Сборник методических разработок учителей алматы, 2016 1 (082) ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата18.01.2017
өлшемі1,65 Mb.
#2134
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ-ҒЫЛЫМ ПОРТАЛЫ

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ МАСТЕРСКАЯ

СБОРНИК МЕТОДИЧЕСКИХ

РАЗРАБОТОК УЧИТЕЛЕЙ

Алматы, 2016

1


УДК 37.0 (082)

ББК 74.00

П 24 

 Педагогическая мастерская. Сборник методических разработок учителей/– Алматы, 

2016. – 170 б.

П 24 

ISBN  978-601-7579-30-2

КГУ ОШ №57   г. Алматы имеет славную многолетнюю историю. Открывшись в 1937

году, школа из года в год провожает во взрослую жизнь тысячи выпускников не только с

аттестатами о среднем образовании, но и с огромным желанием быть полезными Родине. 

Сегодня общеобразовательная   школа  №57 – это  большая  дружная семья педагогов,

учеников   и   их   родителей.   Возглавляет   творческий   учительский   коллектив   директор

Жайлыбаева Ботагоз Утеповна. Она является инициатором всех  школьных  и  внеклассных

мероприятий.   В 2016 году в школе прошли городские семинары  по казахскому языку и

литературе, по психологии и коррекционно-развивающему обучению. 

Спортивные   дарования   школы   ежегодно   приносят   победы   в   районных   и   городских

соревнованиях по волейболу, баскетболу, футболу. 

Школа  славится   своими  традициями,   ученическими  победами  и   профессионализмом

педагогов. Мы хотим быть востребованными для наших учеников и их родителей.

УДК 37.0 (082)

ББК 74.00 

ISBN  978-601-7579-30-2

© Нагиев И.Б., 2016

2


№57  ЖАЛПЫ  БІЛІМ  БЕРЕТІН  МЕКТЕПТІҢ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ҰЖЫМЫ  

      Алматы  қаласының  Жетісу  ауданындағы  №57  жалпы  білім  беретін  мектебінің  сан  жылдық  тарихы

бар  оқу  ордасы.  Аталған  мекеме  жыл  сайын  бітіруші  түлектерді  алтын  ұясынан  ұшырып,  өмірге  қажетті

білім  азығымен  сусындатып келеді.  

        1937  жылы  ашылған  білім  мекемесін  қазіргі  таңда білгені  мен  өмірде  түйгені,  іс-тәжірибесі  мол

басшы   Жайлыбаева   Ботагөз   Утеповна   басқарып   келеді. Білім   мекемесінде   қазіргі   таңда   788 шәкірт

білім алып  жатыр. 

            Ұжымда  жалпы саны   55   ұстаз   қызмет етеді. Оның  ішінде   жоғарғы санатты  мұғалімдер  саны- 9,

бірінші  санатты- 16, екінші  санатты- 14  мұғалім.  Денгейлік  бағдарлама  мазмұнын  игеріп,  сертификатталған

мұғалімдер  саны -9.

              Шығармашыл     ізденістегі     педагогикалық     ұжымда     Ыбырай     Алтынсарин     медалінің     иегері   -2.

Республикалық  «Білім  шыңы» медалінің  иегері – 2. «Жыл  адамы-2015»- 4. Республикалық  «Жылдың  үздік

мұғалімі»-3. 

        2015-2016  оқу  жылының  нәтижесінде 11 сынып  оқушысы  Каренеева  Карина   «Алтын  белгі-2016»

иегері  атанып,  мектеп  абыройын  асқақтатты.

       Мектеп  оқушылары   қалалық,  республикалық  байқаулардың,  олимпиадалардың   жүлдегерлері  болып

табылады.

       Мамедов  Турал, Матиевская Фрида   қалалық  ғылыми  жобалардың  жеңімпазы  атанса, әртүрлі қалалық,

республикалық  байқаулардың жүлдегерлері Гасымова  Хавва, Матиевская  Фрида, Байрамов  Эльдар, Аманбай

Дамир, Грибченко Марина, Габитова   Алина, Салащенко Оксана, Савостьянова Дарья, Богатырев   Алексей

сынды  оқушылар  «Қазақстанның  үмір  артарлары. Қазақстан Республикасының алдыңғы  қатардағы

оқушылары»  жинағына  енген.

              Мектеп     басшысы   Ботагөз   Утеповна     және     ұстаздардың   бірлескен   шығармашылық     еңбектерінің

нәтижесінде  педагогикалық  ұжымның  қол  жеткізген  жетістіктері  айтарлықтай.

        Әдістемелік  бірлестік  жетекшілері Қалығұлова  Б.Т., Каренеева Г.К., Денисова  И.Н., Джупбаева Ф.А.,

Вострых  С.Г., Загурская     С.А.     оқыту    мен     оқу   үрдісінің     сапасын    жақсартуда     мұғалімдермен    тығыз

байланыста  болып,  нәтижелі  көрсеткіштер көрсетіп келеді.

         Мектеп   мұғалімдері   аудандық,   қалалық   семинарлар   ұйымдастырып,   республикалық,   халықаралық

ғылыми-тәжірибелік     конференцияларға   жиі     қатысады.   Бұқаралық     ақпарат     құралдарына     өздерінің     іс-

тәжірибесін   насихаттауда және   таратуда   ғылыми   мазмұнға   негізделген   мақалалар   жариялап   отырады.

Алған  білімін  өмірде  қолдана алатын,  бәсекеге  қабілетті  ХХІ  ғасырдың жеке  тұлғасын  қалыптастыруда

мектеп  ұжымының  алар  асулары  мен  бағындырар  белестері алда  деген  сенімдеміз.  

        


ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ  КОЛЛЕКТИВ   КГУ ОШ №57

КГУ ОШ №57  г. Алматы имеет славную многолетнюю историю. Открывшись в 1937 году, школа из года в год

провожает во взрослую жизнь тысячи выпускников не только с аттестатами о среднем образовании, но и с

огромным желанием быть полезными Родине. 

                 Сегодня общеобразовательная    школа №57 – это большая дружная семья педагогов, учеников и их

родителей.   Возглавляет   творческий   учительский   коллектив   директор   Жайлыбаева   Ботагоз  Утеповна.   Она

является инициатором всех  школьных  и  внеклассных  мероприятий.  В 2016 году в школе прошли городские

семинары по казахскому языку и литературе, по психологии и к оррекционно-развивающему обучению. 

           В школе работают такие замечательные педагоги, как Агманова Р.Р., Мильяченко Л.Е., Загурская С.А.,

Джупбаева Ф.А., Зординова П.М.,Вострых С.Г., Усенова Ж.С. 

      Учитель казахского языка Тауекелова Г.К. руководит  творческой группой  учителей  по  внедрению новых

технологий   в    учебный   процесс.   МО   учителей   казахского   языка   –   это   своеобразная   инновационная

педагогическая   площадка.   Воспитанники    учителей   Агмановой   Р.Р.,   Касеновой   В.С.,   Акжоловой   С.Т.,

Калыгуловой Б.Т., Жупарбековой А.Р., Байкожаевой У.М., Тауекеловой Г.К. являются призерами и победителями

городских, республиканских  конкурсов  чтецов, научных проектов, олимпиад. 

Учитель русского языка и литературы Каренеева Г.К. – выпускница школы №57. После окончания университета

она    вернулась в родную школу и вот уже 27 лет прививает ученикам любовь к языку и литературе. Её дочь

Каренеева Карина – обладатель знака «Алтын белгi» - 2016. 

Учитель   математики    Джупбаева   Ф.А.   –   руководитель   МО   естественно-математических   дисциплин.   Она

наставник  молодых педагогов, отличный классный руководитель, подготовила победителей конкурсов НИП по

математике. 

Спортивные дарования школы ежегодно приносят победы в районных и городских соревнованиях по волейболу,

баскетболу, футболу. 

      Школа славится своими традициями, ученическими победами и профессионализмом педагогов. 

Мы хотим быть востребованными для наших учеников и их родителей.

3


Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы  негізінде  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын арттыра  отырып,  оқыту  мен оқу  сапасын жақсарту

Жайлыбаева    Ботагөз   Утеповна

№57  жалпы  білім  беретін  мектеп  директоры, 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

     


          Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына

ену   үшін   заман   талабына   сай   білім   қажет.   Қазақстанды   бәсекеге     қабілетті   дамыған     елдердің   қатарына

жеткізетін,   терезесін   тең   ететін   –   білім.     Даму   кезеңі   білім   беру   жүйесінің   алдында   оқыту   үрдісінің

технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары қаралып,  мұғалімдердің  іс –

тәжірибесі зерттеліп, оқыту мен оқу  үрдісіне  енгізілуде.

     Қазақстандағы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  жобасында

сапалы  біліммен   қамтамасыз   етіп,білім  көрсеткішінің     халықаралық     рейтнгімен     жақсаруымен   білім  беру

жүйесін арттыру үшін  педагог кадрлардың  мәртебесін арттыру,кәсіби білімдерін  дамытуды  қолға алу,олардың

кәсіби мәртебесінің  өсуіне, мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселесіне аса мән берілген. Олай

болса, сапалы білім беру мұғалімдердің деңгейіне байланысты.Мұғалімдер білім сапасын арттыру барысында

мемлекеттік стандартта берілген нәтижеге жетуде шеберлігі мен біліктілігі нәтижесінде   мәселенің шешімін

таба алатын  ақпараттық-коммуникативтік жоғары тұлғаның-дамытушылық  функцияны  атқарады.

        Еліміз тәуелсіздігін алып, өзін бүкіл әлемге мойындата бастаған кезеңде біздің қоғам  жан-жақты  жетілген

адамды қажет етеді.Сондықтан да білім берудегі ұлттық жүйе өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр.

       Бүгінгі таңдағы біздің мақсатымыз-ұлттық  құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлғаны

тәрбиелеу. Мектепте білім беру еліміздің  интеллектуалдық  әлеуетінің негізі болып табылады. Сондықтан оның

сапасын   арттыру   бүкіл   қоғамның   бірінші   кезектегі   міндеті   болып   табылады.Бүгінгі   таңда   Қазақстан   әлем

таныған беделді елге айналды. Ел экономикасы қарқынды даму үстінде. Өмір сапасы  еселеп жақсарды.Өзінің

ғасырларға   бергісіз   өрлеуі   барысында   республикамыз   жаңа   бағытын     айқындауда.   Елбасы  «білім-ғылым-

инновация»  үштігі   билеген   әлемге   қарай   қарқынды     бет   алу   міндеттерін   белгілей   келіп:   «Қазақстанның

әлеуметтік  жаңғыруда  табысқа   жетуінің   түйінді  факторы,ұлттық   білім   жүйесін  жаңартудың  табысты өтуі

болып табылады»,-деп атап көрсетті.    Н.Ә.Назарбаев «Білім беру жүйесі  жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс»,-

деп мәлімдей отырып, мектеп жас ұрпақты жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге

сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы қажеттігін міндеттеп берді. Білім беру деңгейі- экономикалық

және ғылыми-техникалық   прогрестің бастау   көзі, мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім

беру саласында кенжелеп қалу елдің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына және мемлекеттің қауіпсіздігіне

тікелей әсер етеді.

         Еліміздің білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттерін шынайы анықталды.Еліміздің білім беру

әлеуетін дамытудың стратегиялық міндеттері, мемлекет пен қоғамның келісімделген әрекеттерін жүзеге асыру

қажеттілігі анықталды. Білім берудің сапасы-қоғамдағы білім беру үдерісінің күйі мен нәтижелігін, оның жеке

адамның   адамзаттық,   тұрмыстық   және   кәсіби   біліктілігін   дамытудағы,   кәсіби   біліктілігін   дамытудағы   және

қалыптастырудағы қоғам қажеттілігі мен үмітіне сәйкестігін анықтайтын әлеуметтік категория. Түрлі елдердегі

білім беру сапасы айтарлықтай дәрежеде әр нұсқалы. Сондықтан  мектептегі білім берудің  үздік жүйелерін –

мәдени және әлеуметтік мәселелерге қарамастан не біріктіретінін,сондай-ақ оларда  оқушылардың нәтижелерін

үнемі   жақсарту   үшін   қандай     механизмдер   қолданылатынын   түсініп   алу     аса   маңызды.Халықаралық

салыстырмалы бағалау  және халықаралық мониторинг жүргізу арқасында түрлі ұлттық білім беру жүйелерінің

айырмашылығы мен нәтижелері анағұрлым айқындала түседі. Нақ осы  салыстырмалы халықаралық зерттеулер

оқушылардың   білім     жетістігінің   нәтижелері   бойынша   мектепте   білім   беру   жүйесінің   тиімділігін

көрсетуге,сондай-ақ білім  берудің мықты және әлсіз жақтары туралы, реформа жүргізу нәтижелері және білім

беру күйінің  нәтижелері, әр елдің білім беру қызметін жақсартуға әсер ететін факторлар мен жағдайлар туралы

қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру ең басты міндеттерінің бірі – 12 жылдық

білім беру жүйесіне көшу жұмыстарын жеделдету, яғни, 2015 жылға дейін бейінді мектепте жұмыс істейтін

мұғалімдерді   дайындау   мазмұнын   «білімдік»   қатыстан   құзырлылық   қатынасқа   ауыстыру.   .

         «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген Абай даналығының заманы енді туғандай. Бүгінгі

мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім  беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

         Білім беру саласында қол жеткізілген  бүкіләлемдік  бітімнің  оқушылар үшін  білімнің   де, дағдылардың

да тең  дәрежеде маңызды екендігіне саяды.

         Жиырма  бірінші  ғасырдың  талабы - оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білу. Қазіргі таңда

оқушылардың     білім   үрдісі   жан-жақты   зерттелуде.   Әлем   елдерінің     бір-бірімен   бәсекелестік   қуаты   табиғи

ресурстармен   емес,   адам   капиталымен   ерекшеленіп   отыр.Біздің   еліміз   де   реформалау   үрдісіне   бар

белсенділігімен ат салысуда..

        


4

Білім мен ғылым  жүйесіндегі реформа әр кезде әр түрлі деңгейде жүргенмен, тұтастай   алғанда, бүкіл білім

жүйесінің құрылымын өзгертті. Бұл мемлекеттің қалыптасуына,зиялы қауымның психологиясының өзгеруіне

және     ғылымның   дамуына   үлкен   үлес   қосуда.   Қазіргі   ойлау  жүйесі-   тұлға     дамуының     алғышарты   болып

табылады.

         Қазіргі  таңда  халықаралық  білім беруді зерттеуге арналған сұраныстың  көбеюі, ұлт пен мемлекеттің

даму   үрдісі   жаһандану   және   интеграцияланған   кезіндегі   білім   беру   екендігінің   айқын   көрінісі   болып

табылады.Оқушының   өздігінен білім алуына жетелеу мұғалім қызметіне жаңаша сипат әкеледі.

                  Қазақстандағы   білім   беруді   дамытудың   2011-2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік   бағдарламасы

жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз ету , халықаралық рейтингілердегі білім

көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,

мұғалімдердің мәртебесін арттыру, олардың  қызметі  мансаптық өсуі,  кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз

ету, сондай- ақ мұғалімдердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән

берілген.  Бүгінгі   күні   еліміздің   білім   жүйесінде   оқыту  үдерісін   тың   идеяларға   негізделген   жаңа   мазмұнын

қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі- адамның құзырлылық қабілетіне

сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну. Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-

бір жолы -ғылымды әр қырынан меңгеру .

        ХХI ғасыр - бәсеке  ғасыры. Еліміз  өзін  бүкіл  әлемге   мойындата бастаған  осы  кезеңде біздің  қоғам  

дарынды, қабілетті, жан-жақты  жетілген адамдарды  қажет  етеді.

          Ұстаз парызы-  балалардың бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның  дамуына

бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл  Плутарх  кезінде: «Көптеген  табиғи

талант  дарынсыз  ұстаздардың  кесірінен жойылып  кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», -

деген  екен.

             Әлемнің  үздіксіз дамуында ұлттар тауарлармен және қызмет көрсетулермен ғана бәсекелеспейді, олар

қоғамдық құндылықтар жүйелерімен және білім беру жүйесімен де бәсекелеседі. Өйткені, бүгінгі күні  бірінші

кезекте адамның «ақыл ойына» да көп күш салынады. Бәсекеге қабілеттілік деңгейін   айқындайтын негізгі

өлшемдердің бастылары да білім саласымен тікелей  байланысты. Сондықтан да, Қазақстанның әлемдегі озық

үлгі орнатқан елдердің жолымен жүргені   құптарлық шара және жоғарыда атап көрсеткен Ұлыбританияның

«Жобалау   әдісі»     мен   Финляндияның   «Функционалдық   сауаттылық»   мәселелері   оқыту   мен   оқу   үрдісінің

сапасын   жақсартуда,   оқушылардың   нәтижелі   жетістіктерге   жетуінде     Қазақстан   мектептеріне   тиімді   деп

санаймын. 

                 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы

Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында 

2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең   дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы  нақты  тапсырма  берілді.

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы   «Әлеуметтік-

экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана

емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Осыған

орай, мемлекет басшысы мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін

атап өтті. 

           Қазақстанда  жүргізілген  PISA  халықаралық зерттеулері    баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-

аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-

аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық

кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін қ ұру қажеттігін көрсетті.

             Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады.

Қазақстанда   кеңестік   кезеңнен   кейінгі   кеңістікте   алғаш   рет   2012-2016   жылдарға   арналған   функционалдық

сауаттылықты   дамытудың   «Ұлттық   іс-қимыл   жоспарында»       оқушылардың   құзыреттілік   біліктерін,   алған

білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген. Функционалдық

сауаттылықтың   жалпы   бағыты   Қазақстан   Республикасында   білім   беруді   дамытудың   2011-2020   жылдарға

арналған  мемлекеттік бағдарламасында атап  көрсетілген. 

      Озық елдердің қатарына кіретін Ұлыритания мен Финляндия мемлекеттерінің білім беру жүйесіндегі озық

тәжірибелерін, атап айтар болсам,Ұлыбританияның  оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік беретін

«Жобалау әлісі» және Финляндияның   қазіргі   жылдам өзгеріске бейім     оқушының   зияткерлік қабілеттерін

қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  «Функциональдық  сауаттылық»   мәселелерін   ұлттық   құндылықтармызға

сай   Қазақстандық    білім беру   жүйесі    тиімді    енгізе   отырып, оң    нәтижелерге қол жеткізуде.     Себебі,

жаңашылдық  - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының

бірі. 

Қазіргі     таңда     Қазақстандық     оқушылардың   ойлау  қабілеттерін   арттырып,   шығармашылықтарын     дамыту



жұмыстары   басты   назарға     алынып,     олардың     алған     білімдерін   өмірдің     кез-келген   жағдайында     тиімді

қолдану білу  дағдысын қалыптастыру- негізгі  міндеттердің  бірі  болып отыр.

5


МЕНІҢ  ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН

Жайлыбаева    Ботагөз   Утеповна

№57  жалпы  білім  беретін  мектеп  директоры,  

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

Пәні:   қазақ  тілі   Сыныбы:   8

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: қазақ тіліндегі  сөйлем мүшелерінің  түрлерін ажырата білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін,

сөйлеу мәдениетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сауатты жазуға төселдіру.



Дамытушылығы:  оқушылардың    ойлау қабілетін дамыту арқылы   өздігінен ізденуге, сөйлем мүшелерінің

ерекшеліктерін   анықтап,  еркін  талдау жасай   білуге  дағдыландыру,  топтық  тапсырмалармен     жұмыс  істеуге

машықтандыру,   оқушылардың   сөздік   қорларын   молайтып,   сөйлеу   қабілеттерін   арттыру,   шығармашылық

ізденіске баулу, танымдық ой-өрісін дамыту.



Тәрбиелігі:  оқушылардың       жалпы     тұлғалық,     әдеби-мәдени     деңгейін   көтеру,   қазақ   елінің   тарихы   мен

мәдениетін мен ұлттық ерекшелігін  құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың патриотық сезімі мен  туған жерге

деген сүйіспеншіліктерін  арттыру, эстетикалық  дүниетанымын  қалыптастыру.    

Сабақтың түріаралас  сабақ  

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, талдау, топтық жұмыс  т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайдтар, үлестірмелі парақшалар, кестелер, мультимедиялық

презентация, DVD диск; 



Пәнаралық  байланысы: әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

- сәлемдесу;

- оқушылардың  назарын сабаққа  аудару.

І .   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

  Оқушылардың     өзіндік   көзқарасы   мен   сенімділігін   қалыптастыруда,   өзін-өзі   танып   білуде     «Шаттық



шеңберін»  жасау.

-Қайырлы  күн,  балалар!    «Жақсы  қыз  –  жағадағы  құндыз,  жақсы   ұл-  аспандағы   жұлдыз»,-   деп  бекер

айтылмаған. Олай болса,қанеки, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бүгінгі сабақта бір-бірімізге  жүрегімізден

шыққан жақсы лебіздерді айтып, қуаныш сыйлап көрейікші! Ол үшін бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстап,

алақан арқылы жылылықты  сезе отырып, жылы лебіздер білдірейік.

-Ал, балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты өтсін.

(оқушылар     жүректен   шыққан     өз   лебіздері   мен   ізгі   ниеттерін

білдіреді).



«Қызықты грамматика»

Оқушылардың     сабаққа     деген     назарын     аударуда   «Қызықты

грамматика»   ойынын   өткізу.  Бұл   жұмысты   жүргізудің   басты

мақсаты: өзге ұлт өкілдерінің тілдік дағдыларын, қазақ тіліне тән

дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру, қорларын молайту.  



ІІҮй тапсырмасын тексеру. «Қайталау- білім анасы».

      Оқушылар  үйге берілген  «Қазақстанның кен байлықтары»

тақырыбына кластер құрып, сызба  бойынша  әңгімелеп береді.

Оқушылар  жауабын  мәтіндегі ақпараттармен  тексеру.

     Батыс   Қазақстан- Еуропа мен Азияның түйіскен жері. Каспий

теңізі,   Жайық   өзені,   Маңғыстау   өлкесі   де   осы   аймақта.   Батыс

Қазақстаннан мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары шығады. 

   Солтүстік  Қазақстан -  астығы мол өлке. Бұл жерде темір, жылу энергиясын   өндіретін  өндіріс  орындары

бар. Атақты  Көкшетау, Баянауыл деген сұлу жерлер де осында.

   Орталық Қазақстанға – Қарағанды, Жезқазған, Ақмола, Павлодар облыстары жатады. Мұнда алтын, мыс,

қорғасын өндіріледі.

       Шығыс   Қазақстанға- Семей, Зайсан, кенді Алтай аймақтары жатады. Мұнда әсем көлдер, сыңғырлаған

бұлақтар көп.

       Оңтүстік Қазақстанға- Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады. Бұл аймақ – мақтаға, көкөніске,

жеміс-жидекке бай. Табиғаты сұлу.  



ІІІ. Үй тапсырмасын  бекіту.   Интерактивті тақтада  берілген сөйлемдерді   сөйлем мүшелеріне талдау және

тұрлаулы және тұрлаусыз  мүшелердің анықтамасы мен сөйлемдегі қызметін сұрау.



         Біз   тәуелсіз, егеменді Қазақстанда тұрамыз. Еліміздегі халықтар тату тұрады.   Қазақстанды   дүниежүзі

таныды. Туған жерімді, халқымды құрмет тұтамын. 



Мұғалім сөзі:  Бүгінгі сабақта орындалатын тапсырмаларды  топпен орындаймыз. Мен сіздерге  бағалау 

6



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет