Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет43/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96

«Сәйкес 

құралын 

тауып, 

жанына 

жылжыт»

                                                                                                                                 

        

     


 

 

457 


 

 Осы    сабақ      «Егер.....,онда........»    ойыны  арқылы  қорытындыланды.  Мысалы:  

«Егер  мен   шахтер болсам, онда  елім үшін  көп көмір өндіремін» деген  жауаптарды  

тыңдап,  болашақ    ұрпақтың    келешегінен  үлкен  үміт    күтесің.  «Қарапайым  

математикалық    түсініктерді  қалыптастыру»  бөлімі  бойынша    тақтада    қандай 

мүмкіндіктер бар,әрине түрлі –түсті көрнекілік арқылы  дайындалған тапсырманың өзі 

баланы    алға  жетелеп,  белсенділігін  арттырады.  Мысалы:  №1  үлестірме  «Күннің  

тапсырмасы», «Гүлге  көмектесейік», «Бұлттарды  боя». Алдымен  ауызша орындап 

көріп,  өз  жауабын  тексереді.  Балалар    жабық    тұрған    шаршыларды    қаламмен 

жылжытып    себетке  тастайды.  Бұл  көру  арқылы,  ауызша  есептеудің    алғашқы 

баспалдақтары.  №2    тапсырмада  «Қоянға  сәбіз  берейік».  Сонша  ұғымын  түсіндіру 

мақсатында    балаларға,-  Неше  қоян?  сол  қояндарға  сонша  сәбіз  бер  деген  сұрақтар 

арқылы  сәбіздер  жылжытылады.  №3  тапсырма  «Жоқ  санды  тап».  1-10  көлеміндегі 

сандардың ретін  сақтау  үшін бос бұлттарға  Activ қалам   арқылы   жоқ сандарды  

жазады.           

             №1                                       №2                               №3         

 

 

 



 

 

Сонымен  қатар,  баланың  тілін  дамыту,соөздік    қорын  молайтуда  үлкен  рөл 



атқарады. 

«Адамға екі нәрсе тірек» бірі – тіл,бірі – ділің жүректегі» - деп Жүсіп Баласағұни 

айтқандай  баланың  тіл  белсенділігін,ойлау  қабілеті  мен  жүйелі  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыру  және  дамыту  тәрбиеші  –  педагогтардың  алдындағы  аса  маңызды 

мәселенің бірі болып отыр.Тіл – халық қазынасы. Әр халықтың өз ана тілі бар. Біздің 

ана тіліміз – қазақ тіл. Тіл – адамдардың бір – бірімен сойлесетін, түсінісетін қарым – 

қатынас  құралы.  Тіліміз  болмаса  біз  сөйлей  алмас  едік,  ана  тілінің  қадір  –  қасиеті 

туралы; 


                        Ана тілің – арын бұлІ 

                        Ұятын боп тұр бетте. 

                        Өзге тілдің бәрін біл. 

                        Өз  тіліңді  құметтеІ  -  деп  жырлайтын  ақын  Қадыр  Мырза  Али 

ғибратын бала санасына кұю керек.Қазақтың ұлттық ойындарының бірі  асық ойыны-

ойлануды,  ептілікті,іскерлікті  қажет  ететін  ойын.«Хан  талапай»  ойының  барлық 

сабақтарда ойнатуға болады. Тәрбиешінің  шеберлігі мен іскерлігі қажет.Бұл ойынның 

шартын мақсатын және асық туралы балаға түсіндіреміз».Қоржын ішінде конвертте әр 

түрлі тапсырмалар, сұрақтар асықтар нөміріне сәйкес нөмірленіп салынған». 

Нөмірленген  асықтар  жерге  шашылады,  ал  балалар  талапайлап  асықтарды 

жинақтап  алады.Нөмір  бойынша  сұрақтарға  немесе  тапсырмаларға  жауап  береді. 

Сұрақтарға кім тез, әрі  дұрыс жауап беріп, тапсырманы дұрыс әрі тез орындаса сол 

жеңіске жетеді. 

Қазақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілері  - ертегілер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, 

эпостық  жырларды  көркем  әдебиет  сабақтарында  қолдану  сөз  қадірін  білдіріп, 


 

458 


 

қасиетті  сөзді  қастерлеуге  тәрбиелейді,  баланың  ой  –  өрісін,  тіл  мәдениетін,  есте 

сақтауын, танымдық дағдысын арттырып, өмірге  көзқарасын  кеңейтеді, жақсылыққа 

баулып, жамандықтан алыс жүруге үйретеді. Жұмбақтар – халық мұраларының үлкен 

мәуелі бұтағы. Жұмбақтарды тәрбиешілер өзіміз жатқа айтып, баламен бірге бірнеше 

рет  қайталап  жаттаймыз.  Жұмбақтардың    дүниетанымдық,  ой  дамытарлық  мәнімен 

қатар, тәрбиелік мәні де ерекше.Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде 

бала  өзінің  білімін,  дәрежесін  байқап,  көп  білуге  талпынады,  ынта  –  жігері  артады, 

жауапкершілікке бейімделіп, өнерге  талпынушылығы күшейеді. 

Кезекті бір жануар,                           Желп – желп етіп сақалы, 

Үстінде екі тау бар.(Түйе)                Қолыңнан дәм татады.(Ешкі) 

Әр жаттаған жұмбақтың мағынасын түсіндіріп, шешуін тауып болған соң, бала 

суреттен көрсетеді. 

Қ.Ыдырысовтың «Кел балалар, ойнайық» өлеңімен; 

           Кел ,балалар, ойнайық, 

          Ойнайық та ойлайық

          Қандай жұмбақ болса да, 

          Шешпей оны қоймайық  –  деп, қорытыңдылап, баланың  қызығушылығын, 

танымдық белсенділігін арттырамыз. 

Бала өлен түріндегі мақалдарды, тақпақтарды, санамақтарды қанша көп жаттаса, 

сонша миға гимнастика, яғни, баланың миы шынығады.Әрі сөздік қоры молайады. 

Мақал 


– 

мәтелдер 

– 

халықтың 



моральдік 

кодексі, 

тәрбие 

қағидасы.Адамгершілікке,  бауырмашылдыққа,  бірлікке,  ақылдылыққа,  білімділікке 



тәрбиелейді.Мысалы; «Атанның баласы болма, адамның баласы бол», «Екі кісі ұрысса 

– ағат, екі кісі сыйласса - санат». 

Ертегі – халық қиялы, арманы, даналығы көрінетін ауыз әдебиетінің ең көне түрі. 

Бұларда  көбінесе  өмірде  сирек  кездесетін  немесе  мүлде  кездеспейтін,  ойдан 

шығарылған оқиғалар баяндалады. Әділетсіздік, зұлымдық жеңіліп, тек жақсылыпен 

бітеді.Өйткені, ертегі баланы армандауға, өз ойын әдемі баяндауға үйретеді,  баланы 

көңілдендіреді.  Кейіпкерлерге  қарапайым  мінездеме  беруге  ,  рөлге  еніп  көріністер 

көрсетуде  баланың  жауапкершілігі  сезімдері  оянып,  белсенділігінің  артуына  ертегі 

жол ашады.Өз  тәжірбиемде ертегіні әңгімелеу әдісі арқылы жеткіземін.  

Мысалы;  «Қоянның  құлағы  неге  ұзын?»  атты  ертегісін  әңгімелеп  түсіндіру 

барысында  сөздің  грамматикалық  құрылысын  меңгеруге  жаттықтыру,  арқылы 

балалардың  сөздік  қорын  молайту,  жетекші  сұраққа  жауап  берулерін  қадағалау, 

ертегідегі  жағымды,  жағымсыз  кейіпкерлерді  ажырата  білуге  үйрету  мақсаты 

көзделеді.  Ертегімен  жұмыс  жасауды  «Қай  аң  қалай  дыбыстайды?»  деген  ойыннан 

бастаймыз.Ойын  кезінде  жан  –  жануарлардың,  аңдардың  әрқайсысының  даусын 

салуға үйретеміз және ақ қоян, кірпі, қу түлкі, қасқыр, аю деген сөздер меңгеріледі. 

Ертегі кейіпкерлері көрнекі құрал ретінде пайдаланылады.Үлкен қағазда түлі – түсті 

суретпен  орман  бейнеленген  оның  бір  шетінде  үлкен  әдемі  үй  көрінеді.  Жетелеуші 

сұрақтар  бере  отырып,  айтқан  ертегіміз  не  жайлы  болды,  соны  естеріне  түсіреміз, 

түсініктерін толықтырып отырамыз. 

Қазіргі  кезде  қоғамда  жүріп  жатқан  өзгерістер,  жаңару,  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың білім сапасын  жақсартуды талап етуде.Педагогика ғылымның тарихына 



 

459 


 

үңілсек,  баланың  сөздерді  дұрыс  байланыстыра  сөйлеуін  дамытуда  зор  үлес  қосқан 

ғалымдар  Я  .  А  Коменский,  К.Д.Ушинский,  С.Л.Рубинштейн,  А.М.Леушина, 

Т.Тихеева  және  т.б  .  зерттеушілердің  еңбектерінен  аңғаруға  болады.  Елдігімізді 

жариялаған  сәттен бастап,  жаңа  заман талабына  сай  келетін  қазақ  тілінде  жазылған 

бала  тілін  дамытуда  зерттеулер  жүргізген  ғалымдар  Б.  Баймұратова,  А.Меңжанова, 

М.Мұқанов, А.Бакраденова және т.б. еңбектері де назар аударуға тұрарлық. Баланың 

сөзді  байланыстыра  айта  білуі  дегеніміз  –  сөз  бен  сөйлемдердің  үйлесімділігі  ғана 

емес,  бұл  бір  –  бірімен  байланыста  келген,  дұрыс  сөйлемдердлен  құралған  бала 

ойының  сыртқы  жаңғырығы.  Бала  сөйлеу  барысыңда  жаңғырата  білуін  байқаймыз. 

Осындай басты – басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру 

мақсатында,  балалар  психологиясы  мен  мектепке  дейінгі  педагогикаға  арналған 

оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала 

отырып  оның  қаншалықты  меңгерілгенің  қадағалап,  тәжірбиелер  жасау  әрбір 

тәрбиешінің атқарар ісі.Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде түрлі 

ойындардың әсері әлдеқайда басым. Халық даналығында «Ойнай білмеген ойлай да 

білмейді»  ,»Ойын  да  озған,  өмірде  де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек, 

мектепке дейінгі жастағы баланың  ойынға  деген  құлқы,  қарым  –  қатынасы,  мінез  – 

құлық  көріністері олар өсіп – есейгенде жалғаса береді.  Ойындардың негізгі мақсаты 

балалардың  ықылас  –  зейінін,    сөздік  қорын,  байқампаздығын,  есте  сақтау, 

қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс – әркетін 

бағалай  құрметтей  өз  ісінің  дұрыстығын  дәлелдей  білуін  анықтау,  қалыстастыру  . 

Мектепке    дейінгі    ұйымдағы  бала  ауызша  сөйлеу  кезінде  тәрбиеші  оның  сөйлеу 

темпіне басты назар аударып отыру қажет. Жұрт алдында тез сөйлеуге де , тым баяу 

айтуға  да  болмайтынын  үнемі  есте  сақтау  қажет.    Сөйлеушінің  айтпа  –  қойының 

мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы 

тиіс.  Егерде  мектеп  жасына  дейнгі  балаларға  сөйлеу  дағдысы  қалыстастыру 

әдістемелерін  жоспарлы,  белгілі  бір  мақсатқа  негіздеп  ұйымдастырса  соғұрлым 

балалардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыстасып нәтижелігі жоғары болмақ. Ендеше, 

тәрбиешінің  қызметі  оның  білімінің  шеберлігінің  керек  орны  өздігінен  алатын 

тәжірбиелі  білімнің  ұзақ  жолын  қысқарту  үшін,  ол  жолдан  балалар  қиналмай  оңай 

үйрену  үшін,  баланың  тілін  сөйлеу  барысында  дұрыс  айтылымын  қайталап,  отыру 

керек.  Әңгіменің    осы    үлгідегі    тапсырмаларды  ұйымдастырылған    оқу  әрекетінің  

барлық    саласының    бөлімдерінде  қолданып,  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады. 

Өйткені,  балалардың  таным    мен    оқу    белсенділігін  арттыру  арқылы,олардың 

шығармашылық  іздену  қабілетіне жол ашамыз .Мектепалды даярлық тобынан бастап  

баланың  біліміне  үлкен  жауапкершілікпен  қарасақ,  болашақ    ұрпақ  үшін      еш   

алаңдамауға    болады    деп   сөзімді    қорытындылағым  келеді. 

Пайдаланған  әдебиеттер: 

1.  Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев   ''Педагогика''  оқулығы. 

2.    Қойшыбаева  А.  Оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін 

қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2010- №7.  

3.  Өзгеріс газеті.  «Жаңаша жаңыртып оқыту»    15.01.2010 ж. 

4.  Білім беру басшыларының анықтамалығы .      №2   2012 ж. 



 

 

460 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ, 

ФОРМАЛАРЫ,  МІНДЕТТЕРІ 

 

Жамангарина М.А. Ильяшова Б.Ф. Жексенова Б.О. 



Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің 

оқытушылары 

 

Отбасымен жұмысты ата-аналар ұжымының талқысына  салуды керек ететін өзекті 



мәселер  болады.  Бұларға    балалардың    жасына,  отбасының  тұрмыс  жағдайына 

қарамастан  бәріне  қатысты  мәселер  жатады.Мұндай  өзекті  мәселелерге  жататындар: 

ата-аналардың  беделі;  бала  тәрбиесінде  отбасының  рөлі,  ата-аналардың  міндеттері 

туралы мемлекеттік заңдар; балаларды мектепке дайындау туралы;  мектепке дейінгі 

ұйымның бір жылға арналған жоспары туралы; ата-аналар комитетінің жұмысы туралы 

т.б.  


Осы  мәселелерді    ұжым  болып  талқылау  ата-аналарды  топтастыруға  ,  дұрыс  

жұртшылық  пікірін  туғызуға    және  мектепке  дейінгі  ұйым  қызметкерлерінің  уақыты 

мен күшін неғұрлым  ұтымды пайдалануға көмектеседі. 

Отбасымен  жұмыстың  ұжымдық  формаларына  мыналар  жатады:  ата-аналар 



жиналыстар,  топ  консультациялары,  конференциялары,  ата-аналарға  арналған 

кештер. 

Ата-аналар жиналысы жалпы немесе топ бойынша өткізіледі.Жалпы жиналыстарға  

мектепке дейінгі  ұйымда тәрбиеленіп   жүрген  барлық топ балаларының ата-аналар 

шақырылады.  Мұндай  жиналыстардың    мақсаты    ата-аналарға  педагогикалық    білім 

беру,  олардың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру,  бала  тәрбиелеуде  оларға  көмек 

көрсету  болып  табылады.  Ата-аналардың  назары  әдетте  белгілі  бір  тәрбие 

проблемасына аударылады, ол проблема негізгі баяндамада ашылып, жиналғандардың 

сөздерінде талқыланады. 

Ата  –аналар    жиналыстарының  тақырыптары  қалай  жоспарланады?Тақырып 

таңдау  балалар  бақшасы  мен  отбасының  алдында  тұрған    балаларды  тәрбиелеу 

міндеттеріне , олардың  дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне , отбасындағы  тәрбиенің 

жайына қарай айқындалады.Ата-аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары  топ 

жиналыстарынан өзгеше болады. Топ жиналыстарында  сол жастағы балалардың ата-

аналары үшін неғұрлым  өзекті мәселелер талқыланады; мысалы жалпы жиналыстың 

тақырыбы «Балалардың еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, оны жүзеге асыруда отбасының 

ролі»  болса,    ал  топтық  жиналыстарда  сол  жастағы  балалардың    жасы  еске  алынып, 

«Балалардың денсаулығы мен психикасына теледидар мен  компьютердің кері әсері « 

болуы мүмкін. Әрбір жиналыстың табысты болуы мен пәрменді нәтижесі ең алдымен 

оған  тәрбиешілердің  мұқият  әзірленуіне  байланысты.  Тәрбиеші  әзірлігі  баяндаманы 

ұқыпты дайындау, көрнекті  иллюстрациялық  материалды реттеу және көркемдеу, ата-

аналарды хабарландыру т.б. қамтиды. Мысалы ,тәрбиеші  баяндаам дайындаған кезде, 

осы мәселе жөніндегі әдебиетті оқып, зерттейді, мектепкі дейінгі ұйымда жүргізілген 

жұмысқа, отбасындағы тәрбие тәжірбиесіне талдау жасайды, балаларды тәрбиелеу үшін  

серуенді шебер  пайдаланатын бірнеше ата-анамен  олардың жиналыста  сөйлеуі туралы 

келісіп алады. Топта балалардың  табиғат туралы салған  суреттерінің  көрмесі, оларға 


 

461 


 

арнап осы тақырыпта  жазылған әдеби шығармалар, музыка және балалардың іс-әрекеті, 

шығармалары жазылған кассета, дискілер әзірленеді.Осының бәрі  жиналысты қызықты 

әрі жемісті етеді.Тәрбиеші баяндама көлемі 15-20 минутта асықпай баяндауға есептейді. 

Оның мазмұны логикалы болуға , көрнекті құралдары, балалар еңбектерін, әдебиетті 

нақты  көрсетумен    қосақтасып  отыруға  тиіс.  Мысалдар  пайдалана  отырып,  ата-

аналардың психологиясын ескеру керек. Жағымды, оңды фактілер басым болуға тиіс, 

ал теріс фактілерге келетін болсақ,  ол жөнінде  өте-мөте сақтық, әдептілік керек.Ондай 

ретте  ешкімнің  атын  атамай-ақ    жиналыстан  соң  оңаша  әңгімелескенде    баланың 

кемшлігін  немесе  оған  отбасындағы  теріс  көзқарасты  қалай  жоюға  болатыны  жайлы 

әңгімені  жалғастырған  жақсы.  Жиналыстан  кейін  тәрбиеші  ата-аналардың  айтылған  

ақыл-кеңестер  мен ұсыныстарға қалай қарағанына міндетті түрде зер салады. Мектепке 

дейінгі ұйымға жаңа келген балалардың ата-аналарының  алғашқы жиналысы ерекше 

жоспар  бойынша  өткізіледі:  меңгеруші  оларға  ұйымның  үйін,құрал-жабдықтарын 

көрсетеді, оның қызметкерлерімен таныстырады. Тәрбиешілер «Балалар бақшасындағы 

тәрбие    бағдарламасы»  мен  таяудағы  уақыт  аралығында  мектеп  жасына  дейінгі 

балалармен жүргізілетін  жұмыс жоспары туралы қысқаша айтып береді. Ата-аналарды 

балалар бақшасының талаптары мен күн тәртібіне сәйкес сақталуға тиіс ережелерімен 

таныстырады. 

Тәрбиешілер  отбасындағы  тәрбиені  зерттеудің нәтижесінен    туындайтын  белгілі 

бір  мәселелер  бойынша  ата-аналарға  арнап  консультациялар  өткізеді.  Мысалы, 

«Отбасында  балалардың  дұрыс  тамақтануын  ұйымдастыру»  немесе  «Газды 

сусындардың  бала  денсаулығына  ықпалы»  тақырыптағы  бұған    жеткілікті  көңіл 

бөлмейтін ата-аналар шақырылады. Сондай-ақ меңгеруші, дәрігер, логопед, психолог, 

музыка жетекшісі де  өз қызметіне байланысты ата-аналарға кеңес береді.Консультация 

өткізу  дайындықты,  кейінен  ата-аналардың  алған  мәліметтерінің    бала  тәрбиелеуде 

қалай пайдаланғанын бақылап отыруды талап етеді. 

Ата-аналарға  арналған  кештер  мен  үйірмелер.Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-

аналармен    отбасының  да  мүшелері  үшін  өткізілетін  кештер  тақырыптық  сипатта 

болады.Мысалы:  «Би  өнерлі  отбасы»,  «Әкем,анам  және  мен»,  «Біз  шебер  қолдар 

отбасынан» т.б. Жұмыстың бұл формалары ата-аналары мен  

Балалары  бірге  қатысатын  кештер  музыканың  жетекшілігімен  ,  спорттық  сайыс 

түрінде және әртүрлі бұйымдардан көрме жасаумен ерекшеленді. «Отбасындағы бала 

тәрбиесі»,  «Әкенің  бала  тәрбиесіндегі  ролі»  т.с.с.  тақырыптар  бойынша  кешетр, 

баяндама, сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. 

Бала  тәрбиеулеуде  қажетті  іскерліктерді  меңгеруде  ата-аналарға  көмек  ретінде 

оларға арнап қысқа мерзімді курстар немесе   үйірмелер ұйымдастыруға болады. Онда 

ата-аналар бала киімін пішіп, тігуді, тоқуды, алуан түрлі тағам пісіруді, балалар әндерін, 

қолдан ойыншықтар жасау өнерін үйренеді.  

Отбасымен жұмыстағы көрнекілік. Отбасымен жұмыстағы ең мол сенімділік пен 

пәрменділік  көрнекті  құралдар  жиналығын  пайдалану  арқылы:  тәрбиешінің  

балалармен жұмысын  көрсету, техникалық құралдарды пайдалану, көркем стентдтер, 

фото альбомдар ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

Мектепкі дейінгі ұйымдардастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 



 

462 


 

 Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата  аналар  үшін  ашық  сабақ  күндер  есігі 

ұйымдастырлады, бұл жылына бір рет жоспарланады. Бұл күндер ата-аналарға алдын-

ала  хабарланады.Бұл күндері ата-аналар балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, 

ойын мен еңбек әрекетін, серуендеуін бақылайды:оларды оқыту  және  тәрбиелеу ісінд 

тәрбиешінің  қандай  тәсілдерді  пайдаланатынын,  балалардың  қалай  оқитыны,  қалай 

еңбек жасайтыны, ұжымда өздерін қалай ұстайтынын көреді.  

Арнайы  жоспарланған  ашық  есік  күндерінен  тыс,  ата-аналарға  мектепке  дейінгі 

ұйым өмірінен видеофильмдер  көрсетіледі. Диктафондар, бейнефильмдер арқылы бала 

қалай  сөйлейтіні,  әндерді,  өлеңдерді  қалай  орындайтыны,  тақпақтарды  қалай 

орындайтын  тыңдайды.Тәрбиешілер  ата-аналарды  балалардың    шығармашылық 

жұмыстарымен  :суреттерімен,  жапсырған,  құрастырған,  табиғи  материалдан  жасаған 

бұйымдарымен таныстыратын тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. 

Топта ата-аналарға арналған қабырға бұрыштары ақпараттық сипатта болады: онда 

мектепке  дейінгі  ұйымның  күн  тәртібі,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  кестесі, 

Тәрбиешілердің  балалармен  жүргізетін  жұмыстарының  апталық  жоспары,  ата-аналар 

үшін баяндамалар, ақпараттар, хабарландырулар т.б. болады. 

Мектепке  дейінгі  ұйым  өмірінде,  әсіресе  отбасымен  жұмыста    ата-аналар 

жұртшылығы  елеулі  рөл  атқарады.  Әрбір  балалар  бақшасында  ата-аналардың  жалпы 

жиналысында сайланатын ата-аналар комитеті болады. Оған барлық жас топтарындағы 

балалардың ата-аналарынан өкілдер кіреді. 

Ата-аналар  комитеті  өз  жұмысын  «Балалар  бақшасындағы  ата-аналар  комитеті 

туралы  ережеге» сәйкес  ұйымдастырады.  Оның жұмысы бір жылға жоспарланады; 

оның мамұны балаларды тәрбиелеуде, сондай-ақ отбасымен жұмыс жүргіуде мектепке 

дейінгі балалар ұйымының қызметкерлеріне көмек көрсетуге бағытталған. Әрбір жас 

тобында  ата-аналар    жиналыстарын,  кештерді  әзірлеуге  көмектеседі,  ата-аналарды 

жекелеген  міндеттер мен  тапсырмаларды  орындауға тартады . Балалар бақшасының 

ата-аналар комитеті мен белсенділері жайсы отбасыларға ерекше көңіл бөледі: оларға 

барып  тұрады,  өз    балаларын  тәрбиелеуге  жеткілікті    түрде  жауапты  қарамайтын 

мектепке  дейінгі  ұйымның  талаптарын  орындамайтын  ата-аналарға  ықпал 

жасайды.Тәрбиешілермен  бірге  ата-аналар    белсенділері  отбасындағы  тәрбиенің  ең 

жақсы тәжірбиесін зерттейді, оны таратуға қатысады. 

Халық арасындағы педагогикалық насихат халықтық педагогиканың мәдениетіне 

көтеру  мақсатында  біздің  елемізде  халық  арасында  педагогикалық  білімді  кеңінен 

насихаттау ісі ұйымдастырлады. Бұл жұмысты ұйымдастырушылары- пеедагогикалық 

қоғам,  педагогикалық  ғылым  академиясы.  Педагогикалық  білімді  насихаттау  «  Ата-

аналар,сідер  үшін»  деген  сияқты  теледидарда  берілетін  теле  хабарлартүрінде, 

«Мектепке дейінгі білімі,  «Отбасы және балабақша» т.б. журналдар арқылы, кітаптар, 

газеттерге  мақалалар  жариялау  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мектепке  дейінгі 

ұйымдардың  қызметкерлері, алдымен тәрбиешілер  педагогикалық насихатқа белсене 

қатысады,  оның  ұйымдастырушылары  рөлінде,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 

тәрбиелеу  мекемелері  жөніндегі  баяндамашылар  мен  кеңесшілер  ретінде  көп  жұмыс 

атқарады. 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі: 



 

463 


 

 1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982 (аударма). 

2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж. 

3.  Идрисова  М.Ә.  Мектепке  дейінгі  педагогика:  оқу  құралы.  Қарағанды:  «Гласир», 

2011ж. -283б. 

4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981 

5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан», 1992 

6.  Н.О.Пичугина,  Г.А.Айдашева,  С.В.Ассаулова.  Дошкольная  педагогика:  конспект 

лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004 

7. Н.Савельева. Настольная книга педагога-психолога дошкольного  образовательного 

учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004 

 8.Педагогика: 

оқулық. 

Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова, 

Ә.У.Ғалымова,Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж. 

 9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана: Фолиант, 

2008, 272 б. 

10.  Мұсаева  С.Ә.,  Бегалиев  Т.Б.  Жас  ерекшелік  педагогикасы.  Астана:  «Фолиант», 

2006. 

11.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы А. 2007ж. 



12.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасы. А., 2003. 

13.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие 

мен оқыту. Негізгі ережелер. Астана.2012ж. 

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАДЫ  РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК 



ТҰРҒЫДА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Жанабекова Р.Н .,  Ибрахимова К.С. 

№63 «Мөлдір» балабақшасы КМҚК 

 

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі. 



                                                                     Ыбырай  Алтынсарин 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-рухани 

тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның 

туған  кезінен  басталуы  керек.  Халықта  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде 

көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер 

айтылмаған.  Сондықтан  баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік, 

қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті 

тәрбиелеуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль  атқарады.  Рухани  -адамгершілік 

тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың 

балаларға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбиеленушілердің  белсенділігін 

қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан 

белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана 

отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін 

зер  салып  талдау  керек.  Адамгершіліктің  негізі  мінез-құлық  нормалары  мен 



 

464 


 

ережелерінен  тұрады.  Олар  адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан 

көрінеді,  моральдық  өзара  қарым-қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген 

сүйіспеншілік,  қоғам  игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара  көмек,  сондай-ақ 

қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық 

пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың 

қоғамдық-экономикалық  құндылықтары  жатады.  Баланың  өмірге  белсенді 

көзқарасының  бағыты  үлкендер  арқылы  тәрбиеленеді.  Тәрбиелеу,  білім  беру 

жұмысының  мазмұны  мен  формалары  балалардың  мүмкіндігін  ескеру  арқылы 

нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелеу  күнделікті  өмірде,  үлкендердің 

қолдан  келетін  жұмысты  ұйымдастыру  процесінде,  ойын  және  оқу  ісінде  жоспарлы 

түрде  іске  асады.  Тәрбиешінің  ең  бастапқы  формалары  педагогтың  балалармен 

мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен 

танысу  кезінде,  балаларға  арналған  шығармаларымен,  суретшілер  туындыларымен 

танысу  негізінде  іске  асады.  Мұндай  мақсатқа  бағытталған  педагогтық  жұмыс  еңбек 

сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині 

өз  қолымен  жасай  алуды  және  жасалған  дүниеге  қуана  білуді  дамытуға,  үлкендер 

еңбегінің  нәтижесін  бағалауға  тәрбиелеуге  мүмкіндік  жасайды.  Балаларда  ортақ 

пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат 

қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі 

де  баланың  жеке  басының  қоғамдық  бағытын  анықтайды,  оның  өмірге  белсенді 

ұстанымын  бірте-бірте  қалыптастырады.    Әр  баланың  жеке  басы-  оның  моральдық 

дамуы  үшін  қамқорлық  жасау-  бүгінгі  күннің  және  алдағы  күндердің  талабы, 

оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие 

бағдарламасы»  мектепке  дейінгі  балалардың  жан-жақты  дамуын,  олардың  мектепке 

дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның 

тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола 

отыра  ,  педагогтың  ықпалы  әсерлі  енеді,  баланың  жеке  басы  қалыптасады.  Оның 

ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, 

олардың  ерік  күшін  жұмылдырып,  санасына  ықпал  етеді.  Мектепке  дейінгі 

жастағы 

баланың 


рухани-адамгершлік 

дамуы 


балабақшасы 

мен 


отбасы 

арасындағы  қарым-қатынастың  тығыздығы  артқан  сайын  ойдағыдай  жүзеге  асады. 

Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар 

жасалады.  Мәселен,  ойында  ұнамды  әдеттер,  өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік 

сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ 

ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер 

жайлы  мағлұматтар.  т.  б.  қалыптасады.  Мектепке  дейінгі  жаста  балаларды 

адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі  міндеттері  мына  жайлармен  түйінделеді:  ізгілік 

бастамасымен  тәрбиелеу,  балалар  мен  үлкендер  арасындағы  саналы  қарым-қатынас/ 

тұрмыстың 

қарапайым 

ережелерін 

орындау/ 

кеңпейілдік, 

қайырымдылық, 

жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара 

ұжымда  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  Отанға  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу, 

әр  түрлі  ұлт  өкілдеріне  қадір  тұту  және  сыйлау.  Осылайша  мейірімділіктің  негізі 

қаланады,  немқұрайдылықтың  пайда  болуына,  құрбыларына,  төңіректегі  үлкендерге 

қалай  болса  солай  қарауға  мүмкіндігі  жасалмайды.  Қарапайым  әдеттерді  тәрбиелей 



 

465 


 

отырып  педагог  балдырғаннның  бар  істі  шын  пейілмен  әрі  саналы  атқаруына 

қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге 

деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан 

он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін 

де  ертегіден  алады.  Тәрбиенің  негізгі  мақсаты-  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі 

оянған,  рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол, 

еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің 

рухани  тәрбиелік  мәні  зор.  Ол  балаға  рухани  ляззат  беріп,  қиялға  қанат  бітіретін, 

жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп 

атап көрсеткен.  Руханилық жеке  тұлғаның негізгі сапалық  көрсеткші. Руханилықтың 

негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік 

сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік 

тәрбие  —  бұл  дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау  дағдыларының  нормалары, 

ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке 

адамның  адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс  әрекетін 

анықтайды. Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы 

алғашқы  ұғымдарының  қалыптасыуна,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан 

басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі 

адаммен  жолдас  болудың  әсері  күшті  екенін  халқымыз  ежелден  бағалай  білген. 

«Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-  қаларсың 

ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. 

Мақал-мәтелдер,  жұмбақ,  айтыс,  өлеңдер  адамгершілік  тәрбиенің  арқауы.  Үлкенді 

сыйлау  адамгершіліктің  бір  негізі.  Адамзаттық  құндылықтар  бала  бойына  іс-әрекет 

барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хикаялар,  ертегілер,  қойылымдар  арқылы  беріледі. 

Адамгершілік-адамның  рухани  байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне  бөлейтін 

руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам  болып  табылады.  Адамгершілік  тәрбиенің  нәтижесі 

адамдық  тәрбие  болып  табылады.  Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттерімен 

сапалары,  қарым-қатынастарында  қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең 

басты  белгілерінің  бірі  болғандықтан,  адамдардың  мінез-құлқы,  іс-әрекеті,  қарым-

қатынасы,  көзқарасымен  сипатталады.  Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік, 

кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық 

т.  б.  Адамгершілік-ең  жоғары  құндылық  деп  қарайтын  жеке  адамның  қасиеті, 

адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы- 

мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді 

сіңіру-  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты  міндеті.  Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл 

қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында,  отбасында,  олардың 

өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, 

өзін  қоршаған  табиғаттан  бойына  сіңіреді.  Көрнекті  педагог  В.  Сухомлинский  «Егер 

балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол  бала  солай  бола  алады»,  —  дейді.  Демек, 

шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін 

үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  өзіндік  көзқарасының 

қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал  етері  сөзсіз.  Қай  заманда  болмасын 

адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең  бастысы  —  өзінің  ісін,  өмірін 

жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ұрпақ  тәрбиесі  —  келешек 


 

466 


 

қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, 

мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 

Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- 

құлқын  қалыптастыруды  қамтиды.  Дәлірек  айтқанда,  адалдық  пен  шыншылдық, 

адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, 

үлкенді  сыйлау  мен  ибалық  адамгершілік  тәрбиесінің  жүйелі  сатылап  қамтитын 

мәселелері.  Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін 

ұстаз  халық  педагогикасын  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  салт-дәстүрлерді,  әдет- 

ғұрыпты  жан-жақты  терең  білумен  қатар,  өркениетті  өмірмен  байланыстыра 

отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ 

тәрбиесі  үшін  жауапкершілігі  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасуда.  «Балапан  ұяда  не  көрсе, 

ұшқанда  соны  іледі»дегендей,  ата-ананың  күн  сайын  атқарып  жүрген  жұмысы- 

балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны 

істегісі  келетінін  бәріміз  де  білеміз.  Баланың  үйден  көргені,  етене  жақындарынан 

естігені-ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің  ең  үлкені,  демек  жақсылыққа  ұмтылып, 

жағымды  істермен  айналысатын  адамның  айналасындағыларға  көрсетер  мен  берер 

тәлімі мол болмақ.. Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, 

тәрбиешілерден  насихат  жолымен  емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында  ғана 

алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы 

бағытта  жүзеге  асады,  сөйтіп  оның  өзі-өзі  тануына,  өзіндік  бағдарын  анықтауына 

мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің 

түп  негізі  отбасында  қалыптасатыны  белгілі.  Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен 

ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін 

көрсететін  балаларды  еңбек  сүйгіштікке  тәрбиелеу  басты  міндет  болып  табылады. 

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен 

мәдениетіне,  салт-дәстүріне  құрметпен  қарайтын  нағыз  мәдениетті  азамат 

қалыптасады.  Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттық  дәстүрге 

айналған.  Отбасында,  балабақшада  ,  қоғамдық  орындарда  үлкенді  сыйлау 

дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- 

тәрбиелік 

мұрасына 

үңілсек, 

ол 


адамгершілікті, 

қайрымдылықты,  мейірбандықты  дәріптейді.  Ата-бабаларымыздың  баланы  бесігінен 

жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді  сыйла»,  «Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген 

секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор.  Адамгершілікті,  ар-ұяты  бар  адамның  бет-

бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман 

жүзді  кісі»  деп  құрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды  имандылыққа  тәрбиелеу  үшін 

олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік, 

қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы 

үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу 

адамгершілік  тәрбиесінің  жемісі.  Балаларды  адамгершіліке  тәрбиелеуде  ұлттық 

педагогика 

қашанда 


халық 

тәрбиесін 

үлгі 

ұстайды. 



Ал, 

адамгершілік 

тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді 

балаға  жасынан  бойына  сіңіре  білсек,  адамгершілік  қасиеттердің  берік  ірге  тасын 

қалағанымыз.  Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-

қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат  тұтса,  ұстаздың,  ата-



 

467 


 

ананың  да  болашағы  зор  болмақ.  «Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  —  депті  

Ақан  сері.  Олар:  жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым  һәм  ешкімнен  ештеңені 

қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос 

кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны 

қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс-әрекетіне  мақсат 

қоюға,  жоспарлауға,  оны  орындауға,  өзіне-өзі  талап  қоя  білуге  тәрбиелеу  — 

адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы 

мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны 

қалыптастырудың  негізін  қалайды.  «Еліміздің  күші-  патшада,  сәбидің  күші- 

жылауында»  демекші,  біздің  күшіміз,  қорғанышымыз,  сеніміміз-  адамгершілігімізде 

болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс 

болары анық. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет