Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет53/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67

E

ішкі


 =N(E

потенц


 +E

кинет


 ) 

Дене молекула 

Мұндағы Е

ішкі


 -дененің ішкі энергиясы, 

Е

потенц



 -молекулалардың потенциялдық энергиясы, 

Е

кинет



 -молекулалардың кинетикалық энергиясы, 

N - молекулалар саны. 

 

Яғни,  бұл  тірек  сигналы  «Дененің  ішкі  энергиясы  денені  құрайтын  бөлшектердің 



(молекулалы,  атом  және  иондардың)  кинетикалық  энергиясы  мен  осы  бөлшектердің 

молекулалық  өзара  әсер  күштерінен  пайда  болатын  потенциялдық  энергиясының 

жиынтығынан тұрады» дегенді білдіреді. 

 

Физикалық  заңдылықтар  мен  құбылыстардың  мәнін  ашу  үшін  тақырыпты  тірек 



конспектісімен  бергенде,1  тірек  конспектісіне  2-3  тақырыпты  біріктіріп  топтап,  блок 

түрінде  берген  қолайлы.  Жылу  қозғалтқыштары  тақырыбын  өткенде  жұмыс  дене 



363


 ~ 

 

қыздырғыштан Q



1

 жылу  мөлшерін алып, суытқышқа Q

жылу мөлшерін береді. Осы арада 



жұмыс атқарылады. Ол атқарылған жұмыс А=Q

1

-Q



айырымына тең. 

 

Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзінің ішкі энергиясын жұмыс жасауға толық 



бере алмайды. Жылудың едәуір бөлігі міндетті түрде газбен бірге суытқышқа беріледі, яғни 

ішкі  энергияның  бір  бөлігі  қайтарылмай  біржола  жоғалтады.  Осы  түсінікті  тірек  схемасы 

арқылы оқушылар өздері қорытып шығара алады. 

Тірек конспектілері. 

- оқушылардың жинақылыққа, көркемдікке бағалауға

- оқушылардың сабаққа дайындалу мүмкіндіктерін арттыруға; 

- оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға; 

- есеп шығаруға немесе тақырыпты бекітуге бөлетін уақытты үнемдеуге; 

- оқушылардың білімін дұрыс бағалауға; 

- мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтуға; 

- оқушылардың  ойлау  қабілетін  арттырып,  оларды  шығармашылыққа      баулуға 

мүмкіндік береді. 

 

«Еркін  гармониялық  тербелістер»  тақырыбында  оқушыларды  қойылған  түйінді 



мәселелерді  шығармашылық тұрғысынан шешуге, зерттеушілік дағдысын қалыптастыруға 

бағыттау  арқылы  топтық  жұмыс  түрін  пайдаланып  «ой  қозғау»  стратегиясының  негізінде 

еркін  гармониялық  тербелістердің  анықтамасын  беру  үшін  оқушылардың  білім  базасы 

механиканың  кинематика,  динамика  және  энергия  сақталу  тарауларындағы  білімдерін 

қолдану арқылы анықталады.  

 

Екі  топ  математикалық  және  серіппелі  маятниктерді  қарастырып,  жауап  кестесін 



толтырады.  Үшінші  топ  –  сарапшылар  тобы,  жауаптарды  мұқият  тындап  бақылайды, 

келіспеген  тұжырымдамаларды  ғылыми  дәлел  негізінде  өзгертеді,  ал  керек  болса,  өздері 

толықтырады.  Үшінші  топтың  жауаптарын  екі  топ  бірігіп  бақылайды.Түйінді  мәселелер 

бақылау объектілері де болып келеді. Олар – еркін гармониялық тербелістердің: 

1) орындалу шартын анықтау (5 балл); 

2) тербелмелі жүйедегі энергияның түрлену және сақталу заңдарының орындалуын 

дәлелдеу (10 балл); 

3) қозғалыс заңдылықтарын анықтап, қозғалыс теңдеулерін жазу (10 балл); 

4) негізгі сипаттама-периодтық формуласымын қорытып шығару (10 балл); 

5) қолдану (25 балл). 

Рейтинг балдарының бағаларға сәйкестігі: 

51-60 балл-5; 41-50балл-4, 31-40балл-3.. 



Ой  толғаныс  сатысы. Мақсаты:  «Бес  жолды  өлең»  стратегиясы  негізінде  еркін 

гармониялық  тербелістердің  анықтамасын  беру  сабақ  бойы  анықталған  мағұлматтарды 

талдап, жинақтау арқылы қортынды жасау. 

(Зат есім) тербеліс 

(Сын есім) еркін, гармониялық 

(Етістік) түрленеді,ауытқиды, тербеледі 

(Сөз тіркесі) ішкі күштер әсерінен болады 

(Тақырыпқа синоним) қозғалыс 

Физика  пәнін  оқытуда  халықтық  педагогиканы  пайдаланудың  мәні  зор.  Сонымен 

қоса мақал-мәтел адам баласының тұрмыс - тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек 

әрекетін,  оның  табиғат  құбылыстарымен  қарым  -қатынасын  дөп  басып  шынайы  көрсетіп 

отырған. Сондықтан да олардың зор дидактикалық және тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар 

кейбір  мақал  –  мәтелдерде  табиғат  құбылыстар  арасындағы  өзара  байланыс  өте  айқын 

берілген. 

 

«Ауызы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық. Жіберген қатеңді 

екінші  рет  болдырмау  керектігін,  ал  қатені  тиесілі  қорытынды  жасай  білуге  меңзейтінін, 

физикалық  тұрғыдан  –  ыстық  нәрсені  үрлесек  содан  кебу  үрдісі  тездетіліп,  нәтижесінде 



364


 ~ 

 

оның температурасының төмендейтінін ұғынуға болады. Бұл физикада оқып үйренген кебу 



құбылысына әбден үйлесіп жатады. 

 

«Дән  себілмей  астық  өнбейді,  дария  буланбай  шық  түспейді»  мақалының 

тәрбиелік  мәнін  ашсақ:  өмірдегі  барлық  құбылыстар  өзара  себеп  –  салдарлы  байланыста 

болатындығынан  болса,  физикалық  тұрғыдан  –  астында  да,  жер  бетіндегі  судың 

температурасының  артуынан  ол  буланып  (кебу)  ал  температура  төмендегенде  су 

тамшыларынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз. 

 

«Күн  шыққан  соң  суарған  суды  күн  жұтады»  мақалының  тәрбиелік  мәнін 

ашамын:  егістіктің  таңертең  күн  шықпай,  не  күн  бата  суару  керектігі  айтылады.  Ал 

физикалық  тұрғыдан  күн  шығып  тұрғанда  егістікті  суарса  температураның 

жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда 

температура  төмендегендіктен  кебу  үрдісі  баяу  жүреді  де,  су  толығымен  жерге  сіңіп 

үлгереді. 

 

Тақырыпты қайталау пысықтау сабақтарында шығармашылық сабақ, жарыс сабағы, 



ойын сабағы, баспасөз конференция сабағы т. б. түрлерін қолдану арқылы: 

1. оқушылардың алған білімдерін бір жүйеге келтіруге; 

2. негізгі заңдылықтар мен құбылыстардың мән-мағынасын ашуға; 

3. сандық және сапалық есептерді шешуге; 

4. оқушылардың шығармашылығына жол ашуға; 

5. тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. 

 

Осындай  үлгідегі  оқытудың  әдіс-тәсілдері  оқушылардың  есте  сақтау  қабілетін 



арттырып, оларды жинақылықа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі. 

 

Қорыта  айтқанда,  білім  беру  мазмұнындағы  өзгерістер,  тұлғаға  бағытталған 

оқытуды жүзеге  асыру  – мұғалімнің шеңберінің кеңдігін қажет етеді. Заман талабына  сай 

болу  үшін  мұғалім  әрқашан  ізденіс  үстінде  болу  керек.  Ендеше  қазіргі  таңдағы 

педагогиканың  міндеті  де  осы  қасиеттерді  кез-келген  оқушының  бойында  қалыптастыру. 

Ертеңгі  күні  қазақ  мектебін  бітірген,  соның  ішінде  ауыл  мектебін  бітірген,  жас  шәкірт 

қоғам алдында дәрменсіздік көрсетпеуі үшін, шаруашылықтың кез-келген саласына қажетті 

ортақ білік, дағдыны қалыптастырып мектептен алып шығуы тиіс. 

 

«Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-



нағыз  ұстаз»,-  деп  айтқандай  мұғалімнің  ізденісі  жан-жақтылығы,  құзыреттілігі  арқылы 

айқындалады.Сондықтан,  өз  ұлтымызды,  мемлекетімізді  өркендететін  білімді,  болашақ 

данышпан  шәкірттер  тәрбиелеу  үшін,  бірінші  кезекте  балалардың  сезімталдығын,  ойын, 

тілін дамытуды қолға алған жөн деп ойлаймыз.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007. 

2.

 



Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы».  

3.

 



Қазақстан 

Ұлттық 


энциклопедия. 

Алматы.  2001 

ж. 



том. 



398 

б. 


 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДА ИНТЕР 



БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 

 

Мусабаева Мира Серкебаевна 

№9 Ө. Жолдасбеков атындағы мектеп-лицейінің 

бастауыш сынып мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Бәрімізді  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе  –  жас  ұрпақтың  сапалы  білімді  игеруі. 



Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Халқымыздың  тағдыры,  еліміздің  ертеңі  –  жас  ұрпақтың 

қолында»  -  деген  болатын.  Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  жаңаша 



365


 ~ 

 

идеяларды  қолдануды  талап  етеді.  Әр  мұғалім  өз  іс-тәжірибесінде  көптеген 



қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп 

отыруы қажет.  

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие 

дейтін  болсақ,  осының  барлығының  бастауы  –  бастауыш  сынып.  Ал  бастауыш  буын 

ұстазының негізгі міндеті – оқушының  қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін 

оқушы  бойына  сіңіру.  Баланың  шығармашылық  іс-әрекеттерін,  ұлттық  мәдениет  пен 

рухани құндылықтарын тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды 

болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп  тәрбиелеу  –  әр  ұстаздың,  әрбір  мектептің  ең  қасиетті 

міндеті. Қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – 

оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны 

меңгеру.  Ал  білім  беру  жүйесінің  алдындағы  жаңа  міндеттердің  бірі  инновациялық 

педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. 

Бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім  берудің  баспалдағы.  Мұғалімнің  негізгі  ұстанған 

мақсаты  -  білімнің  жаңа  үлгісін  жасап,  белгілі  бір  көлемдегі  білім  мен  білік  дағдыларын 

меңгерту,  оқу  мен  тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  сан  түрлі  жаңа  әдіс  -  тәсілдерін 

іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу 

үрдісін  дамыту.  Бұған  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

жолдауында  айтылған    «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелетіні 

анық»  деген  пікірі  нақты  дәлел.  Бүгінгі  білім  беру  ісінің  мақсаты  –  тек  білім,  білік 

дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі 

кең,  ақпарат  көздерін  өз  бетімен  қолдана  алатын,  қабілетті  де  талантты,  жастарды 

тәрбиелеу.  Үнемі  дамып,  өзгеріп  отыратын  баланың  ішкі  болмысы  мен  табиғатын 

қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше. 

Білім  үдерісінің  нәтижелі  болуы  мұғалімдердің  оқушы  өздігінен  меңгеріп,  таныта 

білген  білім-дағдылары  мен  амал,  көзқарастарын  зейін  қойып,  зерделей  білген  білім 

модельдері  аясында  ғана  жүзеге  асырылады.  Білім  беру  бағдарламасының  басында 

мұғалімдер  оқушылар  не  біледі,  оларда  қандай  қате  пайымдаулар  бар  және  бұны  қалай 

түзету  дұрыс  екенін  білу  үшін  арнайы  құралдарды  пайдаланады.  Егер  мұғалім  мен 

оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету 

күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті 

ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады.  

Осыған  орай,  қазіргі  оқу  үдерісінде  білімді  меңгеру  үшін  интерактивті  оқытудың 

мәні  өз  көрінісін  табады.  Әр  сабақта  оқушыларға  оқу  үдерісінің  барлық  аспектілеріне 

белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары 

мен  сұрақтарын  құрастырады,  бір-біріне  кеңес  береді,  өз  алдына  мақсат  қояды,  алынған 

нәтижелерді  қадағалайды,  идеялармен  эксперимент  жасайды  және  қателер  оқудың 

ажырамас  бөлігі  екенін  түсіне  отырып,  тәуекелге  барады.  Бұл  әдiстердi  қолдану  сырттай 

өте  жеңiл  көрiнгенімен,  өзіндік  ерекшеліктері  мен  қиындықтары  да  бар.  Интерактив  – 

ағылшынның  «өзара  әрекет»  деген  сөзі.  Демек,  интерактивті  оқыту  әдістері  тұлғааралық 

қарым  –  қатынасқа  негізделе  отырып,  конструктивті  білім  беруге,  сонымен  бірге,  сапалы 

білім  алудың  алғышарттары  болып  табылатын  таным  белсенділігі  мен  ізденіс  дербестігін 

қалыптастырып  қана  қоймай,  ары  қарай  дамытады.  Интерактивті  оқыту  әдістері  дәстүрлі 

оқыту  әдістерінен  оқу  үрдісінде  оқушылардың  өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану 

арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік 

қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты 

игеруге  уақытты  көбірек  бөлуді,  бағалауда  жаңа,  күрделі  өлшемдерді  қолдануды  қажет 

етеді  және  оқушылардың  танымдық  іс  -әрекетін  басқаруда  тәжірибесі  аз  мұғалімдерге 

көптеген қиындықтар туғызады.  Аталған жағдайды тудыру үшін ең тиімді жолы - топтық 

жұмыс.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  диагностика  мен  мониторингті  қамтамасыз  етеді,  оқу-

жаттығу  ортасын  ұйымдастырады,  алғашқыда  басқа  ресурстар  болмаса  қолдау  (кеңес, 

нұсқаулар  береді)  көрсетеді.Ұқсастығын  немесе  белгілі  бір  құбылыстардың  айырмасын 


366


 ~ 

 

жариялау  қажет  болса,  топтық  жұмыста  мұндай  стратегиялар  қолданылады  - 



қатысушылардың  әр  түрлі  топтармен  бір  мәселе  бойынша  пікіралмасуы  өзара  үйрету, 

үйрену  жолдары  жүзеге  асырылады.Білім  процесінің  субъектісі  ретінде  топтың 

интерактивті режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен: 

* қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады; 

* топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады; 

* жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер ауысымының икемділігін кеңейтеді. 

Топтық  жұмыстардың  пайдасы  мен  оның  тиімділігі  бойынша  зерттеулер  әртүрлі 

бағытта  жүргізілуде.  Психологтер  тұлғаның  жетілуі  үшін  топтық  жұмыстар  қолайлы 

жағдай  туғызатынын  ашып  көрсетеді,  соның  арқасында  топта  ынтымақтастық 

атмосферасының  жақсаруы  көрініс  табатынын  айтады.  Педагогтер  оқытуда  топтық 

жұмыстардың  атқаратын  рөлін  қарастырады.  Олардың  ойынша,  топтық  жұмыс  оқыту 

процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын қызықты және өзара оқыту арқылы, бір- бірінен 

оқуға  ықпал  етеді,  деген  ой  қалыптасқан.  Әсіресе,  топтық  жұмыс  мұғалімдердің  өзара 

оқуына, пікір алмасуына жағдай тудырады. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда кездесетін 

көптеген кедергілер де бар. Осы бағытта кезігетін кедергілер: 

1. Топ ішінде белсенділік танытпайтын адамдардың пайда болуы 

2. Уақыттың тиімсіз пайдалануы 

3. Топтасу пайда болуы, яғни топтар арасында өзара кикілжің туындауы 

4. Топтық жұмыстардағы шу 

5. Топ ішіндегі спикерлердің дәлелді сөйлей алмауы 

Осы  мәселелердің  барлығы  топтық  жұмыс  жасаудағы  кедергілер  келтіреді.  Осы 

кедергілерді жою мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұйымдастыруға болады. 

Мысалы,  бірінші  мәселе  бойынша,  топ  ішінде  белсенділік  танытпайтын 

мұғалімдерді  ынталандыру  үшін,  тапсырма  бергеннен  кейін  топ  ішінде  аралап  жүріп,  аз 

қатысып  отырған  адамды  таңдап,  орындық  арқасына  стикер  жапсырып  кетуге  болады. 

Тапсырманы  орындап  болғаннан  кейін  спикер  тағайындауда,  орындықтың  артында 

стикермен белгіленген адам болады деп жариялайды. 

Сонымен  қоса,  топ  ішінде  бейімделмей  отырған  адамдарды  іріктеп,  олардың  ортақ 

ерекшеліктерін  ескеріп,  мысалы,  киім  үлгісі,  шаш  ұзындығы,  киімнің  түсі,  немесе 

қаламның  түсін  бақылап,  «Күннің  көзі  түсті  ...»  әдісін  ұйымдастыруға  болады.  Мысалы, 

«Күннің көзі қызыл қалам ұстап отырғандарға түсті», «Күннің көзі ұзын шаштыларға түсті» 

деп топ мүшелерін белсендеттіруге болады. Ең тиімді әдістің бірі  «3 таяқша» әдісі. Әрбір 

топ мүшесіне 3 таяқшадан үлестіріліп, тақырып төңірегінде 1  – идея, 1 - сұрақ, 1 – жауап 

беруге тапсырылады.  

Уақытты  топтық  жұмыста  үнемді  пайдалану  мақсатында  да,  түрлі  әдістерді  іске 

асыруға  болады.  Топ  ішінде  «Уақыт  сақшысын»  тағайындау,  немесе  тапсырмалар 

барысында электрондық уақыт «Тimer»-ді тиімді пайдалануға болады.  

Топтық  жұмыс  барысында  топтар  ішінде  түрлі  кикілжін  жағдайлар  туындауы 

мүмкін.  Яғни,  топтар  арасында  бәсекелестік  туындап,  ол  бәсекелестік  дауды  тудыру 

мүмкін.  Оның  алдын  алу  үшін  топтар  құрамын  үнемі  ауыстырып  отырған  дұрыс,  яғни 

ауыспалы  топтар  жасау.  Топтарды  құруда  түрлі  әдістерді  қолдануға  болады:  суреттер, 

сандар, түстер ақылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері, жастары бойынша есімдерінің 

әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдерін қолдануға болады. 

Тағы бір өзекті мәселенің бірі, ол тағайындалған спикерлердің дәлелді, жинақты өз 

ойларын  жеткізе  алмауы.  Бұл  проблеманы  шешу  үшін,  тапсырма  бойынша  критерийлерді 

ұсынған  өте  тиімді.  Әдеттегідей  критерийлерді  мұғалімдерге  құрғызған  дұрыс,  себебі, 

көптеген ойлар тоғысқанда құнды пікірлер айтылып, бір-бірінің қандай мәліметтерге жеке 

тоқталуы  керек  екендігін  ескереді.Топтық  жұмыс  жеке  шешуге  болатын  тапсырмаларды 

емес,  анағұрлым  күрделі  тапсырмаларды  шешуді  көздейді.Кез  келген  команда  барлық 

мүшелері  білетін  және  түсінетін  жалпы  ережелерді  басшылыққа  алуы  қажет.  Ол  топтың 



367


 ~ 

 

әрбір  мүшесінің  одан  не  күтілетіндігін,  жұмыс  қалай  бөлінетіндігін  және  қолдау 



көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет. 

Топтың  ішінде  тиімді  жұмыс  ұйымдастыру  мақсатында  тиімді  диалогты  негізге 

алған  жөн.  Ғылыми  зерттеу  нәтижелері  сабақта  диалогтің  маңызды  рөл  атқаратынын 

көрсетті.  Мерсер  мен  Литлтон  (2007)  өз  еңбектерінде  диалог  сабақта  оқушылардың 

қызығушылығын  арттырумен  қатар,  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлес  қосатындығын 

атап  көрсетеді.  Зерттеулерде  ересектермен  интерактивті  қарым-қатынас  пен  достарымен 

бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі 

айтылған. Осы пікірді ескере отырып, топ ішінде педагогтер арасында зерттеушілік диалог 

ұйымдастыруды  үнемі  қолданамын.  Зерттеушілік  диалог  ұйымдастыруда  сыни  тұрғыдан 

ойландыратын  ашық  сұрақтардың  ролі  зор.  Бұл  үдерісте  өте  күрделі  зерттеушілік  әңгіме 

арқылы  мұғалімнің  сыни  тұрғыдан  ойлауын  жетілдіре  отырып,  сұрақ  қою  дағдылары 

қалыптасады. 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып 

табылатын  қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік  болғандықтан  мұғалімдердің  сыни 

тұрғысынан  ойлау  арқылы  оларды  оқыту  таралы  ойлануына,  сыни  ойлау  туралы 

түсініктерін нақтылау, мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік және 

балалардың  жауаптары  мен  оқыту  үдерісі  туралы  ойлануы  арқылы  оқушылардың  сыни 

тұрғыдан  ойлауды  дамытуға  болатындығын  түсіндіруді  көздейді.  Сабақтар  барысында 

постер  қорғау,  Джиксо,  «6  ойлау  қалпағы»  әдіс-тәсілдері,  тұжырымдамалық  карта  құру, 

«Стоп кадр» т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады. 

Топтық  жұмыста  зерттеушілік  әңгіме  ұйымдастырған  мұғалімдер  бұл  сабақта 

оқушының  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  өз  бетінше  білім  алуға,  шығармашылығын 

қалыптастыруға  ықпал  ететіндігін  атап  өтсе,  оқушылар  оқудың  (сабақтардың)  қызықты, 

өнімді өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, соның негізінде көшбасшылық қасиеті 

дамитыны,  өзін  сенімді  болуына,  білімнің  тереңдігі,  әрі  тиянақтылығы  артатындығын 

баяндайды. 

Мектеп  өмірінде  оқушылардың  өздігімен  білім  алу  үдерісіне  дейінгі  және  кейінгі 

кезеңін  (аралығын)  салыстырғанда,  оқушылардың  оқуға  деген  ынта-ықыласының 

артқандығын,  рухани-адамгершілік  жақсы  қасиеттердің  қалыптасқандығын,  мұғалімнің 

шыдамдылық,  төзімділік  сияқты  сапаларымен  қатар  оқушылардың  басқаны  қабылдау, 

түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. 

Бүгінгі  қоғамға,  білім  беру  саласына  керегі  де  осылар.  Оқытудың  осындай  жаңа 

педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  сабаққа  ендіру  бүгінгі  таңда  әрбір  ұстаздың  басты  мақсаты 

болуы  керек.  Себебі,  елімізге  заман  талабына  сай  қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шұғыл 

шешімдер  қабылдай  білетін,  белсенді,  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  қажет  деген  талапқа  сай 

ұжымдық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп берді.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.-Астана:Елорда, 2014.-23б 

2.Нағымжанова  Қ.М.,Нұрғазиева  Н.М.  Бастауыш  білім  берудегі  жаңа  технологиялар.  Оқу 

құралы. –Өскемен: ШҚПК Арго, 2007.28-38 б 

3.  А.Қ.  Әлімов.,  Б.М.  Қосанов.,  Р.Ж.  Базарбекова  Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне: 

Интербелсенді әдістеме. Алматы, 2010.- 45 б 

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2015. 

 

 



 

 

 

 

 

368


 ~ 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ 



 

Махатова Балжан Заханқызы 

№3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 



 

Түйіндеме:  Бұл  мақалада    тілдік  дағдыларды  қалыптастыруда  белсенді  оқытудың 

маңызы қарастырылған. Әрқайсысына үлгі ретінде тапсырмалар  ұсынылған.  

 

Білім  деңгейі,  ой-өрісі  дамыған,  өз  ойын  қазақ  тілінде  еркін  жеткізе  алатын, 

туындаған мәселелерді   шеше білетін,  шынайы өмірге бейім  жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-

ХХІ ғасыр мұғалімдерінің  басты міндеті.   Қазақ тілін   мемлекеттік  тіл ретінде  оқытуда  

отандық  және  халықаралық  озық  үлгілерді    тиімді  пайдалану,  оқушылар  бойында  тілдік 

дағдыларды  қалыптастыру  -  бүгінгі  күннің басты  талабы.    Қазақ  тілі  сабақтарында    еркін  

қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім 

қабылдауға дағдыландырса, оқушы қазақ тілінде берілген кез- келген ақпараттарды тиімді 

қолдана отырып,  өзіне қажетті мәліметті ала алады.  

Тыңдалым дағдысы бойынша:   

 



 негізгі ойды  түсіну;   

 



ақпаратты анықтау; 

 



түсінгенін  практикада  қолдана  білу

 



ақпаратқа өз көзқарасын білдіру; 

 



ой қорыта білу дағдылары. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет