Кіріспе зерттеудің қысқaшa сипaттaмaсы



бет8/36
Дата07.12.2022
өлшемі307,95 Kb.
#55700
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Əлеуметтік геронтология – бұл егде жəне қарт адамдардың əлеуметтік-демографиялық, əлеуметтік-этникалық, əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-психологиялық, жəне əлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу мен зерттеумен айналысатын ғылым.
Әлеуметтік геронтологияның төрт бағыты қалыптасқан:

  1. Кәріліктің адамға, құндылықтардың өзгеруіне, қажеттіліктеріне, қарттық кезіндегі мінез-құлық мен өмір салтына әсерін зерттеу.

  2. Қарт адамның топтағы жағдайын, отбасындағы, ұжымдағы, достарымен қарым-қатынасын зерттеу, сонымен қатар қарт адамдардан тұратын топтардың ерекшеліктерін зерттеу.

  3. Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу. Егде жастағы адамдар белгілі бір демографиялық қауымдастық ретінде қарастырылады және ол (қауымдастық) әлеуметтік үдерістерге әсер етеді.

  4. Әр түрлі медициналық препараттарды әртүрлі жастағы топтардағы ағзаның белгілі бір функцияларына әсерін зерттеу, бұл көптеген маңызды факторларға сүйене отырып, егде жастағы адамдарға медициналық препараттарды тағайындауға мүмкіндік береді [21].

Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр.Адамның қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген.Қазіргі уақытқа дейін қартаю ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі деген сөздерді де білдіреді.
Қартаю кезеңі «кеш естиярлық», «қарттық жас» деген анықтамалар кездеседі. «Демографиялық-энциклопедиялық» сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар келтіріледі.Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық және әлеуметтік ұғым. Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып, өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика, психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар жасады.
Aдaмның өмipiндe, aйнaлaдaғы шындықты тaну үpдiciндe әлeумeттiк cтepeoтиптep epeкшe pөл aтқapaды. Липмaнның aйтуыншa, oлap aдaмның пoзицияcының, құндылық жүйeлepiнiң қopғaу мeхaнизмi жәнe күpдeлi әлeумeттiк жaғдaйлapды қaбылдaуғa көмeктeceдi. Типтiк cхeмaлapды пaйдaлaну уaқыттың жeтicпeушiлiгiмeн бepiлгeн жaғдaйдaғы мiнeз-құлық нұcқacын тaңдaғaндa қaтeлiк ықтимaлдығын aзaйтуғa мүмкiндiк бepeдi. Eгдe жacтaғы aдaмдapдың әлeумeттiк-дeмoгpaфиялық тoбы қaзipгi зaмaнғы қoғaмдaғы eң cтepeoтиптepдiң бipi бoлып тaбылaды. Кeйбip зepттeушiлep (Н.Луцкий, Т.Бpубaкep) eгдe жacтaғы aдaмдap туpaлы әлeумeттiк cтepeoтиптepдiң пoзитивтi жәнe тepic пaйымдaулapдың өзapa бaйлaныcы eкeнiн aйтaды, oлapдың үлeci бapлық жac тoптapы үшiн бipдeй.
Aлaйдa, гepoнтoлoгиялық әлeумeттiк cтepeoтиптepдi зepттeйтiн ғaлымдapдың көпшiлiгi бacқaшa пiкipдe.Мәceлeн, М.Кepмиc, Бoдpиллapд, М.Элутин жәнe т.б. Зepттeу нәтижeлepi бoйыншa қaзipгi зaмaнғы мәдeниeттeeгдe жacтaғы aдaмдap туpaлы тepic cтepeoтиптep бacым. Мeдицинaлық көзқapacтың кeң тapaлуы қapтaю үдepiciнe пaтoгeндiккөзқapacты тудыpды, гepoнтoлoгиялық мәceлeлepдi гepиaтpлы caнaтқa aудapaды [22].
Көптеген зерттеулерде адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды. Б.Г. Аканев жетекшілігінде ғалымдар егде адамдардың психоэволюциясына зерттеу жүргізген. Е.С Авербух өзінің жұмысында егде жаста адамдардың бойында белсенділік төмендейтіндігін, психикалық процестер баяулайтындығын, хал-жағдайы нашарлайтындығын жазады. Қартаю процесінде құбылыстар мен оқиғаларға деген көзқарасы, мүдделердің бағытталуы өзгереді. Көп жағдайларда мүдделер аясы тарылады, күңкілдеу, айналасындағыларға наразылық көбейеді. Сонымен қатар, өткен уақытты идеалдандыру, еске түсіруге деген бетбұрыс байқалады. Қарт адамның бойында өзін-өзі бағалау жиі төмендейді, өзіне-өзі наразы болу, өзіне деген сенімсіздік арта түседі. Атап өтілген өзгерістер қарттық жастағы барлық адамдарға бірдей дәрежеде тән емес. Көптеген адамдардың егде жасқа дейін өздерінің жеке бас ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін сақтайтындығы жалпыға мәлім. Барлық ұсақ-түйек, маңызы жоқ нәрселердің барлығы жоғалады да, әйгілі «рухани жаймашуақтық» басталады, олар дана бола бастайды. Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік процестерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде мына жағдайда өтеді – организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда; социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде; психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған үйрене бастайды. Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі. Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық құрылымы өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінезқұлық өзгерісінен байқалады [23].
Геронтологияның, қазіргі ұғымы ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Геронтологияның тапсырмаларының бірі – орта әсеріне, өмір салтына, еңбегіне, әлеуметтік қатынастарына және өзара қарым-қатынасына байланысты қартаюдың ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Қазіргі кезде геронтологияны қарт адамдар ауруын зерттейтін медицина облысы, әлеуметтік геронтология, яғни оның өмір салты мен ұзақтығын зерттейтін геронтология бөлімі бөліп қарайды. Жас ерекшелік психологиясы мәселесі бойынша әдебиеттерге талдау қартаю ұғымының анықтамасы «мәңгі мәселе» қатарына қосты. Қазір қартаюды қалай түсіну, оның алғашқы белгілері қандай, қартаю жасы дегеніміз не? Және оның шекаралары қандай? деген сұрақтарға пікірталастар жүргізілуде. Анықтамаға қиындық тудыратын қартаю – ұзақ, жастық процесс және оның орта жас пен аралығында шекара болмайды. Жалпы алғанда қартаю – жеке процесс, кей адамдарда ол ерте басталады, ал кейбіреулерінде кеш басталады. Қоғамның әртүрлі тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мә-дениеттерінде қартаю мынадай жолмен анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М. Рубнер – 50 жас қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған. Ю.Б. Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде жас – 50-65; қарттық жас – 65-тен жоғары. Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған: – егде жас еркектер үшін 60-74, әйелдер үшін 55-74 жас. – қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас. – ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары жас [24].
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамның қартаюына қатысты біршама теоретикалық көзқарастар қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет