Өмірзақ айтбайұлы



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

ЕлбаСы 
ЖӘНЕ 
мЕмлЕКЕттіК тіл

130
мЕмлЕКЕттіК тіл ЖӘНЕ ЕлбаСы
Бұл  тақырыпта  әңгіме  қозғау  еркін  ойлы  оқырманның 
көңіл-күйін әралуан саққа жүгіртуі ықтимал. Мұның өзі бір 
есептен таққа табыну, ұлыққа жағыну, патшаның көзіне түсу 
сияқты болып та көрінуі ғажап емес. Кімнің аузына қақпақ 
қоя аласың. Егер жұрт не айтады, қалай қарайдымен жүре 
берсең  әділ ойың  мен адал  сөзіңді айтудан қалмайсың ба? 
Мен екі түрлі себепті алға сала отырып, осы мәселеге барып 
отырмын. Өз ойымды ешбір бүкпесіз ортаға салғым келеді.
Бірі  –  құрдымға  кете  жаздаған  қазақ  тілінің  қалай  еңсе 
көтергені, егемен еліміздің мемлекеттік тіліне қалай айнал- 
ғаны болса, екіншісі – осы ұлы да кесек әрекеттердің басы-
қасында болып, ана тіл алдындағы перзенттік парызын өтеп 
келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
азаматтық  болмысы,  адам-пенде  ретіндегі  кескін-кейпі 
туралы әңгіме қозғау. 
Әрине, бүгінгі күн, бұл дәуір де өтер, түр-тұлғасы басқа 
бір  заман  да  жетер.  Тарих  дөңгелегі  бір  орында  тұрмас. 
Келер  ұрпақ  біз  жайында,  біздің  заман  жайында,  кезеңнің 
құлы болған адам-пенде жайында басқаша пікір өрбітері де 
мүмкін. Оған билікті тек қана тарих айтар.
Әйтсе  де  әр  заманның,  әр  қоғамның  өзі  тудырған  іс-
әрекеті,  өзіне  сай  азаматы,  адамы  болмақ.  Соған  лайықты 
бағасы да берілмек. Яғни адам мен қоғамның кескін-кейпі, 
болмыс-бітімі, хал-харекеті өзінің заманына сәйкес қалып- 
тасады, адамына қарай сомдалады. 
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  біздің  заманның  да  келешек 
ұрпаққа берері мен айтары жетерлік. Тарихымызда тұңғыш 
рет халқымыз ғасырлар бойы аңсаған арманына жетіп, дер- 
бес  мемлекетке  айналды,  өзге  елдермен  терезесі  теңесті. 
Тәуелсіздікті  айшықтайтын  нышандардың  бәрі  жасалып, 
экономикасын,  мәдениетін,  ғылымын,  білімін  т.т  бағзы 
біреулерге жалтақтамай-ақ өз бетінше өрбітерлік еркіндікке 
ие болып отыр.
Құдай бұйыртып, тұңғыш президентімізді таққа көтердік. 
Ол  халық  алдында  тұңғыш  рет  қазақ  тілінде  ант  берді. 

131
Сөйтіп  Тіл  туралы  құжатта  (1989  ж.)  заңдастырылған, 
Конститутциямызда (1995 ж.) бекітілген мемлекеттік тіліміз 
Елбасымен  бірге  Тәуелсіз  еліміздің  ең  жоғарғы  мінбесіне 
көтеріліп,  өзінің  мәртебесін  әйгіледі.  Тіпті  Елбасыны 
президент тұғырына көтерген қазақ тілі десе де болады. Егер 
ол қазақ халқының ұлы болмаса, оның тілін жетік білмесе, 
сонымен  бірге  оның  тілге,  елге,  жерге  адал  қызмет  етіп, 
көсеге көгертер ынтасына сенбесе, оған елдің дауыс берер-
бермесі  нәркүмән  еді.  Оған  ел  сенді,  жігеріне,  талабына, 
талантына, қажыр-қайратына сенді, ұлтымыздың нағыз ұлы 
деп сенді. Ел жүгін еңсеріп әкетер іскерлігіне, жұртты үйіріп 
әкетер жалынды сөзіне, шешен тіліне ұйыды. Алға сүйрер 
жақсылықты да, етектен тартар жамандықты да ұмытпайтын 
жадына  таңданды.  Күндіз-түн  тыным  таппайтын  күш-
қайратына сүйеніп, оған өз тағдырын сеніп табыстады. Бұл 
үлкен сенім, ұлы үміт және бір адамның қолына жинақталған 
ұлы күш.
Еліміз  тәуелсіздік  туын  көтеріп,  тұңғыш  Президентіміз 
сайланғанда  жұртпен  бірге  жүрек  жарылардай  қуанышқа 
бөлендік. Бұл қазаққа Алла бұйыртқан ғажайып сәт еді. 
Тілдің мәртебеленгеніне 19 жылдан асты, Президенттің 
сайланғаны да сол шамаға таяу. Бұл қарапайым жанның өл- 
шеміне салсаң, онша көп уақыт емес, ал ел тарихында орын 
тепкен  оқиғалар  салмағы  тұрғысынан  ғасырға  татырлық 
мерзім. Осы мерзім ішінде біз қозғап отырған сала бойынша 
ел үміті ақталды ма, президентке деген сенім жүгінің түйіні 
қаншалықты дәрежеде шешілді? Гәп осында. Егер мақсаты 
қаралау  мен  даттаудан  тұратын  кейбір  ағайынның  сөзіне 
құлақ  түрер  болсақ,  оңған  тірлік  шамалы,  «бәрі  қираған, 
құрыған,  түзелер  сиқы  жоқ  қу  тірлік  елді  жүдетіп  біткен, 
аштық пен жоқшылық жайлаған жұрттың еңсе көтерер түрі 
жоқ. Азаматы кетіп қаңыраған ауыл, жұмыссыздық жайлап, 
жүдеп біткен қала сиықсыздықтың гөй-гөйін шертеді».
Мұндай  берекесіздіктің  кейбір  жерде  кездесетіні  рас. 
Бірақ осының себебін анықтап, зерттеп білмей жатып соның 
бәріне  бірді  ғана  кінәлі  ету  шындыққа  жанаса  қоймайды. 
Нарыққа  тәжірибе  жинақтамай-ақ  бірден  асығыс  қойып 

132
кеткен қазақ әр алуан қиындақтарға жолығып, әуелгіде тоз-
тозы  шыға  бастағаны  хақ.  Алайда  жердің,  малдың  жайын, 
еңбектің  қадірін  тереңірек  түсінген  жандар  әрекеті  мына 
заман соққысына төтеп беріп қана қоймай, қарсы қажырлы 
әрекеттерге  бара  бастағанын  да  байқатады.  Бұл  жөнінде 
Президентіміздің ішкі-сыртқы саясатына талдау жасап, баға 
беру менен гөрі осы саланы ғылыми тұрғыда қарастыратын 
мамандарына  қатысты  болғандықтан,  бұған  тереңдей 
алмаймын.  Тек  әрбір  оқиға-құбылыстың  себеп-салдары 
болатынын еске ұсталық демекшімін. 
Қазақстан  тарихында  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе 
алу  жайы,  шамасы,  есте  қаларлық  оқиғалар  қатарында 
бағаланар. Қазақ тілінің кейбір тұста көңіл көншітпейтін өгіз 
аяңына  реніш  білдіргенмен,  шүкіраналық  сезімге  жетелейтін 
тұстары да жетерлік. «Тіл туралы» Заңдар мен Бағдарламалар, 
Конституция,  тіл  көсегесін  көгертуге  бағытталған  бұдан 
да  басқа  игі  шаралар  мен  құжаттардың  бәрі  осы  жылдар 
жемісі.  Оның  үстіне  елдің  экономикасы,  шаруашылығы, 
мәдениеті,  ғылым-білімі,  саясаты  жөнінде  өткен  бірде-бір 
жиында Елбасы қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Ол қисыны 
келген жердің бәрінде қазақ тілін тілге тиек етіп келеді. Ұлт 
қайраткері ретінде қазақ тілінің қамын жеп, қарекет етпеген 
тұсы шамалы. Тіпті кешегі Колбин кезіндегі мына аз сәтті 
еске ала кетудің артықтығы жоқ деген оймен келтіре кетейік: 
Қазақстанға алғаш келісімен-ақ алқын-жұлқын әрекеттерге 
басқан  В.  Колбин  бір  жолы  «келесі  пленумда  қазақша 
сөйлеймін»  деп  бөсті.  Қашанда  жағдайды  саралап  алып, 
салмақты  ой  айтуға  дағдыланған  Н.  Назарбаев  «қазақтың 
жады мықты халық, уәде беруге асықпаңыз» (Г. Толмачев. 
Лидер.  Докум.  повесть.  Алматы,  2000)  деген  ақыл  береді. 
Бұл  қазақ  елі  мен  тіл  тағдыры  егіз  екенін,  бірінсіз  бірінің 
күні  жоқ  екенін  толғап,  соны  тығырықтан  шығарудың  әр 
алуан жолын қарастыру үстінде жүрген тұсы болатын Н.Ә. 
Назарбаевтың.
Жалпы әр іске бір ұрынып, ұшқалақтық танытып жүрген  
Г. Колбиннің төңірегінде сол кезде Н. Назарбаев, Ө. Жәні- 
беков сынды ел жайын, халық күйін терең білетін іскер де 

133
ойлы тұлғалар болмаса, мәселе бұдан әрі шиленісе түсер ме 
еді, әлде қайтер еді деген ойдан жүрек шошиды. Қазақстан 
жайын білмейтін бұрынғы Ульянов обкомы хатшысы қазақ- 
тың мынадай іскер де көреген ұлдарымен есептеспей тұра 
алмаған  сияқты.  Олар  біртіндеп  Колбин  бағытын  жолға 
салып отыруға тырысты. Қылышты қынабынан суыртатын 
да  тіл,  қайта  салдыртатын  да  тіл  екенін  жақсы  білетін  
Н. Назарбаев сол кездің өзінде-ақ қолға алар мәселенің бір 
де болса бірегейі тіл екенін түсінді, түсіндірді. 
Кезінде  қазақ  тілінің  тағдыры  жөнінде  ала-құла  ой  өрбіп, 
ел бір бәтуаға келе алмай жатқан тұста «Қазақ Республикасы- 
ның мемлекеттік тілі тек қана қазақ тілі болу керек» деген пікір 
жағында болуының өзі Елбасының ел мүддесімен бірге екенін 
танытады. «қазақ қазақпен қазақша сөйлессе ғана!...» Мұны 
айтқан  Н.Ә. Назарбаев. 
Ел билігін тағдыр сыйындай қабылдаған Елбасы осылай 
айтуға  мәжбүр  болды.  Неге?  Тәуелділіктен  тәуелсіздікке 
жету аралығында біздің бейнеткер момын қазақтың басына 
не  келіп,  не  кетпеді.  Бәрін  көрді.  Бәрін  басынан  өткізді. 
Көргеніне  тәуба  деді,  ашты-тоқты  тірлігіне  шүкір  деді. 
Заманы  алдан  тосқан  істің  бәріне  араласты.  Қатарынан 
қалған жоқ, партия деді, Кеңес деді, үкімет деді. Социализм 
жолындағы іс-әрекеттің бәрінде тер төкті. Кеңес өкіметі мен 
партия нені тапсырды, соның бәрін адал орындауға тырысты. 
Еңбекшінің түпкі мақсаты – коммунизм деген мамырайхан 
заман деді. Соған жету үшін небір құрбандықтарға да баруға 
тура  келетіні  насихатталды.  Қазақ  бұдан  да  қаймықпады. 
Көкейіне ұялатқан лениндік идеядан ауытқымауға тырысты. 
Табиғаттың адал ұлы бәріне сенді, бәріне көнді. Тіпті әлгі қой үс- 
тіне  бозторғай  жұмыртқалайтын  алыс  болашаққа  барлық 
халық  тек  бір  тілмен  ғана  бара  алады  екен.  Ол  тіл  –  орыс 
тілі  дегенге  де  имандай  сенді.  Сөйтіп  қазекең  қатарынан 
қалмауға  тырысты.  Керек  десеңіз,  қатарынан  оза  шапты. 
Өзінің  табиғи  талантының  нәтижесінде  тіл  үйренудің 
керемет үлгісін танытты. Азғана жылдар ішінде бүкіл қазақ 
даласы орысша сайрап шыға келді. 
Халқымыздан  бұл  ғажап  ерлікке  саяр  ерекше  қабілетін 
ғылыми түрде талдап, таратып берген әлі ешбір еңбек жоқ. 

134
Бұл  кезектегі  әшейін  шаруа  іспетті  болып  тарихта  қалды. 
Мұның  бәрін  мақтанышпен  әңгіме  ете  отырып,  ұлттық 
болмысымызға  қатты  әсер  еткен  мәселенің  екінші  жағын 
қозғауды  мақсат  етіп  отырмын.  Бұл  мәдени  тарихымыздан 
ойып орын алып отырған өте күрделі де күрмеуі көп мәселе. 
Мұның  салаланып  кетер  сан  түрлі  қатпары  бар.  Мұның 
бәрін қамту мүмкін емес. Сол алуан мәселелердің қақ орта- 
сында  Нұрсұлтан  Әбішұлының  азаматтық,  қайраткерлік, 
қаһармандық тұлғасы анық айқын көрінеді. Шым-шытырық 
шиленіскен әрекеттерден тұратын бұл Тұлғаның қазақ халқы 
мен  қазақстандықтар  үшін  атқарған  ісінің  мән-маңызы 
мейлінше зор.
Өзге тіл, өзге мәдениет үлгілеріне құлай берілу нәтиже- 
сінде қазақ өз тілін екінші қатарға ығыстырып алды. Оның 
күнделікті қолданыс аясы тарыла бастады. Өмірдің барлық 
саласында  қазақ  тілінің  қажеттілігі  көмескілене  берді. 
Сөйтіп  қазақша  білетіндерден  гөрі  орыс  тілін  білетіндер 
мәртебесі жоғары, әрі қай қызметте де өтімді болды. Содан 
бала  тәрбиелеп  отырған  ата-ана  көкейінде  орыс  тілінде 
оқығандардың ғана өмірде жолы болады екен деген сенімі 
ұялай бастады да, ұрпағын жаппай орысша оқытуға ұмтылды. 
Қазақ тілінің әлі күнге қанат жая алмай ентіге тыныс алып 
келе  жатуының  түпкі  себебі  әлденеше  он  жылға  созылған 
осындай  солақай  саясат  салдарынан  еді.  Кезінде  халықты 
өз  негізінен  айырып,  кеңестік  үлгідегі  орыстық  тәрбиенің 
керемет  жүргізілуі  барысында  қазақ  қазақпен  тек  орысша 
сөйлесіп  барып  түсінісетін  дәрежеге  жетті.  Халқымыздың 
осы мүшкіл халін күнделікті көріп күйінгендіктен де біздің 
Елбасымыз жоғарыдағыдай ұранға татырлық сөз тастауына 
тура келді. Ия, «тым болмаса өзіңмен-өзің қазақша сөйлес- 
сеңші, қазақ», – деді ол. 
Жалпы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  ел  өмірінің  қай  саласында 
да  қазақ  тілін  жадынан  шығарған  емес.  Ол  министрлер 
Кеңесінің  төрағасы,  Қазақстан  Республикасының  бірінші 
хатшысы және бірінші Президент болып сайланған алғашқы 
кезеңдерде  қалыптасқан  жағдайға  орай  үнемі  орысша 
сөйлеп жүрді. Ел оның осы қылығынан тіксінді, бірақ үміт 

135
үзген жоқ. Олай болатыны өткен ғасырдың 80-жылдарының 
екінші  жартысында  қазақ  тілінің  тағдыры  талқыға  түсіп 
жатқан кез болатын. 
Г. Колбин тіл мәселесін әлденеше бұлталаққа салып, қазақ 
зиялыларының ортасына ой тастап әлек болып жүргенде қазақ 
қауымы ел көзіндегі айтулы тұлғалардан пікір күткені рас. 
Ұлттық мүддені алдыңғы кезекке қоятын қазақ зиялыларына 
да қарайлады. Тіл басына күн туған осындай аумалы-төкпелі 
кезеңде  ұлт  көкейіндегі  сөзді  Колбин  алдында  тайсалмай 
айтқан тілші-академик Ә. Қайдар сынды ғұламаны қуаттап, 
қолдау көрсеткен адамдардың алдыңғы сапында ғана емес, 
басы-қасында Н. Назарбаевтың болғанын ел елжірей есіне 
алады.  Сонымен  бірге  әйгілі  ақын-жазушылар  С.  Шәй- 
мерденов,  Ж.  Молдағалиевтерді  айрықша  атайды.  Сондай-
ақ  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  болуын  қуаттап,  дұрыс 
шешім  қабылдануына  септік  жасаған  Ө.  Жәнібеков  пен 
оның  үзеңгілес  інілері  Ә.  Кекілбаев,  М.  Жолдасбеков,  
С. Қасқабасов, Т. Әбдіктер де ел есінде. Сөйтіп ел мүддесін 
ойлайтын  басшысы  бар,  береке-бірлік,  ынтымақ  қасынан 
табылар қосшысы бар қазақ елі неше алуан сілкілескен талас-
тартыстан  соң  тұңғыш  рет  «Тіл  туралы»  заңға  ие  болды. 
Оны  1989  жылдың  22  қыркүйегінде  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советі  бекітіп  заңдастырды.  Бұл  еліміздің  тарихындағы 
ең ірі оқиғаның бірі еді. Қазақ тілінің мәртебесін осындай 
мемлекеттік деңгейге көтерген оқиға бұрын-соңды болмаған 
Тәуелсіздікке  бет  түзеудің  алғы  шартындай  бұл  Заңның 
тарихи мәні аса зор екені мәлім. Олай болатыны….
Ғасырлар  бойы  ата-бабамыз  арман  еткен  еркіндіктің 
осылайша іске асуы ғажап емес пе? 1990-91 жылдары док- 
торлық  диссертациямен  әуреленіп,  Алматының  жоғарғы 
жағындағы  2-ші  демалыс  үйінде  жатқан  болатынмын. 
Қазақ елі Президентінің сайланғанын сонда жатып есіттім. 
Шаттандым, сөзбен жеткізе алмас әсерде болдым. Не деген 
бақыт.  Қазақтың  өз  алдына  ел  болып,  өзге  елмен  терезе 
теңестіруі,  тұңғыш  өз  Президентін  сайлауы  тарихи  ұлы 
оқиға еді. Еңсе көтерер елім үшін, ауырлық атаулының бәрін 
көтеріп келе жатқан елім үшін, халқымыздың асыл мұрасын 

136
сақтай білген тілім үшін алақайлағым келді. Кеудені кернеген 
сезім алауын басу оңай болған жоқ. Тұңғыш Президентімізге 
жол  болсын  дей  отырып,  тілек-наз  айтқым  келді.  Соны 
бүгін қайталап еске түсіріп, Елбасыға ел сенімі зор екенін 
білдіргім келді. Ол мынау:
Сүйінші, халқым, сүйінші! 
Ақ түйенің қарыны 
Ақтарылар күн бүгін. 
Ақ киіздің үстінен 
Тақ табылар күн бүгін. 
Біздің қазақ момынға 
Бақ дарыған күн бүгін. 
Ежелгі арман, үміті 
Атқарылар күн бүгін. 
Нұрсұлтан Назарбаевты 
Хақ таныған күн бүгін!
Елімнің ерек Сұлтаны, 
Бәйге бермес тұлпары, 
Әуелеп ұшқан сұңқары, 
Бүгінгі айтар сөз мынау:
Көптің күткен іңкәрі. 
Жарқырай берсін халықтың
Арайлап атқан бұл таңы. 
* * *
Ризық тілеп еліңе 
Риясыз еңбек етесің.
Сайысқа кіріп сан түрлі 
Қайтардың елдің есесін 
Еліңнің ерек мүддесін
От-жалын болып қорғайсың.
Дұшпанның жарып күрдесін 
Досқа үгілген бордайсың. 
Түсінер сенің жайыңды 
Жетілмей жатыр азамат.
Қинайды сол жаныңды
Алуан ой мазалап. 
Ертеңін қамдап Еліңнің 
Тынымсыз бейнет шегесің, 
Ыңырсып жатқан жерімнің 
Жарасын емдеп келесің. 
Қайтарымы аз ащы тер
Жүдетіп бітті халқыңды.
Жетпіс жыл көрген тауқымет 
Қысып түр бүгін алқымды. 
Ер деген елдің қаншасы 
Таразыға тартылды. 
Саған да сынай қарайды 
Салмақтап барық, нарқыңды. 
«Сақтасын» – дейді мәңгіге –
«Тура биде туған жоқ, 
Туғанды биде иман жоқ» –
Деген ата салтыңды
Өшпегенді тілейді 
Бойдағы уыт, қарқынды. 
Тағы бір еске салары –
«Шалқайғанға шалқайғын,
Пайғамбардың ұлы емес. 
Еңкейгенге еңкейгін, 
Әкеңнен қалған құл емес».
Бұдан былай өзгеге
Жалтақтауың жөн емес, 
Ойлап тұрсақ алды-арты, 
Ұлықтықтың бұл емес, 
Еліңе құл болмасаң, 
Отырған төрің төр емес, 
«Ұлық болсаң кішік бол»,
Халықтан ешкім өр емес. 

137
* * *
* * *
* * *
Келімсектер шеруі 
Тоқтамай тұр еліңде.
Көбі соның мекені 
Көгалың да, көлің де. 
Бауырың сыртта қаңғып жүр,
Бата алмай елге келуге. 
Ел мен жердің байлығы
Кетпесін десек тегінге, 
Қазағыңның күйіне 
Үңілгейсің тегінде. 
Ол бейбақ не күй шегуде 
Өзінің туған жерінде. 
Қолбала болып қалмасын
Жекешелендіру кезінде.
Ұстағайсың еліңді 
Данагөй ақыл, ебіңмен.
Ұстағайсың бәрін де
Өзіндік өре жөніңмен.
Ел басшысы сүрінсе, 
Етпеттеп құлар жұртыңыз. 
Кеңеспен істі шешкейсіз, 
Жетілсін десек ұлтымыз. 
Сенеді елің Өзіңе,
Сенеді жалын сөзіңе 
Қалмасын деп тілейді, 
Кездейсоқ жайға кезіге.
Ойлағаның тақ емес, 
Қазақстан тағдыры. 
Қинайды сені еліңнің 
Көп нәрседен мәжбүрі. 
Ойлаған адам бас қамын 
Ойламас жайын басқаның. 
Сөйлеп үлкен мінбеден 
Одаққа салмақ тастадың.
Анадан туған сендей ұл
Ана тіл жайын толғанар. 
Қадірі кеткен тілімді
Кім сендей ұғып, қолға алар. 
Тіліңді кие тұтпасаң, 
Бақ дегенің сор болар. 
Елінің қамын жемеген, 
Түбінде басшы қор болар. 
Осының бәрін ескерсең, 
Атағың, даңқың зор болар. 
Сонда ғана, Нұреке,
Қазағың да бар болар. 
Бұлғақтаған бұл заман, 
Барымыз деп қолда бар. 
Құлқынға құл боп кей надан
Тойынып өзі қоңданар.
Бойыңды бұдан ап қашсаң,
Ісіңді құдай оңғарар. 
Содан да барып, Нұреке, 
Мәртебеңіз зор болар. 
Өзіңдей ерен естіден 
Ұрпаққа үлгі жол қалар. 
Басыңда көп тауқымет: 
Тұрмыс, дәулет, Ордалар, 
Ана тіл, тарих, өнерім. 
Ел достығы – ол да бар. 
Осының бәрін көтерер 
Өзіңдей алып нар болар! 
Ел сенімін ақтасаң, 
Алар алғыс мол болар. 
Алаламай халқыңды 
Әділдік құрсаң қол болар…

138
Елің бейбіт күн кешсе,
Нағыз бақыт сол болар.
Осынау қиын сапарда
Құдай жолыңды оңдасын, 
Аруақтар қолдасын. 
Өзіңе де, өзгеге
Қиянат, сірә болмасын!
1 желтоқсан, 
1991 жыл
Содан  бері  еліміздің  басына  не  келіп,  не  өтпеді.  Небір 
қиын  кезеңдерді  бастан  кешірдік.  Халықаралық  «Қазақ 
тілі»  қоғамы  1992  жылы  өзінің  ІІ  Құрылтайын  өткізді.  
Н.Ә. Назарбаев Құрылтай жұмысына арнайы келіп, сөз сөй- 
леді.  Бұл  мемлекеттік  мәртебе  берілген  қазақ  тіліне  қарсы 
пікірлердің әлі басыла қоймаған кезі болатын. Халықаралық 
«Қазақ  тілі»  қоғамы  жергілікті  ұйымдарын  құрып,  қуатта- 
на  бастаған  тұсы  болғанмен,  әлгіндей  негізсіз  қарсылық- 
тардың қарасы көптеу еді. Осындай кезеңде Елбасымыздың 
мемлекеттік  тілге,  «Қазақ  тілі»  қоғамының  құрылтайына 
қатысып, көзқарасын ашық білдіруі үлкен демеу болды.
Тәуелсіздіктің іргесін нықтап, тұғырын бекіте түсу тіпті 
де  оңай  болған  жоқ.  Шегараны  айқындап,  еліміздің  әл-
қуатын  күшейту  үшін  Елбасы  сан  алуан  тәсілдерге  барды. 
Ел  ішіндегі  тұтастық,  бірлік,  ынтымақтастықтың  жолы  да 
жеңіл болмады. Өз билігі өзіне тиген еліміздің еңсе көтеруі 
қилы-қилы жолдарға апарды. Бірде көңілді көтеретін, бірде 
көңілді төмендетер оқиғалар болды.
1989 жылы қабылданған «Тіл туралы» Заңымыздың жаңа 
өмірдің,  яғни  тәуелсіздік  талаптарына  сөйкес  келе  бермейтін 
тұстары байқала бастады. Оны қайта қарап, қазіргі жағдайға 
сәйкес  түзу  қажеттігі  туды.  Сөйтіп  тұңғыш  Президентіміз 
Н.Ә.  Назарбаев  1997  жылы  шілденің  11-інде  «Қазақстан 
Республикасындағы  Тіл  туралы  Қазақстан  Республикасының 
Заңына» қол қойды. Бұл құжаттың басты ерекшелігі Елбасының 
тікелей  араласып,  өз  қадағалауында  болуы.  Сондықтан  да 
болар, айтулы мамандармен кеңесе отырып, ол заң баптарын 
негізінен өз қолынан өткізді десе болады.
Еліміз қаншама қиын кезеңдерді бастан өткізіп, біртіндеп 
еңсе көтеріп келе жатты. Мемлекеттік тіліміз де елмен бірге 

139
жетіліп, қолданыс аясын кеңейте түсті. Оның әрбір сатысынан  
Н.Ә.  Назарбаевтың  қолтаңбасын  көруге  болады.  Егер  оны 
таратып,  талдап  айтар  болсақ,  үлкен  бір  кітапқа  татыр 
еңбек болар еді. Біз оның кейбір тұстарын ғана тиіп-қашып 
әңгімелеп отырмыз. Кеңірек әңгіме болашақтың үлесінде.
Дегенмен,  «тәуелсіздік  тірегінің  бірде  болса  бірегейіне 
айналған мемлекеттік тілдің бүкіл халықтық сипатқа ие бола 
алмай  отыруына  не  себеп?»  деген  сауал  көптің  көкейінен 
кетпей келеді. Неге? Кеудені кернеп тұрған бір арман бар. Ол 
қандай арман? Ол нағыз қазақы мінез-құлықпен жымдасып 
жатқан  өзімізге  тән  ежелгі  қылық.  Өзіндік  болмысты 
ұмытарлыққа  дейін  керемет  еліктегіштік.  Біз  бұл  күнге 
осындай керемет «қабілетпен» жеттік. Және өз бойымыздағы 
осалдықты басқа біреуге жабуға бейім тұратынымыз бар. 
Егер  Елбасы  күнделікті  іс-әрекетінде,  сан  алуан  ұлт 
өкілдерімен қарым-қатынасында тек қана қазақша сөйлейтін 
болса, өз еріктерімен мектептеріне беріп орысша тәрбиелеп 
жатқан  үрім-бұтақтарының  бәрі  бір  күнде  қазақша  сайрап 
шығатындай  көреді.  Бұл  нәрсе  анықтап  айтылмағанмен, 
ағайынның  көбінің  көкейінде  тұрады.  Өз  бойындағы 
осалдықты өзгеден көру ежелден қалмай келе жатқан кесел. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекеттік тіліміздің 
мәртебеленуіне байланысты айтқан ойлары мен іс-әрекеттерін 
санамалап айтып шығудың өзі арнайы еңбекке ұласып кетер еді. 
Әсіресе,  Нұрекеңнің  президенттілікке  үміткерлер  қатарында  
ана  тілінің  алдына  келіп  екі  рет  емтихан  тапсыруға  тәуекел 
еткенінің  өзі  ерлікпен  барабар  іс  болатын.  Лингвистикалық 
комиссияның  5  мүшесі  Қазақ  елінің  тізгінін  ұстап  отырған 
адамның  білік-біліміне,  сауат-қарымына,  әлемдік  деңгейді 
ауқымдап  жатқан  эрудициясына  таңғалғаны  бар.  Осы 
орайда  сол  лингивистикалық  комиссияның  төрағасы  ретінде 
Н.Ә.  Назарбаевтың  сынақтан  қалай  өткені  туралы  түйген 
ойымды қайталап еске ала кеткенді жөн көрдім:
«Сіз  бүгін  Ана  тіліңіздің  алдына  тағы  да  бас  иіп  келіп, 
көрегендік жасадыңыз. Сізді сынаққа салып отырған мына 
бес  профессор  емес,  аяулы  Ана  тіліңіз.  Ел  сынынан  сан 
рет өткен жансыз. Тілге жүйріктігіңізге қарамастан, ел мен 

140
тілден биік емеспін деп, төңірегіңіздегі жандарға тағы да ой 
тастадыңыз. 
Сынақтың  үш  түрінен  де  мүдірмей  өттіңіз.  Жазудағы 
сауатыңызға  тәнті  болдық.  Сіздің  сеніміңізге  ие  болып, 
билік басына көтерілген тілге шорқақ іні, бауыр, серіктеріңіз 
осылайша танытса ғой, сауатын. 
Оқу  сауатыңызға  айтарымыз  жоқ.  Таңдаған  мәтінді 
заңды талапқа сай, әдемі қоңыр дауыспен, ырғақ мақамымен 
келістіре оқыдыңыз.
Ал сөйлеу шешендігіңіз бізді одан сайын еліктіріп әкетті. 
Көсем  ойларыңыз  бен  жоба-жоспарларыңызды  баяндауда 
қазақ сөзінің телегейінде еркін жүзіп, көсіле жөнелетініңізге 
тәнтіміз.  Сөз  бұйдасын  ұстаған  дүлдүл  бабаларыңызды 
былай  қоя  тұрып,  Сізді  тыңдаудың  өзінен-ақ  қазақ  сөзінің 
ғажайып қуатын, әсем де астарлы тұсын, қанша сөйлесең де 
таусылмас қазынасын таныдық. 
Қысқасы, ел басқарғысы келетін әрбір қазақ, ең әуелі ана 
тілінің  кәусарынан  осылайша  қанып  ішіп,  ындыны  кепкен 
тыңдаушының сусынын осылайша қандырсын да. 
Сіз  арқылы  елдің  мерейі  мен  тілдің  мерейі  өсіп  келеді. 
Кешегі Жолдау мен елге сапарларыңыз халықпен біртұтас- 
тықтың  шеруіндей  болды.  Барлық  жерде  Ана  тілі  Сізбен 
бірге жүрді. Тілді құрмет тұтудың асқан үлгісі осы емес пе? 
Осыған масаттана отырып, әлемнің алып елдерінің алпауыт 
басшыларымен терезе теңестіріп, тең сөйлесіп жүрген мәрте- 
беңізді мақтан етеміз. Сонымен бірге сондай шетел сапар- 
ларында да олар Сіздің өз ана тіліңізде де керемет сөйлей- 
тініңізді сезініп, қазақы үніңізді естісе ғой деп армандаймыз. 
Алла  жар  болып,  кемелдік  пен  көсемдікке  қарай  жол 
тартқан ақ кемеңіздің айдыны ашық болғай!» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет