Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет1/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

  1. Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы. Токсикологиялық талдау пәнінің міндеттері мен мақсаттары.

Токсикология – улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар,
өсімдіктер, т. б.) тигізетін әсерін зерттейтін ғылым; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жан-жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын-алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс алғашқы көмектер мен емдік тәсілдерді де зерттеумен шұғылданады.
Токсикология–гректің toxіcon-жебе уы және logos-ілім, деген сөзінен шыққан. Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдау ғылымына ағзадағы улы затты табу, оны жіктеп айқындау, ағзадағы удың қандай түрленулерге ұшырайтынын зертеу де жүктелген. Мұндай сандық және сапалық зертеулер аналитикалық химия ғылымын білуді талап етеді.Уланулардың алдын-алу (профилактика) бағытында мал дәрігерлік токсикология әртүрлі зоотехникалық ғылымдармен (зоогигиена, мал азықтандыру, т. б.) ұштасады. Ветеринариялық токсикология және токсикологиялық талдаудың ең негізгі басты міндеті - ауыл шаруашылық малдары мен құстардың, пайдалы жәндіктердің (ара, жібек құрты, т. б.) улануларының алдын-алу және улана қалған жағдайда емдеу шараларын жүргізу бағытында атқарылатын іс- шаралар. Бұл міндет қазіргі кезде өте қауырт белең алып отыр. Мал басының уланулардан өлім-жітімге ұшырауы немесе лажсыз сойылуы салдарынан шаруашылықтар шегетін зиянды, шығынды зерттеу және ол шығындарға ғылыми талдау жасау мынадай қорытындыға әкеліп отыр: мал басының улануынан болған жылдық шығынның 50% - ын улы химикаттардан улану (гербицидтер, фунгицидтер, тыңайтқыштар, т. б.), 30% - ын әртүрлі патогендік саңырауқұлақтармен зақымданған азықтардан, құрамында көп мөлшерде фтор, мышьяк, госсипол, мочевина, натрий хлориді бар минералдық азықтық қоспалармен азықтандырудан улану және 20%-ын улы өсімдіктерден улану құрайды екен.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет