Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы» Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиялық орны, ауданы және шекаралары


Тақырыбы: Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар және шешу жолдары



бет17/23
Дата07.02.2023
өлшемі77,72 Kb.
#65837
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Тақырыбы: Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы. Ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар және шешу жолдары
Геоэкологияның актуалды мәселелерінің бірі адам қоғамы мен табиғат арасындағы кеңістік пен уақыт заңдылығы негізінде қарым қатынасы. Осы жерде адамның шынай табиғи ортада ғылыми зерттеудің назарында болады. Геоэкологияның ғылыми пән ретінде оның басты бағыты адам өмір сүретін ортаның геоэкологиялық жағдайын, әртүрлі таксономиялық бірліктердің геожүйелік табиғи, табиғи- антропогендік жағынан зерттеу мен баға беру. Табиғи антропогендік ландшафттағы экологиялық жағдай көптеген факторларға байланысты : табиғи жағдай, оның техногенезге тұрақтылығы мен антропогендік жағдайдың әсер етуі мен оның табиғи ортаға интенсивтілігі және адамдардың табиғатқа реакциясы осы аталған геожүйелерге әсер етеін факторлар географиялық қабықта біркелкі орналаспаған. Мұнда антрпогенездің геожүйенің табиғи ортасымен спецификалы0 байланысы және оның табиғи кешендердің құрылымына тәуелділігі байқалады.
Басқа жағынан қарағанда бұрын жойылған ландшафтардың экологиялық қасиеттерін қайтадан қалпына келтіру тікелей сол жердің табиғи жағдайларының экологиялық тұрақсыздану қаупінің деңгейіне байланысты болады. Осы жағдайлар экологиялық өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыбы: Оңтүстік Орал таулы аймағы

  1. Геологиялық құрлысы;

  2. Жер бедері;

  3. Климаты;

  4. Су торлары;

Орал таулы елі- ең ірі физикалық географиялық елдердің бірі. Оның оңтүстік бөлігі ғана Қазақстан территориясында, ал қалған бөлігі тұтастай Ресей территориясында орналасқан. Орал тауларының физикалық географиялық елі болып бөлінуінде мынадай негізгі белгілері бар:
1. Орал-герциндік қатпарлы құрылымында қалыптасқан тұтастай тау жүйесі;
2. Оралға келетін ауа массаларының батыс тасымалы өзіндік циклондық климаттық ерекшеліктерін туғызады;
3. Қылқан жапырақты ормандардың көп болуы.
Орал таулары солтүстіктен оңтүстікке қарай Югор Шар бұғазынан Арал-Каспий шөлдеріне дейін 2900 км-ге созылып жатыр, сонымен бірге ірі-ірі Шығыс Европпа, Батыс Сібір және Тұран ойпатының аралығында орналасқан. Солтүстік поляр шеңберінде Орал тауының ені 50 км-ге жетсе, ал оңтүстікте 300-400 км-ге жетеді.
Геологиялық құрлысы. Орал тауларының геологиялық құрылымы жоғарғы полезой дәуірінде Евразия қатпарлы белдеуінде пайда болған. Олардың даму тарихы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
1 кезең- палеозойға дейінгі және палеозой кезеңі . Бұл уақытта қатпарлы таулардың қалыптасуы мен тау жыныстарының шөгуі және вулкандық әректтер байқалған. Полезойдың орта тұсында Оралдың батыс бөлігінде корбонатты шөгінділер қалыптасқан. Бірінші кезеңде Орал тауларында байкал және коледон қатпарлықтары байқалғанымен ешқандай тау көтерілу процестері жүрмеген . Карбон қатпарлығы байқалып, Орал таулары көтеріле бастаған.
2 кезең- мезозой және полеоген кезеңі. Бұл уақытта көбінесе жер бедерінің бұзылулары болып отырған . Триас дәуірінде Орал тауларының шығыс бөлігі үлкен бұзылысқа ұшырап, соның нәтижесінде Батыс Сібір плитасының фундаменті пайда болды. Полеогеннің соңына қарай Орал тауларының орнында үлкен жазықтар болып, олардың қалдықтары қазіргі кезде Оралдың оңтүстігі мен солтүстігінде сақталған.
3 кезең- неоген – төрттік . Бұл кезеңде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қазіргі Оралдың жер бедері қалыптасқан, жазықтықты аудандар әртүрлі биіктіктерге көтеріліп , жер бедерін қырқалы қатпарлы пішіндері пайда болған .
Орал тауларының жер бедеріндегі геологиялық құрылымдар мен ондағы тау жыныстарының литологиялық құрамдары өте әртүрлі . Оралдың батыс беткейі корбонатты және гипсті тау жыныстары көптеп таралса , ал шығыс беткейде метоморфты және магмалық жыныстар басым болып келеді. Төрттік дәуірде Оралда мұз басу дәуірі басталып , Днепр- Самара мұз басудың шекарасы 60 градусқа жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет