Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет50/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
(Фариза Оңғарсынова)
Тапсырма. Өлеңнің бір шумағын таңдап, өз пікірлеріңді айтыңдар. Сол шумақ мәтіні бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрыңдар.


Тұмар иіс

Отырып-отырып, Өмекеме (Өмірбек Байгелдіге) телефон соғайын. Мың болғыр, орнында отыр екен.


- Өмеке, Оразаңыз қабыл болсын! Мен ескі жазбаларымды ақтарып отырып, Манастың 1000 жылдығын тауып алдым. Есіңде ме сол той?
Өмірбек:
Есімде. Тараздан 170 үй апарып тіккенбіз.
-Әп, бәрекелде-е-е! Ал сонда деймін-ау, бізде Манас тұлғалы қайраткер болмаған ба? Әлгі Кирдің басын кесіп алып, қан толтырған меске сол басты салып: “Кир! Іздегенің қан еді, іш енді тойғаныңша!” – дейтін біздің Тұмар анамыз емес пе?
Өмірбек:

  • Тұмар-иіс.

  • Мен:

Е, еуропалықтардың Томирис деп жүргені сол екен ғой. Ал енді содан бері қанша жыл?

  • 2500 жыл.

  • Манас оның қасында бала екен ғой.

  • Сонда деймін-ау, Тұмар-иіс анамыздың 2500 жылдығын біз неге атамаймыз? Мұны білетін тарихшылар жоқ па?

  • Жоқ.

  • Бұдан мыңдаған жыл бұрын гректерден шыққан Геродот болмаса, Тұмар-иіс анамыздан хабарсыз қалатын екенбіз ғой.

  • Солай. Тұмар-иіс анаң өз алдына. Зарина апаңды айтсаңшы.

  • Ендеше, неге жазбайсың, ойбай?!

  • Ертең кел, сөйлесейік.

  • Құп болады, мақұл.

(Ш.Мұртаза)


1-тапсырма: Сызықшаның, дефистің қойылу себебін түсіндіріңіздер.
2-тапсырма: тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіздер.


І Баукең солақай емес

Тараздағы драма театрының жанында Бауыржан Момышұлына ескерткіш қойылған.


Бұл өте бір Иманды іс болды.
Тұла бойы сыйдиған еңселі ескерткіш.
Бәукеңдей батырды алмауыт тұлпарға міңгізіп қойса да болар еді, бірақ бір бастық ескерткіштің бәрі аттылы болып бара жатыр депті.
Мейлі ғой. Бірақ мына тұла бойы тік тұрған Бәукеңнің қылышы оң қол жағына тағылыпты. Оны суырып алатын Бауыржан солақай емес еді ғой!..
Сызып тастап түзететін жазу емес, қисық-қыңырын түзете салатын бояулы сурет емес, шойыннан құйылған ескерткіш.
Әттең, бір кем дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет