Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет19/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
Сарган тәрiздiлер (саргонобразные) отряды. Бұлар көбiнесе теңiздерде болатын балықтар. Олардың iшiнде айрықша ерекшелiгi бар түрi – ұзын қанаттылар. Бұлардың көкiрек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемiмен, судан секiрiп шығып қалықтап ұшып, 150-200 метрдей жерге барады. Олар көбiнесе тропиктiк теңiздерге көп тараған. Бiзде Владивосток маңайында кездеседi.
Шаншар балықтылар отряды. Солтүстiк жарты шардағы тұзды және тұщы суларды мекен ететiн ұсақ балықтар. Бұлардың арқа қанаттарының алдыңғы бөлiмi мен қанаттары шаншар сияқты болады. Қабыршақтары сүйектi.Ұрғашысы шөптен ұя жасап, 100 шақты уылдырық шашады. Шаншарларды Балтық, Баренцово, Азов, Каспий теңiздерiнен кездестiруге болады.
Треска тәрiздiлер (трескообразные) отряды. Бұларға кәсiптiк маңызы зор балықтар жатады. Әдетте iрi, қанат қауырсындары жұмсақ болатын балықтар. Олар, қоңыржай және Арктика Теңiздерiне тараған, тек қана налим деген түрi тұщы суда кездеседi. Көптеген түрлерi теңiздiң өзен сағасына жақын жерлерiне және өзендерге шығады, ондай түрлерiне навага, сайка, полярлық треска т.б. жатады. Көбiнесе су түбiнде тiршiлiк етедi.
Треска өзiнiң кәсiптiк маңызы жөнiнен дүние жүзiнде майшабақтардан кейiнгi орынды алады. Етiн пайдаланумен қатар бауырынан емдiк қасиетi бар “балық майлары” жасалады. Балтық, Баренцово, Ақ теңiзде және Қиыр Шығыстың солтүстiк теңiздерiнде таралған. Өкiлдерi: налим, треска, пикша, саида, сайка, навага.
Алабұғалар тәрiздiлер (окунеобразные) отряды. Сүйектi балықтардың iшiндегi ең үлкен отряд. Олардың ғылымға шамамен 6000 түрi белгiлi. Бұлардың қанаттарының бөлiктерi жеке-жеке ажыратылмай үшкiр тiкен сияқты болып келедi. Бүкiл дүние жүзi суларында таралған. Кейбiр түрлерi өмiр бойы өзендерде, ал екiншi бiреулерi теңiздерде тағы бiр түрлерi өзендерден теңiздерге өрiстеп шығатын жартылай сантиметрден 4-5 метрге дейiн, ал салмағы 10-12 кг болатын кәсiптiк балықтар. Тұщы суларда ала бұға, көксерке(судак) және басқалар, теңiздерде ставрида, скумбрия, тунецтер т.б. ауланады. Қазақстан қызыл кiтабына Балқаш алабұғасы енген.
Камбала тәрiздiлер отряды. Камбала тәрiздiлердiң денесi екi бүйiрiнен қысыңқы келген жыртқыш балықтар. Торсылдағы болмайды. Су түбiнде тiршiлiк ететiндiктен бiр бүйiрiмен жайлап жүзедi. Денесiнiң ұзындығы 30-40 см-ден 5м-ге дейiн болады. Уылдырықтарын (бiрнеше миллион) жағалауға шашады, өсiмтал балық. Кейбiр түрлерiнiң кәсiптiк аулау маңызы бар.
Жайын тәрiздiлер (сомообразные)отряды. Бұл отрядтың өкiлдерi жылы, тұщы суларды мекендейдi. Денесi жалаңаш, аузының айналасында бiрнеше жұп мұртшалары бар. Дене пiшiнi 2см-ден бiрнше метрге дейiн болады. Көпшiлiгi жыртқыш. Бiзге белгiлiсi европалық жайын, оның денесiнiң ұзындығы 5м-де, салмағы 90-300 кг дейiн жетедi.
Ескекқанатты балықтар класс тармағы – Sarcopterygii
Отряд үстi қостыныстылар – Dipneustomorpha
Отряд үстi саусақ қанаттылар - Grossopterygii




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет