Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
(Есік, бесік, тесік)

Тағы бір айта кетерлігі, Сарбиедегі орталау мектебіне 

дейін газетті қолымызға ұстап көре бермейтінбіз. Бай-

ланыс бөлімшесін басқаратын Сламғали балаларға га-

зеттердің қалағанын қолымызды қақпай ұстатады. Газет 

иісі жанымызды тұшытатынын естен шығара алмаспыз. 

Сол ауыр жылдарда елде бас көтерер азаматтың аздығын 

біле ме, қасқыр дегенің топ-тобымен ауыл маңын торуыл-

дайды да жүреді. Бірде Айзада апамыз екеуіміз отын да-

йындап, ат арбамен әкеле жатқанда бес, алты қасқыр тап 

берсін. Ат құйғыта бастады, Айзада «Еркек емессің бе, 

күректі сілтеп арбаға соғып даңғырлат» дегесін күректі 

арбаға олай ұрып, бұлай ұрып ақырында түсіріп алдым. 

Екі көзім қасқырда, зәрем ұшады, аттың жүйріктігінен 

көрініп тұрған ауылға тездетіп жеттік. Қасқыр пәлен 

жерде, жаяулап келе жатқан адамды жепті, малды 

жепті деген сөз естіліп жатады. Ондайда айтқыш Керей: 

«Табиғаттың қасқырын аңшы Сатығали құртар-ау, іштен 

шыққан адамның қасқырының талауынан сақтасын!» 

дейді екен. Тереңнен қозғайтын емеурін ойы еріксіздіктің 

соққысы ауырлығына кінәні алыстан емес, туыс-туғаннан 

екенін меңзеуі еді. Адамдар неғұрлым әлсіреген сайын 

қорқыныш соғұрлым күшейіп, тірлік етудің мақсаты да 

ұмытылатынына жаны күйзелуі болса керек. Бой тасалап 



377

жүрген қасқыр-тобыр тірі жүргенді көпсіне бастағанын 

біледі. Үрей әдісі момындардың соры болғанын түсінсе де, 

Керейлер жалғыз-жарым, тобыр жетерлік, қолдарында 

заң мен билік. Қымс етсең қиып түседі. 

«Жеті атасын білген жетімдік көрмейді» деген сөзді та-

рихта қазақтан басқа кім айтты дейсің. Әлем әдебиетімен 

қатар Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, «Біраз сөз 

қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы», басқа да 

тарихшылардың, ұлы тұлғалардың еңбектерін оқыдық. 

Оны ұрпағымызға үйретуді бірінші міндетіміз санадық, 

Адам өз ақылым жетерлік демей, өзге ойлылардың ақыл-

қазынасымен жетілмесе, жолда қалады. Біреулер «Өз 

ақылым ақыл-ақ, өзгенікі шоқырақ» деп шіренеді, ондай-

лар қу ағашты тіренгендей әсер қалдырады. 

Шәміл көп оқитындығын, ұрпағынаа жан-жақты 

тәрбие беруден жалықпайтынын көрсетті. Оның азамат-

тығы дегенде «Өмір белестері» кітабының беташар 

сөзінде: «Бұл кітап Сыр бойына кеңінен танымал тұлға 

Шәміл Нұрымгерейұлының өткен өмір жолының алуан 

кезеңін қамтиды. Азаматтық тыныс-тіршілігі, ізгілік іс-

тері, қоршаған орта, қоғам жайлы ой-толғамдары нақты 

деректермен баяндалған. Өзінің өскен ортасы, ұла-

ғатты ұстаздары, достары, қызметтестері жайлы тол-

ғана сыр шертеді. Еліміздің жүріп келе жатқан бағыт-

бағдарларына да баға беруге тырысады. Мағанасы мәйекті, 

тәлім-тәрбиелік деректі еңбекті оқырман қауым жақсы 

қабылдары сөзсіз» деп жер-көкке сыйғызбай мақтағанын 

оқығаннан-ақ, бабаларымыз «Жақсы жігіт жүрген жеріне 

кент салады, жаман жігіт өрт салады» дегеннің толық си-

патын көріп қалдық. Сарбие топырағынан қанаттанып, 

алысқа ақ жолға бағыт алған Шәміл Қызылорданың 

құрметтісі болып, өлмейтін ісін қалдырғанына мақтануға 

хақымыз бар. 

Қылбұрау.

Сарбиені еске алғанда, Ойыл өлкесінің самал желін 

сағынғанда қылбұраулы қоғамның ортасында қылтыңдап 

жүрген жас кезіміз қалды. Бірде тоқ, бірде аш, киім тапшы, 

жалаңаш, жүдеу адамның аяғы шалыныса береді. Тектілік 


378

әлсіреген. Елде жылатып отырып ақыл айтатын дос аз, 

күлдіріп отырып түрмеге жөнелтетін дұшпан баршылық. 

Отыз жетінші жылы бас көтеретін ақылдыларды мұ-

рындықтаған тайлақтай жетелеп, «жаусың» деп мойы-

нына қылбұрау салды. 1917 жылғы санақтағы бес жүз үй 

Қоңыр Кетенің ұрпақтары аштықта қырылды, амалын 

тапқандары Башқұртстан, Орынбор облыстарына көшіп 

кетті. Одан кейін түн қатып келетін қара машинадағылар 

«Отанға опасыздардан кім қалды?» деп әкіреңдейді. Бірде 

үштікке хабар салған жатыпатардың мәліметі бойынша 

Кеңес өкіметіне қарсы үгітші делінген Насихат ақынды 

тергеп, тексеріп жатпай, үйінің алдында атып өлтіреді. 

Содан әйелі ала қап арқалап: «Заман-ай, заман-ай!..» деп 

ертелі-кеш зарлай беретінін естіген қызыл жағалы ұстап 

алып, түрмеге жабады. «Бұл – халық жауы Насихаттың 

әйелі, заманға наразы, нағыз көкбет, жұртты үгіттейді», – 

деген тағылған айып бар, оны сот қарамай ма? Қызыл 

жағалының да, соттың да сұсынан қымсынбай әйел:

– Шырақтарым, біреудің қайғысын біреу түсіне қой-

мас, заман-ай дейтінім, тұла бой тұңғышым жарық 

дүниеге келгесін есімін жарылқап жатқан жаңа заманға 

ризалықпен Заманай атандырып едім, қырқынан шықпай 

о дүниелік болды. Түсімде о дүниеде жүрем, ақ құс болып 

Заманайым қан-жоса аспанда қалықтап ұшып жүреді. 

«Ана» деп дауыстайды. Содан жұлын-жүйкемді босатайын 

деп зарлайтыным рас, оны байы қойнында, балалары ал-

дында жүрген абысындарым түсінбей, арызданған шығар. 

Олар және арызыңды өкімет адамдарына айт, өлгенді де 

тірілтіп беретін күштері бар, әлем таңғалатын істері бар 

деп үгіттейді. Заманайым тірілсе, ажал деген албастының 

қылбұрауынан құтылып, қу тіземді құшақтап, қу бас атан-

бас едім, басқадай амалым жоқ, өкіметтен басқа сүйенер 

қамалым жоқ, – дейді сарнап. Сот тірлігінің шырағы сөніп 

бара жатқан ананы аяп босатып жібереді. Осы тергеуден 

кейін әйел тіл-аузы байланғандай сөйлеуден қалды. Бірақ, 

күйеуінің жазған өлеңін қазандық аузында жалыны сөніп 

бара жатқан отты түрткілеп отырып, іштей ыңылдап, 

жынды адамша қайталап айта береді. 


379

 Үкімет берді қашарды,



 Аяды ғой нашарды. 

 Үкімет берді баспақты,

 Қайтып алып баспақты,

 Қатындарды қақсатты. 

 Жеп отырмыз бүгінде

 Қазанда күйген қаспақты. 

 Бір қазанға үңіл деп,

 Бір көрпеге тығыл деп,

 Қиғылықты жасатты. 

 Белсенділер бел шешіп,

 Масқараны бастатты. 

 Берген малын қайта алып,

 Саусағын шайтан ұстатты. 

 Үкімет берді байталды,

 Белсендісі қайта алды. 

 Үкімет берді сиырды,

 Күнде ашты жиынды.

 Қақпақ қойып ауызға,

 Құдайға іштей сыйындық. 

 Көрмеген шығар адамдар

 Тап осындай құйынды. 

 Жоғарыдан өкілдер

 Күндіз-түні құйылды. 

 Зіркілдейді бұйрығы,

 Шағып тастар миыңды. 

 Шөп, шөңге жеп кедейлер,

 Көрген күні қиын-ды. 

 Үкімет беріп түйені,

 Қайтып алып түйені,

 Түйелі бай ататып,

 Жағып қойды күйені. 

 Үкімет берді сиырды,

 Қайтып алып сиырды,

 Тыныш жат деп көріңде,

 Зіркілдеді, бұйырды. 

 Айналайын үкімет,

 Бергеніңе шүкір ет,

 Тартып алып малыңды,

 Құйрығыңа түкірет,  – 

380

деген ақын жарының өлеңін оқып, жан-жағына көз тастап, 

бұрлыққан аш мысықты тырш деп тереңнен толғанғанда, 

рахат сезімді тауып, ашыққан қарыны тойынып, ашыл-

ған етегі жабылғандай сезінетін-ді. Денесін буған ауыр 

сезімнен арылайын десе де, арыла алмай, зарығайын 

десе зарыға алмай, қара қазанның қаспағын тазартып, 

өкімет беретін екі литр сүтті қайнатып нәрем етпек. Бар 

күшін қанша қарысып жинаса да, босағада ажал күтіп 

тұратынын біледі. «Уһ» деп ауыр күрсініп, «Алла има-

нымды бұйыртсын» деп айналасына қарағыштап сүрініп-

қабынып жүреді. «Адамның басы – белсенділердің дома-

латып ойнайтын ойыншығы, мойынға түскен қылбұрау 

өлтірмей тынбас», – деп қара сандығындағы өлігін орай-

тын матасын қағып-сілкіп қояды. Тірліктен безіп, жа-

нары сөнер сәтін күтулі. Сүйген жары жастарға көздерің 

өткір, көңілдерің сергек болсын деуші еді. Сосын езу тарта 

күліп: «Мен сорлының тілім жаман, содан үрейленемін, 

өлең шығармасам ашығып, тынышым кетеді, сөзім 

біреулердің құлағына жақпаса, олардың тынышы кетеді. 

Менің тілімді кесемін деп белсенді әуре. Өйткені, олардың 

қарыны тоқ, уайымы жоқ, қорылды соғатын ұйқысын 

менің ащы сөзім қашырады. Ойсыздарды оятқанша, 

өзім аштан өліп, көштен қалатын шығармын. Бірақ, 

жым-жырт, тып-тыныш өле қоймаспын, өтірік өлгенімді 

білетін ұрпақ сөзімді тірілтіп алады. Соған сенемін», – 

деп туыстың «жау» деген жаласынан оққа ұшты. Жалғыз 

ұлын белсендінің қасқыр иті талап өлтірді. «Заман-айлап» 

дауыс салғаны да ағайын-туысына жақпады. Әйел есіктің 

тиегін салмай, сандықтағы кебінін басына жастап, ажалды 

үздіге күтіп, иманын үйіріп, көзін жұмды. Жарық дүниені 

соңғы көруі болды ма екен, бұл іңір қараңғысы еді. Бәлкім 

қылбұраудан босап, жаны тыныштық табар. 

«Заман-айлап» салған сол әйелдің зарлы үні Жетікөл 

аспанында біраз жылдарға дейін ілініп тұрды. Ақын жаз-

басы кейінгі ұрпақтың жадына түсіп, қайта тірілді.

– Шын өлгені – соғысқа аттанған екі жүз азаматтың 

119-ы мерт болса, оның 59-ы үйленбестен опат болған 

еді, ұрпақ қалмады, – дейді Тілеуғали Дүсіпов ел тари-

хын есіне түсіріп. Өзен-көлдеріміз балыққа толы, аспан 



381

астында көшпелі бұлт жүріп жатты, аракідік найзағай ша-

тырлап тұрады. Аштан қырылғандардың сүйегі ашылып 

қалса, бұлт қысырап жаумай кетеді. Қалың көптің олжасы 

тыныштық қана. Көбі басқаны есіне ала бермейді. 

Қылбұраудан шала-жансар болып қылғынып шықса да, 

жақсы атағы жаһанға тарағандар Ойыл өңірінен аз емес 

еді. Шығанақтың бір тойында, кесене басында Абдығали: 

«Біреуді күндемесе зерігіп іші пысатындар о дүниедегі 

Одаққа, рсепубликаға танымал тұлғаларымызды қабірінде 

тыныш жатқызғысы келмей, аузын керіп, жоқтан 

өзге қисынсызды теріп өсек таратады. Туған жерінің, 

халқының қасиетін білмейтіндер Ойылға аяғын салма-

сын, – дей келіп, – мектептерде Ойылдың ұлы тұлғаларының 

өмірлерін, атқарған қызметін, тарихымызға қосқан үлесін 

тақырыптарға байланыстырып оқытып, ұрпақтың жады-

на өшпестей сіңіруді бастасақ, кейбір ақымақтың жүні 

жығылып, ақылға тоқтар еді. 

– Кеңес заманында саясат ақылға тоқтаған жоқ. Өйт-

кені, саясат заңмен қорғалды, – деген жазушы, қоғам 

қайраткері Сәрсен Жұмағалиев.

Ойылдан оқу бітіріп шығып, бірінші болып баспа-

да жұмыс істегені, білімдарлығы, орыс-қазақ тіліне 

ерекше жетістігі әріптестері арасында құрметке бөледі. 

Қалалық кеңеске депутат болды. Қоғам жұмысына да 

алғырлығын көрсетті. Бірақ, халықтың бастан өткен 

ауыр тірлігін ұмыта ма? Жазушы екенмін деп құпияны 

ашуға қақысы жоқ. Іштен тыну бар. Жұмыс жетістігі, 

айлыққа қуану бар. Арақ ішуге де себеп табылып, сергу 

басталады. Кезең солай, арақ дария, Одақ мас. Қатардан 

қалыс жоқ. Үйленді. Қырық жамау киімдері жаңарды. 

Жастықтың сәнді де мәнді кезеңдері зулап өтіп жатты. 

Бұрынғы сыпайы мінезі қанша мас болса да өзгере қойған 

жоқ. Қатарынан кем емес, аш қарын тойынды, басқаны 

ойлау жөн емес. Жазушылар бір-біріне қайырымды, да-

рынды бағалайды. Сыйлампаздық бар деп түсінді. Кімнің 

ішіне кім кіріп шыққан? Өрелі талантты да ұстап тұруға 

ақыл-есің түзу, жақсылық пен жамандықты айыра білуге 

тиістісің. Қилы-қилы жиын, сын-пікірлер, бірін-бірі 

қоштау, екінші біреулерді сынап тастауға дарындылықты 



382

түсініп, кешіріммен қарап жатса жақсы. Іште бүкпе кек 

болса қайтесің? Сәрсен Марк Твеннің томдарын әрі тез, 

әрі сапалы аударып, үлкен беделге де ие болды. Марк Твен 

өлсе де қалың оқушы тұрғанда шығармалары өлмейді, 

оны аударған тірілткен мен де өлмеймін деп ойланған да 

болар. Бедел өрлетуін өрлетсе де, кері кетірерін қапелімде 

ойына ала ма? Осындайда беделдіні сүріндірудің оңай 

жолы арақ ішіп, маскүнемдік дертіне шалдығу ғана. Оны 

ұйымдастыру пәлендей қиын емес, әріптестерінің бірері 

бірге жүріп арақпен сыйлай берсе, ішкен сайын өтірік 

мақтай берсе жетеді. Мас болып үш-төрт күн жұмысқа 

шықпаса, бұйрық дайын, қалпақтай ұшады да, елім қайда, 

жерім қайда деп басына пана, жанына азық іздеп кетіп 

отырады. 

Қажым Қабиевтың сөзін есіне алады. «Әдебиетшілер де, 

өнершілер де жанында дарынсыздар ізін бағып жүргенін 

аңдай бермейді. Оларды әжулап, намысына тиме. О да өмір 

сүргісі келеді. Алдына ешкімді түсірмей, өзін ғана дара-

лап көрсетсем деп тыртысады. Жұртты аузына қаратып 

мақтанғысы келеді, ал кемшілігін айтсаң басыңа пәле 

тілеп аласың, жаза алмайсың жаныңа салған жарасын, 

сұм-сұрқиядан қалың дерт табасың» дегеніне көзі кешең 

жетті. Расында, зәлімдердің қауіптілігі ойлап қарасаңыз, 

ғасырлармен бірге жасасып келеді. Қазақ тарихында 

төрт бірдей аштық қырғынында қырылғанда да белсенді, 

сұм-сұрқиялар аман қалды. Олар ылдым-жылдымдатып 

үстемдікке жағынып жүріп таққа да қонжияды, олар 

өтірікті сухитып жүріп аларын алады, биліктің биігінен 

биікке де өрлеп барады. Қулық та қолынан келеді, сұмдық 

та қолынан келеді, үстемдікке жағына да біледі, әлсіздерді 

бұқтырып езе де біледі. Өктемдік күші арынды келеді, 

туған баласы да әке тәрбиесімен алымды келеді. Әміршінің 

көкірегін күшпен басамын деу сандырақ. Оның жанын-

да бейшара жағымпаздары жүреді. Оны Сәрсен маскүнем 

атанып, баспадан қуылып шыққанда өлердей доспыз 

дегендерінің қиянатынан көрді, түсінді, өкінді. Содан соң 

біраз уақыт Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеді. Аты-

на жағылған қара күйені түсінетін болар дейсің бе? Арақ 

пенденің түбіне жетпей тынбайды, той арақсыз өтпейді, 



383

жолдастармен басқосу, қаламақы алу арақсыз өтпейді. 

Ішкен кезде әркімнің мұң-шері кейде сөз болып қалады, 

саясатқа қарсы келсе, бітті шаруасы. «Пәленше осылай 

деді» деп жеткізіп, өзіне ұпай жинайтын өсекші қасында 

жүргенін кейін біліп, санын соғады. 

Сонымен Сәрсен Жұмағалиев өмірінің соңғы жыл-

дарында өзінің кіндік қаны тамған Ойыл ауданында 

«Ойыл» газетінде қызмет етті. Марк Твен шығармаларын 

қазақшалауды тоқтатқан жоқ. Шебер қаламгердің мінезі 

түкке татымайтын сөзге үйір болмайтын. Болымсызға 

шаршамайды. Пендешілік уақ-түйекке бас қатырмайды. 

Қайта әлем әдебиетін айтқанда сөзі төгіліп тұрушы еді. 

Бірақ жүрегінде қайғысы егіліп, қабырғасы сөгілгендей 

күйде болатынын да аңғартпайтын еді. Онысы – бірінші 

әйелінен бала болмады, Екінші әйелі Ханзада да құрсақ 

көтермеді. Өзі әкеден жалғыз қалған. Сөйтсе де Ханзадаға 

кір тақпайды, қайта аса құрметтейді. Арақ ішіп, шаршап 

келсе, денесін сүтпен жуып айықтырып, аймалаушы еді. 

«Ерді сыйлайтын әйелдің ақыры өзің болмағай» деп Хан-

заданы елден ерек көруші едік. 

Ақырында Сәрсен аудандық газеттің мазасыз жұмысын 

атқара жүріп, Марк Твеннің «Ханзада мен қайыршы» 

кітабын тәржімалады. Оған газет редакторы Нұрымжан 

Жұмағалиевтың қамқорлығы да аз болған жоқ. 

Қаржылық көмек, тұрмыстық жағдайына керекті аяма-

ды. Қаламгерлік көпке құрметті сықылды көрінгенімен, 

жоқ, жұпынылықтан, кедейліктен асып кетпеді. Табиғи 

талантың саясатқа сыйыспаса, тағдырың ойыншық бола 

салатын үрейі және бар. Өмірің үкіметтің қолында, қыл 

тұзақты түсіне біл, басқадай тырп етпейсің. Саясаттың 

қыл тұзағы мойнында тұрған Сәрсен туған аулындағы 

халықтың тең жартысы отыз екінші жылғы аштықта 

қырылып қалғанын айта алмай, жаза да алмай кетті. 

Ойыл халқының 1900 жылғы санағына арада жүз жыл 

өтсе де жетпеуі аштық қырғыны талайларды жаппай жер-

ге жұтқызғанын көрсетеді. Еркіндік деп аузын ашып, 

көзін жұмып, шын өлген солар. Сол қайғы еске түсе ме, 

еркіндікті аңсап араққа жүгініп, күйінішіңді басқандай 

боласың. Кеңес өкіметінің миға қойылған жарылғышы 



384

бірте-бірте тірлігіңді жуадай солдырарын кім түсініпті? 

«Өлгенде сом денемді арақпен жу» деп шалқып кетесің. 

Кейде сүрініп, құлап, жұртқа күлкі болып босағаңа әрең 

жетесің. Арақ обадай опырып, талай дарындылардың 

қанатын қырқып, ар шыңынан лақтырып жатты. 

Сәрсен өкпе ауруымен о дүниеге қалың өкінішін, 

қайғысын арқалап кете барды. Көз жұмар алдында соңғы 

сөзі: «Әлемдік жазушы Марк Твен өтірік өлген, жер 

бетінде миллиондаған оқырмандары арқылы тірі жүр, оны 

аударған мен де өтірік өлетін шығармын. Халқым аман 

болғай!» – деп жаны үзілген-ді. Енді сол Ойыл халқы талант-

ты жазушы, мықты журналист Сәрсен Жұмағалиевтың 

есімін ұрпақ ұмытпас үшін мектеп пе, көше ме, бір атауды 

қиса дейсің. Пенде бұл дүниеде екі өмір сүрмейді, екінші 

өмірі мәңгілік мекенінде екенін түсініп, екінші өміріндегі 

рухын жүдетпесе, есімі аталған сайын өлінің аруағы 

қуанып қалады деседі. Қаламгер өмірінің бір ақиқаты осы. 

Ел елдігін істер деген үміт қана. 

Үміт жалған. Адамдар қызық, қырғын, аштық жылда-

рын еске алғысы келмейді. Ауыр бір күрсінді де: 

Бұлт қалың, ай қараңғы, 

Гуілдеп соғып тұр дауыл. 

Төңірек, маңай, ғаламды

Жамылшы жапты бір ауыр», – 

деп Ілияс Жансүгіров өлеңдерінен ой суыртпақтады. Зіл-

зұлмат қасіретті еске түсіру де оңай емес. Иесіз қу жотада 

аштан өлген адамдардың сүйектері шашылып жатқанын 

көзімен көріп, олардың бетін топырақпен жасырысқан 

еді. Шала-жансарына соңғы үмітің не десең, нанды ай-

тар еді. Обадай опырып жатқан аштық. Сай-сүйегің 

сырқырайды. «Малын, азығын тартып алғасын, әркімнің 

өзін-өзі асырауы қайда?» деп қырық жыл мұғалім болған 

Әбілғазы Оспанов сөзін жалғады: «Қара жыландай мо-

йынға оралып қылғындырған аштық атамекенді тастап 

кетуге мәжбүрледі. Сілеті өзенінің бойына 1932 жылы 

үкіметіміздің қаулысы бойынша босып келдік. Бұрын орыс 

кулактары мекендеген, олар Саратов қаласына жер ауып-

ты. Дайын үйлерге 250 үй қазақтар орналастық. Аштық 


385

басталды, тамақ жоқ. Бір сиыры, екі сиыры барларды бай 

дейміз. Сиырды өзіміздің жатқан төсегімізге аяғымыздан 

байлап қоямыз. Қорада тұрса ұрлап кетеді. Ит, мысық 

жоқ, аштар жеп қойған. Өлген адамдарды орыстардың 

құдықтарына тастадық, қабір қазуға қуат жоқ. Бәріміз 

де жалаңашпыз, қыс қатты, қайрат көрсететін көп адам-

дарымыз өлген, құдықта. Санын жобамен айтқанда 250 

үйдің адамдарының жартысы қырылды. Содан ауыл арасы 

елу шақырымдай жерде Жолымбет алтын кені ашылып, 

соған жұмысқа жете алмай, қыс ішінде өлген кісілердің 

моласы осы уақытқа дейін тұр. Аштықтан аман қалған 

белсенділер, колхоз басқармасы Қауғаш Ержанов, Хамза 

Сыздықов, Рамазан Есенбаев тірі, туыстары да аман. 

– Өзіңіз мұғалім болдыңыз, комсомол мүшесі едіңіз, 

аштықтың себебін ұқтыңыз ба?

– Ұзын құлақтың жобасы Қазақстанды басқарған Го-

лощекин қырғын аштықты Сталинге әдейі айтпаған. 

Аздаған әлі барлар көрші Омбыға сыпырыла көшіп жат-

ты. Менің әкем колхозда бригадир еді, бір сиырдың 

сүті, ірімшік, құрты жанымызды сақтады. Келесі жы-

лында астық мол шығып, аздаған қор жинап алдық. Е, 

түндігі ашылмай қалған туған-туыстарымызға қабырға 

қайысса да тірі пенде тірілігін жасады. Ең ауыры аштан 

қырылғандарды анықтап айта алмағандық жанға батады 

екен. Үрейден қорқып іштен тындық. Аз-кем әлі барлар 

жұртта қалған сүйектерді теріп әкеліп, соны қайнатып 

суын ішті, сүйегін кептіріп қол диірменге тартып, нан 

есебінде жеді. Аңның адал, арамына қараған жоқ, қолына 

түссе тамақ етті. Аштықта жан сақтайтын тұз қат еді, өліп 

қалған малдың, иттің етін жеуге тұз таптырмады. Кенет 

ауданнан кесек-кесек тұз әкеліп, үй-үйге бөліп алдық. Со-

нымен тыңайдық. 1933 жылы төрт жылдық мектебімізде 

сексендей бала оқыды. Бұрынғы 250 түтіннің әр үйінде 

7-8-ден бала болғанда қаншасы өліп қалғаны түсінікті 

шығар. Қарапайым есепте тұтас ауылда 1750 бала болса

одан сексен бала оқуға барса, жасөспірімдер баудай түсіп 

қырылғанын көрсетеді. Әне, ұрпақсыз кетіп шын өлгендер 

солар. Ұлттың орны толмас қалың қасіреті. Алла алдын-

да да, адам алдында ақталуға жатпайтын қылмыс. Пәлен 

25-0203


386

үйде пәлен бала өлді, құдыққа апарып тастадық дейді, 

сәбилерін пісіріп жеді ме, белгісіз, көзіміз көрген жоқ. 

Есептің жобасы бойынша алты жүзге тарта бала мектепке 

келуі керек еді, сексен бала ғана оқуын бастады. Бүгінде 

250 үйдің адам саны аштық жылының алдындағы санға әлі 

жетпей отыр. Қалай жетеді, алты жүздей бала қырылып 

қалса деп топшылаймыз. 

Бір кездегі «Тастыкөл» колхозының 1932 жылғы 

аштықта қырылғанын көзбен көрген Әбілғазы Оспа-

нов қарттың жуадай солған өмір өксігін айтқан шындық 

оқиғасы еді. Аштық дерегі көп жерде дәл осындай 

шындыққа негізделмеген. Әр жерде қара тақта, қызыл 

тақта деген болған. Егер жатыпатарлар қара тақтаға тұтас 

ауылды белгілесе, дүние-мүлкін ойрандап шығандатып 

көшірген. Оны Голощекин Мәскеуге «Қазақтар – көшпелі 

халық, беталды құла дүзге көшіп жүреді» деп хабар-

лап отырған. 2672 ауылдық советтерге қарасты сегіз 

мыңдай елді мекендегі қазақтар осындай сүргін көшумен 

аштыққа ұрынғанын Оспановтың әңгімесі дәлелдейді. 

Халықтарды сенімсіздерден «тазарту» 1935 жылы күшіне 

еніп, Одақ бойынша, тарихи деректе 3,5 миллион адам өз 

Отанынан қуылған, Украинадан 49 мың поляктар,15 мың 

немістер,1937 жылы Қиыр Шығыстағы 173 мың кәрістер 

Қазақстан, Өзбекстан жеріне жер аударылды. Оны аз де-

гендей, Қазақстанға 69 мың қарачай, 500 мың шешен, 

ингуштар жер ауып келіп, олардың біразы жол үстінде, 

халықтың 27 пайызы аштан өлді делінеді. Өйткені, 

жоғарыдан тапсырыста аштан өлгендердің санын шама-

дан тыс көрсетпеуді тапсырыс еткен. Ойылда да айына 

100-150 адам өлді десе, жылына қанша адамның аштан 

өлген дерегі жоқ. Сондықтан да аштықтың сұмдығының 

деректері қара сандықта құпия қалды. Шындығына же-

тем дейтін үміт жалған. Әлгі желөкпелердің коммунизм 

аумай-төкпей келіп қалды дегені сияқты. Сүргін сүреңде 

талайдың туған жері, асыраушы табиғаты қимастықтың 

көз жасымен артта қала барды. Шулаған жұрт шыңырауға 

құлап бара жатқандай сезінсе де дәрмен жоқ. Талайлар 

Ойылдан да босып көшті, Дәукен, Мұқаштар да жылап 

кеткен. Көз алдарында өзен, айна көлдер, барқын қал-

ғанды. 


387

– Дүзелбай нағашы атам үйге келгенде ел көшіп кел-

гендей қуанушы едім, – дейтін Шәмілдің зайыбы Ғалия 

тебіреніп. – Менің атам Ахметжанмен тағдырлас еді. Ах-

метжаннан – мен, Мұхамбетжаннан – сатирик жазушы, 

қоғам қайраткері Қалтай ағам. Төртінші атамыз да осал 

болмаған, тарихи тұлға, азаттық үшін күрескен Кенеса-

ры Қасымов ханның кеңесшісі, ақын-жырау, өлмейтін 

ерліктері мен ұлағатты сөзін қалдырғандар еді. Діни ғұлама 

Мұхаметжан 1937 жылы 22 сәуірде «халық жауы» деген 

жалған жазамен атылып кеткен. Қалтай ағамның әлемдік 

жазушы Шыңғыспен дос болуы да тағдырластығы шығар. 

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, жекжат-

жұрағаттарының тірлігі тарылып, үрейлене жан-жағына 

қаранып, бәрінен қысылып, құлшынған ісіне құлашын 

жаза алмай, кемдікті аз көрген жоқ. Біреулердей қалғыған 

жоқ, көз алмай оқып білім алды. Аталап алдында құрақ 

ұшқанда Дүзелбай рахметін айтып, Шәмілге қарап: «Ел-

ден не хабар бар, Ойыл қалай, сыңсыған орманы? Барқын 

қалай екен?» дейтін сөзі құлағымда қоңыраулап тұрады. 

Барқын.

Балығы тайдай тулаған, бақасы қоймай шулаған Ойыл 



өзенін Жаратқан ием ел игілігін көрсін деп берді, құртсын 

деген жоқ. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген сөз 

қалды. Келгеннен де сұраймын, кеткеннен де сұраймын 

Ойыл өзені сулы ма деп, Барқын орманы нулы ма деп, 

халқы аман ба деп, туған жерім ғой... Ойылдықтардың бәрі 

білетін барқынның тылсым табиғаты жұмыр жерде жоқ 

шығар деп ойлап қаласың. Аппақ шағылдар бұйра-бұйра 

теңіз толқынындай елес береді. Көсенің иегіне шыққан 

күлкілі селдір сақалындай боз тал, шілік өскен төбелер 

тып-тыныш. Көктемгі самалмен жапырақтары баяу діріл 

қағады. Онысы дүлей желмен борап келген құмды қағып 

алып, бауырына тартып биіктей қояды. Аптап ыстықпен, 

дауыл желмен суситын сусыма құмның ағаштар тамыры-

нан жол таппай сұлық түсуі «ажалы» жетіп өлуі екенін 

орманшы білер, басқалар түсіне қояр ма екен. Барқын 

табиғатымен бірге жасасқандай болған Айдарбай ағамыз 

да, осы жерде қыс қыстап, жаз жайланған айтқыш Май-

лапес те табиғаттың құпия тынысын жатқа білді. Май-



388

лапес күлімсіреп; «Барқын орманының үстінен өтіп, 

Тегеран конференциясына кетіп бара жатқанда Молотов 

жолдас ағаш баспалдақпен көтеріліп самолетке мін дейтін 

еді, содан баспалдақсыз-ақ биік ағаштың басына секіріп 

шығып, самолетке мініп алатынмын», – деп ықыласта-

на тыңдағандарға риза болатын-ды. Орманда қарағай, 

үйеңкі, терек, қайың сияқты ондаған ағаш тұқымдары 

жа-пырақ жайғанда етектен борған сусыма құмның жы-

ландай ысылдап, аранын аша бастағанын су сепкендей 

тыйып тастайды. Сұлулық падишасы ақ балтырлы 

қайыңдар жалмап жұтқалы ұмтылған құм боранын келе-

ке еткендей толқиды. Құм бораны да «өлгісі» келмей арпа-

лысады, қайыңның төменгі бұтақтарын басқанына мәздік 

танытады. Құм дауылының соғатынын хабарлайтын қияқ 

өсімдігі екен. Қияқ сусылдаса – құм көшкіні келе жатыр 

дегені. Оны орманшы Айдарбай бірден түсініп, жапырағын 

жая бастаған шыбықтарды қорғаудың барлық амалын жа-

сайды. Жанын салып, еңбегін еш етпейді де, үйіне сүріне 

жығылса, ұлы домбыра тартып отырады. Зайыбы Әлиман 

ас дайындағанша ұлының домбыра тартысын тыңдайды. 

Домбыра шанағынан шыққан дыбыс көшкен құм, үдей 

соққан жел ме, болмаса күшті желге қайрат қыла алмаған 

қияқ шөбінің зарлы дыбысы ма, әйтеуір баласы табиғаттың 

шайпау мінезін естіртетін тәрізді. Айдарбай соған қуанып 

кетті де:

– Күйші боларсың, қазақтың күй өнері өлмейді, – деп 

төрде жатқан көпшікке жантая кетті. Күрсінді. Онысы 

өзі де балаң жасынан домбыраны басына жастанып жа-

тып домбырашы болғысы келіп еді. Сұрапыл соғыста оң 

қолын жоғалтып елге келді. Қанаты сынық қырандай 

самғауды аңсағанын соғыс тындырды. Қаталдықты еңбек 

жеңбек. Тынған жоқ, соғыстан оралысымен Ойыл орман 

шаруашылығына жұмысқа кіріп, зайыбы екеуі кеткенді 

келтіріп, өлгенді тірілтуге қызмет етті. Балаларын өсірді. 

Екі қыз, екі ұлы да орман өсіру шаруасына жасынан ара-

ласып жүр. Ұлы Бақыт күй тартқан сайын Құрманғазы 

бабасы, Дина анасы төрінде отырып күй төгілдіретіндей 

қуанышы Ойыл өзеніндей толқиды. Бірақ, әкенің арманы 

балалары осы барқын орманына жан беріп, жасыл желек 



389

тіршілігінің мәңгілігіне қызмет ететін мамандар болға-

нын қалайды. Балаларына тал егу, оны күтіп-баптаудың 

қилы-қилы тәсілін жалықпай түсіндіреді. Ормандағы 

жетпіс-сексен жыл бойы тарпаң табиғатқа төтеп беріп 

өсіп тұрған қарағай «Барқын» орманының күнгей бетіне 

орналастырылған, мұныңыз қорған есебінде. Сусыма құм-

ның дүркін-дүркін шабуылын қайтарады. Орман көлемін 

ұлғайта беруге әкелі-балалылар әрбір көктем келісімен 

қайырлы іске кірісіп, дымқыл топырақпен баптап, да-

йындап қойған көк шыбықтарды жер қойнына орнала-

стырады. Ағаштардың да екі түрі – жеміс беретіні, жеміс 

бермейтіні делінеді. Екеуіне екі түрлі күтім керек. Оны 

баптап, күтеді, тамырын тартқанша мігірсіз жұмыс. Ара-

да үш-төрт жыл өтісімен көк өскінді танымай қаласың. 

Ондайда қызы Балым: «Әке, менің күткен шыбықтарым 

ғажап өсті», – деп мақтанады да: «Өзіммен құрдас бір топ 

қарағай күнге ұмсынып жайқалып тұр», – дейді. Әкесі: 

«Қызым, орман ұлғайсын», – дейді де жалғыз қолымен 

шыбықтардың айналасындағы шөптерді жұлып жүреді. 

Одан соң орманшы Айдарбай Әбілғазиев балаларына ша-

руаны тапсырады да түскі асқа үйіне беттейді. Жол бойы 

сыртта шұқынып жүрген Майлапес кездеседі: 

– Сенің мақтанышың – орман, ондағы түрлі ағаштар 

жасарын жасап, уақыты жеткесін өледі. 

– Неге өледі, өлмейді, әр ағаштың терең тамырынан 

көктеп шығып, жаңарып жатады. Сусыма құм шын өлді, 

біржола тоқтады. 

– Орманың өсе берсін, ауырып жүрмін, менің сөзім 

ұрпақ жадында есімімді өлтірмей қалар ма екен?

– Қазақтың әзіл-қалжыңы өлмес. 

– Бәрінің де ақыры бар емес пе?

– Жалғастырушысы болса, өлім жоқ қой. Шүкір, халық 

бар, ұрпағымыз бар. 

– Ізіңді басатын таза пейілді болса... – деп жалғыз Май-

лапес емес, ағаларымыз, апаларымыз өткеніне өкініп, 

болашағын қынжылып та ойға алатын еді. 

Ойыл өзенінің суы тартылды. Айдын көлдердің қурап 

қалғаны қашан. Сұрапыл соғыс жылдарында Қожакөл, 

Шоңқайлы, Қамыстыкөлдің балығы жарқабағына соғып 



390

жататын еді. Ойыл өзенінен тамыр тартатын салаларда 

шүпірлеген балық талайды аштық ажалынан құтқарып 

еді. Қалжан деген ағамыз көлден алған балығын өзінің 

отбасындағы жандарға керектісін алып, артығын жағаға 

тастап кететін-ді. Онысы балыққа қолы жетпегендерге 

арнағаны еді. Әлгінде Майлапес айтқандай көлдер сусыз 

қалып өлді, ақыры төнді, Ойыл өзенінің де шығар, шықпас 

«жаны» бар, Орал тауынан түсетін судың орыс жерінен 

талай бөгесіндермен тасқын ағысы тоқтай бастаған. 

Өзенді тазарту, орыс елінен келетін су мәселесін бірігіп 

шешуді ойлау келеке тәрізді, жүйе жоқ, аумалы-төкпелі 

мінезділер, ненің болашағы барын, ненің ақыры төнгенін 

айыра алмай қалды. 

– Барқын орманы жайқалып тұр ғой, – деді Шәміл. 

Қорғаушысы бар, Айдарбектің ізбасарлары жетерлік. 

Өңірде жайқала өскен қызғалдақтарды да жұлуға тыйым 

салатын ағаларымыз бен апаларымыз «көкті де жұлма, 

көктей жұлынасың» деп отырушы еді. Табиғат көңіл 

қуанышы, көз қуанышы, асыраушы екенін түсінгендер 

көп, түсінбеген қырсыздары да баршылық. Айдарбек 

ұрпағына ертегі, мысал айтып отырушы еді.

Бәйтерек пен жәй терек болады. Қазақ екеуден са-

лыстырып ой айтады. Содан қой мен қоян жолаушылар 

шөлдеп, терлеп-тепшіп қажып келе жатады. Жапан түзде 

өскен жалғыз ағаштың саясында дем алып отырады. Ол – 

тамыры шіріген, бұтақтары қурай бастаған кәрі ағаш, 

көлеңкесі де жарытусыз еді. Көлеңке аз болса да қой мен 

қоян мәз, қоржыннан сусын алып, екеуі бөліп ішеді. Қой 

қоянды түртіп өзіне қаратып:

– Мына бәйтеректің көлеңкесі азайып сидиған екен. 

Жаз ортасы болмай жапырақтары түсіп қалыпты. Білгіш 

болсаң, себебін айтшы?

– Жапырағы гүлдемеген ағаштың көлеңкесі де гүл-

демейді. Жапырағы жайқалмағасын, көлеңкесі найқал-

майды. Кәртайып бағы тайған бұл жәй терек. Кім болса да 

жасында жайқалып, қартайғанда шайқалып төгіледі. Та-

мыры тереңде болмаса, шын өледі, – деді қоян. 

– Бәйтерек те қартаяды екен-ау, бірінші рет көруім, – 

деп қой таң қалды. 



391

– Бұл ағаш жалғыздықтан қартайған, жалғанда жал-

ғыздық, қорқақтықтан асқан жамандық жоқ. Қояндар бір-

неше көжек туатынымыз жалғыздықтан, қорқақтықтан 

құтылуды ойлаймыз, табиғатта шын өліп жоғалып кет-

песек деп тілейміз, – деді қоян. «Табиғаттың суы да нуы 

да қарамағаннан, қастандықтан қиянат шегеді, құриды. 

Құрбақаның құрқылы терең суға зиянсыз, қоршаған 

ортамызға бәрі керек. Адамдар құртуға шебер. Жүз отыз 

улы өсімдік бар, алдымен соны құртпай ма?» деп айтатын 

қоянға ақыл қайдан келсін.

Орман жансыз емес, тіпті кейбір ағаш түрі иесін тани-

ды. Зұлымдықты көрсе жапырақтары дірілдеп қорқып 

қалғандай белгі береді. Анау ақ балтыр қайың, оқтай 

түзу қарағай, үйеңке, жөке дейсің – бәрі кейде бірін-бірі 

өсіп, жетілуін күндейтін сияқты. Күн сәулесін биікте 

тұрып жұтып, жер нәрін тамырын тереңдетіп, өзгеден мол 

алғысы келеді. 

– Тым биіктеп кеттің, күн сәулесі жетпей жатыр, – деп 

қайың тыпыршыса:

– Мына тәкаппарсып, қарағай жер нәрін өзі алғысы 

келе ме? – деп жөке ойбайын салатындай. 

– Неге бір-біріңе жаулық ойлайсыңдар, бұйырғанына 

місе тұтсаңдар қайтеді? – деп емен ақыл тастағандай бола-

ды. Өйткені, қолына балта ұстаған жаман ойлыны байқап 

қалғандай жапырағы тып-тынық ауада дірілдеп кетеді.

– Біздің ең негізгі жауымыз – балта. 

– Оу, басы зұлым темір болса да сабы ағаш туысымыз 

емес пе? – дер қайың мұңайып. 

– Мисыз неме, сабындағы ағашта билік жоқ. Иесі көзі 

қанталап тұрған қанішер адам сықылды. Бір-біріңді 

күндемей, айтысты доғарып тыныш тұрыңдар, балта ша-

уып тастар, – дейтіндей.

Айдарбек: 

– Біздің өңірде «Балаубай» талы бар, жұрт киелі көреді. 

Бұтақтарына садақа байлап, түбіне түнейді. Ерте, ерте-

де Балаубай деген болыпты, кіндігінен ұрпақ өспепті. 

Үйінің терезесі алдына осы теректі отырғызып, мал со-

йып садақа беріп, жұртына: «Тағдыр маған ұрпақ бермеді, 

өлсем шын өлемін. Менің өмірде болғанымды, есімімді 



392

осы терек шығарар деген үмітіме қастандық жасалмаса 

екен, Алладан жатсам-тұрсам тілегім сол», – депті. Соғыс 

уақытындағы ауыр кезде кейбіреулер отынға немесе шана 

жасауға кейбір бұтағын кеспек болғанда қып-қызыл қан 

атқылапты. Балта жұмсаған адамның қолы қарысып, 

жазылмай қалыпты. Содан бастап «Балаубай» талының 

бұтағын сындыруға да ешкім тәуекел етпей, жаһан дала-

да жайқалып, қаншама жылдардан бері көркін жоғалтпай 

өсіп тұр. 

– Айдарбектің мысал аңызы шындық. Барқын ғана 

емес, бүкіл Темір, Ойыл өңірлерінің жер асты суы Байқал 

көлінің суындай таза, жанға жайлы деседі ғалымдар. 

Қазірде байтақ өңірді тінткілеп мұнай іздеушілерге он 

шақты жылдан кейін мұнайдың керегі болмас, бірақ әлем 

халқына ауыз су қымбатқа түсер, шет елдіктер сол суы-

мыздан ұрпақтың аузын қақпасын деп тіле. Соны ойлап 

жүде!? Асан қайғы айтқан Ойыл көздің жасына айналып 

кетпесін. Ойыл тарихы қалың, ақтардың да, қызылдардың 

да қанды қырғынын да көрді. Ауыл, ел өртеніп жатты, 

адамдардың қаны шашылды. 

Оқ пен оттан да қорықпайтын ауыл айтқыштарынан 

ұрпақтан ұрпаққа жалғасып өлмейтін, өшпейтін сөз 

қалды. Олар Кеңес өкіметінің сұрапыл аштық қырғынын 

көріп: «Айналайын өкімет, боқ пен борық жегіздің, ком-

мунизмге жеткенше, большевиктің табанын сүй дегіздің. 

Өгіздің мүйізіндегі жұмыртқа жарылардай үмітімді 

үзгіздің. Ашығудың айла-амалын білгіздің, мен өлсем 

өтірік өлемін, сонда коммуизм есігіне кіргізгін», – деп 

толғай жөнелетін-ді. Елдің күйзелісін Мәскеу көсемдерінен 

көрмейді, жергілікті белсенділерге қыжағы қалың. «Ау-

даннан келген ақ байпақ, жүрісі жайлы байпаңдап, бір 

үзім нан сұрасам, жөніне кетер қайқаңдап» деп жолы 

бұзық белсендіні ащы сөзбен түйреп тастайды. 

«Байқа, жаныңды сауға сұрап қала алмайсың», – де-

ген жағымпаздарға: «Байқайтыны жоқ, о дүниеде де біраз 

халық бар. Қарыны тоқ, киімі бүтін, қайғысыз өмір сүріп 

жатыр. Өлгеннің алды, арты мен емеспін», – деп шорт 

қайырады. 


393

Ауыл айтқыштары:

 Сталин айтты, ат дегенін

 Бірден атып тастаймыз. 

 Социализмді айқындап,

 Жарқыратып тастаймыз. 

 «Үштікке» билік берілді,

 Жазалаудан саспаймыз. 

 Шен-шекпеннің жолында

 Қан кешуден қашпаймыз, – 

деп қалдырған қайғылы сөз өле қоймас. Тарихтың өл-

мейтіні – деректері қанша жыл ақтаңдақ беттерде кө-

рінбей жатса да, еркіндіктің нәтижесінде жарқырап шыға 

келді. 

Сталиннің соғыстағы, халық шаруашылығындағы 



мақтаулы еңбегін, яғни кемшілігі мен жетістігін салыс-

тырып айтса, ұпайы төмендеп қалады. Сталиннің дүние-

мүлкі болмағанын, жеке басын ойламағанын залдағылар 

білсе де де тырс етпейді. Өйткені, басшылықтың үрейінен 

сақтанады. 

– Осындай зауалдарды бүкіл халықпен бірге ойыл-

дықтар да көтерді. Азды, тозды, адамдарынан айырыл-

ды, – деді Шәміл елге деген сағынышын білдіріп. 

– Ойыл деп толғанамын, сағынғанда атақты ақын бол-

масаң да өлең жолдары көмейден төгіледі. 



 Бозғылт төбе, боз төбе,

 Бозамық тартқан тұманың. 

 Құлазыса кеуілім,

 Аңсаушы едім шуағын. 

 Жадымнан шықпай Ойылым,

 Тұрушы едім қуанып. 

 Аққулар жүзген айдында,

 Жастығым-ау деуші едім, 

 Балаша мәз болып жұбанып. 

 Ойылым, өзен, еркесің,

 Нарықтың шағып шекесін,

 Байлығың жетіп артылар,

 «Жібек жолы» боп өтесің. 

394

 Жұлдыз боп Ойыл шықпас деп,

 Біреулер айтар кекесін. 

 Түптің түбі білсеңіз,

 Күлгенге күліп жетесің. 

 Күні ертең-ақ шығар-ау

 Нарықтың үзіп тертесін. 

 Ойыл әркез ойымда,

 Жамылар топырақ, көрпесін. 

 Атағыңды маздатып,

 Талай ғасырға кетесің. 

 Құстарың ұшып самсаған,

 Тағдырға таңдау болмаған. 

 Қиындық түскен шақтарда

 Бір Алла өзі қолдаған. 

 Туған жерім дегенде,

 Қыран болып қомданам. 

 Ойыл деген – бақ тоғай,

 Төлқұжатым болғансың.

Тұрамын қалай мақтамай! 

 Саясат жолы бұралаң, 

 Тіл, көзден Алла сақтағай!

 Жылдар да өтті әрқалай,

 Төлқұжатым болған соң,

 Қалай ғана шыдайын,

 Әнге қосып шырқамай. 

 Замана құбылып тұрғанда,

 Жүліктер қарап жатпайды,

 Қызын сатса да қазақтар,

 Туған жерін сатпайды. 

 Киелі атамекенім,

 Жақсылықтарға бастайды. 

 Нарық деген құйыннан

 Ойылдықтар саспайды. 

 Таудай қиындықтарды да

 Төңкеріп-ақ тастайды. 

 Ойыл халқы қашаннан

 Қайырлы істі бастайды. 

 Төгілген маңдай терлері

 Ақ тары боп көктеген,

395

 Шығанақтың даңқына

 Әлемде ешкім жетпеген. 

 Тарышы қыздар сұп-сұлу

 Алдыңнан кесіп өтпеген. 

 Жігіттері тәртіпті,

 «Тентек су» ішіп кетпеген. 

 Барын базарлы етіп,

 Нарықтан шығар еппенен. 

 Коммунизмге өтем деп,

 Байлардан асып кетем деп,

 Ғылымын жайып алдына,

 Жетпегенге жетем деп,

 Асылық айтып қойдым ба?

 Коммунизмге жете алмай,

 Ел қатарлы шеттеген. 

 Үзеңгіге салып аяқты,

 Капитализмге беттеген. 

 Амандық жақсы, ағайын,

 Күніңді көріп көппенен. 

 Кедейліктің жүзі шат,

 Байсың деп ешкім сөкпеген. 

 Тонадың деп қоғамды,

 Абыройын төкпеген. 

 Нарықтың қызыл түлкісі 

Қырларымда толып жүр. 

 Түлкі аулаған іскерің

 Қалтасы қалың болып жүр. 

 Алмаса да алғандай,

 Сұрамсақ туыс тоңып жүр. 

 Ойылда байлық жетерлік,

 Оны игерген ерлерін

 Мадақтар күні ертең-ақ, 

 Кәдімгі хандай көтеріп!

 Перзенттік қарыз әркімге,

 Еңбегі жанса өтеліп. 

 Жақсы екен деп жүрерсің,

 Күнің түскенде білерсің. 

 Нарық жолында, ағайын,

 Бір тынбасын күресің! 

396

 

* * *



– Қай кезеңде де халық үстемдіктің қыл тұзағынан 

құтылып, дарқан тілекті аңсаумен келеді. Ұрпағыма адал 

еңбегіммен ас ішкізіп, адалдық жолдан тайдырмайын де-

ген үмітін үкілейді, Шәміл, – дегенде өткеніне де, бүгіні, 

ертеңіне де шынайы шыншылдықпен қарап үйренген 

қалпымен Шәміл: 

– Әр кезеңнің саясаты да, міндеті де құбылып өзгеріп 

тұрады. Сонда да қоғамдағы сұм-сұрқия, нетүрлі қыл-

мыскердің мойнына қылбұрау түсе бермейді, түскені оны 

елең қылмайды, тірлік заңдылығы деп ұялмай тарта береді. 

Ондайдың ұрпағы да әкенің зәлімдік ісін қайталайды. 

Қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп та-

уып айтқан емес пе? Республикамыздың жүздеген халық 

бақылаушылары қаншама жемқорларды, парақорларды, 

шашпашыларды іздеп тауып, миллиондаған қаржыны 

қазына сандығына қайтарды. Қайтесің, жұмыр жер үс-

тінде сұм-сұрқия жетерлік. 

 – Сонда жамандықта өтірік өліп, кезеңі келгенде тірі-

ліп кете бере ме?

– Бірақ, шындық өлмейді, ұлт даналары, ойшылдары, 

ақын, жазушы, өнершілері, тарихы өлмейді. Есімдері 

ғасырдан-ғасыр жалғастырып, әлемге таралып, тіріліп 

шыға береді. Қазақтың «Жер тұрғанша, тұр» дейтін ба-

тасына лайықтылар ұрпағымыздың өнегесіне жұғысты 

болғай. 

– Біздің ақтан тілейтіміз сол, – деп Шәміл жұма сайын 

зайыбы Ғалия пісіретін ақ нанның шелпегіне қарап ата-ба-

ба аруағына дұға арнап, әкесінін қабірін тауып, жүрегінің 

мұзы ерігелі көңілін хош санап отырады. «Ұрпағың тірі 

тұрғанда, әке, шын өлген жоқсың, тірісің» деп күбірлейді. 

Ғалия Қазақ хандығының 550 жылдығына орай төртінші 

атасы Күдеріқожа Көшекұлы Кенесары ханның кеңес-

шісі, белгілі ақын, жырауы болғандығы жайлы дерек-

тер жинап, шығарма жазғысы келеді. Оны Мәскеуде 

жұмыс істейтін ұлына да айтып, мұрағат, мұражайлар-

дан деректерді іздестір деген. Бабалар тарихы күрделі, 

олардың ерлік-тері – бүгінгі ұрпаққа таптырмайтын өнеге. 


397

Терезеден құйылып тұрған күн сәулесі бөлмеде құбы-

лып ойнақ салады. Кәдімгі немерелерінің ақжарқын 

күлкісі сықылды. Солардың алдында қадірімді түсіндіріп, 

баба тарихынан сыр шертемін дегендей көңіл құсы қа-

наттанады. Адам өмірі өзі ойлағандай болса ғой, шіркін! 

Мыңдардың ойлағаны бір жерден шықса – нағыз шындық 

деген қазақ даналығында. 

– Әкем келіп қалар, – деп Айзада күнделікті жұмыста 

жүрсе де елеңдеп, қуанышты хабарды күткендей болаты-

ны, әйел жүрегінің сағыншпен елжіреуі мына бір оқиғаны 

есіме түсірді. Ойылдықтар басқосу дейсің бе, ойын-той 

дейсің бе, өнерлерін төгілдіргенде «Кәмила» әнін де 

шырқаушы еді. Осы арқылы мұң-шердің ортақтығын елес-

теткендей болушы еді. Ән сөзіндегі аласапыран толқын 

көптің көңілін босатады. 

 – Бұл ағамның көкірегінде кеткен ғашықтық зары 

ғой, – деп шүйкедей кемпір әлі күнге бейуақытта есік 

тықыр етсе, ұйқысы шайдай ашылып кетеді. Ұл өсірді, 

қыз өсірді, бәрі де шаңырағын көтеріп, маңдайына 

жазған өмірлерін өткізуде. Өзектері талған жоқ, киімдері 

жыртық болған жоқ. Заман солай, әркім өз қара басының 

қамын ойлаумен тынады. Жібектің ұрпағына өкпесі жоқ, 

өзегін өртейтін қайғысына өзге ортақтасқанда не бітіреді. 

Адамның ішкі сезімі өзінікі. Қайғыра ма, қуана ма, өзінің 

сыпа басы көтереді. Жаратқан Ием пендесіне өлшеусіз 

өмір бермеген, сол тірлігін соғыс қырғыны зая қылса, оның 

қайғысы ұмытылар ма? Жібектің тырс еткен дыбысқа бола 

апыл-ғұпыл жүгіріп есікке жететіні:

– Қарындасым, мен ғой. 

– Кім?

– Әлкен, Әлкенмін! – деп туған ағасы үн қататындай 



алып ұшатыны дағдыға айналғаны қашан! Қаншама ай-

лар, жылдар өтті. Ағасын ойласа, түсіне енсе, жүрегі 

өрекпіп, ішкен асы бойына сіңбейді. Кең жайлауда қой 

бағып жүргенде Әлкеннің «Кәмила» әнін дала сахнасы-

нада еркін шырқап мауқын басушы еді. «Қосбармақ» 

мекенінде ағалы-қарындас жүгіріп жүргендей елес беруші 

еді. Жібектің үні ауаға тараған сайын көңілін көтеріп 

желпінуші еді. «Көзіме бір көрінші, аға!» деп Аллаға 



398

жалбарынды талай. Жә, Жібек ақыл-ойға қаншалық 

пайымды болса да, үмітін үзетіндей жетпіс жылға тар-

та уақыт өтсе де, ең болмаса бір хабар күтуден шаршаған 

емес. Жібектің жан-дүниесінің қопарылысын аңғарып 

отырған шығарсыздар. Әкелеріміз бен аналарымыз та-

лай басқосуда шырқап кететін «Кәмила» әнін шығарған 

1942 жылы II дүниежүзілік соғысқа етек-жеңін сұғынып, 

жеңіспен ораламыз деп кеткен Әлкен Байпақовтың туған 

қарындасы Жібектің жан тебіренісі. Бүгінде ең болма-

са моласын көрсем деген аңсау-арманмен ұласып жатты. 

Пешенесіне жазған азапты қайыспай көтерсе де, қабақ 

шытпай сарғая күтіп еді. Қанды ауыз қырғын тілегіне 

жеткізбеді. Сүйіктісі Кәмила да жүрегіне түскен алғашқы 

махаббат отын басы жерге жеткенше есінен шығарды 

деймісің. Дүниеден өтерде де екі иығына екі кісі мінгендей 

тұлғалы Әлкен елес берді ме екен, кім білсін?

Рас, Кәмиланың әкесінің Әлкенге рахымы түспеді, 

1928 жылғы байларды тәркілеуден мал-мүлкін ағайын-

туысына бөліп беріп жанын сақтаған әке: «Төрдегі басым 

аман тұрғанда, есіктегі жалшыма қыз беріп, ризаласып 

не болғаным!» – деп маңайына жолатпады. Ғашықтық 

дертіне шалдыққан Әлкен салқар көштей өлең жолдарын 

қалдырды. 

 – Өзі өлсе де, ағамның сөзі жұрт жүрегінде қалғанына 

жұбанамын, адамға бауыр қымбат екен, бауыры бардың 

төрт құбыласы тең екен, – деп Жібек көзін сулап, күрсініп 

қояды да Әлкеннің ақ қағазға мөлдіретіп түсірген өлең 

жолдарын оқиды: 

Хат жазғанда сары карандаш қолымда,

Мен қалдым ғой қасіреттің соңында. 

Әлі де болса жас жүректі қуантсаң, 

Жаным құрбан болар еді-ау жолыңда. 

Өзіңе аян менің саған құмарым,

Табылды деп қуанушы ем сыңарым. 

Шын айырылсам, жаным, сенен, Кәмила-ау,

Екіталай тірлік етіп тұрамын. 

Малдың жоғын салып едім алдыңа,

Тілегім сол, кездескейсің малдыға. 


399

Топ ішінде мұнша жерге қаратып,

Әлде менен көңілің суып қалды ма?

Мен қайтейін, жаутаңдаған көзіңнен,

Жылы тәтті, жібек майда сөзіңнен. 

Өлтіріп кет, ботакөзім, қолыңмен,

Мен садаға басып кеткен ізіңнен. 

Мехнатқа салдың менің басымды,

Мен қайтейін қиғаш қара қасыңды?!

Ғұмырымша қалыңдық деп мен қалдым,

Мойныңа артам көзден аққан жасымды. 

Қайғы болды ғұмырымша арылмас,

Бірдей болып келмеген соң мал мен бас,

Онды, бесті мал итіңнің жоқтығы-ай,

Ағызды ғой қан аралас көзден жас. 

Қанатым тұр осы күнде қайырылып,

Жүрек шіркін жабырқайды майырылып. 

Құдай десіп қол алысқан жарымнан

Қалғаным ба шыныменен айырылып?! 

Сөзім менен ісім еді-ай кеңескен,

Мұның арты бұлай болар деместен. 

Көңіл сүйсе, мал жолдас па дегенің,

Өле-өлгенше кетер емес сол естен. 

Еркем едің ақ маралдай керілген,

Екі аяқты бір басуға ерінген,

Алдымызда әлдеқандай күн болар,

Қатты қысып құшақтайын беліңнен.

Қош бол, сәулем, қолыңды бер ұсынып,

Айтқан сөзге құлағыңды сал түсініп.

Не өлі емес, не тірі емес мен қалдым,

Делдал болып екі арада қысылып, – 

деп Жібек ойға шомды. «Ел мен жер жыры да, мұңы да 

ғасырлардан-ғасыр өтіп жалғасып келеді ғой. Талай қыр-

ғын кімнің жүрегін жараламады дейсің. Әлкен ағаммен 

бірге соғысқа аттанған Ақан Құрманов Советтер Одағының 

Батыры атанды, халық қанша сұранса да совхоздың есімін 

батыр атына бермей отырғаны үстемдіктің қиянаты. Ат-

басар ауданын Пашков деген басқарды, қазақтың жоғын 



400

жоқтап қайтеді өзімшіл болса. Арман аңсаудың орындалу 

жолы ұзақтығына түсініп, тоқтамасқа лажымыз қайсы?»

Айқындық жоқтаушысы әлсізденген сайын күңгірт 

тарта беретін ақиқат. Немересі Абайды оқып отырып: 

«Өлсе өлер табиғат, Адам өлмес...» деп әжесінің көңілін 

жұбатқандай болды. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет