Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет752/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   748   749   750   751   752   753   754   755   ...   832
324-сурет. Тума токсоплазмоз 
(ерте кезеңдік фетопатия). Үлкен мидың сыңары микроцефалия, кисталар мен 
глиоз дамып, ізбестенген. 
Мидың тінін 
микроскоппен зерттегенде
ішіне жұмыр түйіршіктер жиналған 
қуыстар байқалады, олардың арасындағы тінде талшықты глия көбейеді, тозаң 
тәрізді кальцинозды ошақтар қалыптасып, шар тәрізді цисталар болады. 
Микрофтальмия
орын алып, көздің бұршағы бұлыңғыр тартады (
катаракта
), 
торлы
және 
қан тамырлы қабықшалардың
кей жерлерінде 
кальциноз
дамиды. 
Кешеуіл кезеңдік фетопатия
кезінде мида некрозды және кальцинозды 
ошақтар қалыптасып, олардың маңынан псевдоцисталар мен жалаң паразиттер 
ұшырасыды (325-сурет). Мидың қыртыстық қабаты, оның асты мен ми бағаны 
поролиферациялы қабынып, тіні толық зақымдалады, менингит, эпендиматит 
дамып, едәуір көлемді гидроцефалия жиі байқалады, кейде көлемі үлкен қанды 
ошақтар болады. 
Көздің торлы
және 
тамырлы қабықшалары
да тап ми 
тініндей өзгеріп, псевдоцисталар түзіледі, 
пролиферациялы-некрозды ретинит
пен 
увеит
дамиды.
325-сурет. Тума токсоплазмоз:
а — үлкен ми сыңарындағы псевдоцисталар; б — жалаң паразиттер.
 
Жаңа туғандар мен емшектегі сәбилер токсоплазмоздың жалпы нысанымен 
сырқаттанса, ми зақымдалып, гепатомегалия мен спленомегалия дамып, дене 
сарғаяды, ішекте ойық жаралар қалыптасып, миокардит пен интерстицийлік 
пневмония өрістейді. 
Микроскоппен зерттегенде
бауыр мен талақта 
миелоэритробластылық жауап өрістегені байқалады. Бауырда, миокардта, 
бүйрек пен ішкі секреция бездерінде некроз бен кальциноз дамып, лимфоциттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   748   749   750   751   752   753   754   755   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет