Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет18/109
Дата19.01.2023
өлшемі3.4 Mb.
#61959
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109
ҰСТАЗ АЙТЫП ЕДІ
«Мен түнек күштерімен жекелеп күреспеймін. Құмырсқадай 
қаптаған олардың әрбірін жойып жүруге менің шамам да 
хұқым да жоқ. Бұған тіпті менің бірнеше өмірім жетпес еді.
Менің әдісім – ол биікке ұмтылу. Түнек қабырғаны тесіп өту.
Рухани биіктік – ол күшті қару. Ол кезде мен Ғарыш 
Заңдарымен қаруланамын. Ғарыш Заңдарынан тыс ештеңе 
жоқ. Мен түнекті Ғарыш Заңдарымен талқандаймын.
Түнек тұтқынынан бір адам шыға алса, қалғандарының 
шығуына үлкен жеңілдік бар. Ине өткен жерден жіп те өтеді 
ғой. Міне, мен Алтыншы Саты адамдарын осылай бастаймын»
Ақ Сарбаз
* * *
«Жаңа дәуірдің дүниеге келуі үшін ескі дәуірдің барлық 
қалдықтары түгел жойылуы керек. Мұны дәннен бидай өсіп 
шығуымен салыстыруға болады. Жаңа өскін бүтін дәннің 
кеудесін жарып шыққан кезде бұрынғы дән өліп, қабығы ғана 
қалады емес пе?!»
Ақ Сарбаз
Ұстаз туралы


60
Ақ Сарбаз Әлемі
ҰСТАЗ ЖОЛЫ
Ақ Сарбаздың артынан еремін деген адам өзін-өзі ұмытуы 
керек. Көкірегінде титтей де болса өзімшіл пікірі бар адам Ақ 
Сарбазға еріп ел бола алмайды.
Шайтанның тұзағына түспеу үшін жеке бастың дәулетінен 
де жоғары, жеке бастың даңқынан да биік, жеке бастың 
махаббатынан да қымбат көретін мұрат болуы керек адамда. 
Ол – Эволюция жолы.
Бұл – Ақ Сарбаздың да ұстанған жолы. Оның барлық өмірлері 
Эволюцияны тездетуге арналған қасиетті құрбандықтарға 
толы.
Ол Эволюцияны ілгері бастыру жолында жеке басының 
байлығын, даңқын, өзінен де артық көрген махаббатын 
құрбан етті. Ол мұны ешбір бүкпесіз, өз табиғатына шынайы 
берілгендікпен, қалтқысыз жүрекпен жасап отырды.
Бір кезде Спартак бақытсыз құлдарды бастап, Римнің 
темір бұғауын тас-талқан қылған еді. Сол арқылы құл 
саналған жандардың құнды қасиетке өзгелермен бірдей 
ие екенін дәлелдеген болса, бүгінде Ақ Сарбаз Люцифер 
бұғауын талқандап, Түнек тұтқынында мәңгүрттене бастаған 
миллиардтаған сорлы жандардың көкірегіне бостандық 
сәулесін түсірді.
Және Ол мұнымен де қоймай Ғарыштық Эволюция легіне 
Өзінің шын берілген Елін бастап әкеліп қосатын болады.


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   109




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет