Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет1/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
 
 
 
А. Ж. Асамбаев 
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗДЕРІ 
оқулық 
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі бекіткен 
Алматы, 2011 



УДК 004(075.8) 
ББК 32.973 я 73 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
ғылыми Кеңесі баспаға ұсынады 
Пікір жазғандар: 
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор 
А. Д. Тастенов

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор 
Б. А. Найманов
А. Ж. Асамбаев
Жасанды интеллект негіздері:
Оқулық. Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір» 
2011 ж. – 136 б. 
ISBN 978-601-217-242-3 
Оқулықта жасанды интеллект туралы негізгі бастапқы мәліметтер 
берілген, білімдерді ұсыну және есептерді шешу әдістер туралы негізгі 
мағлұматтар келтірілген. Білімдерді тауып алу әдістер туралы қысқа 
деректер, сараптамалық жүйенің құрылымы, жасау кезеңдері туралы 
жеткілікті мәліметтер берілген, оларды жасау үшін құрал-жабдықтардың 
жіктеуі кӛрсетілген.
Оқулық – жоғары оқу орындарының ақпараттық технологиялар, 
информатика, физика-математика мамандықтарының студенттері мен 
ұстаздар қауымына және жасанды интеллект әдістерін ӛз жұмыстарында 
қолданатын инженерлерге арналған. 
ISBN 978-601-217-242-3 
© А. Ж. Асамбаев
© ҚР Жоғары оқу орындарының 
қауымдастығы, 2011 



КІРІСПЕ 
Адам мен машинаның бірлескен қызметі ӛте актуалды. Компьютер 
адамға кеңесші болу қажет, жағдайды тез талдап іс-әрекет варианттарын 
кісіге ұсыну керек. Ал адам келтірілген вариаттардан керегін таңдайды.
Қазір жасанды интеллект - шешімді жасау мен қабылдау үшін адамның 
қызметін күшейтетін, ӛзін-ӛзі үйрететін құрал-сайман. 
Орын ауыстыру, билет сату (яғни тізбекті және дәлдікті орындауы мен 
дәл нәтижесін алуы қажетті есептер) есептерді шешу үшін формалданған 
орындаушының басқаруы алгоритмдық пайдаланушы үшін бағдарлама түрде 
орындалады. Осында пайдаланушының қолында нақты анықталған 
командалар жүйесі мен орта болады, олар шешілетін есептің және 
басқарудың сипатына әсер етеді. Бірақ, формалдауға жатпайтын есептерде 
бар. Осындай есептер типіне эвристикалық есептерді, тиімді басқару 
есептерді, бейнені айырып тануды, мәтінді машиналық аударуын және т.б-ды 
жатқызуға болады. Бұл есептер интеллектке жатады, осындай есептердің 
компьютерлік құралдар кӛмегімен шешу проблемасы кибернетика 
бағытының зерттеу ядросын құрастырады, оны 
жасанды
интеллект
деп 
атайды. 
Жасанды интеллект
(ЖИ) – компьютерлік құралдар арқылы жеке 
ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау. ЖИ жеке ғылыми бағыт ретінде XX 
ғасырдың екінші жартысында пайда болды (бұл кӛбінесе, кибернетиканың 
дамуына тәуелді болатын). Басқару талдау, салыстыру, ақпаратты ӛңдеу, 
болжамды жасау, жорамалдың дұрыстығын дәлелдеу (яғни интеллектуалды 
қызметіне жататын операциялар) негізінде шешімді қабылдаумен 
байланысты болады. 
Жасанды интеллект жүйелері
– арнайы логикалық жүйелер арқылы 
компьютерлік бағдарламада жүзеге асырылған адам интеллектің жеке 
аспектісін ұдайы ӛндіретін техникалық жүйелер.
Жасанды интеллект жүйелерінің қолдану салалары: 
- роботтехникасы; 
- сараптамалық жүйелер; 
- есептерді әмбебап шешушіні жасау; 
- бір тілден екінші тілге аудару, мәтінді рефераттау;
- пайдаланушыны компьютермен ыңғайлы диалогын қамтамасыз ететін 
интеллектуалды интерфейсты жасау. 
Ӛткен ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер 
дамуының келесі маңызды бағдарлары анық кӛрінді: 



1. Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық 
шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, 
автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып 
тану, ойлауды еліктеу және т.с.с. 
2. Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни 
жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, 
оқыту және т.б. 
3. Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді 
шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген 
үлкен және ӛте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды 
оңайлату және адамның жұмыс кӛлемін азайту үшін пайдаланушымен 
мағыналы сұхбат жүргізу. 
4. Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот 
буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және 
ӛзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, 
станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар. 
Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышӛлшеуіштер, тензометрлер, 
газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - 
ӛнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге 
арналған. Ұқсас проблемалар іздестіру роботтар да пайда болады, бұл ерекше 
бағдарламалар Ғаламторда құжаттарды индексациялауға арналған.
 
Автор





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет