Сайлыбекова Диана хбк 1



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата05.12.2022
өлшемі62,84 Mb.
#54897
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сайлыбекова Диана ХБК 1 

ЖАНУАРЛАР
ДҮНИЕСІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНСТИТУТ: Жаратылыстану және география
МАМАНДЫҚ: Химия-биология 1 топ 2 курс 
ДАЙЫНДАҒАН: Сайлыбекова Диана
ҚАБЫЛДАҒАН: Назым Бекенова
КЕЛЕСІ


Омыртқасыз жануарлар
Бір жасушалылар
Ішекқуыстылар
Құрттар
Ұлулар
Буынаяқтылар
Омыртқалы жануарлар
Хордалылар
Балықтар
Қосмекенділер
Жорғалаушылар
Құстар
Сүтқоректілер
ЖОСПАРЫ
КЕЛЕСІ


ЗООЛОГИЯ
Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγος – ілім) – жануарлар
организмдерінің құрылысын, қалыптасуы мен дамуын, жүйеленімін
(систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-
қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму
заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.
Зоологияның анатомия, гистология, физиология, зоогеография, жүйелендіру,
палеозоология және филогенетика тәрізді көптеген салалары бар.Жануарлар
туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай, Үндістан, т.б. елдерде
жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен, зоология ғылым ретінде
алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель (б.з.б. 384–322) есімімен
тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет жануарлар дүниесін жүйеге
келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ жануарлар деп екі топқа
бөлді. Зоологияның дамуына 16 ғасырдың аяғы – 17 ғасырдың басында ойлап
табылған микроскоптың маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия
ғалымы А.Левенгук (1632–1723) алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан
капиллярларын сипаттап жазды. Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп
арқылы су тамшыларын зерттеп, оның құрамында қарапайым жәндіктердің
тіршілік ететінін ашуы болды. 17 ғасырдың аяғы және 18 ғасырдың басында
жануарлар жүйеленімінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол
өзінің «Жануарларға жүйеленімдік шолу» (1693) атты кітабында жануарларды
сыртқы белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты
сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы
К.Линней «Systema naturae» (1735) деген еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерді
жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды. 18 ғасырдың аяғы
– 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы
анатомиясы палеонтологияның негізін салды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет