Жазықова М.Қ. Этнопедагогика


Кемел адамның этникалық мінезі



бет8/97
Дата27.11.2023
өлшемі497,09 Kb.
#128670
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97
Байланысты:
Этнопедагогика Оқу құралы - соңғы

2.2 Кемел адамның этникалық мінезі
Қай заманда болмасын, заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елді, халықты бақытты болашаққа жетелейтіні анық.
Әр халықтың педагогикалық мәдениетінде кемел адам идеясын жүзеге асыруға бейімделген өзіндік табыстары бар. Ол тарихи жағдайларға байланысты дамып отырған. Бұл табыстардың кейбірі тұлғаның бір немесе бірнеше жақтарына қатысты болса, ал өзгелері кемелденудің халықтық идеалын жан-жақты ашып көрсетеді. Барлық халықтардың ауыз әдебиетінде кейіпкерлер адам болмысының кеңдігін көрсететін көптеген қасиеттермен ерекшеленеді. Мысалы, орыстардың адам туралы дәстүрлі сипаттамасы (умница и красавица, красна девица, добрый молодец, маленький да удаленький) оның басты қасиеттерін көрсетсе де, адамның күрделі табиғатын осы аталған сапалық қасиеттермен ғана байланыстырмайды. Орыс сұлуының басты қасиеті ақылдылық болса, ақылдылық өз кезегінде еңбек барысында білік пен ептіліктің болуын қажет етеді. Жоғары поэтикалық ақылды әрі сұлу (умница и красавица) деген сипаттама – бұл қыздың жеке қасиеттеріне берілген жоғары баға және халық педагогикасында тұлға қалыптастырудың бағдарламалық деңгейіне дейін жеткізілген тәрбие мақсатын көрсетеді. «Қайырымды жігіт» (добрый молодец) сипаттамасы кеңірек берілген. Мысалы, халықтың сүйікті кейіпкерлерінің бірі Илья Муромец – хас батыр, қасиетті орыс, тамаша салт атты, мерген, көргенді, ер жүрек және өжет, халық арашашысы. «Қайырымды жігіттің» осы бағыттағы ізгі істері ертегілер мен әндерде де нақтыланады: ол ақылды, әдемі, еңбексүйгіш, адал және сыпайы.
Халық өмірінің өзіндік ерекшелігі оның ұлттық идеалында көрініс табады. Әр халықтың кемел тұлға туралы түсінігі тарихи жағдайларға байланысты дамып отырған. Мысалы, башқұрттардағы, татарлардағы, Кавказ және Орта Азия халықтарындағы «нағыз жігіттің» орыстың «добрый молодецінен» (қайырымды жігітінен) іс-әрекеті, әдептілік кодексі мен мінез-құлқы жағынан ерекшеленетіні анық. Сонымен қатар ұлттар көп нәрсені өз халқының эталоны тұрғысынан бағалаған. Мысалы, адыгейлерде Отанға деген махаббат - кемел тұлғаның басты қасиеттерінің бірі. Ең қиын жағдайдың өзінде одан өз отбасының, халқының адал атын сақтау талап етіледі: «Своему отцу и матери позор не принеси» («Өз әкең мен шешеңді ұятқа қалдырма»), «Смотри, старайся не снимать адыгское лицо» («Өзіңнің адыгей деген атыңды төмен түсірме»), яғни адыгейдің ары мен абыройын сақтау тапсырылады.
Халық көп нәрсені жеке үлгі-нұсқа тұрғысынан бағалаған. Мысалы, чуваш халқында осы күнге дейін кез-келген ұлттың өкілін сипаттауда қолданылатын, жақсы адам туралы көзқарасқа сәйкес келетін «кемел чуваш» ұғымы сақталған, яғни бұл жағдайда «чуваш» сөзі «адам» сөзіне теңбе-тең. «Кемел (жақсы, нағыз) чуваш» - бұл орыс, татар, қазақ, қырғыз, т.б., яғни бұлар чуваштың жақсылық жасауға ұмтылушы туралы ұғымына сәйкес келетін кез келген ұлт өкілі. Қазақтарда туған жерге, атамекенге деген құрмет – кемел адамның басты қасиеттерінің бірі. Ең қиын жағдайдың өзінде қазақтардан өз жанұясының, руының, ұлтының адал және ардақты атын сақтау талап етілген: «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді»; «Болатын елдің баласы, бірін-бірі «батырым» дер»; «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер», т.б. Осетин халқының «Сиқырлы бас киім», «Егіздер» сияқты ертегілерінде кемел осетинге тән қонақжайлылық, еңбек сүйгіштік, ақылдылық, мейірімділік сияқты басты қасиеттер ашып көрсетіледі, оның ең негізгілері – ақыл мен мейірімділік, қонақжайлық пен еңбексүйгіштік. «Достарсыз, жалғыз ішіп-жеу – нағыз таулық үшін масқара», «Менің әкем тірі болғанда, бір шелпек нан мен тұзды достары түгіл жауларынан да аяған жоқ, мен әкемнің ұлымын ғой», «Таңың бақытқа толы болсын», «Жолың даңғыл болсын», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет