деген зайыбы

Ханыңыздың бар еді:

«Қосылған жастан, алалым,

70

80



90

100


122

122


123

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Сөзіме енді құлақ сал.

Оңашалап айтайын

Білдірейін сырымды:

Бұрынғы жастық күнім жоқ,

Сақалым болса ағарды,

Не қылғанмен, қартайдым.

Құдайға зарым жетпеді,

Датымды кімге айтамын.

Немере сүйіп, ұл көрді

Өзімнен соңғы қатарым.

Сорлы болдық сіз бен біз

Қуарған ағаш мысалы,

Абайлап мұны байқағын.

«Өліп кетсе ханымыз,

Орнына өзім болам деп,

Қазына, мүлкін алам» деп,

Жыбыртқылап сөзі бар.

Алмас болды тілімді,

Сөзім өтпей барады,

Уәзірлерді байқадым.

Көзім тірі күнінде,

Тәж-тағымды тастайын.

Шаһар мен шаһар қыдырып,

Қалендер болып жүрейін.

Құдай берсе тілекті,

Қайтып таққа мінейін.

Диуана болып, күлпарап,

Қолыма аса алайын.

Әулие қоймай, қыдырып,

Бәріне бір-бір барайын.

Осы жасқа келгенше,

Естімедім дауысын

Үйімнен ешбір баланың.

Башәрат бірі бермесе,

Көзімнің жасын көрмесе, 

Ендігі сөздің қысқасы 

Меккеге таман барайын»...

Гүлханым сонда сөйледі,

Ханға қарап қамығып.

110


120

130


140

124

ТАРИХИ  ЖыРлАР

124

125


Қол ұстасып зарлады

Екеуі де тарылып:

«Жақсы күнде жолдасым

Жаман күнде ажырап,

Қалайын сізден, не қылып?»

Дәулетіңе серік ем,

Күлгеніңде қуандым,

Жыласаңыз, қуарып.

Халықтан шығып, тарынып,

Аударып қоныс көрейін.

Жұрттан шығып жаңылып,

Сенімен бірге көнейін,

Құдайдан мен де тілейін.

«Алал жүріп, ақ тұрса,

Қырық күнде берер деуші еді,  

Әйелдердің тілегін».

Несіне айта берейін?

Берместен, Құдай қасарса,

Етегіңнен ұстап ап,

Сіз өлген жерде өлейін».

Қайғымен әбден қамыққан,

Перзентті ойлап зарыққан.

Хан мен көріп ханымын,

Салы деген уәзірдің,

Сондағы айтқан сөзі еді:

«Қадірлі Тәуке ханымыз,

Насихат сөзге құлақ сал.

Қыдыруың қашпайды,

Дамыл қылып біраз күн,

Тақтыңызда қарар ал.

Ел ішінде әзіз көп,

Мұстажап дұға адам бар.

Жарлығы қылып қайырды,

Сынықтардың көңілін ал.

«Кіші Мекке» деуші еді,

Әзірет сұлтан, Арыстан бап.

Оларға түнеп, құрбан шал,

Басыңнан қылып садаға.

Асыңыздан қайыр бер,

150


160

170


124

124


125

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Қылып көр қолда барында.

ықтияры кетпестен,

Құдай берген малың бар,

Құдайдың берген шағында.

Ханға рауа қырық қатын,

Біреу түгіл онды алғын.

«Біреуінен болмаса—

Біреуінен дегендей,

Ол болмаса, тағы да ал.

Құдайдың берген шағы бар,

Жасық жер дақыл бермейді.

Адамын тауып алғын да,

Сүдігер етіп, дақыл сал.

Биесін тауып жем берген,

Жабыдан тұлпар туады.

Әуелі сөйтіп өшіңді ал,

Жаңа астың қырықтан.

Сен қатарлы кедейлер

Қатыны түгіл малы жоқ.

Құдайдың ол да пендесі,

Осыларды жадыңа ал.

Болмаса тағы айтайын:

Жала қып ешкім әкетпес,

Білдірместен жасырын

Бозбаланың көңілін ал.

Бір жағынан тағы да,

Тәуіп, құшнаш, бақсыға,

Молдаларға оқытып,

Алланы айтып, зікір сал.

Есің барда, етек жап,

Армансыз мұны қылып қал.

Бәрінен де болмаса,

Онан соң айтар сөзім жоқ.

Маңдайыңның соры бар,

Жұрт иесіз қалмайды,

Тон жағасыз болмайды,

Біріміз хан болармыз,

Қайда барсаң, сонда бар.

«Жүйе» деп бәрі шулады,

180


190

200


210

126

ТАРИХИ  ЖыРлАР

126

127


Мәжілістегі адамдар.

Салының айтқан сөзіне,

Арқасынан қағады.

Тәсіл келіп бұл сөзі

Ханыңыздың өзіне:

«Жайымды білер құрбым» деп,

Ден қойды қатты өзіне.

Ойланды хан қиял қып,

Бала күннен қосылған

Теңгеріп алған бойыммен.

Алғаным қашпас, иншалла,

Гүлханым сынды ханымға

Әуелі адам салайын.

Жүруші еді: «Алғын» деп,

Әуелі байқап сынайын».

Ойланып мұны ханымыз,

Гүлханым сынды ханымға

Әуелі адам салады.

Ханынан алып хабарды,

Гүлханым енді біледі

Елінің қылған кеңесін.

Көмейі бос бұл жалған

Разылық бергендей,

Бұдан артық не десін?

«Барамын мен да қартайып,

Бірақ әлі де үміт бар,

Сонда да маған сенбесін.

Таңдап алсын дұрыстап

Ақылды, пайым данадан,

ұяты бар жақсыдан.

«Кіші қатын—кәрілер,

Кісі қатыны» деуші еді.

Жастар жанап, қырындап,

Қарамасаң арыңа,

Алал істер арам боп,

Үй-іші топар болмасын.

Нәсіп болып бір сұлу

Ала қалса көп елден,

Жасқа ауып ниеті,

220


230

240


250

126

126


127

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

«Кәрі-құры» демесін.

Алдап тұрсын кезінде,

Суғарып тұрсын егінді.

Шілдедей болып қақырап,

Уатым шөлдеп қалмасын».

*  *  *

Естіген соң ер Тәуке

Гүлханымның жауабын,

Халыққа салды хабарды.

Тұранның жалпақ еліне

Дешті-Қыпшақ жеріне.

Жайылды тегіс бұл сөзі:

«Тіллаға тартып аламын,

Жақса егер адамы».

Дүниеге көңлі ауып,

Көрсетпекке қыздарын,

Қолдарынан жетектеп,

Үзіріне барады.

Кейбіреуі ертелеп,

Кейбіреуі кешелдеп,

Ордаға қарай самғады.

ұялды хан бұл істен

Салған соң халық қауғаны.

Отырып тақта, назар сап,

Қапа болып, қамығып.

«Еріккен Құдай екі күйеу

Қылады» деген сөз бар.

Дана Салы уәзірін

Оңашаға шақырып,

Осыған ақыл салады:

«Қарашы, қазір, тысқары,

Тағы да бұған амал тап,

Қандай қылсақ болады?

Қыздарын қолдан жетелеп, 

Мазамды алып барады».

Уәзір Салы не деді?

Ханға жауап береді:

260

270


280

290


128

ТАРИХИ  ЖыРлАР

128

129


«Айналайын, хан тақсыр,

Тағыңда тыныш отыршы!

Осы келген жұртыңа

Менің өзім барайын.

ұят болса, бұл істі

Қылдырмас еді Құдайым.

Мастықпен қылған жерің жоқ,

Бұл да өзіңнің талайың...

Дүние үшін бастарын 

Базарға салып бәрі жүр,

Айналып оң мен солына.

Бәрі емес, біреуін,

Бір дұрысын қарайын.

Әдемілеу, аласа,

Орта бойлы, дембелше,

Айыр құйрық, мүшелі,

Күләлі жақсы сиырдай

Біреуін таңдап алайын.

Жаққаны маған бар болса,

Сізге де жағар ақыры.

Арғысын ары өзің біл,

Қойныңызға салайын».

Осыны айтып ер Салы,

Аралап бір-бір қарады

Келгендердің тамамын.

Ешбір адам жақпады

Орта жүздің елінен.

Абиырлы реңдер

Бірінің тапты хабарын,

Құштар еді көп бала,

Айымқыз дейді аттарын.

Алып қалды осыны,

Дүние беріп аямай,

Разы қылып қалғанын.

Оңашаға апарды,

Хан да барды қамданып.

Құпиялап айтайын

Онан соң не болғанын:

Дәуірін сүріп неше жыл,

300


310

320


330

128

128


129

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Қайғы кетіп көңлінен.

«Берер,—деп,—тәңір ақыры»

Бірнеше жыл шыдады.

Уақытсыз бола ма?

Сонда да нышан болмады.

Бір күні тұрды қамығып,

Артықша етіп наланы:

«Пешенемде жоқ екен,

Не қылсам да, болмады».

Бөлінді түрлі қиялы,

Шақырып алып кішісін,

Ханның айтқан жауабы:

«Айымқыз, болды әулие түнегенің,

Құдайдан бір ер бала тілегенің.

Ешбір жан бір дегенде тәуір көрмес,

Бәрі де жеккөрінішті тіленгеннің».

Үмітсіз жалғыз шайтан деген  сөз бар,

Үмітпен сарғайтыпты реңдерін.

Кетемін енді, міне, жаһан кезіп,

Кеудемнен жан шыққанша жүре берем.

ұл түгіл, қызын Құдай аяп қойды,

Болғанда, қайғырмас ем, бір ермегім.

Өмірің менде тұрсаң, өтер босқа,

Болмасын саған обал, өсіп-өнгін.

Бар, рұқсат, мен риза, Құдай риза,

Айнал да Әзіретті, жүре бергін...»



* * *

Осыны айтып хан Тәуке,

Рұқсат берді Айымға,

Қалмайын деп забырға.

«Рақым қылдым, ойланып 

Сенің де жас жаныңа.

Бір баланың зарпынан

Жапанға қаңғып барамын.

Жүрер болса бірлесіп,

Бәйбішені Гүлханым

Жолдас қылып аламын.

9-0273


340

350


360

130

ТАРИХИ  ЖыРлАР

130

131


Көңілдегі болмастан,

Қаңғырып кетіп барамын.

Тірегімді бермеді,

Көзімнің жасын көрмеді.

Болмасына көз жетті,

Бұл қиялды қоямын».

Егіліп жүріп ер Тәуке 

Астанасын айналды.

Хан тағына хан етіп

Уәзірді Салы сайлады.

Ханның тастап киімін,

Қалендер киді лыпасын.

Тәңірге мойын ұсынып,

Қолына алды асасын.

Бірлесіп шықты Гүлханым,

Тастап зерлі торқасын.

Ханға қарап тарынып,

Бір сөзді сонда сөйледі,

Төгіп тұрып көз жасын:

«Мұңдасым, ақылдасым, құлағың сал,

Иесіз қалды шіркін дүние-мал,

Бір жерде өліп кетсең, кебін болар,

Әжетке жарарлықтай дүние ал.

Жиреніп, көмген адам, ерінбейді,

Зеріңнің көз жұмғанша керегі бар.

Тұл қалып жеті жылдай тумай жүрген

Жылқыда құла торы бір байтал бар.

Е, тақсыр, баяндайын алдыңызда,

Байталдың адам тәріз ақылы бар.

Зарлансам кей уақытта, кісінеп кеп,

Иіскеп тұрушы еді бұл жануар.

Һәм, жолдас, һәм мінерге көлік болсын,

Хайуан да болса, ақыл осында бар.

Түбіңіз—Шыңғыс ханнан келе жатқан

Нақышты дүрри гауһар бір жүзік бар.

Салсам, деп, итаяққа ойлаушы едім,

Ішінде алтын сандық тұрған шығар.

Мәбада сізден бұрын ажал жетсе,

Саусағым шірімесін, қолыма сал.

370


380

390


400

130

130


131

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Еңбек мал, әлдекімге бұйырасың,

Дүние мұндай болсаң, адыра қал!

Хан қолына жүген алып, жылқыға келіп еді. Құла байтал кө зі-

нен жасы шұбырып, ханның қасына келіп тұра қалды. Хан көңі лі 

бұзылып, аяп кетіп, мойнынан құшақтап, жылап тұрып айтты:

«Деуші еді хан Тәуекел патша мені,

Мінбекке жүгендедім, хайуан сені.

Адамнан сорлы болып мен шығып ем,

Қасартты, мендей қылып, Құдай сені.

«Таптым ғой бір қылмыстан» деп ойлаушы ем,         

Жануар, себеп қылды саған нені?

ұрықсыз жаралғанда мақұлық жоқ,

Ағаш та жапырақтап, мәуе береді.

Биылғы шашқан ұрық жазға шығып,

Мамыр боп дүние-жиһан көгереді.

Тасбақа қырық күн қарап қадалумен,

Онан да бірталай боп ұрық толады.

Жануар, Құдай иіп, құлын тусаң,

Тағы бір ниетім бар көңілдегі.

Мәбада Құдай маған бала берсе,

Ат қылып, жақсы ниет, мінсін соны.

Қуансақ, қуарсақта бір жүрейік,

Қосылып, қайда барсақ, екі сорлы».

Осыны айтып Тәуекел,

Жүгендеп мінді биені.

Гүлханыммен екеуі

Ел-жұртымен қоштасып,

Арыздасып жыласып,

Бет алып енді жүреді.

Жер-жиһанды кезеді,

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Бір перзентті тіледі.

Бір күндері болғанда

ыдырыс нәби, ысқақ бап—

Бұған да келіп түнеді.

Болмады ешбір башарат,

410


420

430


440

132

ТАРИХИ  ЖыРлАР

132

133


Онан да өтіп жөнеді,

Ешбір белгі болмады.

Әулие қоймай қыдырды,

Етегін шеңгел сыдырды.

Нағышбанға бармақшы,

Бәрінен үзіп күдерді.

Бәйбішесімен екеуі

Қоқанменен айналып,

Бұқараға кірді аралап.

Баһауиддинге түнеді,

Белгілі нышан болмады.

Қарадария дегенді

Қайтты енді жағалап.

Байталын отқа қояды,

Тағамын ішіп саялап.

Жарылып дария күңіренді,

Бір хайуан шығып келеді.

Кеудесі жылқы, басы адам,

Осындайша сүйегі.

Байталға келіп асылды,

Иіскелеп аймалап,

Түсіп кетті қайтадан,

Байталы қалды арам ап.

«Иншалла, ат болсын,

Құлындаса балалап».

Жүрегі кетті жарылып,

Жыласты біраз қамығып.

Бір дауыс келді ғайыптан,

ұйықтаса көз ілініп:

«Талабың сонда болады,

Қашқарда бар Базұрық».

Бейшаралар қуанды

Көргендей әзір жұбанды.

Жалаң аяқ, жалаң бас

Қашқарға бармақ талабы.

Келе жатса жеделдеп,

Жолықты сансыз саудагер.

Танымайды ешбірі

Хан мен мынау ханымын.

450


460

470


480

132

132


133

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Алыс-жуық, жақыннан

Жай-күйлерін сұрады.

Көп саудагерлерден: «Алыс-жақыннан естіген-білген не ха-

барлар  бар?»—деп  сұрап  еді,  саудагерлер  жамырасып  жүрген 

жерлерін,  алған  бұйымдарын,  тапқан  пайдаларын  айтысты. 

Екі мүсәпірді бұлардың сөзі тойдырмады. Ақыр соңырда біреуі: 

«Қашқарда Аппақ қожа Ешен деген пайда болды. Ешен рақым 

етсе, тумаған әйел ұл туып, жылағандар қуанады екен»,—деді. 

«Көп сандалғанымыздың бірі-дағы, соған да бір барып, зиярат 

қылайық»,—деп,  хан  мен  ханым  Қашқардың  жолына  түсті. 

Бірнеше күн жол жүріп, табандары ойылып, Қашқарға кетті.

Ерлі-қатын бірлесіп,

Жол тартты бұлар қабағат,

Бола ма деп дарамат.

«Аппақ қожа пірім» деп,

Зарлайды жолда етіп жат.

Аянбастан жүрген соң,

Аяқ-қолы болды жарақат.

Еңбектері жансын да,

Осынша тартты қасірет.

Бір күндері болғанда,

Астанаға бас ұрып,

Қожаны қылды зиярат.

Түнде жатса жазғандар,

Дәрет суын жолына

Әзірлеп қылды қызмет.

Жақсы-жаман жауап жоқ,

Қылғанымен көп пұрсат.

Бір күндері болғанда,

Қожасынан түңіліп,

Көңілі тағы бұзылып,

Гүлханым айтты Тәукеге:

«Жер-жаhанды аралап,

Бір бала деп зарладық,

Өмір өтті заяда.

Босқа жүріп сандалдық,

Өлі әулие бермеді,

490


500

134

ТАРИХИ  ЖыРлАР

134

135


Тірі әулие жебей ме?

Болмады перзент лайық.

Онан дағы патша,

Қызылбасқа баралық.

Алтынға тең тартсақ та,

Бір бала сатып алайық.

Өзімізден туды деп,

Әмбеге хабар салайық.

Елде қалсын сүйегің,

Қой, енді елге барайық.

Хан  айтты:  «Бәйбіше,  бұл  не  дегенің?  «Тауып  алмай  ұл 

болмас, сатып алмай құл болмас» деген. Кісінің шырағын кісі 

шығара  ма  еді,  елге  не  деп  барамыз?  Онан  да  жалғыз  жанды 

күйттеп,  Меккеге  баралық»,—деді.  Екеуі  түнімен  ұйқтамай 

жатып, таңға жақын көзі ілінді. Тәукенің түсінде аспаннан нұр 

түсіп,  бәйбішенің  етегіне  кіріп,  нұр  қайтып  көкке  шығып,  ай 

болып туып, бара-бара оншақты ай болып бытырап кетті.

ұйқыдан шошып оянып, қуанғаннан жылап, бірі-біріне жо-

риды:

«Бәйбіше, мен бір түс көрдім,



Осылайша баяны.

Сен де соны көрдің бе,

Елестейді алдымда.

Көргендей әзір өңімде,

Ай болып туды жарқырап,

Бара-бара көбейді.

ұрығының бәрі хан болып,

Дариды екен көбіне,

ұзақ өмір көп жасап.

Жанады екен шырағым.

Сұрағаным қабыл боп,

Болады екен мұрадым.

Қызығын еркін көрмеспін,

Құдыққа түсіп құладым.

Бүгін өлсем арман жоқ,

Естісем даусын баланың».

Біріне-бірі жорытып,

510


520

530


134

134


135

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Кірді шат боп ажары.

Қуанып бұлар тұрғанда,

Білінді Ешен хабары.

Сәлем беріп байғұстар

Тағзым етіп тұрады.

«Жанар болды еңбегің,

Башарат бүгін көрдің»,—деп,

Арқасынан қағады.

«Бір бала»,—деп,—бейшара

Талай жерге сандалдың,

Әулие қоймай қыдырдың,

Бәрінен бар хабарым.

Жағасында дарияның

Су тұлпар шауып биеге,

Бір Құдай салды назарын.

Мінер аты белгісі  

Туатұғын баланың.

Пәлен күнде туылар, 

Пәлен айда білініп.

Есің кетіп көріп ең,

Есім қой атын балаңның.

Аллау әкбар, рұқсат,

Бар, жолыңнан қалмағын».

Бата алып бұлар жөнеді,

Қуанып елге домалап.

Көңілдері шадыман,

Төте жолды жағалап.

Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес, мол жүріп,

Адам шықты алдынан,

Келе жатыр еді жазғандар

Алтайдың тауын аралап.

Салы уәзір хан болып,

Тұрушы еді орындап.

Хан кеткеннен қапа боп,

«Тілегін Құдай берсін» деп, 

Көзінің жасын көрсін деп,

Дерек салып әр жұртқа,

Сұраушы еді хабар сап.

540


550

560


570

136

ТАРИХИ  ЖыРлАР

136

137


Іздеушілер жолығып

Амандасты қолын ап.

Елдің жайын сұрады,

Тағам ішіп, демін ап.

Еліне есен келеді,

Қарсы алды халқы қуанып.

Әр түліктен мал сойып,

Той қылып жұртқа береді.

Есімге жүкті болып ханым тұрды,

Биеден құла торы сөз білінді.

Жүні жоқ қара құлын құлындапты,

Жабыдан түрі бөлек неше қилы.

Бір бауға адам бармас қоя беріп,

Жанына жан жолатпай бағып жүрді.

Шапқанда шаңына жан жете алмайды,

Бақшадан бақшаға ырғып қуаныш қып,

Гаухардан нақыштатып ер қылдырды.

Енді мен иесінен сөз қылайын:

Су тұлпар бола берсін осы түрлі.

Бірнеше уақыт өткен соң,

Гүлханым жүкті болады,

Құрсағы шығып томпайып,

Бара-бара ұлғайып,

Тоғыз ай, он күн тауысып,

Бір ұл бала туады.

Жүзі жарық баланың,

Тұрғанындай шам жанып.

Ханнан алды сүйінші,

Елі-жұрты қуанып.

Қазынаның ашып ауызын,

Сыйменен халқын суарып,

Есім қойды аттарын,

Пірінің сөзін ойланып.

Түсірмей жерге қолға алып,

Жібекке орап бағады.

Алтын бесік жасатып,

Гауhардан шеге қағады.

«Жараға берік болсын» деп,

580

590


600

610


136

136


137

ЕҢСЕГЕй  БОйлы  ЕР  ЕСІМ

Киелі дәрі жағады.

«Әмбеден әзіз болсын» деп,

Алтынмен жуып алады.

Жетіге жасы жеткен соң,

Оқуға ауды талабы.

Он беске жасы жеткенше,

Әр түрлі ғылым алады.

Осы жастың ішінде

Білгір, тапқыр артықша,

Адам болды саналы.

Топ ішінде сөйлесе,

«Олай емес, бүй десе»,

Халқы көріп таң қалды,

Бұл сықылды дананы.

Су тұлпардан туғаны,

Қара жорға ат болды.

Желден жүйрік жануар

Иесіне тап болды.

Мініп алып Есекең,

Баптанып қарсы жауына

Тартады садақ толғанып.

Өнерге сонша жетілді,

Теңгені дәлдеп, обаны,

Тастайтын болды аударып.

Ғылым, өнер үйреніп

Есейген соң Есекең,

Хан, уәзір кеңесіп,

Қосынға қойды сардар қып.

Жетіге Есім жеткенде,

Анасы туған бір қызды,

Ханымша қойған аттарын.

Бір ұл, бір қыз көрген соң,

Артықша Құдай берген соң,

Қайта жасап екеуі,

Қуанышпен шаттанып,

Ажыратпай қасынан.

Пәруана болып басынан,

Отырғызып қасына,

Тағына бірге апарып.

620


630

640


650

138

ТАРИХИ  ЖыРлАР

138

139


Қай түрлі іс болса да,

Түсініп алсын аңғарып.

Ие болса халыққа,

Артымда кейін соң қалып.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет