Алшинбаева жулдыз куанышевна



бет21/37
Дата29.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#144569
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Ат төбеліндей аз ауылдар аман болар. [31, б. 281].

Найдется горсточка. Бывает же у вороного коня белая отметина на лбу… [91, с. 239].

Наверное, из всех наших аулов выживут очень немногие. Живых будет так же мало, как мала звез дочка на лбу коня
[90, с. 438].

There will be some, of course. A white spot may be found even on the blackest horse… [92, p. 228].



There will be some, of course. A white spot may be found even on the blackest horse… [93, p. 344].



Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, қазақ тіліндегі ат төбеліндей тұрақты тіркесінің мағынасы орыс және ағылшын тілдерінде бывает же у вороного коня белая отметина на лбу; так же мало, как мала звездочка на лбу коня және a white spot may be found even on the blackest horse деген тіркестер арқылы берілген. Ат төбеліндей тұрақты тіркесі азғантай, аз ғана деген мағынада қолданылады [30, б. 36]. Бұл жердегі аудармашылардың форенизация стратегиясын таңдап, берілген фразеологизмді сипаттама тәсілі арқылы беруін дұрыс деп танимыз, алайда орысша нұсқаның А.Ким аудармасы көңілге қонымды.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Бірер асым ет, бидай, тары болса сұрастырып, көмек әкетіп жатқан кемпір-шалдар бар-ды [31, б. 281].

Им давали мяса – на одну-две варки, пшеницы, просаи [91, с. 239].

Да и в Жидебай уже приходили люди, проси ли в доме у матерей Абая и по всему аулу что-нибудь изе ды: немного мяса, пшена, проса
[90, с. 438].

They had been given meat and enough grain and millet for two meals [92, p. 228]



They had been given meat and enough grain and millet for two meals [93, p. 344]



Алдымен бір асым ет тұрақты тіркесінің мағынасына тоқталайық. ҚТФС-де оған бір рет асуға келетін еттің шамасы, мөлшері деген түсініктеме берілген [30, б. 74]. Ал бірер асым ет бір-екі рет асуға келерлік ет деген ұғымды білдіреді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, аудармашылар доместикация стратегиясын таңдап, сипаттама тәсілінің негізінде на одну-две варки, немного мяса және for two meals деп аударған. Алайда бұл сөйлемнің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасы оқырманға түсініксіздеу болуы мүмкін. Себебі, әр халықта бір асым ет шамасы әртүрлі. Өзіміз білетіндей, қазақ халқының ұлттық тағамдарының басым бөлігі еттен әзірленеді және асқа қолданылатын ет мөлшері ауқымды. Фразеологизмнің жалпы мағынасы берілгенімен, оқырман тарапынан бұл мәселеге қатысты сұрақтар туындауы әбден мүмкін.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аудармасы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр! [31, б. 270].

Вон на качелях катаются! [91, с. 230].

Поют, на качелях качаются
[90, с. 420].

Аударылмаған



Аударылмаған




Жоғарыдағы мысалдарға назар аударар болсақ, аудармашылардың доместикация стратегиясын таңдап, орыс тіліндегі баламасын қолданғандығы байқалады. Қазақ тіліндегі алтыбақан тебу тұрақты тіркесі, алты ағаштың басын біріктіріп арқан байлап, әлкеншек теуіп ойнау дегенді білдіреді [30, б. 24]. Алтыбақан тебу тұрақты тіркесі орыс тіліндегі екі аудармада да на качелях катаются және на качелях качаются деп аударылса, ағылшын тіліндегі екі аударма нұсқасында да бұл тіркес мүлде түсіріліп тасталған. Бұл тұрақты тіркестің этномәдени семантикасы аударма нұсқасында бұрмаланып берілген. Алтыбақан сөзін транслитерация тәсілі арқылы аударып, сипаттама берілгенде фразеологизмнің ұлттық реңкі сақталар еді. Демек, халықтың ежелден қалыптасқан салт-дәстүріне қатысты тұрақты тіркестерді аудару барысында аудармашының мүмкіндігінше форенизация стратегиясын таңдағаны жөн деп есептейміз.

«Абай Жолы», (түпнұсқа)

«Путь Абая»,
(Л. Соболев т.б. аударма сы)

«Путь Абая»,
А. Ким аудармасы

«Abai», Progress Publishers аудармасы

«Abai»,
Л. Наврозов аудармасы

Тоғжанның да Мәмбетейде айттырған күйеуі бар [31, б. 269].

У Тогжан тоже был жених [91, с. 229].

Но и у Тог жан есть наре ченный жених в Мамбете
[90, с. 417].

Аударылмаған



Аударылмаған






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет