М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Бекітемін
Физика-математика
факультетінің деканы
_________ Абулкасова Д.Б.
____.____. 20___
Физика-математика факультеті
Математика кафедрасы
6B01502 МАТЕМАТИКА –ФИЗИКА,
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН
ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ
КЕШЕНДІ ЕМТИХАНДАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Орал, 2023 ж.
Дайындағандар:
Математика кафедрасы:
1.Ф.- м.ғ.к., доцент Жумагалиева А.Е.
2. Аға оқытушы, магистр Маутеева С.М.
3. Аға оқытушы Орлова Л.Г.
4.Phd, философия докторы Айтенова Г.М.
5. Оқытушы-магистр Узакбаева Г.А.
Физика кафедрасы:
К.ф.-м.н., профессор Кузьмичева А.Е.
К.п.н., доцент Кусаинов Р.
Ст.преп. Имангалиева Б.С.
Ст.преп. Кадырова Г.М.
Математика -физика білім беру бағдарламасы бойынша қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандарының бағдарламасы математика кафедрасының отырысында қаралды
202__ ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Маутеева С.М.
Физика-математика факультетінің академиялық кеңесінің отырысында қаралды
202__ ж. № хаттама
АК төрағасы______________ А.У. Искалиева
Келісілді:
Жұмыс беруші: ___________ _______________________
МО (қолы) (Аты-жөні)
Мазмұны
Түсінік хат……………………………………………………………………….4
Кешенді емтихандардың мазмұны ……….....................………………………5
Бағалау критерилері…………………………………………………………… 23
Ұсынылатын әдебиеттер ………………………………………………………25
Түсінік хат
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандарының бағдарламасы:
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III "білім туралы" Заңымен;
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына" 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 18.05.2020 жылғы № 207 бұйрық;
3. "Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен", "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен " 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрық; өзгерістер мен толықтырулармен 05.05.2020 жылғы № 182 бұйрық;
4. ҚР Білім және ғылым министрінің 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген "Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен", 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
5. Академиялық саясатымен28 қыркүйек 2020 ж.;
6. "БҚУ білім алушыларының үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларымен.11 Қыркүйек 2020 ж.
сәйкес жасақталды.
Қорытынды аттестаттаудың мақсаты – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптары деңгейінде кәсіптік міндеттерді орындауға оның еңбек нарығындағы тұрақтылығына және білім беру саласында үздіксіз білім алуға ықпал ететін бітірушінің теориялық және практикалық дайындық деңгейін анықтау.
Міндеттері:
ББ талаптарында қарастырылған кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейін бағалау;
бітірушінің кәсіби қызметін жүргізуге теориялық дайындығын анықтау және бағалау;
бітірушінің тәжірибелік дағдыларын, таңдаған кәсіптік саласында оның білімінің тереңдігін анықтау;
қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы шешім қабылдау және білімі туралы құжатты беру.
Кешенді емтихандар бағдарламасы жоғары оқу орнының БЖ сәйкес еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кіріктірілген білім мен негізгі құзыреттерді көрсетеді. Әр түлек бакалавриат бағдарламасын сәтті аяқтағанын растау үшін екі кешенді емтихан тапсыруы керек.
Кешенді емтихандар бағдарламасы жоғары білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес еңбек нарығының талаптарына жауап беретін интеграцияланған білім мен негізгі құзыреттіліктерді көрсетеді
1. Кешенді емтихан:
1) Математикалық талдау, Аналитикалық геометрия, Алгебра және сандар теориясы, Дифференциалдық теңдеулер
2) Механика,молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросының физикасы, астрономия
3) Есептер:
а) Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика
ә) Физика есептерде
2. Кешенді емтихан:
1) Математиканы оқыту әдістемесі
2) Физиканы оқыту әдістемесі
3) Жаңартылған білімнің теориясы мен технологиясы
Кешенді емтихан 1 нәтижесінде емтихан алушының меңгеруі тиіс
болашақ мамандарды ғылыми оқытудың фундаменттілігін қамтамасыз ету;
компьютерлік техниканы міндетті және кеңінен қолдану;
зерттеудің физикалық және математикалық әдістерін меңгеруі;
математика саласындағы, сонымен қатар педагогикалық актуалды мәселелерді шешу.
Кешенді емтихан 2 нәтижесінде емтихан алушының меңгеруі тиіс
оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын және тестілеуді қолдану; білікті жаңашыл-мұғалімдердің шығармашылық әдістемелік тәжірибелерін зерттеу; математика және физика пәндері бойынша жаңа конференциялармен, стандарттармен, бағдарламалармен және оқу-әдістемелік оқулықтармен танысу;
болашақ мамандардың өзіндік теориялық және тәжірибелік білімдердің үздіксіз өз бетімен толықтыру.
Кешенді емтихандар алдында білім алушыларға қорытынды аттестаттау бағдарламасына енгізілген мәселелер бойынша консультация беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |