С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата16.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#4212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

Summary 
The article is devoted study by Russian historians of Russian policy in the Central Asia in the 18
th
-19th centuries. 
The Russian authors defines the character of the political relations between the  Khokand Khanates and kazakhs in this 
period. 
 
Түйін 
Мақала  XVIII-XIXғғ.  Ресейдің  Орталық  Азиядағы  саясатын  зерттеумен  айналысқан  революцияға  дейін-гі 
орыс зерттеушілерінің еңбектеріне тарихнамалық талдау жасауға арналған.  
Сонымен  қатар  орыс  зерттеушілерінің  қазақ  халқының  Қоқан  хандығымен  қарым-қатынастарының 
ерекшеліктері мен сипатын зерттеудегі үлестері зерделенген.  
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНДА РУ-ТАЙПА, ШЕЖІРЕ, ЖЕТІ АТА ТАРИХЫНЫҢ АЛАТЫН 
ОРНЫ 
 
Ғ.А. Меңілбаев – т.ғ.к., доцент, Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 
 
Ру,  рулық  қоғам  –  алғашқы  қауымның  экономикалық-әлеуметтік  негізгі  ұясы;  арғы  тегі 
бір  әкеден  немесе  бір  шешеден  тараған  туыстар  тобы.  Ру  алғашқы  адамдар  тобынан 
басталып, кейінгі рулық құрылысқа ауысты. Рулық ұйымның кейінгі құрамын ғана зерттеуге 
мүмкіндік  болғандықтан,  рудың  даму  тарихын  зерттеу  мәселесінде  ғалымдар  арасында 
әртүрлі  көзқарастар бар. Көптеген Ресей ғалымдары Ю.П. Аверкиев, А.М. Золотарев, М.О. 
Косвен, С.П. Толстов, Ю.И. Семенов т.б.) рулық қауым екі кезеңді – Матриархат (аналық ру) 
пен  патриархатты  (аталық  ру)  бастаған  өткерді  деп  тұжырымдайды.  Матриархат  кезінде 
адамдардың  өндірістік  қатынаста-ры  қандас  туыстардың  қатынастарына  сай  келеді.  Бұл 
рулық  қауымның  алғашқы  сатысы  болды.  Өндірістік  күштердің  дамуы  нәтижесінде  рулық 
қауым екінші саты – патриархатқа көшті. 
Халықтардың көпшілігінде бұл жағдай көшпелі мал шаруашылығының, ағаш соқамен жер 
жыртудың,  металл  өңдеудің  дамуына  байланысты  еді.  Бұл  кезеңде  Руда  некелік  пен  діни 
әдет-ғұрыптың ықпалы басымырақ болды.Қатар қоныстанған әр түрлі рулық патриархалдық 
отбасы көршілес қауымға бірікті. 
Сөйтіп, әлеуметтік бөлініс басталып, жеке меншік дамыды да, біртіндеп рулық қатынастар 
ыдырап, таптық қатынастар қалыптаса бастады. Таптық қоғам кезінде де рулық қауымның әр 
түрлі әдет ғұрыпы сақталды. Бұл жағдай, әсіресе тау халықтары мен көшпелі халықтарға тән. 
Ежелгі  рулар  туралы  нақтылы  деректер  інжілде,  гректердің,  римдіктердің,  галдардың, 
герман-дықтардың  көне  әдебиеттерінде  (Аристотель,  Ливий,  Цезарь,  Тацит,  т.б)  сақталған. 
Көне  заман-дағы  Орта  Азия  тайпалары  мен  рулары  туралы  Геродот,  ежелгі  қытай  және 
парсы  жазба  деректе-рі  К.Багрянородный,  Ибн  Хаукал,  Рашид  әд-Дин,  Мұхаммед  Хайдар 
Дулат,  Рузбехан,  Қыдырғали  Жалайыри  т.б тарихшылардың  жазбаларында  айтылады.  Орта 
Азия  көшпелі  халықтарында,  соның  ішінде  қазақтарда  рулар  күні  бүгінге  дейін  сақталған. 
Рулардың  өз  алдына  таңбасы  да,  ұраны  да  болған.  Казіргі  кезде  Азияның,  Африканың, 
Мұхиттық аралдардың артта қалған халық-тарында руға бөліну әліде сақталып қалған. [1] 
Тайпа-этникалық  қауымның,  қоғамдық  бірліктің  бір  түрі.Тайпа  дамыған  рулық  қоғамда 
пайда болып, нақты рулардың бірлігі ретінде қалыптасқан. 
Тайпаның  негізгі  белгілері  –  ортақ  қалыптасқан  тіл,  жеке  атауы  және  нақты  өмір  сүру 
аймағы-ның болуы.Тайпа өз құрамындағы әр рудың билеушілерінен құралған кеңес арқылы 
немесе  әске-ри  жағынан  күшті,  саны  жағынан  көп  рудың  билеушісі  басқарылған.  Соғыс, 
бейбітшілік, т.б. мәселелерді шешу үшін арнайы халық жиналысы өткізілген.Тайпалар уақыт 
өте келе өзара іштей бөлініп, рулардың қауымдағы орны өзгеріп отырған. Тайпа билеушісіне 
арнайы  адам  сайлау  жүзеге  асырылып,ол  билік  мұраға  қалдырыла  бастады.  Тайпа  аралық 
соғыста  билік  тайпа  билеу-шісінде  болып,  одан  кейінгі  билікте  әскери  көсем  тұрды.  Оның 
айналасындағылар  уақыт  өте  келе  арнайы  қоғамдық  топқа  бірігіп,  жеңілдіктер  берілген 
әлеуметтік  топқа  айналды.  Тайпа  билігіне  көбінесе  әскери  басшылар  келіп,  саяси,  әскери 

және  азаматтық  билікті  бір  қолға  шоғырландыр-ды.  Үлкен,  қуатты  тайпалар  басқа 
тайпаларды  жаулап  ала  бастады.  Соның  нәтижесінде  ортақ  мүддені  қорғау  үшін  тайпалар 
одағы құрылды. Қазақстан тарихында жекелеген тайпалардың алған орны орасан зор. Қазақ 
жерін  мекендеген  тайпалар  б.з.б.  кезеңнен  бері  белгілі  бола  бас-тады.  Ежелгі  қытай 
деректерінде  канцзю  (қаңлы),  хунну,  усунь  (үйсін),  т.б.  тайпалар  мен  тайпа-лық  одақтар 
жайлы  деректер  көптеп  кездеседі.  Орта  ғасырларда  Орта  Азияны  мекендеген  жеке-леген 
тайпалар тұтас бір мемлекеттің құрылуына да әсер етіп отырды. 
Мысалы, дулат тайпасы билеушілерінің Моғолстан мемлекетіне әсері, т.б. қазақ халқының 
этникалық  негізін  қалыптастыруда  үйсін,  қаңлы,  найман,  керей,  арғын,  алшын  тайпалары 
үлкен  рөль  атқарған.  Қазіргі  кезде  қазақ  халқын  құраған  тайпалар  өз  құрамын  аса  өзгерте 
қойған жоқ және бұдан 150-200 жыл бұрын қоныстанған жерлерінде шоғырланған. Тайпалар 
одағы – бұрын-ғы тұрғындар бірлестігі. Қазақстанда шамамен б.з.б. 2 мыңжылдықтың аяғы 
мен  1  мыңжылдық-тың  басында  пайда  болды.  Сол  кезде  алғашқы  қауымдық  құрылыс 
ыдырап,  көшпелі  мал  шаруа-шылығының  басты  шаруашылыққа  айналуы,  қоғамдық  өмірді 
өзгерте  бастады.  Көшпелі  мал  шар-уашылығы  азық-түлік  қорын  жасауға  ықпал  етті.  Мал 
басының  өсуі  жайылымдық  жерге  қажетті-ліктің  өсуіне  әкеліп  соқты.  Бұрын  жайылымды 
ортақ пайдаланып келген тайпалар мен рулар арасында алакөздік пайда болды. Жайлымды 
барынша тиімді пайдалану, оны тайпалар мен рулар арасында бөлісу, өзінің малы мен жерін 
қорғау-туыстас рулардың тайпаларға, тайпаларды өзара  тайпалар одағына бірігуіне мәжбүр 
етті. Тайпалар одағының қалыптасу барысында экономика-лық және әскери күш-қуаты әлді 
тайпалар шешуші рөл атқарды; осы тайпаның көсемі тайпалар одағының көсеміне айналды. 
Билеуші  тайпаның  атауы  көпшілік  жағдайда  тайпа  одағының  атауы  болды.  Көршілес 
одақтардың арасында үздіксіз шаруашылық және мәдени байланыстар болып жатты. жатты. 
Тайпалардың  одаққа  бірігуі  олардың  барлығына  ортақ  мәдени  жүйенің  қалыпта-сып, 
тайпалық  және  рулық  шаруашылықтарының  өзара  үйлесіп,  тілдерінің  ортақтануына  әкеліп 
соқты. Қазақстан жерінде сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлы  т.б. тайпалық одақтарының болғаны 
белгі-лі.  Қазақстан  аумағында  тайпалар  одақтарының  қалыптасуы  5-6  ғасырларға  дейін 
өрбіді.  айпалар  одағы  нәтижесінде  алғашқы  ортағасырлық  мемлекеттер  қалыптасты. 
Мысалы,  Батыс  Түрік  қаған-дығының  құрамы  он  оқ  тайпасы  атанған  он  тайпалық 
бірлестіктен  тұрды.  Осылайша  тайпалар  одағы  орталықтанған  мемлекеттердің  құрылуына 
алғышарт болып табылады. [2] 
Осы  жерде  біздің  алдымызға  қойып  отырған  мақсатымыз,  көпшілік  оқырманға  ру  және 
тайпа ұғымдарының ғылыми мән-мағынасын тарихи тұрғыдан ашып көрсету болды. 
Атап  айтқанда,  осы  күндері  өзіміз  жиі  сөз  қылатын  ру  мен  тайпаның  қазақ  халқының 
тарихын-да алатын орнына ғылыми талдау жасай отырып, ол туралы түсінік беру болды. 
Оның  шығу  тарихын  көпшіліктің  біле  бермеуі  мүмкін,  сол  себепті  ру  және  тайпа, 
тайпалық одақ деген атауларға ғылыми түсінік бере кеткенді жөн ғой деп ойладық. 
Бұл атаулардың тікелей біздің тақырыбымызға да қатысы бар екенін естен шығармайық. 
Біздің  ендігі  мақсатымыз,  ру-тайпалардың  көшіп-қонып  жүрген,  мекендеген  жерлері 
туралы қолдағы бар жазбаша түп-деректерге қысқаша тоқталып, оған ғылыми талдау жасай 
кеткенді жөн санап отырмыз.  
Бұл жердегі біздің басты мақсатымыз рулар, тайпалардың шығу тарихы төңірегінде болып 
отырғандықтан,  қазақ  халқының  құрамындағы  барлық  ру-тайпалар  тарихын  бірдей  ашып 
көрсе-туге біздің шамамыз келмес еді. Сол себепті, бір ру-тайпа негізінде халқымыздың көне 
тарихы-ның белгісіз беттерінің біреуін көпшілік оқырманға таныстыру болып табылады.  
Қазақ  халқының  тарихында  рушылдық,  жүзшілдік  –  қоғамдық  дамудың  феодальдық 
сатысына тән құбылыс болып табылады. Біздің халқымыз бұл сатының барлық кезеңдерін өз 
басынан кешірген. Осылайша жаңа қоғамдық сатыға өтіп, ұлт болып қалыптасты. Сондықтан 
бүгінгі  таң-да  республикамыздың  бірде-бір  облысында  іргесі  сөгілмеген,  табаны  тұтас  ел 
болып отырған ру жоқтың қасы. Кеңес үкіметі жылдарында қазақтың тайпалары, рулары бір-
бірімен  араласып  кет-ті,  тіпті  кейбіреулері  жойылып  та  кетті,  олардың  аты  аталмайтындай 
болды. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі тұсында тайпаны руды, туыстықты сөз етуге тыйым 
салынды.  Осының  нәтиже-сінде  қазақтардың  көпшілігі  өздерінің  шыққан  руын,  тіпті  ең 
жақын аталарын білмейтін болды. Ұрпақтың өз тарихына деген селқостығы күшейді. Біз әлі 
күнге шейін осы жағымсыз әдеттен айыға алмай келеміз. Кеңес үкіметінің әміршіл-әкімшіл 

жүйесінің  күйреуі,  халқымыздың  тәуел-сіздік  алған  жиырма  жылы  ішінде  көптеген 
өзгерістер, жаңа қоғамдық қатынастар, бет бұрыс, т.б. халқымыздың өзінің өткенін, руы мен 
тегін,  тарихын,  елінің игі  жақсыларын,  батырлары  мен  билерін,  олардың  халық  алдындағы 
еңбегін  зерделеуге  кең  мүмкіндік  туғызды.  Осының  нәтиже-сінде  бұрын  есімдері  аталмай, 
беймәлім  болып  келген  небір хандар,  батырлар  мен  билер,  қиын  күндері  қуғынға  ұшырып, 
кейін мүлде ұмыт бола бастаған арыстар мен боздақтар туралы жария-ламалар туралы, қазақ 
тарихына байланысты еңбектер, шежірелер жарық көруде. Қазақ халқы өз елінің, өзі шыққан 
ру-тайпалардың өткен тарихын зерделеп, жаңа түсінік тұрғысынан пайымдап тарихтың жаңа 
беттерін  ашуда.  Ата-бабамыз  өз  ұрпақтарының  дені  сау,  жаны  таза,  ақыл  ойының  сергек 
болып өсуіне қатты көңіл бөлген.  «Тегін білмеген – тексіз»,  «Жеті атасын білмеген  – жеті-
мек»  деген  аталы  сөздерді  бекерден-бекер  айтпаған.  Бұл  жерде  ұрпақтардың  жеті  атасына 
дейін  біліп,  осы  аралық  ішінде  қан  араластырмай,  қыз  алыспай  таза  өсуін  көздеп  айтқан. 
Бүгінгі  таңда  ата-тегін,  руын  білу  қазақ  жастары  үшін  қауіпті  деп  есептейтін  «бадырақ 
көздер»  арамызда  әліде  болса  жеткілікті.  Олар,  ұрпақтың  өздерінің  ата-тегін,  руын  білмеуі 
қазақ  жастарын  мәңгүрт  ететі-нін,  санасыз  тобырға  айналдыратынын  түсінбейді.  Казіргі 
кезде  қазақты  руға  бөлініп  тоз-тоз  болып  кетеді  деуге  негіз  аз,  себебі  кейбір  қазақтардың 
руын  білгені  болмаса,  руласым  еді  деп  өліп-өшіп  тұрғаны  да  аз.  ХХ1  ғасыр  –  халықтың 
санасының  өскен  заманы.  Халық  жақсылық  пен  жамандықты,  парасат  пен  парықсыздықты 
айыра біледі. Оның үстіне біз жаңалықты тез қабылда-ғыш халықпыз. 
Сол  себепті  біздің  елімізге,  жерімізге  әлемнің  әр  түпкірінен  кәсіпкерлер,  делдалдар, 
мамандар  мен  жұмысшылар  көптеп  келуде.  Олардың  барлығы  бірдей  қазақ  халқына 
сүйіспеншілігін  білді-ру  үшін  келіп  жатқан  жоқ,  пайда  табу  үшін,  қазақ  жерінің  тұнып 
тұрған  байлығын  игеру  үшін  келіп  жатыр.  Олармен  күнделікті  өмірде  тұрмыс  тіршілігіміз 
араласып жүрген жағдайда шетел-діктердің өзгешеліктерін өркениеттің жемісі деп қабылдап, 
қазақтық  қасиетімізден  айырылып  қалып,  тәуелсіздігімізге  қауіп-қатер  төнеме  деген  қауіп 
жоқ емес, оған айтарлықтай негіз қалып-тасып отыр. Мысалы, өздерінің ата-тегін, руын, діни 
наным-сенімдерін  ұмытып,  өзге  діндердің  ішінде  жүрген  қазақтың  жас  жігіттері  мен 
қыздарын  айтсақ  та  болады.  Олар  келешекте  қазақ  халқының  салт-дәстүрін,  әдет  ғұрпын, 
тарихын, мәдениетін, дінін, тілін т.б құрметтейді деп ойла-маймын. Бұл жерде қазақты қазақ 
етіп  көрсететін  ұлттық  қасиеттерімізді  жоғалтып  алмау  үшін  ұлттық  сананы  нығайтуға, 
халқымыздың игі салт-дәстүрлерін нәсихаттауға, батырлары мен биле-рін, шешендері мен ел 
бастаған  көсемдері  жөніндегі  деректерді  ел  игілігіне  айналдыруға,  шежі-релер  шығаруға, 
әрбір  отбасының  үрім-бұтағы  мен  ұрпағын  бейнелейтін  шежірелер  шығаруға,  сөйтіп  ұлт 
мәртебесін  биіктететін  нәрселердің  бәрін  насихаттап  отыруға  айрықша  көңіл  бөлу  керек. 
Әрбір  жаңа  ұрпақтың  «біз  кімбіз,  ата-тегіміз  кім  еді,  қай  жерді  мекендеді,  қандай  ел,  мем-
лекет  болған,  адамзат  дамуындағы  ата-бабалардың  орны  қандай,  олардың  арасынан  қандай 
батыр,  ақын-жырау,  шешендер,  ел  бастайтын  көсемдер  шықты  деген»  сұрақтарға  жауап 
береді.  
Шежіре – халқымыздың қасиетті мұрасы. Атадан балаға, баладан немере, шөбереге мирас 
болып, ауыздан ауызға тарап келген шежіренің жазбаша нұсқасы да аз болмаған. 
Шежіре  –  тарих  ғылымның  халықтың  шығу  тегін,  таралуын  баяндайтын  тармағы.  Ру, 
тайпа-лардың  тарихын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізген,  қалыптасқан  ресми  шежірелер  барлық 
халықтарда кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған сондықтан оны 
кейбір  ғалымдар  ауызша  тарихнама  деп  те  атайды.  Жалпы  шежірені  жинақтаған  көнекөз 
қариялардың көмегімен қазақтың ру тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға 
болатындығы  18  ғасырда  белгілі  болды.  18-19  ғасырларда  мұндай  шежірелердің  біразын 
Н.Аристов,  А.Левшин,  П.Рычков,  М.Тевкелев,  Н.Гродеков,  Ш.Уалиханов,  Г.Н.  Потанин, 
Ә.Диваев  т.б  зерттеушілер  жазып  алып  ғылыми  айналымға  енгізді.  Алынған  жинақтар 
шежірелер  деректері  орта  ғасырлардан  бастау  ала-тындығын,  тіпті  жекелеген  нұсқалары 
Адам атадан басталатындығы айқындалды. Солардың ішінде Қ.Бірімжанұлының бастауымен 
жинақталған «орта жүз және кіші жүздің шежіресі» (1894 ж.), [3] Ш.Уалихановтың «Ұлы жүз 
шежіресі»,  [4]  А.Ниязовтың  «Үш  жүздің  шежіресі»,  [5]  Ө.Бөжейұлының  «Қазақ  жұртының 
шежіресі»  [6]  т.б  атап  өтуге  болады.  «Алаш»  ғылыми  зерттеу  орталығында  (жетекшілері 
Х.Ғабжәлелов,  Т.Омарбеков)  шежірелер  деректері  жинақталып,  қазақ  ру-тайпаларының 
нақты  тарихы  жан-жақты  баяндады.  Бұл  жерде  автордың  да  қазақ  халқының  шежірелерін 

жазуға  біркісідей  ат  салысып,  Алаш  орталығында  біршама  уақыт  жұмыс  істегенін  атап 
кетуге  болады.  Шежіренің  қазақ  қоғамындағы  рөлі,  одан  алынатын  құнды  мағлұматтар 
тарихшы  мамандар  тарапынан  зерттелу  үстінде.  Жаппас  тайпасына  байланысты  жұрттың 
көпші-лігі  біле  бермейді.  Жаппастар  туралы  деректерді  Хамит  Мадановтың  «Кіші  жүздің 
шежіресі»  (1994  ж.),  [7]  Нұрмағанбетов  Садық  жинаған  шежіре,  Жараспаев  Сеит 
Мінайдарұлының айтуы-мен 1962 жылы шілде айында Зұлқарнай Сеитұлының жазып алған 
шежіресі,  1915  жылы  10-шы  желтоқсан  күні  Құлжабай  бидің  қолжазба  шежіресінен  үзінді 
етіп  көшіріп  алған  Елібай  Ермағанбеттің  жазба  дерегіндегі  Ақсүйір  Жаппас  шежіресі  т.б. 
негізінде  жаппас  руына  байланыс-ты  біршама  деректер  жинақталды.  Сондай-ақ  автордың 
ұзақ уақыт ізденісі негізінде баспасөз беттерінде, ғылыми жинақтарда, энциклопедиялар т.б. 
жарық  көрген  жазбаша  түп-деректер  негі-зінде  жаппас  тарихына  байланысты  біршама 
мақалалар  пайда  болды.  Кіші  жүз  жаппас  руының  шежіресі  Сыр  бойында  жинақталған 
деректер  негізінде  жазылды.  Жаппас  ата  шежіресі  Қызылорда  қаласында  жарық  көрген 
шежіре  негізінде  жазылды.  Бұл  «жаппас  ата  шежіре-намасының»  көне  тарихына, 
ортағасырлық тарихына, жаңа заман тарихына жасалған алғашқы қадам еді. Жеті ата – қазақ 
халқының  дәстүрлі  салт-санасындағы  адамның  ата  жағынан  тегі  таратылуының  нақтылы 
жүйесі.  Бала  өзінен  бастап  әкесі,  атасы,  бабасы  т.б.  жеті  атасының  нақтылы  есімдерін 
кішкента-йынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал 
екінші  жағы-нан  баладан  тарайтын  ұрпақ  әкеден  төмен  қарай  жалғаса  береді.  Ағайындары 
жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі 
күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, 
боз биені сойып, бата-ласып барып рұқсат ететін болған.  
Ататек  атаулары:  ата,  әке,  бала,  немере,  шөбере,  шөпшек,  немене.  Бұдан  әрі  туыстық 
атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. 
Соңғы  түйіндеуші  буын,  әдетте,  ру  есіміне  тіреледі.  Немесе,  керісінше,  руынан  бастап 
саты-лап өз әкесіне яғни өзіне дейін таратылады. 
Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі 
арқы-лы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған.   
Мұның  өзі  қазақтардың  этникалық  ерекшеліктерін  танытады,  әрі  оның  қиын-қыстау 
кезеңдер-де  тегінен  көз  жазып  қалмауына  және  басқа  халықтармен  ассимиляцияға  түсіп 
кетпеуіне себеп-шіл болған. 
Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажет 
бол-ды.  Жеті  атадан  үш  жүзге  дейінгі  біртұтс  туысқандық  бітім  бірнеше  ғасырлар  бойы 
«қазақ халқы – бір атаның баласы , бір тамырдан тараған» деген ұстанымды орнықтырған. 
Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулар мен байланысын білген, сөйтіп бүкіл 
қазақтың  біте  қайнасқан  туыстығына  көзі  жеткен.  Сөйтіп  жеті  аталық  ұстаным  қазақ 
халқының  этнобиологиялық,  этномәдени,  жалпырухани  тұтастығын  табиғи  түрде 
қамтамасыз  еткен.  Жеті  аталық  ұстанымға  негізделген  туыстық  байланыс  институты  әрбір 
қазақтың білмекке деген ынта-сын оятқан. Жеті атасын, руы мен жүзін білген соң, қазақтар 
туған  жерінің  кез-келген  шалғайын-да  өзін  туысқандарының  ортасында  жүрген  алып  бір 
жанұяның мүшесіндей сезінген. Нәтижесін-де біртұтас жанұя секілді ұлттық біртұтас зердесі 
қалыптасып,  жер  басып  жүргендер  ғана  емес,  жадта  сақталған  баяғы  ата-бабалар  да 
тірілердің  санасында  тірлігін  жалғастырған.  Халықтың  мұндай  зердесі  әрбір  қатардағы 
даналықтың тарихты айқын елестетіп, жан-жүрегімен сезінуіне себепші болған.  
Жеті  аталық  ұстаным  әрбір  қазақтың,  бүкіл  халықтың  құлағына  күн  сайын  бабалары 
туралы тек жақсылықты құйып, рухани тектілікті дәріптеп, ұлттық сенімін орнықтырған. 
Баблар рухы – аруақтың күн сайын желеп-жебеп отыратындығы туралы сенімін тудырған. 
Сөйтіп жеті аталық институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан 
ұрпақтар  арқылы  сабақтастырып  отыратын  тетік  ретінде  танылған.  Жеті  аталық  ұстаным 
бабалар рухы алдында әрбір қазақ пен бүкіл халақтың іштей жауапкершілік сезімін оятқан. 
Осы  ұстаным  аясында  қазақ  өмірінің  моральдік  кодексі,  салт-дәстүрі  мен  тиым  – 
жоралары-ның  негізі  қаланған.  Сөйтіп  туыстық  қарым-қатынас  қалыптары  күнделікті 
моральдік санаттан бірте-бірте заңдық мәртебеге ұласқан. 

Мұндай  құқықтар  мен  міндеттер  жүйесі  біртұтас  әдеп  деңгейінде  көрініс  тапқан,  әдепті 
бұз-ғандар  қатал  жазаланып,  ең  ақыры  туған  жерінен  қуылған,  яғни  гипержанұядан 
аластатылған. Дені дұрыс адам үшін мұнан ауыр, масқара жаза болмаған.  
Жеті ата ұстанымы бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз мейлінше тегеурінді рухани 
бірлік сезімін терең сіңірді. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды. 
[8] Нұрымбаев А.А. «Аланы и казахи: Тайна происхождения Младшего жуза» Туркестанская 
Библи-отека,  2009  жылы  жарық  көрген  еңбегінде  тікелей  біздің  тақырыбымызға  қатысты 
қызықты  дерек келтірілген.  [9]  Бұл  автордың  пайымдауынша:  «В  конце  1  в.  до н.э.  внутри 
сарматской  конферен-ции  племен  вызревает  аланский  этнос,  который  обьеденил  в  себе 
отдельные  сарматские  и  дахо-массагетские  племена.  В  течение  1  века  н.э.  аланы  изнутри 
подчинили  своей  власти  сарматское  обьединение  племен,  которое  стало  со  временем 
аланским.  Аланский  союз  племен  раскинул  свой  границы  от  Приазовья  на  западе  до 
Приаралья  на  востоке.Таким  образом,  можно  говорить  о  том,  что  прямыми  наследниками 
сарматов является аланы, а стало быть, сарматский период истории охватывает 3 в.до н.э. – 4 
в.н.э.сармато-аланский  период  в  истории  родоплеменной  группы  алшын  оставил 
неизгладимый  отпечаток.  Можно  даже  говорить  о  том,  что  в  этот  период  офор-мился 
протоалшынский союз племен. На это указывает следующие факты: А) выше было отмече-
но, что ряд племен Младшего жуза имеет аланское происхождение. Это племена берш, тана, 
алаша,  жаппас,  кердери,  которые  ведут  свое  происхождение  от  аланских  племен  берсил, 
аланов-танаитов,  асов,  аппасиев  (аппассиков),  кидаритов;  Б)  было  также  установлено,  что 
общее  генеральное  назва-ние  казахов  Младшего  жуза-алшын/алчин,  связано  с  именем 
скифского племени алазон...» 
«Казахи рода жаппас своим именем обязаны другому хазарскому племени «абаз», которое 
в  свою  очередь  берет  название  от  массагетского  племени  апасии/апасиаки.  Название 
казахского  рода  алтын  обязано  своим  происхождением  западно  кипчакскому  племени 
алтуноба,  которое  в  свою  очередь  связано  со  скифским  этнонимом  алазон-алзон-алдун-
алтун. 
Осыдан  көріп  отырғанымыздай,  автордың  ғылыми  пайымдауы  біршама  шындыққа 
жақындай-ды  деуге  болады.  Расында,  Байұлы  құрамындағы  жекелеген  тайпалардың 
тарихының өзінің бас-тауын көне дәуірден алатындығын жазба деректер ғана емес, сонымен 
бірге архелогиялық заттай деректер, яғни жәдігерлер де айғақтайды деуге болады. Былайша 
айтқанда,  құлыптастардағы  таң-балық  белгілер,  жартастардағы  таңбалар  т.б.  сақтар  мен 
ғұндар  дәуірінен  қалған  белгілер  т.б.  байқауымызға  болады.  Осыдан  шығатын  қортынды, 
жаппас  және  алтын  тайпаларының  ежелгі  тарихы  өзінің  бастауын  сақтар  мен  ғұндар 
дәуірінен алатындығын нақты сеніммен айта аламыз. Қорыта айтқанда, жаппас тайпасының 
тарих бетіне шығу кезеңдерін – Сақтар, Сарматтар, Аландар, Ғұндар, Массагет, Түрік, Хазар, 
Оғыз, Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы деп тарқатуға болады. Осылардың ішінен 
жаппас  тайпасының  атауына  байланысты  және  таңбалық  белгілеріне  байланысты  жазбаша 
деректерді,  заттай  деректерді  кездестіруге  болады.  Осы  тұжырымдарымыз-ды  ғылыми 
тұрғыдан сараптап көрсетуге тырысып көрейік: 
1) Сақтар дәуірі: Сақтар өздері билік еткен уақыттың заттай белгісі ретінде биіктігі 2-4 м. 
бұғытастар  (ескерткіш)  орнатып,  оған  өзінің  дүниетанымын  қашап  қалдырумен  қатар, 
монгол  жерінен  Еуропа  құрлығы  аралығында  тас  бетіне  мыңдаған  суреттер  мен  таңбалар 
нышандарын  (символ)  қашап  қалдырған.  Сақ  (скиф)  дәуіріндегі  буындық  кескіндерде 
«жаппас» тайпасының таңбалық белгісі кездеседі (жылан суретінің бейнесі) – «Z». Оны б.з.б. 
IY-III  ғ.ғ.  жататын  Есік  жазуында  кездесетін  белгіден  алғаш  рет  кездестірдік  (жылан 
суретінің бейнесін) – «Z». Сақ (іч-оғуз) б.з.б. YIII-III ғ.ғ. аралығындағы таңбалық белгілердің 
қатарында жаппас тайпасының таңба-сы (жылан суретінің бейнесі) – «Z» кездеседі. 
2)  Сармат,  Алан  дәуірлері:  Сармат  (савромат)  кезеңі  б.з.б.  III  –    б.з.  IY  ғ.ғ.  аралығын 
қамтиды.  Бұл  кезең  аралығында,  сармат  тайпалық  одақтар  бірлестіктері  құрамынан  алан 
этносы  ерекшеле-ніп  шығады.  Алан  тайпалық  бірлестігі  құрамында  –  жаппас,  беріш,  тана, 
алаша ру-тайпаларының одағының бірлестігі болды деуге болады.    
3)  Ғұндар  дәуірі:  Сарыөзен  II  тарихи  ескерткіші  б.з.б.  Y  –  б.з.  I  ғ.ғ.  жататын  ғұндар 
дәуіріне  жатады.  Бұл,  Сарыөзен-1  тарихи  ескерткішінде  кездесетін  таңбалық  белгілер 
қатарында  (жылан  суретінің  бейнесі)  –  «Z»  –  таңбалы  жаппас  тайпасының  да  белгісі 

кездеседі.  Жаппас  тайпасының  таңбасы  осы  күнгі  (ежелгі  көшпелілер  тайпалары  көшіп-
қонып  жүрген  аймақ,  кең-байтақ  мал  жайлымына  ыңғайлы,  шұрайлы  көшпелілер  мекені) 
Ресей  Федерациясы  Абакан  маңындағы  қор-ғаннан  архелогиялық  қазба  жұмысы  кезінде 
табылған заттай жәдігерлерде (жылан суретінің бей-несі) – «Z» белгісі кездеседі. Бұл-жаппас 
тайпасының таңбалық белгісі деген пікір айтуға болады. 
4)  Массагеттер  дәуірі:  Жаппас  тайпасының  ежелгі  атауы,  массагеттер  құрамында 
кездесетін «апасии/апасиаки» тайпасының атауымен тығыз байланысты деуге болады. Яғни, 
«апасиаки»  тайпасы  –  «жаппас»  тайпасы  деп  тұжырым  жасауға  болады.  Бұл  дәуірдегі 
таңбалық  белгілерден,  архелогиялық  заттай  деректерден  (жәдігерлерден)  жаппас 
тайпасының  (жылан  суретінің  бейнесі)  «Z»  таңбасын  кездестіруге  болады.  Массагеттер 
Каспий теңізінің шығыс төңірегі мен Үзбой, одан Сырдария бойы, Арал маңын мекендеген 
сақтардың  (іч-оғыз-скиф)  тамырлас  тайпалық  бір-лестігі.  Олардың  қол  астында  дербиктер, 
абилер, апасақтар/апасии, апасиак/ – (жаппас) т.б. тайпалар болған. 
5)  Түрік  дәуірі:  Түрік  қағанаты  көсемдері  Яғалақар,  Ямылардың  заманынан  (б.з.  II-Y  ғ.ғ.) 
бастау  алатын  көшпелі  ордалар  кезеңі.  Бұл  кезеңге  жататын  Тайхар  жартасы  ескерткішінде, 
Ұлықтар мүйісі, Қарауыл қызыл, Дундговь аймағы,Ұлы қорым т.б.(жылан суретінің бейнесі) 
«Z»  таңбасы  жиі  кездеседі.  Осы  жерде,  түрік  дәуірінің  ескерткіштерінде  тасқа  қашалып 
жазылған «жабус» ата-уының кездесуі де біздің қарастырып отырған «жабус-жаббус-жаббас-
жаббас-жаппас»  тайпасымен  тікелей  байланысы  бар  деп  ойлаймыз.  Яғни,  жаб-бус  дегеніміз 
жаб-бас деген сөздің баламасы болу керек. Оған, сонымен бірге таңбалық белгілерінің (жылан 
суретінің  бейнесі)  «Z»  құлыптастарда  жиі-жиі  кездесуі  де  біздің  пікіріміздің  дұрыстығын 
айғақтай  түседі.  Яғни,  «жаппас»  тайпасы  ата-уының  заттай  ескерткіш  беттерінде  тасқа 
қашалып  жазылуы  және  таңбалық  белгілерде  (жылан  суретінің  бейнесі)  кездесуі  біздің 
тұжырымдама ойларымыздың дұрыс екендігін көрсетеді. 
6) Хазар дәуірі. Нұрымбаев А.А. «Аланы и казахи: Тайна происхождения Младшего жуза» 
Түркістан.  2009  жылы  жарық  көрген  еңбегінде  жаппас  тайпасының  атауын  хазар  дәуірінің 
«Абаз»/Жабаз-Жаббаз-Жаппас/  тайпасының  баламасы  деген  ой  айтады.  Ғалымның  бұл 
тұжырым-дамасы біршама шындыққа жақын да тұрған секілді, себебі , «абаз» атауын /яфаз/ 
япаз /апаз/апас/ деген сөйлемдер арқылы да қарастыруға болады. Сол себепті,  «Абаз» сөзін 
нақты «Жаббаз» сөзі-нің баламасы деп біржақты пікір айту үшін әлі де тереңдей зерттей түсу 
керек секілді. 
7)  Оғыз  дәуірі.  Оғыз  кезеңіне  жататын  жазбаша  деректерде  «бурзян»  атауы  мен  оның 
құра-мындағы  тайпалар  ішінде  жаппастың  таңбалық  белгісі  кездесетіндігін  атап  кетуге 
болады. Яғни (жылан суретінің бейнесі)  «Z»  таңбасының кездесетіндігіне тоқталып өтуіміз 
керек.  Осы  оғыз  дәуірінің  тарихи  ескерткіштерінде  Байұлы  тайпалар  одағының  ішіндегі 
«жаппас»  (жылан  суреті-нің  бейнесі)  «Z»  тайпасының  таңбалық  белгісінің  кездесуі  және 
оның орналасқан жері біздің ойымыздың біршама шындыққа жақындайтындығын көрсетеді. 
8)  Алтын  орда  дәуірі.  Бұл  кезеңде  жаппас  атауына  байланысты  жазбаша  деректер  аз 
кездеседі.  Бірақ,  түрік  қағанаты  дәуірінен  бастап  кездесе  бастайтын  «өңгіт»  атауына 
байланысты жазбаша деректер және заттай ескерткіштер жиі кездеседі. Бұл жерде «өңгіттің» 
жаппас тайпасының құра-мындағы бір аталық (ру) екенін естен шығаруға болмайды. Осыдан 
шығатын  нәтиже,  жаппас  тай-пасының  Түрік  қағанаты,  Алтын  орда  кезеңдерінен  бұрын 
тарихта  болған  деп  айтуға  болады.  Оған  бізге  келіп  жеткен  аңыз-әңгімелер,  таңбалық 
белгілері,  жазбаша  деректерде  өзгеріске  ұшыраған  басқаша  атаулармен  кездесуі,  т.б.  біздің 
ғылыми талдауымыздың дұрыстығын дәлелдей түседі. 
9)  Ноғай  ордасы  дәуірі.  Бұл  кезеңде,  оғыздардың  құрамынан  бөлініп  шыққан  көшпелі 
орда-лардың  ішінде  жаппас  тайпасы  да  ноғай  ордасының  құрамында  жүргенін  анық 
дәлелдеуге  бола-ды.  Жаппас  тайпасы  бұл  жерде  беделді  тайпалар  қатарында  болғаны, 
орданың  ішіндегі  әртүрлі  тарихи  жағдайлардың  куәсі  болып,  Қазан  қаласын  қорғаушылар 
қатарында  ноғайлық  деп  аталған,  қазақ  ру-тайпаларымен  бірге  болғандығын  айғақтайтын 
деректер  кездеседі.  Сонымен  жаппас  тай-пасының  көшіп-қонып  жүрген  көктеу,  жайлау, 
күздеу,  қыстауларының  шекарасы,  олардың  жүр-ген  жолдары  туралы  бұлтартпас  деректер 
бар  дейміз.  Сонымен  бірге,  осы  кезде  жаппас  атауы  да  жазбаша  деректерде  кездесе 
басатайды. Жаппас тайпасымен бірге Алтын атауы да кездеседі.  

10)  Қазақ  хандығы  дәуірі.  Бұл  кезеңнің  жазбаша  деректерінде  «жаппас»  атауына 
байланысты  де-ректер  кездеседі.  Әсіресе,  18-19  ғасырлардағы  жазбаша  құжаттарда  жаппас 
атаулары жиі-жиі ұшы-расады. Ал, оған дейінгі жазбаша деректерде сирек болса да кездеседі. 
Мысалы, Бабырдың жылна-масында «жаббаз» кездесетіндігін атап өтуге болады. Жаппас хан 
және оның досы Нұраддын тура-лы  «Қырымның қырық батыры» деген жырда құнды дерек 
кездеседі. Жаппас тайпасының қазақ хандығы тұсында өмір сүргендігін жазбаша құжаттар да 
айғақтайды:  Әбілхайыр  хан,  Нұралы  хан,  Абылай  хан,  Бөкей  хан,  Маты  хан  т.б.  айтуға 
болады.  Орыс  ғалымдарының  еңбектерінде  оның  таңбалары,  мекендеген  жерлері, 
қоныстары,  белгілі  тұлғалары,т.б.  туралы  мол  мағлұматтар  кездестіреміз.  Біздің  осы 
мақаланы  жазудағы  мақсатымыз,  қазақ  халқының  негізін  құраған,  бүгін-гі  күндері  белгісіз 
болып  келе  жатырған  рулар  мен  тайпалардың  тарихымен  көпшілікті  танысты-ру  және 
ғылыми талдау болып табылады. 
1. Востров В.В. Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов. – Алма-Ата, 1968. 
2. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 8 том.\С-У\. – Алматы, 2006. 
3. Бірімжанұлы Қ. Орта жүз және кіші жүздің шежіресі. 1894.  
4. Уалиханов Ш. Ұлы жүз шежіресі. 1860. 
5. Ниязов А. Үш жүздің шежіресі. 1886. 
6. Бөжейұлы Ө. Қазақ жұртының шежіресі. 1896. 
7. Маданов Х. Кіші жүздің шежіресі. 1994. 
8. Қазақстан ұлттық энциклопедия 3-ші том (г-ж) – Алматы, 2000. 
9. Нурумбаев А.А. Аланы и казахи: Тайно происхождения Младшего жуза Туркестанская Библиотека, 2009. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет