Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Ж.А.Сейсенбаева
филология ғылымдарының кандидаты
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаңартпа технологиялар және
білім беру мазмұнын ҒЗИ оқу үдерісін жетілдіру
бөлімінің басшысы 
Б.МҰҚАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ  әдебиетіне  өзіндік  сара  жо-
лымен  қолтаңбасын  қалдырған  абзал 
азаматтардың  бірі  де  бірегейі  Баққожа 
Мұқай десек артық айтқандық емес. Нағыз 
өр тұлғалы, зерек ойлы, шын мәнінде та-
лантты,  талапты,  шыншыл,  өте  білімді, 
алғыр, табанды, адамгершілік қасиеттерге 
бай,  аса  беделді  ұлт  жазушысы  ретінде 
оқырман  жүрегіне  өзінің  халық  жанына 
жақын  туындыларымен,  адамгершілік 
қасиеттерімен мәңгі есте қалары сөзсіз. 
Мен  Баққожа  Мұқайдың  туындыла-
рын  жас  кезімнен  қызығып  оқитынмын. 
Ол  кісінің        адам  жанына  жақын, 
психологиялық  тұрғыда  өз  кезеңіңдегі 
оқиғалар 
тізбегімен 
қиюластыра 
жазылған  шығармалары  мені    ерекше 
баулап  алған  болатын.  Магистратураны 
аяқтап, ғылым жолына аяқ басуға бел бай-
лап,  өзімнің  ғылыми  жетекшім  филоло-
гия  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Зейнол-Ғабден Бисенғали ағайыма барған 
кезімде,  ол  кісі  маған  бірден  «Баққожа 
Мұқайдың  шығармашылығын  зерттеу-
ге  қалайсың?»  деп  ұсыныс  жасағанда, 
мен  бірден  қуана  келістім.  Жазушының 
шығармаларын  бұрын  оқырман  немесе 
жай әдебиетші ретінде оқып шыққан мен, 
енді ол туындыларға енді ғылыми зерттеу 
жұмысының объектісі ретінде қарай баста-
дым. Мен өзім зерттеп оқыған туындыла-
рым арқылы автордың таным-түсінігін ол 
кісімен таныспай тұрып-ақ білгендей бол-
дым. Себебі, жазушының өмірдегі болып 
жатқан, жанына әсер еткен құбылыстарға 
өзіндік  көзқарасын,  ой-тұжырымын  ту-
ындылары арқылы жеткізетінін түсіндім. 
Осы  тұрғыда  Кеңес  кезеңіндегі  қазақ 
халқының  жай-күйін  көріп,  жан-тәнімен 
түсіне  отырып,  өзіндік  үн  қоса  білген 
шығармалары туралы айтып өткім келеді. 
Ең алдымен, қолыма 1989 жылы “Өмірзая” 
деген  атпен  драмалық  туынды  болып 
жарияланып,  1992  жылы  сахна  төріне 
қойылған  туынды,  1998  жылы  роман  бо-
лып  өңделген,  2000  жылы  Қазақстан 
Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығын 
иеленген  «Өмірзая» романын қолыма ал-
дым.  Бұл  туындыны  жазудағы  авторлық 
нысана  –  Кеңес  үкіметінің  сыңаржақ 
саясатының  қазақ  халқының  ұлттық 
болмысы  мен  қоғамдық  құрылысына 
тигізген  ауыр  зардаптарын  суреттеуге 
бағытталған.  Автор  тарихтың  ақтаңдақ 
беттерін ашып, жетпіс жыл бойы үстемдік 
еткен  Ресей  үкіметінің  жымысқы  саяса-
тын  жүзеге  асырушылардың  тұлғасын 
бейнелеген  “Өмірзая”  романында  өмір 
қиындығына  шыныққан  рухани  қуаты 
берік,  моральдық  сапасы  жоғары  азамат-
тар бейнесін жасалған.
Романның 
тағы 
бір 
ерекшелігі 
ретінде  байқағаным,  жақсылық  табиғи 
түрде  шешуге  тырысқан  жазушы  өмір 

67
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
шындығын  нанымды  суреттегендігінде 
еді.    «Өмірзая»  романы  бостандық 
жолындағы  биік  идея,  күрделі  ақиқатқа 
құрылғандықтан,  оқырман  ықыласына 
бірден  бөленді.  Шығарманың  тағы  бір 
ерекше  тартымдылығы  –  әдебиетке 
қызғылықты  характер  қосуында.  Жең 
ұшынан  жалғасқан  сыбайластықтың 
өрмекшінің  ұясындай  торланып  алған 
тобырлық  әрекеттері  Мұса  Байларов  пен 
Жақия Тайлақұлы секілді “мықтылардың” 
келбеті арқылы бейнеленсе, ғалым Алди-
яр Ақпанұлы  бейнесі арқылы шындықты 
жеткізуге  талпынған  характерлер  сомда-
ды. Бұл бейнеден адам баласына тән жақсы 
қасиеттің  бәрі  адалдық  пен  білімділік, 
төзімділік секілді қасиеттерді анық көруге 
болады. Олардың бойынан адам баласына 
тән жақсы қасиеттің бәрін – адалдық пен 
білімділік,  төзімділік  секілді  қасиеттерді 
анық көруге болады. 
Шығарманың  оқиғасы  трагедияға 
құрылған. 
Аяғанның 
адал 
жары 
Әсемнің  асқынған  ауру  әсерінен  қаза  та-
буы,  Хадишаның  көзсіз  махаббаттың 
қырсығына  шалынып,  жетімдіктің  аза-
бын  еселеп  тартуы,  Аяған  үшін  інілік 
қызмет  атқарып  жүрген  Асылханның 
саяси  қастандықтың  құрбаны  болуы, 
Аяған  мен  Әсемнің  бүлдіршіндері  –  Ол-
жас,  Елжас,  Бибілердің  балалық  бал 
дәурендерінің  өкінішпен  өтуі,  т.т.  кімді 
де  болса  ойландырмай  қоймайды.  Аяған 
кеңестік  үкіметтің  өз  дегенін  істетпей 
қоймайтынына  анық  көзі  жетіп  тұрса  да, 
қасқайып қарсы тұрды. Ақыры, оны майы-
стыра алмасын білген “мықтылар” өлтіріп 
тынады. Осы шығармадағы адамгершілік 
идеялар адамзаттық ізгіліктер ұстанымның 
биіктігін айқын көрсетеді.
Шығарманы ғылыми зерттеу бағытында 
бірнеше  оқып  шықтым.  Оқыған  сайын 
романның  көркемдігі мен кейіпкерлері өзі 
өмір  сүріп  отырған  кезеңнің  тұлғаларын 
суреткер  шынайылылықпен  суреттей 
білгендігіне тәнті болдым. Қоғамдық ой-
сананың  жинақталған  көрінісі  ретінде 
әдебиетті  айтар  болсақ,  аталмыш 
романның арқалаған жүгінің қаншалықты 
деңгейде оны ашып, танытқанын оқырман 
саралайды. 
Осыдан  кейін  әңгімелерін,  повестерін, 
публицистикалық 
мақалаларын 
ғылыми 
тұрғыда 
сараптап 
қарап 
шықтым.  Шығармаларымен  танысып, 
ғылыми  жұмысымды  аяқтап  қалуға 
таянғанда  автормен  танысуға  бел  бу-
дым.  Шығармаларын  оқып,  зерттеп 
жүргеніме біраз уақыт өтсе де, ол кісімен 
танысуға қатты жүрексінетінмін. Ғылыми 
жұмысымды  біраз  жөнге  келтіргенннен 
кейін, «Парасат» журналының адресін та-
уып, түстен кейін ол кісінің жұмыс орны-
на бардым. Ол кісінің адамды баурап алар 
әдеби  туындылары  арқылы  жақын  тани-
тындай  сезінетінмін.  Кездесу  барысында 
ол  кісінің  әдебиет  жанашыры  екендігіне 
де  көз  жеткіздім.  Осыдан  кейін  ол  кісі 
менің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университеті  филология  факультетінде 
өткізген  ғылыми  семинарыма  да  ар-
найы  келіп,  шығармаларын  студенттер 
мен  мұғалімдер  арасында  өткізген  пікір-
сайысқа қатысып, өзіндік пікірімен бөлісті. 
Студент  жастардың,  мұғалімдердің,  жал-
пы  әдеби  ортада  шығармаларына  деген 
қызығушылықтың  зор  екендігіне  жалпы, 
бүгіндегі мына ақпараттық технологияның 
дамып тұрған заманында әдеби шығармаға 
деген сұраныстың мол екендігін байқаған 
жазушы  марқайып  қалған  болатын. 
Осыдан  кейін  Баққожа  ағамен  жаз 
айындағы  филология  ғылымдарының 
кандидаттығын қорғау кезеңінде кездестім. 
Ол  кісінің  алтын  уақытын  бөліп  менің 
кандидаттығымды  қорғауыма  келгені 
мен үшін үлкен мәртебе болды.  Осы екі 
кездесуде  де  менің  көзімнің  жеткендігі 
ол  кісінің  адами  қасиетінің  молдығы, 
қарапайымдылығы,  кесек  мінезі  мен 
ойының  да,  бойының  да  бірдей  үндескен 
нарлығы,  алғырлығы,  келісті  тұлғасы 
мен  кескін-келбеті,  мейірбандылығы, 
парасаттылығы, кісілігі, қайсарлығы, жан 

68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
сұлулығы  еді.  Жазушы  өзі  өмір  сүрген 
кезенің  әлеуметтік,  психологиялық  жай-
күйіне үн қоса білген қаламгерлердің бірі. 
Адамгершіліктің асқақ көріністерін көбіне 
замана шындығынан шығарып суреттеуге 
мән  бере  отырып,  сол  арқылы  халықтың 
ақыл-ойын,  ішкі  сезім  дүниесінің 
мөлдірлігін  қастерлеуге  ұмтылған  ту-
ындыларында  адам  жанына  жақын  көп 
сұрақтарға  жауап  тапқандай  әсерде 
қалады.  Оның  шығармашылығының  өн 
бойына  замана  үнінің  қоғам  мүддесімен  
тығыз байланысын байқауға болады. 
Өмірден 
қандай 
құбылысты 
суреттемесін,  Б.Мұқай  адам  өміріне, 
тіршілігіне, асыл мұраттарға байланысты-
ра  бейнеледі,  оны  замана  шындығынан 
шығара  білді.  Жазушы  адамзаттың 
ғасырлар  бойғы  рухани,  ар-ұждан, 
азаматтық  күрестердің  нәтижесін  бүгінгі 
адам мен оның қат-қабат, күрделі әлемімен 
байланыстырды.
Әрбір халықтың ерекшелігі – оның ру-
хани  мәдениеттің  сапа-дәрежесімен  тара-
зыланып,  танылады.  Рухани  мәдениеттің 
ең елеулі саласы әдебиет екені ақиқат. Осы 
әдебиеттің  дамуына,  өсіп-өркендеуіне 
өзіндік үлесін қосқан Б.Мұқай әдебиеттің 
әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. 
Ол тек талантты прозашы ғана емес, ше-
бер драматург, белгілі публицист ретінде 
халықтың  жадында  сақталып  қалары 
сөзсіз.  Өмірін  серуенге  емес,  керуен-
ге  теңеп,  қазақ  әдебиетінің  игілікті  да-
муына  бар  күшін  сала  еңбек  еткен  аб-
зал  азаматымыздың  арамыздан  алыстап 
кеткені әрине, өкінішті! Бірақ, амал нешік! 
Әр дәуірде өзіндік қолтаңбаларымен бедерін 
қалдырған  қазақ  тарихындағы  төрелік 
билерімен  есте  қалған  Төле,  Қазыбек, 
Әйтеке  билер  сынды  тұлғаларымыз  да, 
үш  жүздің  басын  қосқан  Абылай  ханы-
мыз  да,  қазағының  ертеңін  ойлап  еңіреп 
кеткен Ахмет, Мағжан, Сәкен ағаларымыз 
да  уақыт  кеңістігінде  тасаланып  кете 
бергендері  белгілі.  Тағдыр  шіркінге  дауа 
бар  ма?!  Әдебиеттің  проза  саласындағы 
адам жанына жақын туындылары қалған 
Баққожа  ағамыздың  жатқан  жері  жай-
лы  болып,  артындағы  ұрпағы  аман  бол-
сын! Б.Мұқайдың рухы қазақ әдебиетінің 
классикалық тұрғыдан дамып, көркеюіне 
ықпалын тигізсін демекпін!   
Summary
Статья посвящена прозаику казахской литературы Б.Мукайе, воспитательной роли его творче-
ства. 
Резюме
The article is devoted to the prose writer of Kazakh literature B. Mukaye, the educational role of his 
career.
Ж.Түрікпен-Ұлы –                                                                                
п.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ Магистратура және 
PhD докторантура институты Психология-педагогикалық 
мамандықтар кафедрасының профессоры 
 
АКАДЕМИК ТӨЛЕГЕН ТӘЖІБАЕВ МӘҢГІ ЕСІМДЕ
(Естелік)
Әлі      есімде.    Өткен      ғасырдың      елу     
бірінші    жылы    Қазақ    мемлекеттік  
университетінің    физика-математика  
факультетіне    оқуға    түстім.  Соғыстан  

69
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
кейінгі кез. Ел  езілген  еңсесін  енді-енді  
көтеріп    жатқан.  Студенттерге  жатахана 
жетіспейді. Туып-өскен жерім Алматыдан 
70 шақырым қашықтықтағы Еңбекшіқазақ 
ауданының  Шыбыл  ауылы.  Жатаханадан 
орын  беретін  кісі:  «Біз  алыс  жақтардан 
келгендерді  жатар  орынмен  қамтамасыз 
ете алмаудамыз. Сен осы облыстан екенсің 
ғой,  бірдеме  қылып  күніңді  көрерсің», 
–  деді.  Қалада  тұратын  туыстарымның 
жоғын  қанша  айтсам  да  құлақ  аспа-
ды.  Күнде  соншалық  қашықтықтағы 
ауылға барып-келіп оқу оңай ма. Ол кезде 
бүгінгідей ерсілі-қарсылы ағылып жатқан 
көліктер  қайда.  Өкпесі  сырылдаған 
жалғыз  автобустың  жүргенінен  тұрғаны 
көп. Оның үстіне қартайған әке-шешемнің 
түрі анау. Аз ғана зейнетақыларымен күн 
кешуде.  Бірге  оқитын  студенттерге  тез 
бауыр басып, алғашқы бір айда солардың 
жанында  жатып  жүрдім.  Қанша  деген-
мен кереует екі адамға тарлық етеді етеді 
екен.    Жоғарғы  курста  оқитын  жерлесім 
бар еді. Сабақ арасында кездесіп қалдық. 
Жағдайыма  қаныққан  ол:  «Жолмұқан, 
бұлай  жүре  берме.  Университеттің  рек-
торы Төлеген Тәжібаевқа бар. Жас кезінде 
қиыншылықты  өте  көп  көрген  жан  деп 
естігенмін. Жағдайыңды айтсаң түсінер», 
–  деді.  Бұрын  ректорды  сыртынан 
көргенмін.  Орта  бойлы,  дөңгелік  жүзді, 
қою  қасты,  келбетті  кісі.  Алдына  баруға 
жүрексініп,  тағы  біраз  күнді  өткіздім. 
Боз  қырау  түсіп,  күздің  салқыны  күш 
айналған сайын әбіржіте бастады. Ақыры 
төзімім таусылып, нар тәуекелмен  Совет 
және  Ленин  көшелерінің  қиылысындағы 
ректоратқа 
қарай 
тарттым. 
Ескі 
Верныйдың  тұрысында  бұл  үй  гимназия  
болған деседі. Онда Жандосов пен Фрун-
зе  оқыпты.  Төлеген  аға  жылы  шыраймен 
қабылдады.  Өрекпи  соққан  жүрегімді 
басып,  жағдайымды  баяндадым.  Ол  зер 
салып  тыңдады.  Сабақ  үлгеріміме  көңіл 
қойды.  Сосын  қоңырқай  үнмен:  «Ел  есін 
енді  жиып  жатыр.  Қашан  экономикамыз 
көтерілгенше,  қиыншылықтар  болады. 
Бірақ бәріне де төзіп,  бастаған істі аяқтау 
керек.  Бәрімізде  аспаннан  осылай  сал-
бырап  түсе  салғанымыз  жоқ.  Небір  ауыр 
кезеңдерді бастан өткіздік», – деп өз тағдыр 
талайын  қысқаша  хабардар  етті.  Тыңдап 
отырсам менің қиналғаным оның қасында 
түк  те  емес  екен.  Әжептәуір  жігерленіп, 
рухтанып  қалдым.  Ол  сөзінің  соңында: 
«Оқимын  деген  жаннан  көмегімді  аянып 
қалмаспын,  –  деп  өтінішіме  бұрыштама 
жазды  да:  –  Мынаны  комендантқа  бер», 
–  деді.  Ертеңіне  жатақханаға  орнала-
стым.  Төлеген  ағаны  содан  кейін  жи-
налыстарда  көріп  жүрдім.  Сөзі  қандай! 
Білімі  қандай!  Жүйе-жүйесімен  айтып, 
тереңінен қозғағанда,   құлақ    құрышың    
қанады.  Ауық-ауық  жатақханаларды 
аралап,  студенттердің  жай-күйін  біліп, 
жағдайларын жасайтын.                 
Бес  жылдан  соң  университетті 
ойдағыдай бітірдім. Қарағандының педин-
ститутына  оқытушы  етіп  жіберді.  Сонда 
доцент  Сәлкен  Балаубаевпен  таныстым. 
Алпысты алқымдап қалған ол педагогика 
және  психология  кафедрасын  басқарады 
екен.  Тағдыры  күрделі  жан.  Ташкендегі  
Орта  Азия    мемлекеттік  университетінің 
алғашқы  түлектерінің  бірі.  Алматыдағы 
Қазақ  педагогика  институтында  декан 
болған.  Сол  кездегі  педагогия  ғылымы 
бойынша  әр  баланың  тумысынан  өз 
ерекшеліктері  мен  қарым-қабілеттерін 
дөп  басып  танып,  жасөспірімдерді  өз 
бейімдеріне қарай тәрбиелеу керек. Бұл кісі 
сол салада көп еңбектеніпті. Ал кеңес иде-
ологиясын  ұстанғандардың  бұл  ғылымға 
көзқарастары  кереғар  келді.    Отызыншы 
жылдарда-ақ    олар  мұны  буржуазиялық 
ғылым, марксизм-ленинизм қағидаларына 
мүлдем  жат  деп  байбалам  салған:  «Адам 
тумысынан  бәрі  бірдей.  Тек  болашақта 
кім  болып  шығатындары  мектептен 
алған  біліміне,  тәлім-тәрбиесіне  байла-
нысты»,    –  дейтін.  Бұған  Балаубаев  та 
басқы бағытынан қайтпай, өзінің  ғылыми 
тұжырымдарын  дәлелдеп  жанталасса  ке-
рек.  Ақыры  отыз  жетінің  зобалаңында 

70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
сол  ғылыми  көзқарасы  өзіне  пәле  болып 
жабысыпты.  Буржуазиялық  ғылымды 
дәріптеуші деген жаламен итжеккенге  ай-
далады.  Бір  жолы  оңаша  сәтте    мен  одан 
осы  мәселе  жөнінен  суыртпақтап  сыр 
тарттым.  Ол  сол  бойда  ішіндегісін  ағыл-
тегіл  ақтара  салған  жоқ.  Қыртысы  көп 
маңдайын  жиырып,  ілкім  сәт  үнсіз  оты-
рып, іркіле сөйледі. 
– Е-е, шырағым, – деді  күрсініп. – Біздің  
қазақта  күншілдік  деген  жазылмайтын  
әлеуметтік ауру бар емес пе? Үстімнен үш 
адам мені бұрыңғыны көксейтін ғалым деп 
жоғарыға  арыз  жазыпты.  Ту  сыртымнан 
біреулер  солай  тас  атады  деп  ойлаппын 
ба?  Айтысармыз,  пікір  таластырармыз, 
сөйтіп  жүріп,  түбі  бір  мәмілеге  келерміз  
деуші едім. Қателесіппін. Бар зұлымдығын 
іштеріне бүккен жау болып шықты.
– Олардың кім екендерін білесіз бе?
–  Білемін.  Жер  басып  жүр  гой.  Кейде 
Алматыдағы  үлкен  ғылыми  жиындарда 
сырттарынан көріп те қаламын.
– Кімдер екенін ашып айтпайсыз ба?
–  Қайтесің  шырағым  ...  Мен  олардың 
аттарын  аузыма  алуға  жиренемін.  Сен 
естімей-ақ қой. Ер жеткен ұл-қыздарынан 
ұят. Тек итжеккенде босқа өткен жиырма 
жыл  уақытты  айтсайшы.  Қазір  жастық 
шағыңдағыдай  қайрат  қайда?  Қаншама 
ғылыми еңбектер жазылмай қалды. Соған 
өкінемін.  –  Ол    әлдене  есіне  түскендей 
маған жалт қарап: – Жолмұқан, сенің ой-
лау жүйең қазақша екен. Сөзің өте жатық. 
Психология  ғылымында  өзіңдей  тілді 
жетік  білетін ұлттық мамандар өте аз. Бұл 
–  адамның  жан  дүниесін  тану  ғылымы. 
Қазақ  халқының  ерекшелік  болмыстары 
енді-енді зерттелініп жатыр. Бізде физик-
тер  мен  математиктер  саны  біршама  өсті 
ғой. Сен осы психология ғылымын қолға 
алсаң  қайтеді?  ҚазМУ-дың  ректоры,  пси-
холог Төлеген Тәжібаевпен өзім танысты-
рар  едім.  Құдай  қазақтың  бағына  берген 
жігіт  қой  ол.  Ондай  ғалыммен  дүниені 
төңкеруге болады, – деді.
Ойланып көрейін, Сәке, – дедім мен.
Балаубаевтың 
ұсынған 
бірнеше 
кітаптарын  оқып  шықтым.  Уақыт  тау-
ып,  дәрістерін  тыңдадым.  Барған  сайын 
психологияға  қызығушылығым  артты. 
Шынында  да  менің  қолайыма  келетін, 
жаныма  жақын  ғылым  секілді.  Ара-
да  біраз  уақыт  өткен  соң  мен  ол  кісінің 
ұсынысымен  келістім.  Сәлкен  аға  мені 
Төлеген  Тәжібаевқа  алып  барды.  Төлеген 
аға  күлімсіреген  көздерінен  ұшқын  ша-
шып:  «Сәлке,  сіздің  шәкірт  таңдауынан 
қателеспейтініңізді білемін», – деді.
Сынақтарды  ойдағыдай  тапсырып, 
аспирантураға  қабылдандым.  Ғылыми 
жетекші  Төлеген  Тәжібаев  «Балаларды 
еңбекке  тәрбиелеудің  психологиялық  
негіздері» деген тақырыпты бекітіп берді. 
Сол кезде қоғамда мектептерді өндіріспен 
байланыстырып,  сабақпен  ұштастыра 
жүргізу  қызу  өріс  алған.  Өкінішке  орай, 
бұл  тақырыпты  қорғаудың  сәті  келіп 
түспеді.  Аспирантураның  екінші  курсын 
бітірерде Төлеген аға кенеттен қайтыс бол-
ды. Мен ғылыми жетекшісіз қалдым. Со-
дан аспирантураны тастауыма тура келді. 
Жоғары білім министрлігіне қызметке ау-
ыстым. Оған сол кездегі министр ардақты 
азамат,  талантты  ғалым,  ұйымдастыру 
қабілеті ерен күшті Біләлов Қали аға қол 
ұшын берді.
Академик  Төлеген Тәжібаев – күрделі 
тұлға. Ол өмірден өткен соң көп  жылдар 
бойына атаусыз қалды. Тіптен ұмыт бола 
бастады.  Артына  қалдырған  мұралары 
шаң  басып  жатты.  Ал,  ол  ұмытуға  бол-
майтын,  кейінгі  жастарға  өнеге  тұтатын 
жан  еді.  Осыдан  қырық  жыл  бұрын  про-
фессор Құбығұл Жарықбаев екеуміз оның 
өмірін, ғылыми еңбектерін жинастырдық. 
Жұмыстарын  кітап  етіп  шығардық.  2002 
жылы менің «Академик Төлеген Тәжібаев» 
деген үлкен кітабым жарық көрді.
Төлеген  Тәжібаев  1910  жылы  Оңтүстік 
Қазақстан обылысындағы Арыс ауданының 
Сүткент ауылында туылған. Ол жеті жасқа 
толғанда  ата-анасы  мен  өзінен  үлкен  ба-
уырлары  аштық  пен  жұқпалы  аурудан 

71
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
қайтыс болады. Ал Төлеген босқан жұртқа 
ілесіп,  Арыс  қаласына  жетеді.  Көше 
жиегінде  бұратылып  хал  үстінде  жатқан 
баланы  теміржол  бойында  істейтін  Иван 
Кабанов  көріп,  жаны  ашығаннан  үйіне 
көтеріп алып келеді. Кеберсіген таңдайына 
қайнатылған күріштің суын тамызып, есін 
жиғызады.  Бертінде  Кабановтың  үлкен 
қызы  Клавдиямен  кездескенімізде  ол  ту-
ралы  талай  қызықты  жайға  қанықтық. 
«Біз  азып-тозған  баладан  қазақшалап 
атын және кімнің баласы екенін сұрадық. 
Ол  өзін  Төлегенмін,  тесіле  қарап  тұрып, 
Тәжібайдың  баласы  екенін,  тұл  жетім 
қалғанын  айтты.  Күйеуге  шыққан  әпкесі 
барын,  бірақ  одан  бейхабар  екенін  тағы 
ескертті. Бала өте зерек, айтқаныңды тез 
қағып алады. Орыс тілін де лезде меңгерді. 
Әкеме қолқанат болды. Әкем 1917 жылғы 
төңкеріске  дейін  жол  бойының  байла-
ныс  саласында  істеген.  Оған  ұры-қары, 
қарақшылардан  қорғануға  қару  берілген 
еді.  Қалаға  бірде  қызылдар,  бірде  ақтар 
кіріп,  тұрғындардың  есін  шығарып 
жатқан  аласапыран  шақ.  Бір  күні  үйге 
түсі суық кісілер баса-көктей келіп, қару-
жарақ іздеп, тінти бастады. Бәрімізді ішкі 
бөлмеге  қамап  жатқанда  Төлеген  сыртқа 
шығып  бара  жатты.  Оның  түр-түсі  бізге 
ұқсамайтын болған соң ба, жоқ әлде көрші 
үйдің баласы деп қалды ма, едіреген аналар 
оған аса мән бермеді. Бөлмелерді ақтарып, 
ештеңе  таппаған  соң  шатырға  көтеріліп, 
астан-кестеңін  шығарып  жатқанда,  әкем: 
«Пистолетімді  сонда  тыққан  едім.  Енді 
бәрі де бітті. Мені жазалайды», – деді шара-
сыз сыңаймен ұнжырғасы түсіп. Үрейіміз 
ұшып,  біз  тұқырамыз.  Аналар  қайтып 
келді.  Елірген  мұрттысы  қабаған  иттей 
әкеме  төніп:  «Қаруыңды  жасырып,  бізге 
қарсы тұратын болсаң...» деп кіжініп, сұқ 
саусағын безенді. Олар үйден шығып кет-
кенде ғана бәріміз демімізді бір-ақ алдық. 
Әкемнің өңі қашып, тұла бойы қара терге 
шомыпты. Таңданып тұрып: «Оңай жерге-
ақ  қойған  секілді  едім.  Иттер  қалай  таба 
алмады,  ә?»  деді  бізге  аңтарыла  қарап. 
Сол  кезде  сырттан  ентігіп  Төлеген  кірді. 
Аналар үй ішін тінтіп жатқанда, шатырға 
шығып,  пистолетті  алыстау  бір  жерге 
көміп  тастапты.  Шынашақтай  баладан 
мұндай істі кім күткен? Әкем оны жерден 
көтеріп,  құшағына  қысты.  «Сен  мені  бір 
өлімнен құтқардың, балам»,  – деп бетінен 
сүйді. Содан кейін біз оны тіптен де жақсы 
көріп кеттік. Оның музыкалық әуестігі де 
күшті  еді.  Аз  уақыттың  ішінде  бірнеше 
аспаптарда  ойнауды  үйреніп  алды.  Әкем 
оның  алғырлығына,  зеректігіне  сүйсініп: 
«Төлегенді оқыту керек. Одан үлкен азамат 
шығады»  дейтін.  Арыста  жетім  балалар 
үйі ашылғанда Төлегенді соған тапсырды. 
Ол жексенбі сайын үйге келіп, бізбен бірге 
болатын. Кейін үлкен қызметкер болғанда 
ай сайын бізге өз қалтасынан мың сом са-
лып тұрушы еді...».
Ол балалар үйінде озат оқушы атанды. 
Ұстаздары  Шымкенттегі  педтехникумға 
жіберген.  Оның  директоры  «Алаш» 
партиясының  мүшесі,  жазушы  Жүсіпбек 
Аймауытов  психология  пәнінен  сабақ 
береді.  Кейіндеу  Тәжібаевтың:  «Менің 
болашақ  мамандығым  сол  педтехникум 
қабырғасында  жүргенде-ақ  анықталды» 
дегеніне  қарағанда  оған  Аймауытовтың 
ерекше  ықпалы  болған  секілді.  Пед-
техникумды  үздік  бітірген  оны  сонда 
оқытушылық жұмысқа қалдырған да сол 
асыл ағамыз.
1931 жылы Өлкелік комсомол комитеті 
оған  Мәскеудің  Н.К.Крупская  атындағы 
коммунистік 
тәрбие 
академиясына 
оқуға  жолдама  береді.  Бір  жылдан  соң 
бұл  оқу  орны  Ленинградқа  ауысты-
рылады.  Студенттік  шақтарын  бірге 
өткізген  М.Бутин  мен  Г.Чадиаровтың 
«Жерлестер  ай  сайын  кездесіп,  мәдени  
шаралар  өткізетінбіз.  Төлеген  сонда 
бауырмалдығымен, 
ұйымдастырғыш 
қабілетімен  ерекшеленіп,  құрметімізге 
бөленді. Өзі оқитын академияда комсомол 
комитетінің  хатшысы  болып,  қоғамдық 
өмірге белсене араласты. Сол жағынан да 
ол  біз  үшін  мақтаныш  еді»,  –  дегендері 

72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
оның жастық шағының жалындап өткенін 
танытса керек.
Академияны  өте  жақсы  тәмамдаған 
Төлегенді 
ұстаздары 
аспирантураға 
алып  қалады.  Ол  үш  жылда  психолог 
А.В.Веденовтың  жетекшілігімен орыстың 
ұлы  педагогы  К.Д.Ушинскийдің  тамаша 
психолог  болғанын  дәлелдеп,  диссерта-
ция  қорғағанда,  белгілі  ғалым,  профес-
сор  Ш.Ганелин  мен  Б.Ананьев  зерттеу 
жұмысын  өте  жоғары  бағалап,  ғылымға 
қосылған  зор  жаңалық  депті.  Веде-
нов  осы  қалада  ғылыми  жұмыстарын 
жалғастыруды ұсынғанда ол: «Жоқ мұнда 
қала  алмаймын.  Ұстазыма  берген  уәдем 
бар.  Қазақстанға  барып,  халқыма  қызмет 
етуім  керек»,  –  дейді  Ол  содан  аз  ғана 
уақыт бұрын «халық жауы» атанып,  өлім 
жазасына  кесілген  ұстазы  Аймауытовқа 
берген уәдесіне осылай тұрып, 1938 жылы 
елге оралды. Алматының Абай атындағы 
педагогикалық    институтына  доцент  бо-
лып  орналасқан.  Сол  кезде  институт  аса 
қиын  жағдайды  бастан    кешіп  жатты.  
Өткен  жылдардағы    зобалаңнан  маңдай 
алды  оқытушылардың  біразы  жаладан 
атылып,  біразы  Сібірге  айдалып,  маман-
дар  жетіспеді.  Төлеген  мұнда  педагогика 
және  психология  кафедрасын  меңгеріп 
қана  қойған  жоқ,  иснтитуттағы  ғылыми 
жұмыстар жөніндегі директордың  орынба-
сары қызметін қоса атқарды. Коммунистік 
партияға  мүше  болып  қабылданды. 
Республикалық  «Халық  мұғалімі»  жур-
налына  жиі-жиі    мақалалар  жариялап, 
онда  психология  ғылымының  теориялық 
көкейкесті мәселелері, оның классикалық 
тарихы  және  дамуы  мен  қалыптасуы 
жөнінде  жан-жақты  талдау  жасап,  қазақ 
психологиясының іргетасын қалауға үлес 
қосты.
Атақты  психолог  Л.С.Выготский:  «Ең 
бірінші ана тілін білу керек. Сол арқылы 
басқа да шет тілдерін игерген ләзім. Егер де 
баланы әуелі өз ана тілінен емес, басқа жат 
тілдердің  бірінде  оқытатын  болсақ,  онда 
ұрпақ мәңгүрт  болып қалады»,  – дегенін  
Тәжібаев  түбегейлі  қолдады.  Оқу-тәрбие 
жұмыстарын  ұлттық  ерекшеліктермен 
ұштастыра жүргізді. Дәрістерін қазақ жа-
старына  қазақша,  орыс  тілдерге  орысша 
оқыды.  Елде  орыстандыру  саясаты  өріс 
алып тұрғанда, оның бұл ісі  қоғам ағысына 
қарсы жүзумен бірдей еді. Ол ұлтының жа-
стары үшін соған тәуекел етті. Төлегеннің 
өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі жеті 
жасында  тұл  жетім  атанып,  орыстардың 
отбасында  өсіп,  Ресейдің  жоғарғы  оқу 
орындарында тәрбие алса да, ана тілін  өте 
жетік  білетінен  анық  көрінуші  еді.  Қазір 
арамызда  әке-шешесінің  қамқорлығында 
өссе  де,  қағынан  жиренген,  ана  тілінен 
мақұрым қаншама оқытушылар жүр.
Үкімет  басшылары  алғыр  жасты  пе-
динститутта  көп  ұстамады.  Екі  жылдаң 
соң  ақ  оны  мемлекеттік  қызметтерге 
тартты.  1940  жылы  отыз  жастағы 
Төлегенді  Қазақстанның  Оқу  Ағарту 
Халық  Комиссарының  бірінші  орынба-
сары,  келер  жылы  Оқу  Ағарту  Комис-
сары  етіп  тағайындады.  Тағы  бір  жыл-
ды  артқа  тастап,  Халық  Комиссарлары 
Кеңесі  Төрағасының  орынбасырлығына 
көтерілді.  Ал  1944  жылдың  тамызында 
оған  Қазақ  республикасының  Сыртқы 
істер  Халық  Комиссариатын  құрып, 
жұмысын  жолға  қою  тапсырылды.  Жаңа 
Халқымды ұйымдастыру барысында, сол 
кездегі СССР Сыртқы істер Халық Комис-
сары Молотовпен танысып, талай түйінді 
мәселелерді  бірге  шешті,  Молотов  оның 
ақыл-парасатына  тәнті  болып,  ерекше 
дарындылығын жоғары бағалады. Ол Ле-
нинградта  оқып  жүргенде-ақ,  ағылшын 
тілін үйреніп, еркін сөйлегені белгілі.
Ұлы  Отан  Соғысынан  кейін  1947 
жылы  төрт  ұлы  держава:  СССР,  АҚШ, 
Ұлыбритания,  Франция  талқандалған 
Германия  тағдырын  талқыға  салғанда, 
Совет үкіметі атынан эксперт-кеңесші бо-
лып  Подстамға  барған  Төлеген  Тәжібаев 
сөз сөйлеп, маңызды пікірлер айтқан екен. 
Санаулы  жылдардың  ішінде  Сыртқы 
істер министрлігін аяғынан тік тұрғызып, 

73
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
қалыптастырған  соң,  оған  1948  жылы 
Қазақ  мемлекеттік  университетінің  рек-
торы  қызметін  қоса  атқаруды  жүктейді.  
Оның  үстіне  педагогика  және  психоло-
гия  кафедрасының  меңгерушісі  болып, 
оқытушылық  жұмыстарымен  де  айна-
лысады.  1945  жылдың  басында  Төлеген 
Тәжібаевты  Қазақстан  ҒА-сы  академик 
етіп  сайлайды.  Сол  жылдың  қазан  ай-
ында  Қазақ  КСР  Министрлер  Кеңесі 
Төрағасының  орынбасары  және  Мәдинет 
министрі қызметтеріне тағайындалды. 1955 
жылдан 1958 жылға дейін дипломатиялық 
қызметке ауыстырылып, БҰҰ-да Советтер 
Одағы делегациясы басшысының орынба-
сары  ретінде  халықаралық  мәселелерді 
шешуге атсалысқан болатын. Ондағы да-
мушы Азия, Африка және Латын Амери-
касы елдері жөніндегі комитетті басқарып, 
1956-57  жылдары  Нью-Йорктегі  үлкен 
мінберден төрт баяндама жасағаны белгілі. 
Содан кейінгі бес жылда Үндістандағы  Со-
веттер  Одағы  елшісінің  кеңесшісі  болды. 
1961 жылы елге оралған соң, өз қалауымен 
ұстаздық қызметін жалғастырып, ұлттық 
психология  ғылымын  дамытуға  үлесін 
қосты.
Тәжібаевтың 
жоғарыдағы 
өмір 
белестеріне  қарап,  басына  бақ  қонған 
жан  дерсің.  Ол  рас.  Басқа  мемлекттік 
қызметтерін  былай  қойғанда,  мұхиттың 
арғы  жағысындағы  Америкаға  барып, 
БҰҰ-да Советтер Одағы атынан сөз сөйлеп, 
оның бір үлкен комитетін басқару сол кез-
де  одан  басқа  қай  қазақтың  пешенесіне 
жазылыпты.  Бұл  бүкіл  ұлтымыз  үшін 
абырой, мақтаныш емес пе? Алайда оның 
елдегі  өмір  жолының  кейбір  кезеңдері 
күреспен  өткенінен,  тағдарының  талай 
рет тәлкекке түскенін көзі көргендер бол-
маса былайғы жұрт біле бермейді. Білікті 
ұстаздың қаламынан бірнеше монография-
лар, жүзге жуық ғылыми мақалалар жарық 
көрді. Сол жылдары Тәжібаевтың ғылыми 
еңбектерінің  бір  шоғыры,  халқымыздың 
ардақты  ғұлама  перзенттері  Шоқан, 
Абай,  Ыбырайдың  психологиялық  және 
педагогикалық  көзқарастарын  зерттеу-
ге  арналды.  Солардың  бірі  абайтанудың  
соңы  соқпағы  «Абайдың  философиялық, 
п е д а г о г и к а л ы қ , п с и х о л о г и я л ы қ 
көзқарастары» деп аталынады.
Тәжібаев  осы  тақырыпта  докторлық 
диссертациясын  қорғамақшы  да  болған. 
Бұған пікірін жазған М.Әуезов: «Бұл Абай 
шығармаларын психологиялық  тұрғыдан 
тануда  тың  ой-пікірлерге  негізделген 
өте  құнды  еңбек»  деген  екен.  Өкінішке 
орай,  Тәжібаевқа    осы  тақырыпта 
қорғаудың  сәті  түспеді.  Абайдың  үстем 
тап өкілі деушілердің айқай-шуы көбейіп, 
Әуезовтың өзін қуғынға ұшыратты.
Орыстандыру  саясаты  күшейіп  тұрған 
сол бір кездерде психология пәнінен ұлттық 
тілде  кітап  жазып,  баспадан  шығару 
мүмкін емес еді. Бұл пән туралы еңбектер 
жоғары  жақтың  қатаң  қадағалауында  бо-
латын. Сондықтан да Тәжібаев еңбектерін 
орыс  тілінде  жазды.  Бірақ  филология 
факультетіне  дәрісті  ана  тілінде  оқыды. 
Дәріс оқып тұрғанда бір ауыз орысша сөз 
қоспайтын еді.
Тәжібаевтың жұмыс істеу тәсілі де өзгеше 
еді.  Кафедраның,  ректораттың,  ғылыми 
кеңестің  отырыстары  мен  мәжілістерінде 
жұрттың  бәрі  сөйлеп  болмай,  пікірін 
ашып айтпайтын. Және өзгелерді мұқият 
тыңдап  отырған  тәкаппар  пішінінен, 
іштей кімді мақұлдайтынын сезу мүмкін 
емес.  Қандай  да  бір  кереғар  пікірлер  ай-
тылып  жатқанда,  тосынан  киіп  кетпей, 
шыдамдылық,  сабырлылық  танытатын. 
Ол университетке  ең білікті  ғалымдарды 
жинап,  олардың  бастарына  қиыншылық 
туған  шақта  жанын  салып  қорғады.  Сол 
кезде  тарихшы  Ермұхан  Бекмахановтың 
«Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылда-
рында»  атты  кітабы  ғалымдар  арасын-
да кереғар пікірлер тудырған да еді. 1949 
жылы  28  ақпанда  СССР  Жоғарғы  білім 
министрлігі  бұйрығымен  Бекмахановтың 
буржуазиялық-ұлтшылдық  концепция-
сын  әшкерелегенде,  университет  рек-
торы  Төлеген  Тәжібаев:  «СССР  Білім 

74
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
министрі Бекмахановты жөнсіз кінәлаған» 
– деп, оның әділ, әрі асқан білімдар ғалым 
екенін  дәлелдеп  жауап  жазған.  Алайда  іс 
мұнымен  бітпеді.  Келесі  жылдың  26-шы 
желтоқсанында  «Правда»  газетіне  «За 
маркистско-лениское освещение вопросов 
истории Казахстан» деген көлемді мақала 
жарияланып,  онда  Е.Бекмахановтың    Ке-
несары  Қасымов  ханның  феодалдық-
монархиялық  реакцияшыл  көтерілісін 
ғылыми  тұрғыдан  бағалауда  саяси 
қателіктер  жібергені  сөз  болды.  1951 
жылы  10-шы  сәуірде  Қазақстан  Компар-
тиясы  Орталық  Комитеті  (ҚКПОК)  сол 
мақаланы талқылап, газет Бекмахановтың 
қатесін дұрыс ашқан деп тапты.
Қазақстан  К(б)П  ОК-нің  Плену-
мында  Қазақ  университетінің  ректо-
ры  Т.Тәжібаев  буржуазиялық-ұлтшыл 
бағытты дәріптеуші деп жарияланған Бек-
махановты  қорғап,  оны  айыптаушыларға 
құр  босқа  дәйексіз  байбалам  сала  бер-
геннен  гөрі,  аталмыш  кітабын  ғылыми 
тұғыдан талдап, сергек қарауға шақырды. 
Сол үшін ОК оған қатаң сөгіс жариялай-
ды.  Бекмахановты  жақтаушы  ғалымдар: 
Ысмайылов,  Жұмалиев,  Мұхамеджанов, 
Сүлейменов,  Кеңесбаев,  Жұбанов  қуғын-
сүргінге  ұшырап,  зардап  шекті.  Сәтбаев 
пен Әуезов амалсыз Мәскеуге ауысып, жан 
сауғалады. Ал, Тәжібаевты бұл зобалаңнан 
қорғап қалған Молотов еді.
Тәжібаевқа  шабуыл  мұнымен  тынған 
жоқ.  1952  жылы  22  қарашада  «Правда» 
газетіне  Марковтың    (В  казахском  уни-
верситете  зажимают  критику)  атты  сын 
мақаласы жарық көрді. Автор мақаласында 
ҚК(б)п  ОК  шешімдеріне  арқа  сүйей  оты-
рып,  Тәжібаевты  университетке  іскерлігі 
мен  саяси  сапасы  жағынан  жарамсыз 
мамандарды 
және 
туған-туыстарын,  
жақындарын жинап алған деп айыптаған 
болатын. Марковтың мұнысы қып-қызыл 
өтірік  еді.  Тәжібаев  университетке  қай 
жағынан  да  күшті,  лайықты  мамандарды 
жинады. Ал жақындарына келетін болсақ, 
сол кезде педагогика және психология ка-
федрасында бірге істеген оқытушы Раши-
да Хабибуллаевна Хисматулина: «Жалғыз 
апасы  Қарақыз  Оңтүстік  Қазақстан 
облысының  Сарығаш  ауданында  тұрады. 
Жасы  ұлғайған  қарапайым  колхозшы.  
Баласы Ерлік ол кезде мектепте еді. Био-
факта  әйелі  Әзиза  Шамұхамедқызының 
інісі  оқитыны  рас.  Бірақ  ол  универси-
тетке  Тәжібаев  ректор  болып  келгенге 
дейін  түскен.  Оқуды  бітірісімен  партия 
шешімдерін қолдап, ауылға аттанда Әзиза 
апай педагогика ғылымдарының кандида-
ты. Ол ұзақ науқастан тәуір болған кезде 
мен: «Төлеген Тәжібайұлы, Әзиза апайды 
бәлкім біздің кафедраға қызметке алатын 
шығарсыз?», – деп сұрадым. Ол ілкім сәт 
үнсіз тұрды да: «Жоқ, Рашида ханым. Олай 
істеуге  болмайды.  Дене  тәрбиесі  инсти-
тутында бір бос орын бар деп естіп едім. 
Кафедра меңгерушісі менің шәкіртім екен. 
Онымен  сіз  сөйлесуге  қалай  қарайсыз?» 
– деді. Мен мақұл көрдім. Әзиза апай сол 
институттан  зейнетке  шықты.  Ұстазым 
доцент  Блюменфельд  пен  оқытушы 
Рубиновадан  дәріс  алған  студенттер 
қатарында  космополит  атанғаным  анық. 
Университетті «өте жақсы» бітіргендердің 
дипломдарын  Тәжібаев  өз  қолынан  та-
ратты.  Алдына  бармағанда  ол:  «Ал,  Ра-
шида  ханым,  аналардың  айтуынша  мен 
марксизмнен  ауытқыппын,  сен  космо-
полит  атандың.  Екеуміз  университеттің 
«жақсы»  атын  солай  шығардық.  Енді  не 
істемекшісіз?  – деді. Мен Мәскеудегі әлем 
әдебиеттері  институтының  аспиранту-
расына  тәуекел  етейін  деп  тұрғанымды 
жасырмадым.  Ол  ойланып  отырды  да 
аспирантураға  осында  қалуымды  өтініп, 
ғылыми жетекші өзі болатынын айтқанда, 
таңданғаннан жағамды ұстадым. Мұндай 
батыл  қадамға  Тәжібаевтан  басқа  кімнің 
жүрегі дауалар еді?».
Тәжібаев  қолына  алған  қай  іске 
де  батыл  кірісетін.  Ол  ректорлық 
қызметке  тағайындалғанға  дейін  уни-
верситетте  ұлттық  мамандар  санының 
басқалармен  салыстырғандағы  үлесі 

75
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
айтуға  да  тұрмайтын.  Сондай-ақ,  қазақ 
студенттерінің саны да мүлдем аз еді. Өзі 
басқарған бес жыл ішінде ұлттық маман-
дар  санын  өзгелермен  теңестіріп,  қазақ 
студенттерінің  санын  жоғары  көтерді. 
Олар қайта-қайта арызданып жүріп ақыры 
1953  жылы  ректорлық  қызметінен  босат-
тырды.
Оның бес жыл өмірі Үндістандағы Совет 
елшілігінде өтті. Жат жерде де ол ғылымнан 
қол  үзген  жоқ.  Мерзімдік  басылымдарға 
ағылшын тілінде мақалаларын жариялап, 
үнді  ғалымдары  мен  қоғам  қайраткеріне 
тез танылды. Қолы жұмыстан қалт еткен 
шақта, фотосуретке түсірумен де айналы-
сты. Үндістаннан оралған соң біраз айлар 
жұмыссыз жүріп қалған болатын. Осыдан 
бес-алты  жыл  бұрын  Михаил  Есеналиев: 
«Қонаев  Тәжібаевқа  Үндістаннан  келген-
де,  жұмыс  бермей  қойды»,  –  деп  жүрді. 
Бос сөз. Қонаев пен Тәжібаев өмірде бірін-
бірі өте сыйлап өткен жандар. Қонаевтың 
«Ақиқаттан  аттауға  болмайды»  кітабын 
оқығандардың  көздері  оған  анық  жетері 
хақ.  Төлеген  ағаның  жұмысссыз  жүрген 
кезінде  маған  былай  дегені  бар  еді: 
«Жолмұхан,  мемлекеттік  қызметтерден 
бас тартып отырмын. Енді жасым ұлғайған 
шақта  қалған  өмірімді  ғылымға  арнасам 
ба  деймін.  Ұлттық  психология  ғылымын 
жолға    қою  үшін  әлі  қаншама  жұмыстар 
істеуіміз керек».
Ардақты  ұстаз  1961  жылы  Қазақ 
университетінің педагогика және психоло-
гия кафедрасына қайта меңгеруші болды. 
Сол жылы ол лауазымы жоғары қызметке 
де  шақырылды.  Бірақ  ОК-ке  «Тәжібаев 
докторлық  диссертациясын  қорғамаған 
деген  қитұрқы  пыш-пыш  сөздер  жетіпті. 
Академикке  докторлық  атақ  мансап  емес 
еді.  Оның  үстіне  мемлекеттік  қызметтен 
саналы  түрде  бас  тартып  жүрген.  Сон-
да  да  әлгі  сөз  намысын  қамшылады  ма! 
1962  жылдың  желтоқсанында  Ленинград 
пединститутының  ғылыми  кеңесінде 
«ХХІ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 
Қазақстанда халық ағарту ісі, мектеп пен 
педагогикалық  ой-пікірдің  дамуы»  деген 
тақырыпта  докторлық  диссертациясын 
қорғады».
«Адам  бойындағы  жақсы  қасиеттерді 
көре білу және соған сүйене отырып, оның 
одан  да  жақсы  болуына  көмектесу»  – 
Төлеген Тәжібаев ұстанымы. Басқалардың 
өзіне  деген  көзқарасы  қандай  тұрғыда 
болса  да,  көмек  беруден  тартынбай-
тын.  Бұл  екінің  бірінің  қолынан  келе 
бермейтін  ізгі  қасиет.  Оқытушы  Раши-
да  Хисматуллинаның  әлі  жарияланбаған 
естелігінен  мына  бір  жайды  келтіре  кет-
кен асылық етпес. «Кезінде ғылыми атақ 
атауларына Тәжібаевтың көп көмегі тиген 
екі кісіні білетінмін. Олар бұл кезде Сара-
товтан  келген  психолог  И.С.Стычинский 
жөнінде  лайықсыз  сөз  қозғап,  оны 
қолданған,  Тәжібаевтың  үстінен  арыз 
жазып  газетке  мақала  ұйымдастырған. 
Бұл  жәйт  Төкеңе  ауыр  болды.  Бір  жолы 
кафедраға  бас  сұқсам,  Тәжібаев  жалғыз 
отыр екен. Қолында әлгі екеуінің ғылыми 
мақаласы  жарияланған  басылым.  Ол  ме-
нен оқыдың ба деп сұрады. Мен мақалаға 
жирене қарап, басымды изедім. Сол кезде 
Тәжібаев қатқылдау үнмен; «Мұның тәп-
тәуір  еңбегін  мойындағыңыз  келмейді, 
ә... Мен Үндістанда жүргенде олар жақсы 
көретіндерін  айтып,  хат  жазған  еді», 
–    деді.  «Сіз  соған  сенесіз  бе?»  –  деп 
жүзіне  тура  қарадым.  Ол  жымиды  да 
қойды.  Мен:  «Сіз  үшін  олар  жақсы  жан-
дар  екен.  Ықыластары  да  ерекше  жандар 
сияқты.  Ал  неге  кафедраңызға  қызметке 
шақырмайсыз?»  –  дедім  өршеленіп.  Ол 
маған барлай көз тастап: «Рашида ханым, 
мен  біздің  адамдарды  жазған  ғылыми 
еңбектеріне  қарап  сыйлағаныңызды  жөн 
дер  едім»,  –  деді.  Мен  жұлып  алғандай: 
«Олардың адамгершілікке жат істерін еле-
мей  ме?...  Кешіріңіз,  мен  олай  ете  алмай-
мын»,  –  дедім.  Тәжібаев  басын  шайқап: 
«Амал қанша... Өкінішті...», – деді. Тәжібаев 
көп ұзамай, сол екеуінің пәтер алуларына 
да көмектесті. Ал ол кезде пәтер алу деген 
өте қиын еді. Иә, жамандыққа жақсылық 

76
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет