«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ


Білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістерді     белсендендіру мен



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата03.03.2017
өлшемі4,39 Mb.
#5498
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

Білім беру ұйымдарындағы инновациялық үдерістерді     белсендендіру мен 
қолдаудағы  әдістемелік қызметтің рөлі 
 
Балтабаева М. Б.  
Талдықорған агро-техникалық  
колледжінің әдіскері,  
Алматы облысы 
 
Елімізде  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  өзгерістер  білім  беру  қызметіне  жаңаша 
қарауды,  қол  жеткен  табыстарды  сын  көзбен  бағалай  отырып  саралауды,  студенттердің  
шығармашылық  әлеуетін  дамытуды,  оқытушының  іс-әрекетін  жаңаша  тұрғыда 
ұйымдастыруды талап етеді.  
Елбасымыз  жастарға  айтқан  өнегелі  сөзінде:  «ХХІ  ғасырда  Қазақстандықтар  Ұзақ 
жасаушылар Ұлты болуы тиіс»  десе, ендеше келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беру 

 
 
171 
 
мен  білім  беру  оқытушылардың    инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық 
негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі [1]. 
Әдістемелік  қызмет  –  ғылыми  жетістіктерге,  озат  педагогикалық  тәжірибелерге, 
сонымен  қатар  ұйымның  оқу-тәрбие  үрдісі  бойынша  қорытынды  талдаулары  мен 
сараптамаларына,    педагогикалық  ұжымның  ілімдік  потенциалын  арттыру  мен  дамытуға, 
оқу-тәрбие  үрдісін  жетілдіруге  негізделген  біртұтас  жүйе.  Осы  орайда,    педагогика 
қағидасындағы «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде қалар, қызықтыр, мен 
сонда  түсінемін»  деген  ұстанымы  бүгінгі  әдістемелік  жұмыстың  шыңына  жетер  «алтын 
ережесі» деп бағамдауға болады. 
Талдықорған  агро-техникалық  колледжі  жоғарыдағы  алтын  ережелерді  басшылыққа 
ала отырып, «Оқу -тәрбие үрдісін модернизациялау арқылы, бәсекеге қабілетті кәсіби маман 
дайындау  »  әдістемелік  мәселесін,  одан  келесідей  мақсатты  көздейді:  «Бәсекеге  қабілетті  
кәсіби  біліктілігі  қалыптасқан  жеке  тұлға  дайындауда  колледждің  ғылыми-әдістемелік 
қызметін жандандыру арқылы педагогтардың кәсіби құзіретін арттыру» [3]. 
Күтілетін   нәтиже:  

 
Оқытудың  инновациялық  және  ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияларын 
қолдану арқылы білім сапасының көтерілуі;  

 
Білім  берудің  әдіс  –  тәсілдерін  меңгерген,  жан-жақты  құзіретті  педагогтың 
қалыптасуы;  

 
Нәтижеге  бағытталған  жұмыс  негізінде  педагогикалық  ұжымның  ғылыми–
әдістемелік мүмкіндігін жетілдіріп, оқу- тәрбие үрдісін модернизациялау. 
Талдықорған  агротехникалық  колледжіндегі    әдістемелік  кеңес  оқытушының 
инновациялық  қызметтерін  жүзеге  асыру  үшін  әдістемелік  пәндік  бірлестіктерін  құрайды. 
Коллдедждің  104  оқытушысы  10  пәндік  бірлестіктерге  топтастырылды.  Әр  кафедраның 
таңдап  алған  әдістемелік  мәселесі  бойынша  онкүндік  шаралары  қалыптасқан  дәстүрлі 
деңгейде жүргізіледі [4]. 
Осылайша  құрған  әдістемелік  кеңес  оқытушының  инновациялық  қызметтерін 
жоспарлауға  кіріседі:  колледжің  әдістемелік  даму  бағдарламасын  жасайды,  жылдық 
әдістемелік  жоспарын  жасайды,  оқу  бағдарламасын  түзейді,  оқу  жоспары  мен  күнтізбелік 
жоспарын  жасауға  көмектеседі.  Әдістемелік  кеңес  оқытушының  инновациялық  даярлығын 
қалыптастыру  бағытында  ғылыми-әдістемелік  жұмыстарды  ұйымдастыруды,  оқытушының 
шығармашылығының қалыптасуына ат салысады.  
«Заманауи  әлемде  елдің  қуаты  ең  алдымен  азаматтарының  білімімен  өлшенеді»  - 
деген  Елбасымыздың  сөзіне  сүйене  отырып,  колледжіміздің  әдістемелік    қызметі  екі 
жүйемен жүргізіледі: біріншісі – мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарындағы 
әдістемелік  көмекті  ұйымдастыру  болса,  екіншісі  –  озық  педагогикалық  тәжірибелерді 
анықтау, зерттеу, жинақтау, тарату.  
Аталған  екі  жүйе  негізінде  оқу-тәрбие  үрдісін  модернизациялау  барысында 
колледждіңәдістемелік қызметі, 9 бағытта жүргізіледі [4]. 
1–Жоспарлау. 
Беталысы  күнде  өзгерген  алмағайып  дүниеде  адамзат  үшін  ешқашан 
өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек!
 
Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақты  көздеген  колледждің  әдістемелік  кабиенті, 
облыстық әдістемелік кабинет жоспарын негізге алып, даму жоспарына сүйеніп, әдістемелік 
жоспар бойынша іс- шаралар іске асады.  
2–Ұйымдастыру. 
Әсерлі  ұйымдастырылған  әдістемелік  жұмыс  –қашанда  өз 
нәтижесін бермек.
 
Коллдедждің  104  оқытушысы  10  пәндік  бірлестіктерге  топтастырылды.  Әр 
кафедраның  таңдап  алған  әдістемелік  мәселесі  бойынша  онкүндік  шаралары  қалыптасқан 
дәстүрлі деңгейде жүргізіледі.  
3– Оқу – өндірістік жұмыс. 
Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған 
ғана  табысқа  жете  алатынын  қаперден  шығармаған  абзал». 
Теорияны  практикамен 

 
 
172 
 
ұштастыру  мақсатында  оқу  өндірістік  жұмысты  жандандыруда  колледж  оқытушыларына  
тәжірибелік  сабақтың  жоспарларын  жасау  барысында  әдістемелік  кеңестермен,  нұсқаулар 
беріледі. Оқытушылардың ақпараттық  және  әдістемелік  мәдениетін  дамыта отырып, білім  
беру  жүйесіндегі  жаңалықтар, жаңа  педагогикалық  технологиялар  жөнінде  кеңес  беру. 
4–Оқу  –  тәрбие  жұмысы. 
Қазақстандықтар  елдің  өркендеуі  әр  азаматтың  еңбегіне, 
оның  біліміне,  жауапкершілігіне  байланысты  болып  табылатын  біртұтас  және  бөлінбейтін 
отбасы» 
 Ой  –  өрісі  жоғары,  жан  дүниесі  таза,  шығанмашылық  қабілеті  дамыған,  жаңа  өмір 
талабына сай кәсіби маман және тұлға тәрбиелеу  мақсатында  Қазақстан Республикасының  
үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  тәрбие  тұжырымдамасындағы  8  бағытын  басшылыққа  алады. 
«Жас топ жетекшілермен» шебер сыныптар өткізіледі. Теориялық сабақты өткізу барысында 
тәрбиелік мақсатының орындауын жіті қадағаланады.  
«Балам  дейтін  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан  болсын»  деген  А. 
Байтұрсыновтың  сөзін  негізге  алып,    оқу  тәрбие  жоспарының  негізінде  тағылымы  терең 
тәрбие сағаттары іске асырылады.   
5–  Озық-педагогикалық  тәжірибе,  «тәлімгер  ұстаз»,  «жас  маман»  мектебі
Терең 
білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны 
[5]. 
Оқытушы мен білім алушылардың инновациялық көзқарастағы шығармашыл тұлғаны 
қалыптастыру  мақсатында    тәлімгер  ұстаз  мектебі  шығармашылық  топпен  тығыз 
байланысты жұмыс жасайды. Тәлімгер ұстаздардың іс-тәжірибесі облыстық, республикалық, 
халықаралық  деңгейдегі    басылым  беттеріне  шығарылады.  Жаңа  буын  оқулықтары  мен 
авторлық  оқулықтар  «Экономика»,  «Сүт  және  сүт  өнімдері»  мамандықтар  бойынша  екі 
оқытушы  басып  шығарса,  «Ветеринария»  мамандықтарындағы  апробациядан  өткен 
оқулықтар іс-тәжірибеде пайдаланылуда [7]. 
Оқытушылар  арасында  тәлімгерлік  жұмыстарды  жандандыруда,  сабақ  беру  сапасын 
барынша  арттырып,  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  үйретіп  әдістемелік 
көмек  көрсету  мақсатында  педагогикалық  жұмысты  алғаш  бастаған  жас  ұстаздарға 
тәлімгерлер бекітіліп,педагогтардың  кәсіби  шеберліктерін  дамытуға  көмек  көрсетіледі. 
-
 
ғылыми әдістемелік жаңалықтарды шолу 
-
 
ашық сабақтар өткізу 
-
 
әдістемелік сараптамалар, көрмелер ұйымдастыру 
-
 
педагогикалық оқулар 
-
 
оқытушылардың кәсіптік рейтингін анықтау 
-
 
ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, трейнингтер 
-
 
Эксперименттік жұмыстар 
-
 
Кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыру.  шығармашылық есептерге қатысады. 
 
6–Тәжірибелік-эксперименттік  жұмыс  жүргізу  барысында    нарық  заманында 
бәсекелестікке  төтеп  бере  алатын,  жаңа  инновациялық  технологияларды  меңгеруге  дайын 
жұмысшы мамандар даярлау, еңбек нарығында қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында 
«Сүт  және  сүт  өнімдерінің»  мамандығы  бойынша  дуалды  оқыту    технологиясын, 
«Ветеринария»    мамандығы  бойынша    модульдік  оқыту  технологиясы  негізінде  нәтижеге 
бағытталған эксперимент жұмыстары жасалуда
.  
7-Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында. 
Бұл заман білекке сенетін емес, 
білімге  сенетін  заман» 
жастардың  жеке    шығармашылық  қабілеттерін  ашып,  іріктеу  және 
оны  жүзеге  асыру  үшін  жағдайлар  жасау,  білім  алушыларды  ғылыми  жұмысқа  тарту  және 
нәтижелілігін  арттыру  мақсатында    колледждің  «Жас  ғалымдар»  орталығы  құрылып, 
«Шығармашылық  топ»  мүшелері  бірлескен  жұмыстың  нәтижесінде  қабілеті  бар  талантты 
жастарды  іріктеліп,  аймақтық,  облыстық  ,  республикалық  ғылыми-практикалық 
конференцияларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. 

 
 
173 
 
8–Ақпараттық-коммуникативтік  режимде  әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру 
барысында   жоғары техникалық ақпараттық заманауи  сервермен қамтамасыз етіліп, аталған 
сервер ҚР білім ғылым министрлігінің және колледждің талаптарына сәйкес:  
Виртуалды әдістемелік бірлестік;  
- Интернет - жаңалық  
- Интернет - семинар  
- Интернет – байқау 
-  онлайн конференциялар жүргізіледі.  
- Білім алушылардың өзін – өзі басқару жүйесі енгізілді. 
9 - Педагогикалық қызметтің мазмұны мен мониторингі 
 
Әдістемелік  кеңес  оқу-тәрбие  үрдісінде  инновациялық  оқыту  технологиялары  қалай 
жүзеге  асырылып  жатқанын  бақылап,  инновациялық  әдістемелік  қызмет  атқарады:  білім 
сапасының нәтижесін тексеріп, білім сапасының мониторингісін жасайды, нәтижесін талдап, 
қорытынды шығарады [6]. 
Колледжде  оқу  жылының  соңында  оқытушылардың  біліктілігін  анықтайтын  6- 
модульге негізделген оқытушылар арасында және кафедра меңгерушілері арасында рейтинг 
қорытындысы  шығарылып,  облыстық  әдістемелік  кабинеттің  нұсқауымен  аналитикалық 
есептің негізінде педагогикалық мониторниг қорытындысы шығарылады.   
-
 
Мамандықтар  бойынша  білім  сапасы  –  2014-2015  оқу  жылында  82%  болса,  2015-
2016  оқу  жылында  87%  болды,  бұл  көрсеткіш  салыстырмалы  түрде  өткен  жылдан  5%-ға  
жоғарылады;  
-
 
«Ветеринария»,  «Сүт  өнімдерінің  өндірісі»  мамандықтары  бойынша  дуальді-
модульдік  оқыту  технологияларын  эксперимент  ретінде  енгізіп,  әлеуметтік  серіктестермен 
кәсіби қауымдастықта жұмыс жасап, түлектердің жұмысқа орналасуы 50-65 % -ға артты;  
-
 
Колледж оқытушылары  жыл сайын Мәскеу қаласындағы  К.И Скрябин академиясы 
мен  КХР  Құлжа  қаласындағы    Іле  кәсіптік  институтында  білім  жетілдіру  курстарына 
қатысып, кәсіби шеберліктерін арттырды.  Оқытущылардың біліктіліктерін жетілдіру 2014-
2015 оқу жылында 57% болса, 2015-2016 оқу жылында 68% көрсетті. 
-
 
Педагог қызметкерлерін аттестаттау барысында 2015-2016 оқу жылында колледжде 
24 оқытушы аттестациядан өтті 
-
 
Колледжішілік  декадалардың  жүйелі  өткізілу  нәтижесінде  қалалық,  аймақтық, 
облыстық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми-практикалық конференцияларға 
қатысуға мүмкіндік алады; 
-
 
Колледжде  10  оқытушы  педагогика  ғылымдарының  магистрі  дәрежесімен 
оқытушылар  арасындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жалғастыруда.    Студенттердің  
ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жандандыру  мақсатында  7  оқытушы  КҒА-ның    ХХV-ші 
облыстық  конференциясына  студенттеріне  жетекшілік  жасап  жүлделі  орындармен 
марапатталды, нәтижесінде 1 студент КҒА-ның  42-щі республикалық ғылыми-практикалық 
конференциясында жүлделі ІІ-орынды иеленді;  
-
 
Колледж  оқытушыларының  63-нің    іс-тәжірибесі  облыстық,  республикалық 
педагогикалық журналдарға жарияланды; 
-
 
Оқытушылар арасында тәлімгерлік жұмыстарды жандандыруда, сабақ беру сапасын 
барынша  арттырып,  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  үйретіп  әдістемелік 
көмек көрсету мақсатында әр жылда педагогикалық жұмысты алғаш бастаған жас ұстаздарға 
арнайы  бұйрықпен  тәлімгерлер  бекітіп  беріліп  отырады.  Бөлінген  тәлімгерлер  жас 
ұстаздармен  тығыз  жұмыс  жүргізіп,  жыл  аяғында  есеп  беріледі.  Облыстық  әдістемелік 
кабинет  ұйымдастырған  оқыту  семинарлары  мен  «Жас  келсе  іске  -2015»  байқауында 
Тұрсынбек Серік жүлделі ІІ орын,     «Жас келсе іске -2016»  сырттай байқауына жас ұстаз 
Абдулаева Ақбота Бекмұханбетқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді;  

 
 
174 
 
-
 
Жетістіктер:  Алматы  облысы  Әкімдігінің  Техникалық  кәсіптік  білім  беретін 
мекемелер  арасында  өткен  «Ең  үздік  білім  беретін  мекеме  -2015»  облыстық  байқауында 
колледжіміз үздік деп танылып, жүлделі І орынды иелендік.
 
-
 
Алматы  облысының  Білім  басқармасы  әдістемелік  кабинеті  ұйымдастырған 
облыстық «Үздік әдіскер» байқауында  колледж әдіскері М.Б.Балтабаева жүлделі ІІ орынды 
иеленді. 
 
-
 
Оқытушы  А.М.Калышева  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу  орындарының 
арнайы  пән  оқытушылары  арасында  өткізілген  «Ең  таңдаулы    арнайы  пән  оқытушысы-
2016» облыстық байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.
 
Нәтижесінде  тарихы  терең  Талдықорған  агро-техникалық  колледжінің  әдістемелік 
қызметі межелі мүддеге жетіп,  бағдарлы бағыты мен кемел келешегін қалыптастыруда. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:   
1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2004. 
2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 
3. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004. 
4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 
5. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007. 
6. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: 
Білім, 2008. 
7. http://el.kz, «Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі». 
 
 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың сапасын  
инновациялық бағытта дамыту 
 
Абдуллина Г. М. 
 Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қалашығы,  
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер 
 
«... Өзін «мен» деп көрсете алатын, «қалауым осы», «қолымнан келеді» және «істеуге 
тиіспін» деген ойларын үйлестіре білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру қажет, ол үшін білім беру ең 
алдымен тұлғаға бағытталуы тиіс» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, білім беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика 
негізінде  және  адамды  қалыптастыруға,  кәсіби  шеберлігін  шыңдауға  бағытталған  білім  алу 
үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру сияқты білім беру жүйесін одан ары дамыту көзделіп отыр.Бұл міндеттерді 
шешу  үшін  әр  мұғалім  жаңашыл  әрекеттерді  игере,  оны  жүзеге  асыра  алатын  жаңа 
формациядағы мұғалім үлгісіне сай болуы – бүгінгі күн талабы. Ал бұған қол жеткізу үшін 
әдістемелік қызмет және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне жаңартудың тиімді әдіс  – 
тәсілдерін ұйымдастырып енгізу қажет екендігі айдан анық.Ұстаздардың тұлғалық қасиетін 
талдау, кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіру, инновацияларды меңгеруге үйрету, жаңа 
форматты мұғалім қалыптастыруға негіз салу мақсатында мектепішілік «әдістемелік орталық 
жүйесі»  іске  қосылып,  инновациялық  білім  берудің  жаңа  салаларын  меңгеру,  сапалы  білім 
берудің жаңа мазмұнын құру, оқытудың жаңа – технологияларын енгізу сияқты әдістемелік 
жұмыс бағыттары  атқарылуда.  
Мұғалімдердің  кәсіптік  деңгейін  көтерудің  және  оқу  –  тәрбие  жұмысын  басқарудың 
негізі  болып  табылатын  әдістемелік  қызмет  –  педагогтардың    өз  кәсіби  шеберлігі  мен 
ғылыми  –  теориялық  және  әдістемелік  дайындығын  жетілдіру  бойынша  атқаратын  жүйелі 
жекелей және топтық жұмысы. Ол талдау, бағалау дағдысын қалыптастыруға, педагогикалық 
қызметті  жобалауға  бейімдейді,  мұғалімдерді  шығармашылық  ізденіске  жетелейді.  Осы 
орайда  білім  беру  үрдісінде  тың  бастамаларға  жол  ашылды.  Түрлі  жаңа  идеялар  туындап 
қолданысқа  енгізетіндей  жаңа  технологиялар  пайда  болды.  Жаңалыққа  жаны  құмар  болу 

 
 
175 
 
жақсы қасиет екенін ескерсек, бұл қасиеттен жақсы ұстаз құр қалмауы тиіс. Ендеше Жамбыл 
облысы, Қордай ауданы, №43 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 
ұстаздары  да бұл жаңалықтан шет қалып жатқан жоқ.Педагог мамандардың кәсіби деңгейін 
ұдайы  көтеріп  отыру,  олардың  теориялық  білімі  мен  әдістемелік  білігін  үздіксіз  жетілдіру, 
оқытудың  озық  әдіс-тәсілдерімен  қаруландыра  отырып,  шығармашылық  жұмыстарына  жол 
көрсету,  мұғалім  мамандығын  жетілдіру  –  нәтижеге  бағытталған  әдістемелік  жұмыстың 
негізгі  міндеті    болып  табылады.  Оның  дәлелі  ұжымның  30  пайызы  «Тиімді  оқыту»  білім 
беру бағдарламасы бойынша курстарын аяқтап, сертификатталды. 
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл 
бөлудің  маңызы зор.  ХХІ ғасыр дағдылары  мұғалімдер  арасындағы ынтымақтастық аясын 
кеңейтуді  көздейді.Ол  жағдайда  мұғалімдер  бірлесіп  жұмыс  істеп,инновациялық,тиімді 
идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданатын оқыту мен оқудағы 
тәсілдердің ықпалын күшейте түседі [3] 
Мектептерде  көптеген  өзгерістер  болып  жатқандықтан,  мектеп  көшбасшылары 
мұғалімдер мен оқушыларға болып жатқан өзгерістерді тиімді еңсеруге мүмкіндік берулері 
керек.  Өз  кезегінде,  мектеп  көшбасшыларына  педагогикаға  өзгеріс  енгізу  үшін  жаңаша 
оқыту  тәжірибесін  жүргізуге  мүмкіндік  алу  мақсатында  педагогиканың  жаңа  нысандарын 
игеруге  тура  келеді.  Осы  орайда,  мектебіміздегі    І  (ілгері)    деңгейдегі    көшбасшы  
мұғалімдерөз    жұмыс  жүйесін    жүйелі  ұйымдастырып,  мұғалімдер  тобынан    «Даму», 
«Ынтымақ»,  «Сириус»  кәсіби    қоғамдастығын  құрды.  Қоғамдастықтың  мақсаты: 
мектебіміздегі  білім  берудегі  оқыту  сапасын  инновациялық    бағыттағы  әдіс-тәсілдермен 
жетілдіру. Аталған қоғамдастықтың   мүшелері  мектебімізде өзара ынтымақтастықты орната 
отырып,  жаңа    идеялармен,тәжірибелерімен  алмасу  арқылы  мұғалімдердің  кәсіби  
дағдыларын  дамытуға  өз  үлестерін    қосып  келеді.  Қоғамдастық    құрамындағы 
«Ұйымдастырушы»,  «Дамытушы»,  «Үйлестіруші»  топтар  өз  қызметтеріне  сәйкес  коучинг, 
тәлімгерлік  қызметтермен  бірге,сындарлы  оқытудағы  жеті  модульді  сабақтарына    қолдану 
және тарату жұмыстарын тиімді атқаруда. «Даму»  қоғамдастығының бағыты мектебіміздегі 
білім  сапасын  мониторингілеу    болса,    «Ынтымақ»    тобы    дарынды  оқушылармен  жұмыс 
жүйесін жетілдіру, «Сириус»  тобы  диалогтік оқытуды оқу үдерісіне тиімді қолдану аясында 
жетілдіру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруда.  
Әpбірмұғaлiм  өз  ic-тәжірибeciндекөптeгeнқиындықтaрға  кездeceді,  сондықтан  зaман 
көшiнe  iлecy  үшін  үнемі  ізденісте  жүріп,  өз  бiлiмiн  жетiлдiріп  oтыpyы  қажет.  Ал,  білімді 
жетілдіру  үшін  мектептегі  тәлімгерліктің  алатын  орнының  ерекше  екенін  сеніммен  айтуға 
болады.Жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің 
бірі.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыруда   мектебіміздегі  І  (ілгері),  ІІ  (негізгі)    деңгей  
мұғалімдері тәлімгерлікжұмыспен айналысуда.Тәлім алушыларәріптестерімен бірге коучинг 
пен тәлімгерлік арқылы  жаңа  тәсілдерді  пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін 
дағдыларды игереді.  
Тәлімгерлік-бұл тәлім алушыға оның тәжірибесінің тиімділігін жақсарту мақсатында 
тәлімгер мен тәлім алушысының арасындағы  сенімді  қатынастарды орнатудың ұзақ үдерісі 
[1] 
Тәлімгерлік пен коучинг- бұл  «жұмыс тәсілі»,олар оқушылар үшін оқыту мен оқуды 
жақсарту  мақсатында  бірлескен  кәсіби  дамуға  қолдау  көрсетеді.  Мектебімізде  тәлім 
алушылардың  кәсіби  дамуындағы  оң  өзгерісті  бақылау  мақсатында  «Ашық  есік  күні  »яғни 
жаңа форматтағы үздік сабақтар анықталып,педагогтардың әдістемелік қорына ықпал етуде.  
Мектеп  мұғалімдері  жаңа  инновациялық  бағытта  «Үздік  бейне  сабақ»,  «Жаңа  форматты 
ұстаз» «Шебер тәлім алушы» т.б. байқауларға  қатысып,  кәсіби шеберлігін шыңдауда.Үздік 
деп  танылған  сабақтарды  тәжірибе  алмасу  мақсатында  әдістемелік  жинаққа  енгізіп,  тарату 
көзделді.  Мектепте  әрбір  іс-шара:сынып  сағаттары,  ата-аналар  жиналысы,  семинарлар,  
әдістемелік отырыстарды жаңаша түрде  өткізу дәстүрге айналған. Сындарлы оқытудың оқу 

 
 
176 
 
үрдісінде  қолданылу  аясының  кең  таралғандығының  дәлелі,  мұғалімдердің  авторлық 
бағдарламалары мен шығармашылық тәжірибелері жұмыстарында да көрініс тауып келеді. 
Атқарылып  жатқан  әдістемелік  жұмыстардың    барысында  мұғалімдердің  кәсіби 
деңгейін дамыту үшін келесі  талаптарды басшылыққа аламыз: 
-        мұғалімнің педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; 
-        оқыту мен тәрбиелеудің жаңа инновацияларын, әдіс-тәсілдерді зерттеп, меңгеру 
және оны өз сабағында қолдана білу
-        өз  білімін  көтеруге,  шығармашылық  жұмыс  атқаруға  ынталандыру,  қажетті 
жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық және әдістемелік нұсқаулықпен қамтамасыз ету; 
-         авторлық  бағдарламалар,  курстар,  мақалалық  ізденістер  жасауға  ұмтылдыру, 
жан-жақты қолдау көрсету; 
-        педагог  мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық 
білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру,  
-  пән  бойынша  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  оқу  мақсаттарына  қол 
жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін меңгеруін және қолдана білуін қамтамасызету; 
  Сындарлы оқыту теориясы ХХІ ғасырда оқушылардың сыни тұрғыда ойлау, өзін-өзі 
ынталандыру,  өзін-өзі  реттеу,  оқи  білу  дағдыларын  белсенді  ,  әрі  табысты  қолдануға 
дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім  ортасын  құруға мүмкіндік  береді. 
Бақылау  баланың  мінез-құлқын  әр  түрлі  жағдайларда  көруге  мүмкіндік  береді. 
Бақылау  арқылы  мұғалім  өте  құнды  материалдар  алады.  Байқағыштық-педагогикалық 
біліктіліктің  көрсеткіші.  Л.Н.Толстой  «Мұғалім  баланы  үнемі  бақылап,  ол  туралы 
көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек»  деген. Ал педагог К.Д.Ушинский: «Біз жан-
жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек» деген 
еді.Осындай  зерттеулердің  бірі  «Іс-әрекеттегі  зерттеу»,  «Lesson  stydu»  тәсілдері.Бұл 
тәсілдерБатыс  елдерінде  және  Жапонияда  өздерінің  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік  беретіндігін  дәлелдеген.  Бүкіл  әлемге  танылып  отырған  «Іс  әрекеттегі  зерттеу», 
«Lesson  study»  сияқты  тәсілдер  оқыту  мен  оқу  тәжірибесін  жетілдіруде  маңызды  рөл 
атқарады. Оның тиімді тұстарын өз іс-тәжірибемізге енгізу арқылы көріп отырмыз. Ғылым өз 
пәнін  үнемі  зерттеп  отырмайынша  дами  алмайды.  Бүгінгі  танда  осы  ой  мұғалім  әрекетінің 
тұжырамдамасы  іспестес.  Соған  байланысты  оқушының  тұлғалық  құрылымымен  басты 
белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.  
Әсіресе білім мазмұнын жаңарту бағдарламасының міндеттерінің бірі критериалды 
бағалау жүйесін қолдана білу мұғалімге қойылған басты талаптардың бірі.  Оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінің орны ерекше. Критериалды 
бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында 
қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уәжін оятып, 
дамытатын құрал болып табылады.  Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып 
жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген 
және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына 
сәйкес үрдіс [1] 
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі 
(сипаттама) [1] 
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы [1]  
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:  
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; 
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға 
мүмкіндік береді; 
- Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз 
етіледі [2] 
 
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, 
түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, 

 
 
177 
 
коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс 
жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық 
дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.  
 
Критериалды бағалауды тәжірибеде қолдануды   біздің мектеп тәжірибесіне толық 
енгізбесе де көптеген ұстаздар өз  сабақтарында қолдануды дәстүрге айналдырған. Әсіресе 
ағылшын тілі, қазақ тілі,  орыс тілі, тарих, информатика пәндері.  Оқушылардың  білімдерін 
бағалау  нақты және шынайы, әділ қойылатындығын ұғынған оқушылар келесі сабақтарға 
құлшыныспен дайындалып, олардың алға жылжуына ықпал етіп отыратындығы  қуантатын  
жағдай. 
 Оқушылардың  ойлау  дағдысын  дамытуда  сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі  бойынша 
қолданылатын  жаңа әдіс –тәсілдер оқушының қабілеті мен мүмкіндігін аша түседі. 
«Еліміздің    ертеңі      бүгінгі    ұрпақтың    қолында,    ал    ұрпақтың      тағдыры  ұстаздың  
қолында»      деп  елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев    айтқандай,  ұстаздарға    келешек  ұрпақты 
тәрбиелеп, 
білім 
беруде 
жауапкершілікпен, 
шыдамдылықпен, 
жаңашылдықпен, 
ізденушілікпен қарау сенімі артылып отыр.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы.2010ж 
tengrinews.kz/zakon/kaz/docs?ngr=U1000001118 
2. Вестник образования. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. №1(8)2012 22бет. 
3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012ж 
4. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. С.Мирсеитова. Қарағанды, 2011ж 
5. Педагогика мәселелеріғылыми-теориялық журнал 1/2015ж 6-4бет 
6. Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан. Алматы, 2007ж. 
7. Қазіргі мектепті басқару. Алматы, 2016ж 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет