Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет150/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Хайдеггер Мартин (1889-1976), немiс экзистенциализмiнiң негiзiн 
салушылардың бiрi. Негiзгi еңбектерi – “Болмыс пен уақыт” (1927), 
“Кант және метафизика проблемасы” (1929), “Метафизикаға кiрiспе” 
(1953). 

Шатобриан Франсуа Рене де (1768-1848), француз жазушысы. Негiзгi 
шығармалары – “Атала, немесе Екi жабайының шөлдегi махаббаты” 
(1801), “Рене, немесе Құштарлық салдары” (1802) повестерi, 
“Абенсераджелердiң ақтық тарихы” (1810) новелласы, “Азап 
шегушiлер” (1809), “Натчездер” (1826) прозалық эпопеялары, 
“Парижден Иерусалимге саяхат” (1811) кiтабы, “Революциялар 
жайындағы тәжiрибе” (1797), “Христиандық данышпаны” (1802) 
аталатын эстетикалық-философиялық трактаттар, автобиографиялық 
“Моладағы жазбалар” (1848-50 ж. жар-н) деген туындысы, “Бонапарт 
пен Бурбондар туралы” (1814) памфлетi.

Шекспир Уильям (1564-1616), ағылшын драматургы, ақын. “Венера мен 
Адонис” (1593), “Ардан айырылған Лукреция” (1594) поэмаларының 
және 154 сонеттiң, әлемге әйгiлi трагедиялар мен комедиялардың 
авторы. 

Шелли Перси Биш (1792-1822), ағылшын ақыны. Негiзгi шығармалары – 
“Королева Маб” (1813) философиялық-аллегориялық поэмасы, “Ислам 
көтерiлiсi” (алғашқы атауы – “Лаон мен Цитна”, 1817), “Юлиан мен 
Маддало” (1818) поэмалары, “Ченчи” (1819) трагедиясы, “Азат болған 
Прометей” (1820), “Эллада” (1821) лирикалық драмалары, “Эдип патша” 
(1820) сатиралық драмасы, “Батыс желiне ода” (1820) философиялық 
лирикасы, “Англия ерлерiне” азаматтық лирикасы, “Үндi серенадасы” 
(1822) махаббат лирикасы, “Поэзияны қорғау” (1822) эстетикалық 
трактаты.  

Шлегель Фридрих (1772-1829), немiс мәдениет сыншысы және философ, 
тiлтанушы, жазушы. А.В.Шлегельдiң iнiсi. Әдебиет тарихы мен тiл 
бiлiмiне байланысты көптеген еңбектер жазған. Негiзгi шығармалары – 


186 
“Сын фрагменттерi” (1797), “Фрагменттер” (1798, Новалиспен бiрлесе), 
“Идеялар” (1800), “Поэзия жайында әңгiме”, “Мифология жайында сөз”, 
“Роман туралы хат” (1800), “Үндiлердiң тiлi және даналығы” (1808) 
деген теориялық еңбектерi; “Люцинда” (1799) романы, “Аларкос” (1802) 
драмасы.  

Шлейермахер Фридрих Эрнст Даниэль (1768-1834), немiстiң протестант 
теологы, философ. Көзқарасында Спиноза, Кант, Фихте, Шеллинг 
илеялары ұштаса көрiнедi. Негiзгi еңбектерi – “Дiн жайындағы пiкiрлер” 
(1799), “Монологтар” (1810).  

Шлейхер Август (1821-1868), танымал немiс тiлтанушысы. Үндi-европа 
тiлдерiнiң терең зерттеушiсi, салыстырмалы-тарихи литуанистиканың 
негiзiн қалаушы. “Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу”, “Немiс 
тiлi”, “Дарвин теориясы және тiл бiлiмi” деген танымал еңбектерi бар. 

Штейнталь 
Гейман 
(1823-1899), 
немiс 
тiлтанушысы. 
Тiл 
ғылымындағы әлеуметтiк психологизм теориясын негiздеушi. Белгiлi 
еңбектерi – “Тiлдiң шығуы” (1851), “Грамматика, логика, психология 
және оларға тән ұстанымдар мен өзара қарым-қатынастары” (1855), 
“Психология мен тiл бiлiмiне кiрiспе” (1881). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет