Екінші болма


Біз  көбінде  Алланың  берген  мүмкіндіктерін  дұрыс  бағаламаймыз



Pdf көрінісі
бет77/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127
Біз  көбінде  Алланың  берген  мүмкіндіктерін  дұрыс  бағаламаймыз.
Оның  сыйлығының  бірі  –  бізге  жіберетін,  адамдары  болуы  мүмкін.
Кейбір  адамдармен  тиісінше  қарым-қатынас  ұстай  алмадық,  соның
кесірінен,  мүмкін,  қазір  қиналып  жүрген  шығармыз?  Құдай  бізге
өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы.


Сол  мүмкіндікті  жіберіп  алмаудың  жалғыз  жолы  –  адамдарға  зейін
қою.  Əр  кездескен  адам  біздің  өмірлік  жолдасымыз  болмайды.  Бірақ  бұл
кездескен  адамды  «бір  күндік  таныс»  деп  назарсыз  қалдыру  керек  дегенді
білдірмесе  керек.  Өмір  бір  кездестірген  адаммен  жолыңды  тағы  да
түйістіреді.  Сол  кезде  оған  көңіл  қойғаның  қаншалықты  дұрыс  болғанын
түсінесің.
Егер  берілген  мүмкіндіктерді  дұрыс  пайдалансаң,  сенің  əр  танысың
керек  адамға  айналады.  «Алты  алақан  теориясы»  («Теория  шести
рукопожатий») деген теорияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі əр адам
бірімен-бірі  таныс  болып  шығады.  Ешқашан  мəн  бермеген  əріптесің,
танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен таныстыруы мүмкін.
Бұл  орайда  Билл  Клинтонның  əдісі  назар  аударарлық.  Оксфордта
студент  кезінде  ол  университетті  бітіріп  жатқан  Джефри  Стэмпспен
танысады. «Джеф, мұнда немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк
колледжінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қандай мамандықта?
Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ үстіне сұрақ жаудырады жəне жауапты
жазып қояды.
«Неге  оның  бəрін  жазып  жатырсың?»,  –  деп  сұраған  жаңа  танысына
болашақ
президент:
«Арканзастың
губернаторы
болғалы
жүрмін.
Сондықтан  өзім  танысқан  адамдардың  бəрі  туралы  ақпаратты  тізіп
жүрмін», – деген екен.
Жүйе  деген  керемет  нəрсе.  Өміріңнің  барлық  саласына  қатысты
болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер жасап отыру аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет