Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет1/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91


Нуржігіт Алтынбеков 
1.Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. 
1. Нерв тіні - өзара тығыз байланысты екі гистологиялық ( тіңдік ) элемент терден - нейрондар ( 
нерв жасушалары ) мен нейроглиядан ( глиялық жасу шалар жиынтыгынан ) тұратын 
мамандандырылған тін . Нейрондар - нерв тінінің басты құрылымдық - функциялық құрамдасы , 
се бебі оның спецификалық ( ерекше ) функцияларын жүзеге асырады : 1 ) сырт қы және ішкі 
орталардан тітіркенулерді қабылдау ; 2 ) оларды нерв импуль сіне айналдыру немесе импульсті 
генерациялау ( ендіру ) ; 3 ) нерв импульсте рін нейрондар тізбегі - рефлекторлық доға арқылы 
нерв жүйесінің орталық бөлігіне және жұмысшы мүшелерге - бұлшық еттер мен бездерге өткізу . 
Нейроглия көмекші рөлді атқарады - нейрондардың қалыпты дамуы мен қызметін атқаруына 
қолайлы жағдай жасайды . Бұл үшін олар мына функ цияларды жүзеге асырады : 1 ) тіректік , 2 ) 
трофикалық , 3 ) қорғаныш , 4 ) оқ шаулау , 5 ) барьерлік ( тосқауылдық ) және т.б. ( 18 - тарау , 
3.2.1 ) Нерв тіні нерв жүйесінің барлық ағзаларын құрайды . Бұл жүйенің функ циялары : 1 ) түсіп 
жатқан ақпаратты сақтау және өңдеу ( анализ және синтез жасау ) ; 2 ) барлық ағзалардың 
қызметтерін реттеу ; 3 ) организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ету . 1. НЕРВ 
ТІНІНІҢ ДАМУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ГИСТОГЕНЕЗІ 1.1 . НЕРВ ТІНІНІҢ ДАМУ КӨЗДЕРІ . Нерв 
тіні ұрық эктодермасының дорзальді бөлігі - нейроэктодермадан және нейральді плакодалар деп 
ата латын эктодерманың қалыңдауларынан дамиды . Хордомезодерманың индук циялық әсерінен 
нейроэктодерманың жасушалары цилиндрлік пішінге ие болып , қалыңданған нерв табақшасын 
құрайды. Бұдан былай жалгасатын пейруляция процесі барысында бұл нейральді көзден нерв 
тінінің және болашақ нерв жүйесінің негізгі екі бастамалары қалыптасады : 1 ) нерв түтікшесі ; 2 ) 
нерв қырқашасы немесе ганглиоздық табақша. 
2. Сезімтал нерв түйіні. Құрылысы, нейроциттері, глиоциттері. Рефлекторлы доғалар, олардың 
сезімтал, қозғалтқыш және ассоциативті тізбектері. Жұлын. Жалпы морфофункциялық 
сипттамасы. Сұр және ақ заттарының құрылысы. Нейрондық құрамы, глиоциттер. Ядролар, 
олардың құрылысы мен функциялық сипаттамасы. Рефлекторлық доға туралы түсінік. 
СЕЗІМТАЛ НЕРВ ҰШТАРЫ Сезімтал ( рецепторлық , афференттік ) нерв ұштары - денелері 
жұлын ганглийлерінде ( түйіндерінде ) және олардың аналогтарында - ми түйіндері мен 
перифериялық вегетативтік ганглийлерінде орналасқан сезімтал ней рондар дендриттерінің ұштық 
аппараттары ( терминальдері ) . Сезімтал нерв ұштары сыртқы және ішкі орталардан әр түрлі 
тітіркенгіштерді қабылдап , оларды нерв импульстеріне айналдырады . Рецепторлық нерв ұштары 
бүкіл организмде : тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтарында , ішкі мүшелер мен тіректік - 
қимыл аппаратарында кең жайылып таралған . 3.1 . СЕЗІМТАЛ НЕРВ ҰШТАРЫНЫҢ 
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ бірне ше принциптерге негізделген . Тітіркендіргіштерді қабылдау 
жеріне байла нысты сезімтал нерв ұштарының екі түрін ажыратады : 1 ) сыртқы ортадан түскен 
тітіркендіргіштерді қабылдайтын экстерорецепторларды ; 2 ) ішкі мүшелерден түскен 
тітіркендіргіштерді қабылдайтын интерорецепторлар ды . Соңғылар тағы бөлінеді : а ) 
висцерорецепторларға ( ішкі мүшелерден шыққан сигналдарды тіркейді ) ; б ) 
проприорецепторларға ( тіректік - қимыл аппаратынан түскен сигналдарды қабылдайды ) . 
Қабылданатын тітіркендіргіштерді табиғатына ( немесе түп негізіне , 321 НЕРВ ТІНІ : ІІ . 
СИНАПСТАР . НЕРВ ҰШТАРЫ озгешелігіне ) байланысты сезімтал нерв ұштарының мына 
түрлерін ажыра тады : 1 ) механорецепторларды ( механикалық әсерлерді қабылдайды ) - а ) 
тактильдік рецепторлар ( жанауды , тиіп кетуді тіркейді ) , б ) барорецеп торлар ( қысымды 
қабылдайды ) , в ) вестибулорецепторлар ( үдеуді , дененің кеңістіктегі орын ауыстыру 
бағыттарын тіркейді ) ; 2 ) хеморецепторлар ( хи -миялық заттардың әсерін қабылдайды ) ; 3 ) 
терморецепторлар ( темпе ратура өзгеруін тіркейді ) , бұлар : жылылық рецепторлар және суықтық 
рецепторлар болып бөлінеді ; 4 ) ноцицепторлар - ауырсыну рецепторлары ( ауыртатын 
тітіркендіргіштерді қабылдайды ) . 
РЕФЛЕКТОРЛЫҚ ДОҒА Ағзалары нерв тінінен құрылған нерв ( жүйке жүйесі мына функция 
ларды атқарады : 1 ) интеграциялық , яғни организмнің құрамдас бөліктерін бірыңғай тұтасқа 
біріктіру ; 2 ) организмнің барлық тіршілік процестерін реттеу ; 3 ) организмнің сыртқы ортасымен 
әрекеттесуін қамтамасыз ету . Нерв жүйесінің мұндай сан қырлы қызметінің негізінде рефлекстер 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет