Лекция №1 Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары



бет1/20
Дата01.06.2022
өлшемі222,28 Kb.
#36162
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Лекциялық кешен
Лекция №1
Тақырыбы: Сараланған бiлiм берудің әдіснамалық алғы шарттары

Оқытуды саралау проблемасының даму тарихын қарастыру барысында оның үнемi ғалымдар мен педагог-практиктердiң көзiнен таса қалмағаны байқалады. Бұл проблемаға қатысты еңбектердi қарастыра отырып, оқытуды саралау идеясының дамуы әр кезеңде бiлiм берудi реформалаудан туындаған iзгiлендiру толқыны негiзiнде көрiнiс тауып отырғанын атап өтемiз.


Елiмiздегi бiлiм берудi iзгiлендiру идеялары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, сияқты қазақ мәдениетiндегi ағартушы өкiлдердiң еңбектерiнде қарастырылғанын атап өтуге болады.
Ұлы ақын, ойшыл Абайдың айтуынша, адамның өміріне, оның бүгінгі күні мен болашағы үшін ең басты қажеттілік адамның мақсатына, мұратына жетуі үшін өзін және қоршаған ортаны кеңірек танып, оның нәтижесін өмірде білуі керек. Абай тұжырымдамасының негізгі идеялары жер бетіндегі адам тіршілігінің, құндылығы, әр адам жанының қайталанбайтын тұлға екендігінде. Бұдан Абай этикасының «Адам бол!» деген негізгі қағидасының мәні ашыла түседі, себебі әр адам өзінің мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіріп, дамыта алады 1.
Ұлы Абайдың шәкірті, ақын Шәкәрім қазақ халқының өткені мен болашағын терең зерделеп, келелі ой-түйіндеулерін айтқан. Шәкәрім халықтың мәдениетін көтеруге барлық күш-жігерді жұмсау үшін бірлікке шақырып, осы биікке шығудың жолын көрсетіп берді және ол қазақ халқы басқа, өркениетті елдердің халықтары сияқты білімге, ғылымға ұмтылғаны жөн деп атап көрсеткен. Бүгінгі таңда еліміз өркениетті 50 елдің құрамына енуді жоспарлап отырған кезеңде ойшыл ақынның сол уақыттағы арманы орындала бастады 2.
XX ғасырдың басында белгілі ғалым Ж.Аймауытов. «Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл әлемге өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарайтын болса, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз болуы керек» деп айқындап берген 3.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы жағдайында оларға даралық тұрғыдан қарау қажеттiгiне алғашқы ой тастаған Ян Амос Коменский болатын. Ол өзiнiң Ұлы дидактикасында сынып-сабақ жүйесi жағдайында оқу iс-әрекетiнiң ұжымдық және даралық түрлерiн үйлестiру қажеттiгiн көрсеткен болатын. Ол оқушылардың танып-бiлуге деген қабiлеттiлiгiн зерттеу, ал бұдан осы қабiлеттiлiктерге сәйкес келетiн және оқушылар игеруi тиiс бiлiм негiздерiне оқыту тәсiлдерiн iздестiру дидактика пәнi болып табылады деген болатын 4.
Елімiздiң егемендiк алуымен 90-жылдардың басында жалпы бiлiм беретiн оқу орындарының жаңа түрлерi (лицейлер, гимназиялар, мектеп-гимназиялар, арнайы мектептер және т.б.) ашылып, олар оқушылардың жоғары оқу орындарында бiлiмiн әрі қарай жалғастыру мақсатымен таңдап алған бiлiм салалары бойынша пәндi тереңдетiп оқытуға бағдарлана бастады. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы көркемөнер, спорт, музыка және т.б. арнайы (бағдарлы) мектептердiң болғаны және олардың ойдағыдай дамығанын да атап өтуге болады. Жалпы алғанда бiздiң елiмiздегi бағдарлы саралап оқытудың дамуы, негiзiнен, бiлiм берудiң әлемдiк тенденциясына сәйкес келедi.
Алайда бүгiнгi таңда барлық жинақталған тәжiрибенi ой елегiнен өткiзу және соның негiзiнде саралау проблемасын шешудiң оңтайлы жолдарын iздестiру қажеттiгi туындауда. Саралау проблемасы бойынша зерттеулерде саралап оқыту және саралау тұрғысынан қарау ұғымдары ерекшеленедi. Бiрiншiсiнде әдетте оқу орнының белгiлi бiр статусын анықтайтын оқытудың ұйымдастыру-басқару, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық аспектiлерi қарастырылады. Екiншiсiнде оқушылардың қабiлеттiлiгiн және бағдар таңдаудағы мүмкiндiктерiн, оқытудың барлық кезеңiнде әрбiр жеке тұлғаны мүмкiндiгiнше дамытуды анықтау мақсатымен оқушыларға даралау тұрғысынан қарау туралы айтылады.
Шындығында да, мектеп тәжiрибесiнде даралап оқытуды қолдану кезiнде:
 әдетте әрбiр оқушының емес, ұқсас ерекшелiктерi бар оқушы топтарының дара ерекшелiктерi ескерiледi;
 оқушының барлық дара ерекшелiктерi емес, оқыту тұрғысынан неғұрлым маңызды болып табылатын ерекшелiктерi, мысалы, жалпы ой қабiлеттiлiктерi ескерiледi; кейбiр жағдайларда, белгiлi бiр оқушы үшiн маңызды болып табылғанда, тұлғаның қандай да бiр арнайы қасиеттерiне (мысалы, математиканы зерделеуге, сурет салуға, спорт түрiмен айналасуға және т.б. айқын байқалатын қабiлеттiлiктер) маңызды мән беріледі;
 даралау педагогикалық iс-әрекеттiң барлық аясында емес, оқу жұмысының белгiлi бiр түрiнде жүзеге асуы арқылы көрiнiс табады.
Қарастырылған ұғымды пайдаланудың әр түрлi нұсқаларын дамыған шетел педагогикасында да кездестiруге болады. Америка педагогикасында даралау ұғымы оқушылардың дара ерекшелiктерiн ескерудiң кез келген түрi мен әдiстерiн ескередi. Сонымен қатар, мысалы, Н.Э. Гронлунд даралап оқытуды оқыту принципi ретiнде емес, оқыту стратегиясы ретiнде қарастырады 5.
Оқытуды даралау оқыту стратегиясы ретiнде әр түрлi нұсқаларда:
 топтық оқытудағы минимал түрлендiруден толық даралық тұрғыдан қарауда,
 оқыту қарқынын, оқыту мақсаттарын, әдiстерiн, оқу материалдарын түрлендiруде,
 даралап оқытуды барлық зерделенетiн пәндерде, кейбiр пәндерде немесе оқу материалының кейбiр бөлiмдерінде пайдалануда,
 кейбiр жалпы қабілеттіліктері мен қызығушылықтары негiзiнде оқушылардың түрлi топтарын қалыптастырумен байланысты әкiмшiлiк стратегиясында көрiнiс табады.
Бiлiм беру жүйесiндегi саралау туралы педагогикалық әдебиеттердi зерделеу мен талдау негiзiнде саралау ұғымына берiлген анықтамалардың әрқайсысының өзiнiң негiзi бар екенiн және өзiнше орынды екенiн айтып өтемiз. Бiз даралау тұрғысынан қарау, саралау тұрғысынан қарау терминдерiн – оқыту принципi ретiнде, ал даралау мен саралауды осы принциптердi жүзеге асыру ретiнде қарастырамыз. Бұл ұғымдардың осыған ұқсас жақын түсініктемесін Е.С. Рабунский, И.Унт, Н.С. Пурышева, М.Ж. Жадрина және т.б. қарастырады.
Тұлғалық-бағдарланған оқыту жағдайында оның дәстүрлi ақпараттық функциясы дамыта оқыту функциясының жүзеге асырылуына бағынуы тиiс. Осылай, мысалы, И.С. Якиманская тұлғаның өзiн өзі дамытуы, өзiндік әлеуетін анықтауы сияқты жақтарын қалыптастыруды, оқушыны объектiден оқытудың нақты нағыз субьектiсiне айналдыруға жағдай туғызу қажеттiгiн атап көрсетедi. Сондай-ақ ол оқыту аясы мен оқушының жеке дара мүмкiндiктерiнiң арасында сәйкестiк болған жағдайда оның қызығушылығы орнықты болатынын көрсетедi. Мектеп аясы түрлiше болған сайын оқушылардың жеке дара мүмкiндiктерi, олардың қызығушылықтары, бейiмдiлiктері, оқуда немесе нақты өмiрден жинақталған тәжiрибелерi ескерiлген оқыту үдерісі де тиiмдi өтедi. И.С. Якиманская [6] саралап оқытуды тиiмдi жүзеге асыру үшiн келесi шарттарды көрсетедi:
− пән бойынша ғана оқу сағаттары емес, оқушылардың қызығушылығы, таңдауы бойынша оқытылатын сабақтан тыс уақыттағы сабақтар ескерiлетiн бейiмделген оқу-тәрбие жоспарының болуы;
− нақты сынып ұжымының мүдделері, сондай-ақ оқушылардың жеке мүдделерi қызығушылықтары факультативтерде, үйiрмелерде, әр түрлi бiрлестiктерде қанағаттандырылуы мүмкiн нұсқалы оқу-тәрбие жоспарларының жүзеге асуы;
− нақты бағыт бойынша оқушылардың дайындық деңгейiн және және таяу даму аймағын ескере отырып, топтардағы, оқу үдерісіндегі жұмысты ұйымдастыру;
− оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен олардың дамуын ескере отырып, олардың интеллектуалдық дамуын дидактикалық жағынан қамтамасыз ету;
− оқушылардың қызығушылығы бойынша сабақтарды таңдауы және әр түрлi iс-әрекет түрлерiнде оларды ынталандыру үшін жағдайлар туғызу мақсатында нақты әлеуметтiк-педагогикалық кешенді тәрбиелiк әсердi интеграциялау;
− әрбiр баланы iс-әрекет жетiстiгiне ынталандыратын және қандай да бiр жетiстiктiң сапалық нәтижелерiн сыйлауға балалар ұжымында жағдаяттар туғызу.
Сонымен білім мазмұнын саралау балалардың денсаулығы мен психикалық дамуы ескеріле отырып, генетикалық және әлеуметтік тұрғыдан анықталатын олардың дамуының біркелкі болмауынан туындайды. Оның негізгі мақсаты әрбір оқушының мүмкіндігін ескере отырып, олардың қарай даму жолдарын іздестіру болып табылады. Білім мазмұнын саралау оқушылардың интеллектуалдық қабілеттіліктерінің барынша дамуы, әр түрлі іс-әрекет түрлерінде, оқу тапсырмаларының формалары мен қарқынын анықтауда олардың мүмкіндіктері мен өздерін көрсете алулары үшін жағдайлар туғызудың құралы ретінде қарастырылады.
Білім беру мазмұнын саралау проблемасын шешу білім беру ұйымдарының бірлігі мен әртүрлілігі ретіндегі қазіргі кездегі мектептің даму факторларынан туындайды, яғни білім мазмұнын саралау бірлік пен әртүрлілілік принциптеріне негізделеді. Оқушылардың қабілеттілігін, бейімділіктерін ескере отырып, оларды әлеуметтік және кәсіби іс-әрекетке дайындау оқыту мазмұнын саралаудың мақсаты болып табылады.
Материалды әр түрлі деңгейде игеру оқушының құқығы мен міндеттері арасындағы қайшылықты: оқушы жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды орындауы және білім мазмұнын әрі қарай игеруге ынтасы болған жағдайда өзінің мүддесі мен бейімділігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін біліммен қарулануға құқық алады.
Психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдiстемелiк әдебиеттерде бiлiм мазмұнын саралаудың екi түрi ажыратылады деңгейлiк және бағдарлы. Оқушылардың дара ерекшелiктерiн, олардың танымдық мүмкiндiктерiн, қабiлеттiлiктерiн ескеру мәселесiн және сол арқылы оқушылардың бiлiмдi әр түрлi деңгейде игеруін жоспарлауды бiлiм мазмұнын деңгейлiк саралау шешедi. Бiлiм мазмұнын деңгейлiк саралау оқушыларға даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған, бұл оқушыларды шартты түрде жеке топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Оқыту үдерісінде бұл жеке топтар әр түрлi негiздер бойынша (оқушылардың қабiлеттiлiктері, қызығушылықтары, сабақ үлгерiмдері, психологиялық ерекшелiктерi және т.б.) құрыла алады. Демек, деңгейлiк саралаудың мақсаты әрбiр оқушының жеке тәжiрибесiнiң ерекшелiктерi негiзiнде оқу материалын оның таяу даму аймағында игеруiн қамтамасыз ету болып табылады.
Бағдарлы саралау оқушыларды салыстырмалы түрде орнықты топтарға біріктіруді және жеке пәндерді білім беру мазмұнымен, оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптарымен ерекшеленетін арнайы бағдарламалармен оқытуды ескереді.
Оқытуды саралаудың бұл түрі оқушылардың қызығушылығы, қабілеттілігі және жобаланатын мамандық бойынша жүзеге асырылады. Біздің анықтауымыз бойынша, «білім мазмұнын бағдарлы саралау» жоғары сынып оқушыларының бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн толығырақ ескеруге, белгілі бір кәсіби қызмет саласына қызығушылықтарын дамытуға және білімін әрі қарай жалғастыру үшін қажет біліммен қаруландыруға бағытталған бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың құралы мен шарты болып табылады. Бағдарлы сараланған білім беру оқушылардың өздерiнiң танымдық қызығушылықтарына, қабiлеттiлiгiне, оқудағы жеткен жетiстiктерiне және кәсiптік бейімділіктеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркiнше таңдап алуға негiзделген (Сурет 1.). Ол оқушылардың белгiлi бiр тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталады. Әр топтағы оқыту үдерісi түрлiше жүредi: бiлiм мазмұнымен ерекшелiнедi, оған қандай да бiр оқыту әдiстерiнiң, түрлерiнiң және тәсiлдерiнiң басымдық рөлi, оқушылар мен мұғалiмнiң өзара қарым-қатынас стилi өзгередi және т.с.с.
Бiлiм мазмұнын бағдарлы саралаудың негiзгi өлшемдерінiң бiрiне мектепте
бiлiм берудiң негiзiн құрайтын ғылым негiздерi зерделенетiн пәндер, яғни саралауға «пәндiк» тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәнi түрлi функцияларды атқара алады:
жалпы мәдениеттiң негiзiн қалауы;
оқушыларды арнайы дайындығындағы негiзгi пән бола алуы;
басқа бiлiм салаларымен қарулану үшiн қажеттi құрал ретiнде көрiнiс
табуы.



Сурет 1. – Мектепте бағдарлы сараланған білім беру ерекшеліктері

бiлiм берудiң негiзiн құрайтын ғылым негiздерi зерделенетiн пәндер, яғни саралауға «пәндiк» тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәнi түрлi функцияларды атқара алады:
жалпы мәдениеттiң негiзiн қалауы;
оқушыларды арнайы дайындығындағы негiзгi пән бола алуы;
басқа бiлiм салаларымен қарулану үшiн қажеттi құрал ретiнде көрiнiс
табуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет