МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет13/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   155
Өз-өздерін өлімге итермелегендер
Жиылғандардың бәрі тек өлім жазасы туралы ой-
ланды. Кешегі жасаған небір зұлымдықтарын еске 
түсіргенде, өздерінің тек өлім жазасына лайықты 
екендігін де іштей мойындауымен болды. 
Бұлардың арасында Хәкім деген біреу болатын. 
Әйелі екеуі бір-бірін қатты жақсы көретін. Бастарына 
күн туғанын сезген екеуі қатарласа отырып көз жаста-
рына ерік берді. Әйелі оған:
– Мені тастап кетіп бара жатырсың. Қоштасу деген 
қандай қиын еді?! – деп күйеуіне қиылып қараумен 
болды. Хәкім де бәрібір соңында өлетінін біліп, әйелін 
де бірге алып кетуді жөн санады. Әйелінің күң болып 
біреудің есігінде жүргенін қаламады. Сондықтан да 
оны өзімен бірге өлім құшсын деп шешті. Осы ойын 
жүзеге асыруды ойластыра бастады. Бір кезде басына 
тосын ой келді. Әйелі Нүмбатаны қасына шақырып өз 
ойын айтты:


26
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Тәуратпен ант етемін, айтқаның айдай келеді 
әлі! Сондықтан да сен былай істе. Затың әйел ғой. 
Ана тұрған диірмен тасын жауға қарай домалатып 
жібер. Бәрібір бұдан кейін оларды өлтіре алмаймыз. 
Егер Мұхаммед жеңетін болса, әйелдер мен балаларға 
тиіспейді деп ойлаймын!
Күйеуін қатты жақсы көретін Нүмбата оның 
айтқанын екі етпейтін. Ол үшін күйеуі болмаса өмірдің 
мәні жоқ еді. Сондықтан да қамалдың үстіне шығып, 
бір диірмен тасын жиекке алып келіп, төменде демалып 
отырған мұсылмандарға қарай домалатып жібереді.
Жоғарыдан үлкен бір тастың дөңгелеп келе 
жатқанын көрген сахабалар жапа-тармағай жан-жаққа 
ығысты. Бірақ әп-сәтте келіп жеткен тас Халлад ибн 
Суәйд атты бір мұсылманды басып, шейіт қылды. 
Әбу Лүбаба
Жағдай ушыға түскен соң қарсы жақ Аллаһ 
елшісіне 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хабар жіберіп, өздеріне Әбу 
Лүбабаны жіберуді сұрады. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
келісіп, дегендерін орындады. 
Көп ұзамай-ақ Әбу Лүбаба ибн Абдулмунзир 
Бәни Құрайзаға қарай бет алды. Жол-жөнекей бала-
шаға, әйелдер алдынан шығып бар мәселелерін үйіп-
төкті. Түрлері аянышты болып кеткен оларды көрген 
Лүбабаның шынымен жаны ашыды. Ең соңында қауым 
басшысы Кағб алдынан шығып былай деді:
– Уа, Әбу Лүбаба! Біз әдейі сені таңдадық. 
Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тек өзі қалаған шешімнен 
басқаны мойындамайды. Біздің ұсынысымыздың 
ешбіріне құлақ аспады. Бұған не дейсің? Әлде оған 
біржола мойынсұнғанымыз дұрыс па?
– Иә, – деп, бас бармағымен мойынын орып 
жібергендей ишарат жасап алдарында тек өлім жазасы 


27
Хандәк соғысы 
тұрғанын білдірді. Ол өз әрекетінің шектен шығу 
екенін бірден аңғарды. Сол үшін қатты өкінді. Өйткені 
ол осы әрекеті арқылы Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
алдын орап кеткенін аңғарды. Әбу Лүбаба бұл 
әрекетінің кешірілмес қателік екенін сезді!
Мұсылмандар Әбу Лүбабаның не айтатын күтіп 
тұрды. Бірақ Бәни Құрайзадан шыққан бетте Нәбәуи 
мешітіне қарай тартты. Сол жердегі тіреулердің біріне 
өзін байлады. Осылайша өзіне берілетін өлім жазасы 
орындалғанша немесе Аллаһ елшісінен 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
кешірімін алғанша өздігінен босана алмайтын 
етіп өз-өзін жақсылап таңып тастады.
Көп өтпестен Абу Лүбаба жайлы хабар 
мұсылмандардың арасында жайылып, Пайғам-
барымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жетті. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Аллаһ тағала үкім ететін сәтке дейін оны жайы-
на қалдырыңдар. Егер ол маған келіп болған жайды 
баядап, өкініш білдіргенде, мен ол үшін истиғфар 
ететін едім. Ал ол бұлай істемеді. Сондықтан да өзі 
білсін.
Осы сәтте жеті қат көктен Жәбірейіл періште келіп:
– Уа, мұсылмандар! Аллаһ пен оның елшісіне 
опасыздық жасамаңдар, біліп тұрып аманатқа қиянат 
жасаушы болмаңдар
8
, – деді. Әбу Лүбаба жоғарыдан 
келген әмірдің тікелей өзіне қатысты екенін сезді. Бірақ 
амал не басын көтеріп, көпшілікке тіктеп қарауға ұяты 
жібермеді!
Бұдан кейін Әбу Лүбаба нәр татпастан тек 
жоғарыдан келетін кешірімді тілеумен ғана күнін 
өткізіп жатты. Алты күн бойы әйелі мен бала-шағасы 
келіп, тек намаз уақыттарында ғана жіптерін шешіп, 
8
«Әнфал» сүресі, 8/27


28
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қайта кететін. Әбу Лүбаба намаз оқып бола салысымен 
жіппен қайта байлауды бұйыратын
9
. Соңғы күндері 
әл-дәрмені қалмай, құлағы естуден, көзі көруден қала 
бастады.
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Умму Сәләмә 
анамыздың отауына қонған күні сәресіге тұрған 
уақытта көктен Жәбірейіл періште келіп Әбу Лүбаба 
секілді қателігі үшін тәубе етуші пенделерге арналған 
аятты түсірді. Қайырымдылық әрдайым адамдарды 
қуанышқа бөлейді. Оны көрген Умму Саләмә анамыз:
– Уа, Расулалла! Аллаһ ұзақ өмір берсін! 
Күлімсіреуіңе не себеп болды?
– Жаратқан иеміз Әбу Лүбабаның тәубесін қабыл 
етті, – деді Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
. Бұл 
аятта үнемі жақсылық жолында қызмет еткен пенде 
байқаусызда қателік істеп қоятын болса, сол қателігін 
дер кезінде түсініп, өкінішпен тәубе етсе, Аллаһ тағала 
оны Өзінің шексіз мейрімімен кешіретіні баяндалады
10
.
Шын көңілден кешірім сұрап, қателігін 
мойындаған пендесіне Аллаһ тағаланың кешірім 
еткеніне куә болған Умму Саләмә анамыз да:
– Уа, Аллаһтың елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Әбу 
Лүбабаға мына қуанышты хабарды жеткізейін бе? – 
деді. Пайғамбарымыз да:
– Иә, әрине, – деді. Осыны күткен Умму Саләмә 
анамыз да асығыс сыртқа шықты да:
– Уа, Әбу Лүбаба. Сүйінші! Аллаһ тағала сенің 
тәубеңді қабыл етті! – деп сүйіншіледі.
9
Әбу Лубаба байлаулы жатқан күн саны кейбір риуаяттарда он күн 
десе, кейбір риуаяттарда жиырма күн деп беріледі. Тіпті, кейбір риуа-
яттарда жиырма бес күн байлаулы тұрды деп жазады. Қараңыз: Сали-
хи Сүбүл-үл-Худа уәр-Рашад 5/9
10
«Тәуба» сүресі 9/102


29
Хандәк соғысы 
Қуанышты хабарды естіген жұрттың барлығы Әбу 
Лүбабаға қарай жүгірді. Олардың бәрі де оны тезірек 
байлаудан босатуға тырысты.
Аллаһ тағаланың кешірімін алған Әбу Лүбаба 
да қуаныштан қатты толқыды. Жаратқан Иеміздің 
кешіріміне бөленіп, тәубесі қабыл болғанына іштей 
шүкіршілік етті. Алла тағала ол жайлы аят түсіріп, 
құлым дегені Жәбірейіл періштені сол үшін көктен 
түсіргені қандай бақыт еді! Байлаудан босатуға келген 
жандарды көрісімен:
– Жоқ, халайық! Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
өзі келгенге дейін мені босата көрмеңдер! – деді.
Осы кезде таң намазын оқуға Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
өзі де келді. Келе салысымен Әбу 
Лүбабаға сәлем беріп, оған ерекше ықылас білдірді. 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Жаратқаннан 
осыншалық шын көңілден кешірім сұрап, оның 
мейіріміне бөленген Әбу Лүбабаны өз қолымен босат-
ты.
Көктен келген жарлықпен бұғаудан босаған Әбу 
Лүбаба Расулалллаһты бастан-аяқ сүзе қарап тұрды да 
былай деді: 
– Уа, расулаллаһ, тәубам қабыл болу үшін әуелі 
осы күнәға батқан елді тастап жөніме кетемін. Арты-
нан дүние-мүлкімнің бәрін садақа ретінде сізге әкеліп 
тапсырамын. Өзіме дүниелік ештеңе қалдырғым 
келмейді. 
Пайғамбарлар падишасы бұл жерде де әр нәрсенің 
жөні әрі өлшемі бар екенін білдіріп былай деді: 
– Уа, Әба Лүбаба! Үштен бірі де жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет