Лекциялардың тезистері



жүктеу 0.79 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата22.12.2016
өлшемі0.79 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ш.А.Амонавили  «  Біз  жайдары  да  жайсаң  болуып  баланы  өз  болмысында 

сүйе білуіміз керек « дейді. Оқушы мұғалімнің сөзінен, қарым-қатынасынан, 

іс-әрекетінен  өзін  түсінетінін,  бағалайтынын  сезінуді  қажет  етеді.  Сонымен 

қатар оқушыны эмпатикалық түсініп, сенімділік көсету өте маңызды. 

Эмпатикалық түсіну бағалап түсінудей емес( оқушыны жылдар бойғы 

қабілетінің көрсеткіштеріне қарап) оқушының қарым- қатынас кезіндегі жан-

дүниесімен  санаса  отырып  қабылдауы.Мұғалімнің  болмысы,  қуанышы  мен 

қайғысы, қызығушылығы мен табысы бүркемесіз болып, сенім білдіре бөлісе 

алуы    баланың  бойына  құнды  қасиеттерді  сіңіруге  негіз  бола  алады. 

Т.И.Ганчаров» Нағыз сабақ- сабаққа қатысқандардың (оқытушы мен оқушы) 

диалогі  деп  түсіндіреді.  Оқушының  танымын,  белсенділігін  арттыру 

барысында В.А.Петровский мынадай қағидаларды  ұсынады: 

Оқытуды түрлендіру, ой еңбегінің синтезі, іс-әрекеті, озық бастама 

-

 



оқытуды  түрлендіруде  мұғалім  оқушының  қабылдауына,  іс-әрекетің 

ерекшелігіне,  белсенділігіне  байланысты  оқытудың  тәсілдерін  таңдап  алуы 

жатады. 

-

 



Ой  еңбегінің  синтезін,  іс-әрекетін  дамытуда  оқыту  технологиясының 

танымдық  іс-әрекеттің  бірлестігі,  өмірді  сезіну,  сезіну  арқылы  қабылдау 



 

18 


әдістерін  қолдана  отырып  жүргізеді.Мұнда  танымның,  эмоцияның,  іс-

әрекеттің үйлесімділігі талап етіледі. 

-

 

Озық  бастамада  оқшының  жанына  жақын,  қызығушылықпен 



қабылдайтын іспен айналыстыруын қарастырады. 

дәстүрлі  сабақтардан  өзгеше  құрылған  оқыту  формасында  оқушылардың 

теориялық  ойлау  қабілеті  жоғарылайды.  Баланың  байқампаздығы,  есте 

сақтау  қабілеттері  жақсы  дамиды.  Оқытуда  тек  фактілермен  таныстырып 

қоймай, тақырыптың неге оқу объектісі болуында байланыстыра кетеді. В. В. 

Давыдов  пен  Д.  Б.  Эль-конин  оқу  үрдісіндегі  оқу  пәнінің  мазмүны  мен 

логикалық  байланыстыра  отырып  оқушыларды  оқытудың  әдістемесінде 

эмперикалық ойлау өте маңызды екенін айтады.  Оқушының тәжірибедегі іс-

әрекетінің  теориялық  ойлауына  байланысты  деп  қорытындылай  келе  мына 

жүйені үсынады.  



  

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1.

 

Жаңашыл мұғалімдердің эксперименттік іс-әрекеті.  



2.

 

Білім беру мен оқыту диференциясы.  



3.

 

В.В.Давыдов,  Д.Б.Эльконин,  Л.В.  Занковтың    дамыта  оқыту 



тұжырымдамасы.  

4.Ш.А.Амоношвилидің ғылыми – теориялық және әдістемелік ізденісі 

 5.Е.И.Ильиннің  ғылыми – теориялық және әдістемелік ізденісі 

 

Әдебиеттер::  

1.  Очерки  истории  школы  и  педагогической  мысли  народов  СССР         

М.1985 

2..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 

2008. 

  

9. ХҮІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы мектеп 

пен педагогикалық ой. 

Жоспар: 

1. Қазақ жеріндегі кадими мектептері 

2. Қазақ жеріндегі жәдид мектептері 

3. Қазақ жеріндегі орыс мектептері 

4. Жәңгір мектебі 

Негізгі  ұғымдар:  оқыту,  тәрбиелеу,  білім  алу,  сауатын  ашу,  кәсіп 

қылу, ғылым іздеу, еңбектену, өнер үйрену. 

 

Өзінің  саяси-экономикалық  жағынан  тәуелсiздiгiн  жоғалтып,  Ресей 



империясының отарына айналган соң Қазақстанда оқу тәрбие  ұйымдарының  

негiзiнен,  eкi  түрлi  жүйесi  қалыптасқан.  Оның  бiрi  ерте  заманнан  берi  өмip 

сүрiп келе жатқан мұсылманның конфессиондық дiни мектептерi, ал екiншiсi 

– патша өкіметі қазақ  балаларына арнап ұйымдастырған орысша оқытатын 

мектептерi болатын.  

Мектептердiң бұл eкi жүйесi мен түрлерiнiң алдына қойған мақсаттары 



 

19 


мен  мiндеттерi,  бағдарламалың  материалдарының  ғылыми-практикалық 

деңгейi, сабақтарының түрлерi мен мазмұндары, шәкiрттердi оқыту әдicтерi 

мен  қолданатын  көрнекi  құралдары,  мектеп  үйлерi  мен  жабдықталуы, 

оқулықтары мен кемекшi кұралдары, ұстаздарының бiлiм дәрежелерi, дүние 

танымдары  мен  көзқарастары  бiр-бiрiнен  түгелдей  өзгеше  болатын.  Себебi, 

орта  ғасырларда  қалыптасқан  о  дүниелiк  танымдарды  уағыздайтын  дiни 

мектептер  мен  осы  дүниелiк  өмip  қажетiн  етеуге  арналған  деректердi 

оқытатын  орыс  мектептерi,  бiр-бiрiнен  тым  алшақ,  әpi  бiр-бiрiне  барынша 

жат  оқу-тәрбие  жүйелерi  едi.  Оның  үстіне  патша  өкіметі  оларды  әдейi 

шағыстырып  отырды.  Сондықтан,  олар  бiрiгiп,  бiр  бағытта  оқу-тәрбие 

жұмыстарын жүргiзе  алмады.  Бiрi  жастарды  Шығыс халықтарының  мәдени 

және  рухани  мұраларының  табыстары  мен  таныстырса,  екiншiсi  -  батыс 

халықтарының, оның iшiнде орыс мәдениетi мен ғылымының табыстарымен 

таныстырып,  тәрбиеледi.  Мұсылман  мектептерiнде,  негiзiнен,  дiндар 

адамдардың  балалары  бiлiм  алса,  орыс  мектептерiнде  қазақ    қауымының 

қызметке араласып жүрген атқа мінерлерінің балалары оқыды.  

Шығыс  елдерiнде  дiн  тұтастығы  тiлiмiзбен  әдеп-ғұрыптарымыздың 

жақындығының  арқасында  қазақ  жастары  онша  көп  қиындық  көрмедi. 

Өйткенi, ислам дiнi мұсылмандары ұлтының, нәсілінің, тiлiнiң бөлшектiгiне 

қармастан  бiр-бiрiне  қайырымдылық,  iзгiлiк,  бiрадарлық  ниет,  iлтипат, 

кемек керсетуге дәйектiлiкпен шақырып отырды, достық рухта  тәрбиеледi.  

Ал,  батыс  елдерiнде  оқу  iздеп  барған  қазақ  жастары  көптеген  

қиыншылықтарға  душар  болатын.  Мәселен,  Ресейге  барғандар  үшiн  орыс 

тiлiн  нашар  бiлуi,  ол  елдегi  дiн  мен  әдет-ғұрыптардың  жаттығы,  оған 

қосымша патша өкіметінің азиялықтарға деген ұлы державалық отаршылдық, 

менсiнбей  кемiсітушiлік  саясатының  орыс  халқының  санасын  уландыруы, 

әcipece  елдiн,  кейбiр  топтарының  қанына  сiңген  маскүнемдiк  соның 

нәтижесiнде  кейде  көшеде  бiрiне-бiрi  өрескел  әдепсiз  сөздер  айтып, 

балағаттау  сияқты  келеңсiз  ic-әрекеттердi  көргенде,  iшкiлiк  iштейтiн 

елдерден  барған  мұсылман  шәкiрттерiнiң  тынымы  кетiп,  күн  көpici 

қиындайтын  осы  қиындықтарға  төзген  жiгерлi  жастар  ғана,  оқуын  бiтiрiп 

елге  оралатын.  Орыс  тiлi  мемлекеттiк  тiл  болгандықтан,  оны  меңгеру 

жолындағы  әртүрлi  ауыртпалықтарға  қарамастан  орысша  бiлiм  алуға 

құмартақан жастар қазақ арсында сол кездiң өзiнде-ақ көп болды.  

 

Жәңгiр хан мектебiнде  оқытылған пәндер: татар, араб, орыс тiлi, 



арифметикалық  алғашқы  ережелерi  жазу,  сызу,  тарих,  географияның 

қысқаша жинағы, алғашқы дәрiгерлiк көмектің ережелерi. Осы пәндерге қoca 

негiзгi пән - мұсылмандық имандылық сабағы жүргiзiлген. Хан кейiн ұттық  

мектептi училище деп атап, бiлiм саласы үшiн  арнайы ғибрат үй салған және 

мұғалiмдердi  байқау    (қазiрше  айтсақ  конкурс)  арқылы    тандап  алатын 

әдiстемелiк орталыққа айналдырған.  

Мектептегi  бiтiрген  оқушылар  Орынбордағы  Неплюев  кадет 

корпусында одан әрі оқуын жалғастырған.  

Жәңгiр  хан  ашқан  «ұлттық  мектеп»  кейiнен  дами  келе  «Жәңгiр 

училищесi» деп аталып, әpi қарай өз жалғасын тапты. Жәңгiр ханның  бiлiм 



 

20 


саласындағы  саясаты  ғана  қазақ  халқының  оқуға  деген  сана-сезiмiн  оятты. 

Қазaқ балаларының бiлiмге деген ынтасын арттырды. Бұл орыстың  рухына 

мәдениетiне  деген  ұмтылыс  емес  екенін  түсінген  жөн.Қазақ  балаларының, 

ойлары  жаңа  үлгiдегi  оқу  тәрбие  алу  болды.  Қазақ  балаларының  сол 

ұмтылыстарын  іске  асыруда  Жәңгiр  xaн  ашқан  мектеп  сол  кезеңдегi 

мүмкiндiктердi пайдалана бiлдi.  



 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1. Қазақ жеріндегі кадими мектептері 

2. Қазақ жеріндегі жәдид мектептері 

3. Қазақ жеріндегі орыс мектептері 

4. Жәңгір мектебі 

 

Әдебиеттер: 

1. Ә.Омаров Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты. Алматы. 

 2..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » 



, 2008. 

 

10.  ХІХ  ғасырдың  жартысы  мен  ХХ  ғ.  Басындағы  Қазақстандағы 



мектеп пен педагогикалық ой. 

Жоспар:  

1.

 



Ы.Алтынсаринның педагогикалық көзқарасы. 

2.

 



А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы 

3.

 



Ш.Құдайбердиевтің ағартушылық ойлары 

 

Негізгі  ұғымдар:  оқыту,  тәрбиелеу,  білім  алу,  сауатын  ашу,  кәсіп 

қылу, ғылым іздеу, еңбектену, өнер үйрену. 

1864 жылы 8 қаңтарда Ы.Алтынсариннің қазақ- орыс мектебi ашылды. 

Оған  14  қазақ  баласы  қабылданды.  Осыған  көңiлi  толып  қаңағат  сезiм 

билеген  ол  16  наурызда  1864  жылы:  «Meнің  үнемі  ұмтылған    тілегім  – 

қалайда  пайдалы  адам  болып  шығу  едi.  Ал,  қазiр  осыған  толық    жетiп 

отырганын  ойласам,  көңiлiм  толық  жұбаныш  табады»  -деп  мacaттана  жазу 

ұлы ұстаздың ұлы бастамасы осылай басталған едi.  

Ыбырай  бабамазыдың  тiкелей  араласуымен  немесе  басқаруымен  сол 

кездегi  Торғай,  Ырғыз  Қостанай  өңiрлерiнде  орталықтандырылған  қазақ 

балаларына арналған 4 кластық қазақ орыс училищесi 5 бастауыш болыстық 

мектеп, ауыл шаруашылық кәсiби училищесi ашылды.  

 

Ыбырай қазақ – орыс мектебiнде  мынандай пәндер оқытылды:  



1.

 

жаратылыстану пәндерi  



2.

 

сызу  



3.

 

тарих  



4.

 

орыс тiлi грамматикасы  



Төңкеріске  дейінгі  Ресей  оқу-ағарту  жөнінен  Европадағы  ең  соңғы 

орындардың  бірін  алатын.  Көптеген  балалар  мен  жасөспірімдер  мектепке 



 

21 


барған  жоқ.  Әсіресе  сауатсыздық  проценті  деревняда  жоғары  болды.  1897 

жылғы  санақ  бойынша  ауылдық  жерлерде  сауатсыздық  72,2  процент,  ал 

шаруа  әйелдері  арасында 87,5  процент  болды.  Ал  сауатты  деген  әйелдердің 

өздері  де  бар-жоғы  қол  қоя  білетін  немесе  бастауыш  екі-үш  сыныптары 

көлемінде ғана сауатты болатын. 

Дегенмен,  ұлттық  шеткері  аймақтарда  әйелдердің  білім  алуы  бұдан  да 

нашар  еді.  Қазақстанда  қыздар  оқу  мүмкіндігінен  айырылған-тұғын.

 

Қазақстанда  әйелдерге  арнайы  білім  беру  жөнінде  тұңғыш



 

рет  қазақтың 

көрнекті  ағартушысы  Ыбырай  Алтынсарин  мәселе  көтерді.  Оның  ойы 

әйелдер мәселесі бойынша сол кезде жеке-дара болатын. Ағартушы ақыл мен 

білімпаздықты сыйлаған қазақ әйелі қоғамда лайықты орнын алуға тиіс деп 

есептеді.  Ы.Алтынсариннің  табанды  еңбектенуі  арқасында  1887  жылы 

Ырғызда өлкеде тұңғыш әйелдер училищесі, 1888 жылы оның жанынан қазақ 

қыздарына арналған интернат ашылды. 

Ыбырай  Алтынсариннің  пікірінше  қазақ  қыздарын  бастапқы  кезде 

мектепке әйелдік қолөнерді үйренуге қабылдауға болады. Мысалы, киім тігу 

мен  пішу,  шәлі  тоқу,  жүннен  арқан  есу,  алаша  тоқу,  киіз  басу  сияқты 

қазақтың  тұрмысындағы  үйреншікті  үрдісті  үйренеді.  Осылай  оқыту,  деп 

есептеді  Ы.  Алтынсарин  өзінің  тура  мақсатымен  қоса,  қазақ  қыздарының 

біртіндеп орысша сауатын ашуға мүмкіндік

 

береді. 


А.Құнанбаев  өзінің  қара  сөздерінде,  поэмаларында  және  өлеңдерінде 

жастарды тәрбиелеуге көп тоқталды. Қарасөздері өлеңдерін толықтырып жан 

беріп  отырды.  Абайдын  Ескендір  поэмасы  адамгершілікті  сипаттап  жазса, 

ғылым  туралы  “Ғылым  таппай  мақтанба”,  “Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім” және т.б. өлеңдері ғылымға, білімге, жастарды шақыруда болды.  

       Шәкәрім  құдайбердиев  педагогикалық  көзқарастары  .  ХІХ  ғасырдың 

екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегінде  қазақтың  қоғамдық, 

әлеуметтік,  рухани,  мәдени,  әдеби  өміріне  белсене  араласып,  гуманистік, 

адамгершілік,  демокрттық,  ағартушылық  идеяларды  уағыздаған  Абайдың 

реалистік  дәстүрін  жалғастырып,  артына  мол  мәдени  мұра  қалдырған 

Шәкәрім  Құдайбердиев  ақын,  жазушы,  аудармашы,  философ,  шежіреші,  өз 

бетімен ғылыми-білім билігіне жоғары көтерілген әмбебап ғұлама еді.  

Сол  кездегі  қазақ  қоғамы  дамуының  ішкі  заңдылықтарына  қарай 

әлеуметтік,  экономикалық  қайшылық,  қақтығыстар,  күрес-тартыстар 

шиеленісте,  қазақ  даласында  қалыптасқан  қоғамдық  ой-сана  тынымсыз 

ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім 

әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық 

дәстүрін әрмен қарай жалғастырды.  

Ахмет  Байтұрсынов  –  қазақ халқының белгілі  қоғам  қайраткері,  ғұлама 

түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог.  

А.Байтұрсыновтың  алғаш  ағартушылық  ой-пікірлері  сонау  1913-1917 

жылдары  Орынборда  шыққан  «Қазақ»  газетінде  (Байтұрсынов  5  жыл  бойы 

осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын 

көріне бастайды.  

А.Байтұрсынов    -  қазақ  балаларының  ана  тілінде  сауат  ашуына  да  көп 


 

22 


күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол  – 

қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды.  

Қазақ  халқының  абзал  ұлдарының  бірі,  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі 

демократиялық  бағыттағы  қазақ  зиялыларының  ең  ірі,  ең  беделді 

көшбасшысы А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім-тәрбие 

оқу  ісі  тарихына  сіңірген  орасан  зор  еңбегінің  тарихтан  өшпес  орын 

алатынын  бүгінгі  демократия  мен  әділеттілік  салтанат  құрған  дәуірде  өмір 

шындығы  дәлелдеп  отыр.  Осы  жылдары  Ахмет  Байтұрсыновпен  бірлесіп, 

Міржақып Дулатов «Қазақ газетін» шығаруға ат салысады. 1920 жылдардан 

бастап  жаңа  өкіметке  де  аянбай  қызмет  істейді.  1922-1926  жылдары 

Орынбордағы  қазақтың  ағарту  институтында  оқытушы  болады.  1922  жылы 

екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын қазақ 

кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады.  

   Ж.Аймауытов  өзінің  тәлім-тәрбие  саласындағы  бағыт-бағдарын  1918 

жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық 

«Абай»  атты  журналдың  бас  мақаласынан  аңғартады.  Онда  Аймауытов:  «... 

қазақ  сахарасында  мыңнан  жалғыз  алысып,  жапа  шеккен  ұлы  ағартушы 

Абайдың  көздеген  мақсатты  халқын  өнер-білімге,  оқуға,  отырықшылыққа, 

мәдениетті  ел  дәрежесіне  жеткізу  еді»  -  деп  жазады.  Ол  Абай  ұстаған 

ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.  

Ж.Аймауытов  «адам  мінезінің,  ақыл-қайратының  әр  түрлі  болуы 

тәрбиенің  түрлі-түрлі  болуынан...  Адам  баласының  ұрлық  істеуі,  өтірік 

айтуы,  кісі  тонауы,  өлтіруі  сықылды  бұзақылықтарды  жасауы,  тәрбиенің 

жетіспегендігінен»  дейді.  Ол  тәрбиенің  екі  түрлі  болатынын:  дене  тәрбиесі 

және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.  

Аймауытов  балаға  әсер  ететін  нәрсе  медресе  (мектеп)  және  тәрбиеші 

(мұғалім)  деп  санайды.  Ж.аймауытов  өнегелі  үйелменнен  бұзық  мінезді 

баланың  шығуы  немее  тәрбиесі  нашар  отбасынан  да  тәрбиелі,  өнегелі 

баланың  өсуі  мүмкін  дей  келеді  де,  бұл  айтылғандар  өскен  ортаның, 

замандас,  жолдас-жора,  құрбы-құрдастың  ықпалынан,  соларға  еліктеуден 

болатынын дәлелдейді. 

Мағжан  Жұмабаевтың  ақындық  өнерді  өзінің  қысқа  өмірінде  асқан 

шабытпен  жырлап  нағыз  поэзия  биігіне  самғаған,  оның  асқан  асуларынан 

өлшеусіз  нәр  алған  бір  туар  әмбебап  зиялы  қайраткер  болды.  Оның 

қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен 

оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), 

зерттеу еңбектері туды. Мағжан поэзиясы адамның жан дүниесінің қыры мен 

сырына  терең  бойлайтыны,  оның  адамның  жан  сезімін  дөп  басып 

суреттейтіні  көпшілік  оқырманды  сүйсінідіріп  келді.  Мағжан  1922  жылы 

«Педагогика»  атты  (Ташкент,  Орынбор)  ғылыми  еңбек  жазды  Оқу 

құралының  бірінші  бөлімі  педагогиканың  жалпы  мәселелеріне  арналған. 

Оның  пікірінше  тәрбие  саласы  төртке  бөлінеді.  Олар:  дене,  жан,  ақыл 

тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі.  

Жұмабаев  халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан 

өткізіп  қабылдаудың  қажеттігін  ескертеді.  «Талай  нашар,  зиянды  әдеттер 


 

23 


әрбір  ұлт  тәрбиесі  ішінде  толып  жатыр»  -дей  келіп,  автор  тәрбиешінің 

педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.  



 

Педагогика  саласында  халықтық  педагогикамен  қатар  этнопедагогика 

деген атау жиі ұшырасады. Себебі, әр халықтың ғасырлар бойғы қалыптасқан 

ұлттық  тәлім  –  тәрбиесін  жас  буындардың  санасына  сіңіру  проблемасы 

қандай кезеңде болмасын тәрбиенің өзектілігіне айналып отырған. 

Халықтың  әлеуметтік  –  мәдени,  рухани  құндылықтары,  салт  – 

дәстүрлері  мен  әдет  –  ғұрыптары  тұлғаның  имандылық,  еңбек  ете  білу, 

ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптастыруда  маңызды  роль  атқарады.  Қазіргі 

уақытта  ұмытылған  құбылыстарды  жаңғырту,  өмірге  қайта  алып  келу, 

өшкенді 


жандыру 

ұлттық 


мәселеге 

айналуда.Халқымыздың 

бай 

дәстүрлерімен  жас  ұрпақты  тәрбиелеу  тәжірибесі  бар  ғылым  этникалық 



педагогика болып табылады. 

Этнопедагогиканың  алдына  қойған  мақсаты  –  жасөспірімдерді  туған  жерін, 

елін, ұлтын сүюге, еңбек етуге, оны бағалап құрметтеуге, үлкендерді силап, 

кішіге қамқор бола алуына, ұлыс өкілдеріне құрметпен қарауға, ортада адал 

пейілмен  қарым  –  қатынас  жасауға,  табиғатқа  жанашырлықпен  қарауға 

тәрбиелеуде  зор  көмегін  тигізеді.  Оқушының  этномәдени  білімі  мен 

біліктілігін дамытады. 

Қоғамдағы  дамудың  тарихи  кезеңдерінде  халық  педагогикасы, 

этнопедагогика жайлы ұғымды анықтап, ғылыми – педагогикалық пікірлерді 

көптеген  ғалым  –  педагогтар  педагогика  саласында  мұра  етіп  қалдырған. 

Олардың  қатарында  К.Д.Ушинский,  А.С.Макаренко,  Ы.Алтынсарин,  А.Бай-

тұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевты  айтуға  болады.  Ең  алғаш  рет 

‘этнопедагогика ’ терминін қолданған ғалым Г.Н.Волков болатын. 

Этнопедагогика ұғымы – халық тәлім -тәрбиесінің тәжірибесін қортындылап, 

саралайтын  теориялық  ұғымды  білдіреді.  Этнопедагогика  –  бұл  ұлттық 

қазына.  Халықтың  салт  –  дәстүрін,  әдет  –  ғұрпын  зерттеген  ғалымдарға 

келетін болсақ, Х1 ғасырда түркі тілдес халықтардың картасын жасап , тілін, 

әдет  –  ғұрпын  зерттеген  М.  Қашқариді  айтпай  кетуге  болмайды.  Қазақ 

халқының  ағартушылық  саласында  еңбек  еткен  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысында  Шоқан  Уалиханов,  Ыбырай  Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев 

Шәкәрім  Құдайбердиев,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мағжан  Жұмабаев, Міржақып 

Дулатов,  Жүсіпбек  аймауытов.  Бұл  ағартушылардың  еңбектерінде  қазақ 

халқының  әдет  –  ғұрыптары,  салт  –  дәстүрлері,  тілі  мен  мәдениеті  ұлттық 

тәрбиенің құрамына айналған. Ыбырай Алтынсаринның қандай шығармасын 

алсақ  та  ұлттық  нақышты  сезінеміз.  Мысалы:  «  Бай  баласы  мен  жарлы 

баласы»  әңгімесінде  екі  баланың  мінез  –  құлықтарын  сипаттай  отырып, 

халықтың  өмірі,  салт-  дәстүрімен  оқырманды  таныстыра  кетеді.  Жазық 

далада  балалардың  жүрген  соқпақ  жолымен  көш  соңынан  қиялыңды 

жетелейді.  Мағжан  Жұмабаевтың  «Бесік  жыры»,  «Ана»,  «Ата,  бата», 

Бөбектің  тілегі»,  «Ал  ішіңдер,  бұл-  қымыз»  өлеңдері  бүкіл  бір  халықтың 

тұрмысын  анықтағандай  болады.  «Педагогика»  еңбегі  қазақ  халқының 

тұрмысы,  әдет-  ғұрптарының  озығы  мен  тозығын  көз  жүгірте,  айта  келіп 



 

24 


жетілдіру  жолдарының  да  мағлұмат  беріп,  пікірін  білдіреді.  Ахмет 

Байтұрсынов ана тіліміздің емлесін жасаса , Міржақып Дулатовтың артында 

қалдырған  еңбектері  қазақ  елінің  әдет-  ғұрпы,    салт  –  дәстүрі,  жол- 

жоралғысы,  тәлім  тәрбиесі  мен  үлгі  -  өнегесі,  тек  өзіне  ғана  тән  этикалық  , 

эстетикалық ұнамдары мен талғамдарына негіздеген дүние. Мысалы: балаға 

есеп шығарумен қатар, халықтың салт- дәстүрін, әдет – ғұрпын танып, білуге 

үйрететін  «Есеп  құралы»  атты  еңбегі.Соңғы  кезеңде  Қазақстан  ғалымдары 

Құбығыл 


Жарықпаев 

пен 


Серғазы 

Қалиевтың 

бірлесіп 

жазған 


«Национальные  аспекты  обучения  и  воспитания  в  Казахстане»  атты 

еңбегінде қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде мәселелер қарастырылған. Қазақ 

халқының тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікірлер айтылған. 

С.  Ұзақбаева  мен  К.  Қожахметованың  этнопедагогикалық  білім  беру 

мазмұнында:  этнопедагогикалық  білім  беру-  қазіргі  жағдайда  халықтың  аса 

бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен 

дағдыларына  ие  болу  және  халықтың  рухани  мәдениетіне  бағалы  көзқарас 

процессі мен нәтижесі деп көрсетілген. 

Этнопедагогикалық  білім  берудің  мақсаты  –  ұлттық  сана-  сезімді, 

мәдениеті мен дәстүрлеріне көзқарасты қалыптастыру болып табылады.  



Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 

1. Ахмет Байтұрсынов педагогикалық  көзқарастары 

2. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарасы  

3. М.Дулатовтың педагогикалық пікірлері.  

4.М.Жұмабаевтың педагогикалық ойлары.  

5.С.Қалиевтың педагогикалық пікірлері 

6.Егеменді Қазақстанда білім жүйесін қайта құру ерекшеліктері.  

7.. Білім туралы заң және  “Елімай бағдарламасына” сипаттама беріңіз. 

8.Жоғары мектеп және орта білім тұжырымдамалары 

Әдебиеттер 

1.Жарықбаев,  С.  Қалиев.    Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір  антологиясы.  Рауан, 

1994.  

2. . Қ. Жарықбаев, С. Қалиев.  Қазақ  тәлім –тәрбиесі. Алматы. Рауан, 1994    



3. Хрестоматия.  Құрастырған  Алматы. Раубаева  1991 

4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008. 



 

             11. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым 

                                                            Жоспар 

1. Педагогика пәні және оның міндеттері

2.Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. 

3. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны, 

оның басты ерекшеліктері. 

4.Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаты.  

         Негізгі  ұғымдар:  педагогика,  педагогика  пәні,  педагогикалық  жүйе, 

педагогика ғылымы. 

         Педагогика  –  тәрбие  және  білім  берудің  негіздері  туралы  пән.  Осы 


 

25 


саладағы  іс-әрекет  пен  оның  заңдылықтарын  зерттеп,  жүзеге  асыру 

жолдарын  таныстырады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  педагогика  пәні  –  тәрбие 

туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал 

сөзбе  сөз  мәні  «пайдагогос»  -  «бала  жетектеу»  ұғымынан  бастау  алған. 

Кейіннен  «педагогиканың»  мән-мағыналық  ауқымы  кеңейіп  баланың  өсу, 

өркендеу  жолын  түсіндіретін  өнер  ретінде  танылып,  оларды  оқыту, 

тәрбиелеу  арқылы  рухани  жетілуін  білдіретін  және  оған  бағдар  беретін 

ұғымға  ие  болды.  Осы  түсінік  ХХ  ғасырдың  орта  тұсына  дейін  көрсетілген 

шеңберде  шектелсе,  соңғы  жылдар  ішінде  танымдық  деңгейін,  ауқымын 

кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы 

танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.  

       Педагогиканың  ең  басты  міндеті  –  адам  тәрбиелеу  туралы    танымдық 

білім  жүйесінде  қол  жеткен  ұстанымды  ғылыми  тұрғыдан  саралап,  оның 

практикалық  жолдары  туралы  бағдар  нұсқау.  Тәрбие  мәселесі  қай  заманда 

болмасын  күн  тәртібінен  түспейтін  мәңгілік  категория.  Педагогика  пәні  – 

тұлғаның  дамуын  танып,  білуді  қамтамасыз  ететін  тәлім-тәрбиелік  қарым-

қатынасты  білуге,  меңгеруге,  зерттеуге  жол  ашады,  оқыту  мен  білім  беру, 

өзін-өзі  жетілдіріп,  өрістетуге  бағдар  беріп,  бұл  саладағы  тағылымдар  мен 

оның  әдіс-тәсілдерімен  таныстырады.  Білім  берудің  игі  тәжірибелерін, 

теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы 

қарым-қатынаста  белсенділік  танытып,  шығармашылыққа  бейімделуіне  дем 

береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан 

теориялық,  екінші  жағынан  тәжірибемен  қауышатын  практикалық  мәндегі 

пән. 


       Педагогика пәнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема: 

-

 



Тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары және оған 

тәрбиелеу ықпалдарын ұғындыру. 

-

 

Тәрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау. 



-

 

Тәрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру. 



-

 

Тәрбие  әдістерін,  білім  беру  мен  оқытуды  зерттеу  және  оның  тиімді 



тәсілдері мен жолдарын ашу. 

-

 



Оқыту  процесіндегі  заңдылықтар  мен  әдістемелер  және  оған 

қойылатын басты талаптар. 

       Педагогика пәнінің негізі  – тәлім-тәрбиелік іс-әрекет пен педагогикалық 

жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуге бағытталған 

өзара  бір-бірімен  байланысты  әрекет  құралдары  мен  әдістері  және  тиісті 

процестегі  ықпалдастығының  көздеген  мақсатқа  орай  ұйымдастырылуы  – 

педагогикалық  жүйе  болып  табылады.  Педагогика  ғылымында  бір-бірімен 

тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 

1.Оқушылар;  2.Тәлім-тәрбиелік  мақсат;  3.Оқыту;  4.Тәрбиелік  мазмұн; 

5.Дидактикалық  процесс;  6.  Мұғалім.  Педагогикалық  жүйенің  бағдарлық 

негізі  қоғамның  мақсатына,  білім-тәрбие  беретін  мекеменің  мүддесіне, 

оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады. 

      Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен 

ұрпақтардың  жинақтаған  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеру.  Адамзат 



 

26 


қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы  арта 

түседі.  Еңбек  түрінің  жіктелуіне  қарай,  “тәрбиенің”  қызметін  жүзеге 

асырумен    байланысты,  онан  кәсіби  іс-әрекет  бөлініп  шықты.  Өсіп  келе 

жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін 

тәрбиеші, мұғалім керек болды. 

        Педагогика  -  қоғамның  тәрбиелік  қызметін  жүзеге  асыратын  ғылым. 

Демек,  педагогикалық  іс-әрекет,  объективтік  шындықтың  барлық  қырлары, 

педагогиканың обьектісі болады. 

       Педагогика  пәні  –  индивидтің  (биологиялық  жан  иесінің)  өткен 

ұрпақтардың  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеруі,  оқу  және  оқудан  тыс  уақыт 

бірлігіндегі  -  біртұтас  педагогикалық  процесс  болып  табылады.  Ұстаздар 

оқушыларға  әлеуметтік  тәжірибенің  мазмұнын  меңгерту  іс-әрекетін 

ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы - олардың белсенді 

танымдық әрекетпен қарулануына байланысты. 

 


Каталог: images -> faculty -> ped-psychology
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс есептеу техникасының даму тарихы
faculty -> ДӘрістер кешені дәріс №1. Тақырыбы: модель. Модель тҥрлері жэне модель жасау кезеңдері
ped-psychology -> «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Дәрістің мазмұны


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет