Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»



бет1/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Ф.7.03-03


Тулеметова А.С., Кембаева Р.С., Колотаева Л.П., Жантасова Д.М.


5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша студенттерге дипломдық жұмысты орындау үшін

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Шымкент - 2020 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.О. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика» кафедрасы




5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша студенттерге дипломдық жұмысты орындау үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Шымкент - 2020 ж.

ӘОЖ 330.(083.13)

ББК65
Құрастырғандар: Тулеметова А.С., Кембаева Р.С., Колотаева Л.П., Жантасова Д.М.

5В050600 - Экономика мамандығы бойынша студенттерге дипломдық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2020 - 42


Әдiстемелiк нұсқаулар Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің 31 қазан 2018 жылғы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Стандартының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік Ережелерінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығына 2018 жылғы 12 қазандағы №563 бұйрығымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларының негізінде әзірленген оқу жоспарының талаптарына сәйкес жасалынған және бітіруші студенттер үшін дипломдық жұмысты орындау бойынша қажетті мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқау 5В050600 - Экономика мамандығының студенттеріне арналған.


Әдістемелік нұсқауда дипломдық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар, дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту, дипломдық жұмысты жазу және ресімдеу тәртібі келтірілген.

Пікір беруші: Кыдырова Ж.Ш., э.ғ.к., доцент, «Менеджмент және маркетинг кафедрасының меңгерушісі

«Экономика» кафедрасының мәжілісінде («_ » ____20___жылғы №__ хаттама) және «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиялары және әдістемелік қамтамасыз ету комитетінде («_ » ____20___жылғы №__хаттама) қаралды және ұсынылды.


М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу-әдістемелік кеңесі («__»________ жылғы №_____ хаттама) басылымға ұсынды.
©М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекетгік университеті, 2020 ж

МАЗМҰНЫ


Кіріспе………………………………………………………………………….

5

1 Түлектердің кәсіби даярлык деңгейіне койылатын талаптар…………...

7

2 Дипломдык жұмысты ұйымдастыру тәртібі..……………………………

8

3 Дипломдык жұмыстың такырыбына койылатын талаптар..……………..

8

4 Дипломдык жұмысты жазу тәртібіне койылатын талаптар…………….

9

5 Дипломдык жұмыстың мазмұны мен кұрылымы………………………....

10

6 Дипломдык жұмысты рәсімдеу ережесі …………………………………...

14

7 Дипломдык жұмысты корғауга ұсыну тәртібі…………............................

18

8 Дипломдык жұмысты корғау тәртібі………………………………………

20

9 Дипломдык жұмысты корғау критерийлері……………………………….

21

10 Дипломдык жұмыстардың үлгілік мазмұны……………………….

24

Қосымшалар……………………………………………………………………

45

КІРІСПЕ
5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша жоғары білікті экономика бакалаврын дайындаудың маңызды шарттарының бірі түлектердің дипломдық жұмысты жоғары деңгейде орындауын ұйымдастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыс, бұл білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін өзекті мәселені студенттің өз бетінше зерттеу нәтижелерін қорыту.

Дипломдық жұмыс диплом алдында өткізілген іс-тәжірибелік жұмыстарына тығыз байланысты болып, нақты материалдарға негізделуі тиіс. Өнім өндірісінің шығындарын азайту жолдарын табуға ұмтылдыруға бағытталып, кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыратын резервтерін анықтау мен толығымен экономика тұрғысында алдыңғы қатарлы тәсілдерді қолдануға ықпал етуі керек.

Дипломдық жұмысты орындау – бұл студенттерді жоғары оқу орнында оқытудың ақырғы кезеңі.

Дипломдық жұмысты орындау мақсаттары:

• өндірістік ұйымдастыру-басқару және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ОҚМУ түлектерінің жеке жұмыс атқара алу жайында мамандық дайындығының деңгейін анықтау;

• мамандық бойынша алынған теориялық және тәжірибелік білімін жүйелеу, баянды ету және кеңейту, және нақты ғылыми, техникалық, өндірістік-экономикалық және өндірістік мәселелерді шешуде пайдалана білу;

• дипломдық жұмыста туындаған мәселелерді шешуде зерттеу және тәжірибелерді жүргізу әдістемелерін меңгеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту, белгілі бір саланың өзекті мәселелерін шешу үшін арнайы және анықтама әдебиеттерін пайдалана білу;

заманауи өндірістің, ғылымның, техника мен мәдениет жағдайында дербес жұмыс атқаруына студенттердің дайындығын және кәсіби біліктілігін білу;

• шығармашылық жұмысқа және өз бетінше пікір-талас жүргізе алуын бағалау, қабылданған шешімдерді негіздеп, қорғай білу.

Дипломдық жұмыс студенттің жеке және шығармашылық жұмысының жемісі болып табылады. Осының негізінде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) кәсіби іс-әрекетке дайындық дәрежесін анықтап, экономика бакалавры деген академиялық дәрежесін беру туралы шешім қабылдайды.

Дипломдық жұмыстың сапасына әсіресе ғылыми зерттеу мен озық тәжірибелердің негізінде өзінің алдыңғы қатарлы шешімін таңдау және негіздеу әсер етеді. Бұл талаптар дипломды қорғар алдындағы өндірістік іс-тәжірибені өткен уақытта жиналған материалдарды пайдаланғанда ғана іске асуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет