Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата07.01.2017
өлшемі1,4 Mb.
#1385
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Список использованной литературы
1. Левинас Э. Избранное. Тотальность и Бесконечное. – М.-СПб: Университетская книга, 2000. 
– 416 с.
2. Левинас Э. Избранное: Трудная свобода. – М.: РОССПЭН, 2004. – 751 с. 
3. Levinas E. Diachronie et representation // Entre nous: essays sur le penser-a-l’Autre. – Paris: Bernard 
Grasset, 1991.
4. Эко У. Роль читателя. Исследования по семиотике текста. – СПб: Симпозиум, 2007. – 502 с.
Резюме
Статья посвящена исследованию категорию темпоральности. Раскрывается содержание данного 
понятия. Выявляются роль и значение категории темпоральности в структуре художественного про-
изведения.
Түйіндеме
Мақала  көркем  әдебиеттегі  уақыт  мәселесіне  арналған.  Автор  темпоральдық  категорияның 
үғымын  қарастырады.  Көркем  шығармаларын  зерттеу  арқылы  бұл  категорияның  қызметтері, 
әдебиеттегі ролі ашылады.

218
Төлепбергенова Гүлфайруз Қайыңбайқызы, 
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы
М. Мәметова атындағы орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ 
СТРАТЕГИяСЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақстанда  қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесін  дамыту  стратегиясының 
мақсаттары мен міндеттері 2030 жылға дейін білімді дамыту стратегиясының негізгі 
қағидаларына байланысты іске асырылуда. Оның мақсаты дүние жүзілік тарихтың, 
түркі  халықтарының,  көшпелі  өркениеттің,  Орталық  Азия  елдерінің  тарихы 
тұрғысында  ғылымның,  мәдениет  пен  ағарту  жүйесінің  дүниетанымдық  синтезі 
негізінде жас ұрпаққа жоғары сапалы білім мен тєрбие бере алатын жоғары білімнің 
жаңа, шын мәніндегі тұңғыш ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады.
Білім  –  қоғамдық  құндылықтардың  аса  маңыздысы.  Мәдениетке  мұралық 
ету,  әлеуметтену  мен  тұлға  дамуының  қоғамдық  құрал-тәсілі  ретінде  білім  адам-
зат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, 
тіл дамуымен бірлікте, шексіз өркениет жолында өз өрісін тауып келеді. Қоғамдық 
қатынастар  шеңберінің  өрістеуі,  тіл  мен  жалпы  мәдениеттің  дамуы  жас  ұрпақ  са-
насына  бағытталған  ақпарат  пен  тәжірибенің  молыға  түсуіне  жол  ашты.  Дер-
бес  жүйе  ретіндегі  білімнің  қызметі  –  нақты  ғылыми  біліктерді,  идеялық-ізгілік 
құндылықтарды,  ептіліктер  мен  дағдыларды,  әрекет-қылық  нормаларын  игеруге 
бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен оқуын іске асыру.
Білім  мемлекеттік,  қоғамдық  және  жеке  тұлғалық  құндылықтарға  ие.  Білімнің 
қоғамдық  құндылығы  осы  алғышарттармен  анықталады.  Білімнің  әлеуметтік 
өмірдегі  ерекше  сала  сипатына  ие  болу  кезеңі  білім  мен  әлеуметтік  тәжірибені, 
тәрбие мен оқуды ұрпақтан-ұрпаққа ұштастыру үрдісімен байланысты. Мемлекеттің 
адами-инабаттық,  ақыл-парасаттық,  ғылыми-техникалық,  рухани-мәдени  және 
экономикалық мүмкіндіктерінің негізі білімде болғандықтан да, оның мемлекеттік 
тұрғыдан  құндылығы  арта  түседі.  Өйткені,  білімді  елдің  болашағы  зор.  Білім 
әлеуметтік қажеттілік болғандықтан да, көпшілік елдерде әрбір адамның білім алу-
ына  мемлекеттік  жағдай  жасалады,  белгіленген  тұжырым-бағыттарға,  дүниетаным 
шарттарына сәйкестендірілген білім жүйесімен қамтамасыз етіледі. 
Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы 
қабылданған « Білім туралы заңына» сәйкес құрылады. Бұл заң еліміздегі білімнің 
мемлекеттік сипатын, білім саласындағы біртекті мемлекеттік саясатын айқындайды. 
Оның  ұйымдасу  негізі  –  нақты  уақытқа  арналған  жоғары  заң  шығарушы  билік 
қабылдаған  білімді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы.  Бағдарлама  мазмұны, 
бір  жағынан,  мемлекеттік  саясаттың  жалпы  принциптерімен  анықталса,  екінші 
жағынан, замандық бағыт-бағдар және болашақ даму жағдайларын ескерумен білім 
жүйесіне жасалатын объективті талдаулар нәтижелерімен белгіленеді. Бұл заң білім 
саласындағы мынандай мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп берді: 
-  жалпы  халықтың  білімге  теңдей  қол  жеткізе  алуы,  білім  жүйесін  оқушы-
тәрбиеленушілердің  даму  деңгейлері  мен  ерекшеліктері  және  дайындығына 
икемдестіру принципі; 
-  білім  басқарудың  демократиялық,  мемлекеттік-қоғамдық  сипаты,  білім 
мекемелерінің дербестігі принципі. 
-  білімнің  адамилық  сипаты,  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың,  адам  өмірі 

219
мен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім және Отанға деген 
сүйіспеншілік тәрбиесінің басымдылығы принципі
- аймақтық мәдени және білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп 
ұлтты  мемлекет  жағдайында  ұлттық  мәдени  құрылымдар  мен  аймақтық  мәдени 
салт-дәстүрді қорғау принципі; 
-  білім  жүйесіндегі  еркіндік  пен  әрқилы  пікірлер  сиыстығы  (плюрализм) 
принципі; 
- мемлекеттік, жекеменшік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық сипаты
Заң  өзіндік  сипаттарымен,  деңгейі  және  кәсіби  бағыттарымен  ажыралатын 
білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді. Осы заманғы білім жүйесінің аса 
бір көзге түсетін ерекшелігі – білім жүйесін басқарудың мемлекеттік формасының 
мемлекеттік-қоғамдық  формаға  біртіндеп  ауысуы,  мұндай  басқарымның  мәні  – 
білім  проблемасын  мемлекет  пен  қоғам  мүдделерін  үйлестіре  жасау  үшін  осы  екі 
жүйенің  бірлікті  күш-қуат  жұмсау  қажеттігі.  Жалпы  білімдік  бағдарламалардың 
міндеті  –  тұлғаның  жалпы  мәдениетін  қалыптастыру,  жеке  адамды  қоғам  өміріне 
бейімдеу, кәсіби білім бағдарламаларын саналы таңдау мен игеру негіздерін қалау. 
Білім  мазмұнын  дамытатын,  педагогикалық  процестің  алдыңғы  сапындағы 
маңызды бірліктері – оқу мен тәрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, 
тәрбиелілігі  және  дамуындағы  іштей  өзгеріс  процестері  іске  асады.  Өз  кезегінде, 
оқу және тәрбие процестері бір-біріне ұштасқан оқу-оқыту және бұдан туындайтын 
өзіндік  тәрбие  процестерінен  құралады.  Қазақстан  білім  кеңістігінде  қалыптасып 
жатқан  осы  заман  білімін  реформалау  бағыттары  жалпы  әлемдік  бағдармен  үндес 
келіп, іске асырылуда. 
Білім – мұғалім мен оқушының бірлескен әрекет жолдарымен мақсатқа жетуді 
көздеген педогогикалық процесс жүйесі. Адамның тұлғалық дәрежеге жетуі, қоғам 
мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. 
Табысты  оқу  қамтамасыздығы  үшін  қай  бағытта  оқыту  қажеттігін,  білім  мазмұны 
қандай болуы керектігін анықтап алу – міндетті шарт. Қазақстан Республикасындағы 
бүгінгі мектептің білім мазмұны «Білім заңына» сәйкес құрылғаны мәлім. Бұл заңға 
орай,  білім  мазмұны  –  қоғамның  экономикалық  және  әлеуметтік  ілгерілеуінің 
аса маңызды жағдаяттарының бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, 
оның өз мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, 
құқықтық мемлекеттің бекіп және жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған. 
Білім мазмұнының міндеті – қоғамның әлемдік деңгейге сай жалпы және кәсіби 
мәдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заманғы білім деңгейі мен білімдену 
бағдарламасының  талаптарына  сәйкес  әлем  бейнесін  қалыптастыру;  тұлғаның 
ұлттық  және  әлемдік  мәдениетке  араласуына;  осы  күнгі  қоғамның  төлтумасына 
айналған  және  сол  қоғамды  жетілдіруді  мүдделеген  адам  және  азамат  тәрбиелеу; 
қоғамның  мамандар  қорын  жаңғырта  көбейтіп,  әрі  қарай  дамыту.  Білім  мазмұны 
жалпы және кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның 
жалпы  мәдениеті,  оның  дүниетанымы,  азаматтық  бағдары,  әлемге,  еңбекке  және 
қоғамдық  өмірге  болған  көзқарасы  қалыптасады.  Кәсіби  білім  мазмұны  адамға 
нақты еңбектік іс-әрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет. 
Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті 
тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен 
тәрбиенің  алғашқы  баспалдағы  –  мектеп.  Мектеп  –  мемлекеттік  немесе  онымен 
тығыз байланысқан құрылым. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы 
ата-аналармен,  қоғамдық  ұйымдармен,  мемлекеттік  мекемелермен  қатынастар 
негізінде атқарылып жатады. 

220
Отбасы,  қоғам,  мемлекет  араларындағы  бірлікті  іс-әрекеттердің  ұштаса  орын-
далуынан  тәрбиенің  жалпы  мақсаттары  іске  асады.  Мұндайда  өзара  байланы-
стар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да –педагогикалық жүйені 
басқарудың  өзіндік  ерекшелігі.  Білім  берудегі  мектеп  жағдайы  «мұғалім-оқушы» 
қарым-қатынасына  тәуелді  екенін  ескеретін  болсақ,  білім  жүйесін  басқарудың 
келесі  ерекшеліктерін  де  айқындалады.  Бұл  –  әртүрлі  жас  деңгейіндегі  балалар 
бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым 
болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім 
саласын басқаратын тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы. 
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды пара-
сатты,  саналы  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  әрбір  мұғалімнің  борышы.  Бүгінгі  мұғалім 
мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың 
нәрлі  қайнарымен  сусындатуға,  әрбір  оқушы  бойында  ұлттық  мінез-құлық, 
адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың 
жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін меңгертуге көңіл бөлуі тиіс. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре оты-
рып,  оқу  үрдісіне  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп, 
оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бұл үрдісте үлкен рөл атқаратын 
мектептің әкімшілік жүйесі оқу процесін басқаруға, тәрбие жұмыстарына жетекшілік 
етеді.  Басқаруға  тән  және  бір  сипат  –  бұл  жұмысқа  баршаның:  әкімшіліктің, 
мұғалімдердің,  ата-аналардың,  оқушылардың  араласуы.  Мұндай  жағдай  басқару 
қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған 
сатысында, қай деңгейінде болмасын, басқарушы адам өз әрекетінің кез-келген сәті 
мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын білуі тиіс. Әкімшілік 
жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тәрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер 
мен  оқушылардың  өзіндік  басқару  жүйешелерінің  басын  қосып,  үлкен  біртұтас 
жүйелілікке келтіру мақсатынан туындайды. Ал тәрбие жүйесі сыныптан тыс және 
мектептен  тыс  тәрбие  жұмыстарын,  отбасы  тәрбиесін,  қоғамдық  мекемелердегі 
тәрбие және өзіндік тәрбиені де қамтиды. 
Оқушылардың жан-жақты тәрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі, 
яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-әрекеттері бір 
бағытта орындалуы шартына байланысты. Бұл кешенді әрі педагогикалық жүйелерді 
басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.   
Тұлғаны  қалыптастыру  барысындағы  оқушы  іс-әрекетін  тәрбиешінің  бір  өзі 
басқармайды,  бұған  бірнеше  пән  мұғалімдері,  сынып  жетекшісі  және  басқа  да 
күнделікті  ықпал  жасаушы  мектептің  барша  қызметкерлері  араласады.  Сондай-
ақ,  мұғалімдердің,  сынып  басшыларының  қызметтеріне  мектеп  директоры  мен 
директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары 
әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – 
сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Білім жүйесінде қалаған 
деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерге 
басқарушы  болып  есептелетін  педагог-тәрбиешілер  жетекшілік  етеді,  ал 
тәрбиеленушілер  осы  жетекшілік  қатынастарды  пайдалы  ұғымдар  ретінде  игереді, 
яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны байқалады. Осыдан да басшының, 
тәрбиешінің, мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. 
Кәсіби  іс-әрекетті  әрқилы  деңгейде  бірдей  тең  басқару  –  бұл  да  педагогикалық 
жүйелерді  басқарудың  жеке  ерекшелігі.  Басқарымды  жүйеде  оқушылар  ұжымы 
маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі – жал-
пы мектептік және сынып ұжымы; екіншісі – оқушылардың қоғамдық ұйымдары, 
спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары.

221
Еліміздегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен  бүкіл  өркениетті  әлемдегі 
ақпараттық  даму  білім  берудің  дәстүрлі  қалыптасқан  жүйесін,  әдістері  мен  техно-
логиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің 
қажеттілігі  мен  оны  жеке  тұлғаның  толық  көлемде  меңгеруінің  қиыншылықтары 
арасындағы қарама-қайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі 
ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше 
ғылыми  тұжырым  жасауға,  олардың  қажетіне  қарай  ғылым  жетістігін  сұрыптауға, 
оқушының  өзінің  іс  әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  –  көкейкесті 
мәселе болып табылады. Өйткені, тек білім нәрімен жан-жақты сусындаған оқушы 
ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы 
бола алады.
Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын 
қамтамасыз  ету,  білімге  деген  сенімін  нығайту,  іскерлігі  мен  дүниетанымын 
қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табыла-
ды. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – мұғалім. Педагогикалық 
білігі жоғары мұғалім ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де  батыл, 
өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан 
азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп жұмысы қазіргі 
қоғамның  дамуымен,  әлеуметтік  тәжірибемен  тығыз  байланысты.  Мектеп  өмірі 
балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз са-
лады.
Резюме
В статье рассматривается актуальные проблемы в сфере образования Республики Казахстан.
summary
In article actual problems is considered in sphere of the forming the Republic Kazakhstan.
Шайкенова А. Б., 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистранты
ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК 
РЕСУРСЫ РЕТІНДЕ
Қазіргі кездегі ғылыми әдебиетте жастардың дамуын зерттеуге келудің көптеген 
жолдары  бар,  өз  кезегінде  «жастар»  ұғымының  маңыздылығының  анықтамасы  да 
сан алуан. В.Т. Лисовский 1968 жылы алғашқылардың бірі болып «жастар» ұғымына 
анықтама  берді:  «Жастар-әлеуметтену  сатысынан  өтетін,  меңгеретін,  ал  біршама 
ересек  жаста  білім  беру,  кәсіби,  мәдени  және  басқа  да  әлеуметтік  функциялар-
ды  меңгеріп  қойған  адамдардың  ұрпағы;  нақты  тарихи  жағдайларға  байланысты 
жастардың жастық критериі 16 жастан 30 жасқа дейін өзгеруі мүмкін» [1]. 
Жастарды әлеуметтік талдау бір жағынан, алдыңғы ұрпақтың сіңіретін әлеуметтік 
тетігі арқылы, екінші жағынан дербес және өзінің құндылықтары мен әрекет стан-
дарттарын әкелетін жеке тәжірибесі негізінде қоғамның әлеуметтік құрылымының 
«табалдырығында» тұрып, қоғамдық қатынастардың қалыптасып қалаған әлеуметтік-
стратификациялық  тәртібіне  әсер  етуші  әлеуметтік  топты  зерттеуді  білдіреді.  Жа-

222
стар өзінің жастық тобының ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік ұстаным мен 
әрекеттердің  инновациялық  типіне  біршама  икемді,  дәстүрлі  қалыптасып  қалған 
тәртіптердің әсеріне аз дәрежеде ұшыраған және бір мезгілде девиацияның әртүрлі 
түрін қабылдауға икемді. Жас ұрпақтың органикалық маргиналдық топтың бірінен 
тұратындығы  маңызды  болып  табылады.  Оның  статусы  уақытша  және  оның  аға 
ұрпақтың берік әлеуметтік күйін бойына сіңірудің алдына дейін уақытша болып та-
былады.
Осының барлығы жастардың құндылықтық ұстанымы мен әлеуметтік әрекетінің 
ерекшелігі  мен  сипатын  анықтайды.  Өз  кезегінде  бұлар  қоршаған  социумның 
әлеуметтік  шындығына  қалыптасады.  Бұл  жағдайда  өмір  ағысымен  жүріп  жатқан 
провинциалды  қаланың  әлеуметтік  өміріне.  Осы  әлемге  қаншалықты  дәрежеде 
және қаншалықты шектеулі кіруіне оның болашағы ғана емес, қалалық қоғамның 
даму болашағы да байланысты. Бұл әлеуметтік тетіктерді өңдеуді қажет етеді және 
соның ішінде оның сол қоғамға ынтымақтасуының жетістігін және оның ары қарай 
өмірінің жетістігін, жастар өмір сүріп жатқан қаланың болашағын қамтамасыз ететін 
әлеуметтік саясат арқылы да. Әлеуметтік-стратификациялық жүйенің бір бөлігі бола 
тұрып,  ол  әлеуметтік  дифференциацияға  ұшыраған,  яғни  әлеуметтік  біртекті  мас-
саны береді. Сондықтан жастарды әлеуметтік топ ретінде зерттей отырып, олардың 
ішкі әлеуметтік біртектіліксіздігіне назар аудару керек.
Біршама  толық  анықтаманы  И.С.  Кон  берді:  «Жастар  –  жастық  сипаттардың 
жиынтығы, әлеуметтік жағдайдың ерекшелігі негізінде бөлініп шығатын және басқа 
да әлеуметтік-психологиялық қасиеттермен негізделген әлеуметтік-демографиялық 
топ».  Дәл  осы  анықтама  жастар  әлеуметтануындағы  негізгі  анықтамаға  айналып 
отыр. «Жастық шақ белгілі-бір фаза, өмірлік кезеңнің сатысы ретінде биологиялық 
тұрғысынан  әмбебап,  алайда,  оның  нақты  жастық  шеңберлері,  онымен  байланы-
сты  әлеуметтік  статус  және  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктер  әлеуметтік-
тарихи табиғатқа ие және қоғамдық құрылымға, мәдениетке және сол қоғамға тән 
әлеуметтенудің заңдылықтарына тәуелді».
Бар  ғылыми  анықтамаларды  жіктей  келе  келесі  негізгі  жолдарды  бөліп 
қарастыруға болады: 
Стратификациялық  жолда  жастар  жастың  шеңберімен,  өздерінің  ерекше 
әлеуметтік  рөлдерімен,  статусымен  және  әлеуметтік  көзқарастарымен  шектелген 
ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде анықталады.
Психофизиологиялық  жол  адам  тұлғасының  жыныстық  жетілуі  мен  толық 
ересектігі арасындағы даму кезеңі ретіндегі «жастық шақ» ұғымына негізделген.
Әлеуметтік 
философияда 
жастарды 
өздерінің 
биологиялық 
және 
психологиялық  қарым-қатынастағы  белгілі-бір  жастың  (жастық  интервал  
14 жастан 29 жасқа дейінгі) адамдары ретінде анықтайтын әлеуметтік-психологиялық 
жол бөлінген. 
Рөлдік жол «жастық шақты» адамның сәби рөлінде ойнамайтын, сонымен қоса 
ересек  адамдардың  рөлін  толыққанды  алып  жүрмейтін  әрбір  адамның  өміріндегі 
ерекше іс-әрекеттік фаза ретінде талдайды.
Жанжалдық  жол  «жастық  шақты»  өміріндегі  әрбір  адам  үшін  маңызды 
күйзелістерге,  мәселелерге  өз-өзімен  және  қоғаммен  болатын  жанжалдарға  толы 
кезеңі ретіндегі ұғымына сүйенеді.
Субмәдениеттік жол жастарды ерекше өмір сүру үлгісі, іс-әрекет стилі, мәдени 
нормасы мен құндылықтары бар ерекше топ ретінде қарастырады. 
Интеракционистік  жол  «жастарды»  әрбір  адамға  тән  көңіл  күйдің  бірі  ретінде 
қарастырады. Ол көңіл-күй күтпеген іс-әрекеттерде, реакциялардың тікелей, стан-
дартты емес кезінде көрініс береді. 

223
Жоғарыда  аталған  жолдардың  әрқайсысы  жастарды  зерттеудің  ерекшеліктері 
мен нақты ғылыми пәндердегі жастық шақ феноменін белгілейді.
Социологиялық  талдау  жастарға  тән  ұрпақтық  жағдай,  ұрпақтық  өзара  байла-
ныс және ұрпақтар бірлігі қасиеттері бар «жастардың ұрпақтық талдауды» жүргізуді 
қарастыратын интегративті жолмен құрылады 
М.  Карват  және  В.  Миляновскийдің  концепциясының  негізі  жастардың 
әлеуметтік  субъектілігінің  нысаны  болды.  Олар  келесі  факторлар  арқылы  көрініс 
береді: 
 
– «жастар  мәдениет  сипаттағы  әлеуметтік  топ  болып  табылады»;  жастардың 
ерекшелігі бірмезгілде әлеуметтенудің объектісі және субъектісі болып табылатын 
топ сипатында байқалады
 
– үлкен әлеуметтік топтардың барлық атрибуттарына ие болып, сонымен қоса 
қоғамның негізгі әлеуметтік топтарына (таптарға) тән статусты иемденбей, жастар 
«ұрпақтық және мәдени топ» болады; 
 
– жастардың  әлеуметтік  топ  ретінде  ерекшелігі  әлеуметтік  біртектіліксіздікке 
негізделген,  оны  даярлау  сатылары  қоғамдық  практикаға  толық  дайын  еместігін 
ерекшелеп көрсетеді; 
 
– жастардың  әлеуметтік  қажеттіліктерінің  және  оларды  жүзеге  асырудың 
қоғамдық  шарттары  мәселесі  салдарынан  жастар  қозғалысы  ұйымдасады  (жастар 
қажеттілігін білдіруші және өкілі);
 
– әлеуметтік  қажеттіліктердің  жүзеге  асуының  негізгі  факторы  жастардың 
«жеке белсенділігі-саналы, рационалды, дербес өзін-өзі іске асыруға қабілеттілігі» 
арқылы көрінетін жастардың субъектілігі болып табылады.
Л. Розенмайер «Восстание молодежи», «Новые аспекты социологии молодежи» 
атты еңбектерінде жастық жас шамасының келесі статустық-демографиялық шека-
раларын анықтады:
1. Жастар бір жағынан дербес өмірбаянның фазасын анықтайды, екінші жағынан 
бөлінуі жастың бірнеше критериіне тәуелді болатын қоғамның бір бөлігін білдіреді. 
2. Жастық жас шамасының төменгі шегінің қабылданған анықтамасы жыныстық 
жетілудің  басталуымен  байланысты  және  қазіргі  таңдағы  зертеулерде  жеткілікті 
сенімді  емес,  өйткені  11-12  жастағы,  жыныстық  жетілудің  басталуы  алдын-
да  балалардың  өзі  тинейджерлерге  тән  қарым-қатынастарды  көрсетеді.  Жастарға 
жатқызу  бір  жағынан  жастағы  шамамен  сызылып  көрсетілген  айырмашылықпен, 
екінші  жағынан  құқықтарды  толық  емес  басқаруымен  және  әлеуметтік-
экономикалық  ұстанымдардың  жеткіліксіздігімен  анықталатын  маңызды  диффе-
ренциялаушы өлшем ретінде шығатын эмпирикалық қордаланған, гипотетикалық 
шығатын қарым-қатынастарға негізделеді.
3. «Жас», «жас ересек» ұғымдарының бөлініп шығуы жастардың жоғарғы жастық 
шегін жоюды қарастыратын, жастардың статусының дифференциясымен байланы-
сты. Осы орайда, «жас ересек» үшін де белгілі-бір статустар толығымен қолжетімді 
емес немесе толыққанды жүзеге асуы мүмкін емес. Жастар «жас» және «жас ересектің» 
бөлінуін ескере отырып, осы мағынадағы статустың түсінігі болып табылады». 
Жастардың «өз жасын» сезінуімен байланысты ерекше мәселелері келесілер:
1.  кез-келген қоғамда жастық шақ тәуелділік идеясымен тығыз байланысты;
2    ересек  тұрғындардың  үстемдік  етуші  еркіне  басқа  жастық  топтар  да  тәуелді 
(балалар, жастар, қарттар); 
3. кез-келген қоғамда жастардың алдында еңбек қызметі саласы мен мамандық 
таңдау мәселесі тұрады;

224
4. жастардың негізгі мәселесі – өмірлік жоспарларды, адамгершілік және өзін-
өзі анықталуды құру, өмірлік серігіңді таңдау; балалардың туылуы болып табылады.
Қоғамның  және  оның  ажырамас  бөлігі  ретіндегі  жастардың  әлеуметтік 
белсенділігі  көптеген  факторларға  байланысты.  Әрине,  жағдайдың  құрдымдығы, 
жастар мәселесінің өткірлігі және шешілмеушілігі жастардың санасына, әлеуметтік 
сезіміне, сондай-ақ іс-әрекет түрін таңдауға айтарлықтай ықпал етеді. Алайда таңдау 
не әлеуметтік-саяси белсенділіктің артуына, не болмаса қажеттіліктердің азаюына 
алып келуі мүмкін, соның ішінде қоғамдық істерге қатысуға бағытталған әлеуметтік-
белсенді әрекеттер түрінде.
Жастар  субмәдениеті  –  қоғамдық  өмірдің  айтарлықтай  жаңа  және  көпжақты 
құбылысы. Осы күрделі құбылыстың бар болуы қоғамның социомәдени дамуынан 
бастап, белгілі-бір жастар тобының психологиялық ерекшеліктеріне дейін көптеген 
аспектілеріне  әсер  етеді.  Жастар  субмәдениеті  –  өмір  сүрудің  белгілі-бір  үлгісі 
және  стилі.  Кез-келген  басқа  мәдениет  сияқты  субмәдениет  адамның  әлеуметтік 
өмірін  өмір  сүрудің  осы  үлгісінде  анықтайды,  құрылымдайды.  Қоғамның  базалық 
мәдениетімен  салыстырғанда  оның  ықпалы  өлшеусіз,  алайда  адамның  өмір  сүру 
үлгісіне, құндылығына ықпалын, оның әлемді көруді өзгертуге жеткілікті. 
Жастар  мәселесі  ғылымда  өткен  ғасырдың  50  жылдары  маңызға  ие  бола  ба-
стады.  Дәстүрлі  қоғам  негізінен  аға  ұрпақтың  тәжірибесіне  арқа  сүйей  отырып, 
біртіндеп, баяу темппен дамитындықтан, жастар мәдениеті феномені көпшілігінде 
динамикалық қоғамға жатады, және «техногенді өркениеттің» қалыптасуына байла-
нысты байқала бастады.
Д.В.  Ольшанский  жастардың  суб  және  –  контрмәдени  әрекетін  сипаттайтын 
келесі ерекшеліктерді бөліп қарастырады [2]: 
1.  Өз-өзімен бірге болуға ұмтылу. Жасөспірімдік жас үшін жеке мүмкіндіктерін, 
өзінің әлемдегі алар орнын іздестіру тән, әрине бұл жалпыға маңызды нормалар мен 
құндылықтарды асыра бағалауға алып келетіндігі заңдылық. 
2.  Еліктеу.  Жасөспірімдік  кезде  өзіне  тән  өмір  сүру  стилі  бар,  қарым-қатынас 
стилі бар референттік топ ерекше маңызға ие болады.
3.  Сатылық инстинкт. Аталған ұғымның ерекшелігі мақсаттық және құндылықтық 
ұстанымдардың  жетілмей,  қалыптаспаған  кезінде  топтық  құндылықтар  мен 
мақсаттар басым мәнге ие болатындығына негізделген.
4.  Бәсекелестердің,  дұшпандардың,  қастардың  бар  болуы.  Белгілі-бір  мақсаты 
жоқ топтың жұмылуы үшін қажетті жағдай. Іс-әрекеттегі нонкорформистік үрдістер 
қоршаған орта тарапынан болатын кедергіге қадалып, одан да үлкен күшке ие бола-
ды.
5.    Жоғары  талпыныс.  Аталған  жастық  категорияға  әділдіктің  өткір  сезімдері, 
ерекше болуды қалау тән. Бұл «жоғары талпыныс» нәтижесін береді. 
Мәдениетті  белгілі-бір  қажеттіліктерді  қанағаттандырудың  тәсілі  ретінде 
қарастыра отырып, ресей психологы М.В. Розин жастар субмәдениетіндегі көрсетуші 
әрекеттер арқылы қанағаттандырылатын қажеттіліктерді сипаттауға тырысады. 
Ересектермен жанжалды жеңіп шығуға қажеттілік. Жастық кезең бір жағынан, 
ересектердің құндылығына қарсы келетін құндылықтарды өзіне алып жүретін жаңа 
референттік  ортаның  (құрдастар)  пайда  болуымен  сипатталады,  екінші  жағынан, 
ересектер жасөспірімнің бүкіл өмірін бақылау мүмкіндігін жоғалтатындығымен си-
патталады.  Бұл  жасөспірімнің  санасында  бар,  маңызды  ересектің  үлгісімен  іштей 
жанжалдың  пайда  болуына  алғышарт  жасайды.  Өзінің  қызығушылық  аясын  ере-
сектерден  жасыра  отырып,  жасөспірім,  сыртқы,  нақты  жанжалдан  құтыла  алады. 
Олардың сыртқы диалогы жасөспірімді толғандырып жүргеннің бәрін шетке ысы-

225
рып қойып, ресми бола түседі. Алайда, ішкі диалог тоқтамайды. Бұл ауыртпалық, 
ішкі  жанжалдың  ахуалы  ерекші  символдық  әрекеттердің  көмегімен  жойылуы 
мүмкін. Ерекше символдық әрекеттердің тұтастай жиынтығын жастар субмәдениеті 
береді.  Жастар  субмәдениетіндегі  ауыртпашылықты  бұзып  шығу  тәсілін  М.В.  Ро-
зин [3] «магиялық» деп атайды. Қоршаған ортаға әсер етудің нақты құралы қолында 
жоқ  болғандықтан,  жеткіншек  мәні  бойынша  «магиялық»  құралдарға  жүгінеді: 
театралды-көрінуші  белгілердің  және  символдардың  көмегімен  ол  ересектермен 
болатын  жанжалдың  жойылуына  әкеліп  соқтырады  деген  әрекеттердің  белгілі-бір 
қатарын тұрғызады. Театрдың көмегімен жасөспірім өзінің санасын өзгерте алады, 
символдардың көмегімен ересектермен болған қарама-қайшылық шешілген ерек-
ше әлем тұрғызады. 
Ахуалдыққа қажеттілік. Ресейлік психологтың пікірінше, барлық жеткіншектер 
ересектермен іштей жанжалды бастан кешіре бермейді. Кейбіреулер үшін керісінше, 
олардың  ресми  емес  қауымдастыққа  қатысуы  жанжалға  себеп  болады.  Бірқатар 
жеткіншектер жастар субмәдениетіне қатыса отырып, «ахуалдыққа қажеттілік» деп 
аталатын ерекше қажеттілікті қанағаттандырады. Қанағаттандырылмаған қажеттілік 
«өмірдің сырғуы» сияқты сезімдермен бастан кешіріледі, осы ретте жеткіншек өзінің 
әлеуметтік субъект ретінде жоқ екендігін сезінеді.
Топқа  жатуға  қажеттілік.  Жасөспірімдік  шақта  құрдастардың  қандай  да 
бір  тобына  жатуға  деген  қажеттіліктің  пайда  болатындығы  бәрімізге  белгілі.  Жа-
стар  субмәдениеті  ресми  қауымдастықтарға  қарағанда  бұл  қажеттіліктерді 
әлдеқайда  нәтижелірек  қанағаттандырады.  Жастар  субмәдениетіне  қатысушылар 
өзінше бір бауырластықтың қуатты сезімін бастан кешіреді. Бұл келесі әлеуметтік 
заңдылықтармен  түсіндіріледі:  біріншіден,  топтың  ынтымақтастығы  артады,  егер 
оның  мүшелерінің  ерекше  сыртқы  белгілері  болса,  екіншіден,  ынтымақтастық 
теріске шығарылғанның жалпы сезіміне ықпал етеді. Аталған екі заңдылық та жа-
стар  субмәдениетінде  бар  болады  –  сондықтан  да,  топқа  жатуға  деген  қажеттілік 
соншалықты нәтижелі қанағаттандырылады. 
Мойындатуға  қажеттілік.  Жастар  субмәдениеті  социумда  жолы  болмай 
жаратылған  жасөспірімдер  әлеуметтік  мойындауға  қол  жеткізе  алатын  өзінше  бір 
мәдени  қуыс  болып  табылады.  Басқаша  сөзбен  айтқанда,  жастар  субмәдениеті 
кейбір жасөспірімдерге қатысты өзіндік стихиялы әлеуметтік оңалуды жүзеге асы-
рады. 
Мәнге қажеттілік. Мәнсіздікті сезіну қазіргі заманғы көптеген жеткіншектерге 
тән  құбылыс.  Жастар  субмәдениеті  адамға  мәнділік  сезімін  бере  алмайды,  өзінің 
өмір  сүру  үлгісі  үшін  күрес  мәнді  іздестіруді  «алмастырады».  «Жаулап  алынған» 
өмір  автоматты  түрде  біршама  мәндірек  болып  көрінеді.  Әңгіме  мынада  да  болуы 
мүмкін,  жастар  субмәдениетінде  адам  өз  еркінде  болады,  оның  нормалары  мен 
құндылықтарын саналы түрде қабылдайды. Жастар субмәдениеті шеңберінде адам 
не істеу керектігін өзі шешеді, басқа адамдардың шешімі (ұстаздардың, ата-ананың) 
оған қысым көрсете алмайды. Тәуелсіз қабылданған әрекеттер мен шешімдер шы-
нында да жеткіншек үшін үлкен мәнмен «оның» мәнімен толығады. 
Батыс  әлеуметтануында  жастар  белсенділігінің  субмәдени,  делинквентті 
көрінісінің қарлығаштары ретінде Чикаго мектебін санау қабылданған. Аталған мек-
теп өткен ғасырдың 20-жылдарының өзінде қалалық жастар қауымдастығының ерек-
ше типтерін зерттеуде қалалық этнография әдісін пайдаланды (В.Ф. Уайт, А. Коен, 
Г. Беккер т.б.). Жастар әлеуметттануындағы субпәннің қалыптасуындағы маңызды 
рөл  ғылыми  айналымға  «жастар  мәдениеті»  деген  терминді  енгізген  Т.  Парсонсқа 
тиесілі. Жастар мәдениеті кеңістігінің функционалды маңыздылығының Т. Парсонс 

226
әзірлеген идеялары ересек қоғамның рөлдерін игеруге дайындауда балалық шақтан 
ересектікке  өтуді  түсіндіруде  орасан  салмаққа  ие.  Алайда  жастар  әлеуметтануын 
соншалықты  кең  концептуалды  негізінің  кері  салдары  да  болды.  Ұзақ  уақыттар 
бойы сынның негізгі нысанасы жастар мәселесін социобиологиялық және тарихи 
талқылау болды. Осы теориялар шеңберінде жастар басқарылмайтын табиғи күш (Г. 
Холлдың,  Э.  Эриксонның  теориялары),  бірыңғай  ұрпаққа  тиесілі  болу  (К.  Манн-
гейм), тұтынушылық девиация (М. Абрамс) белгілер бойынша жетілді (теории пу-
бертата Г. Холла и подросткового кризиса идентичности). Жастар әлеуметтануының 
дұрыс өтіп жатқан әлеуметтік процестерінің қалыптасуына 80-ші жылдары Бирмен-
гем  университетінің  Заманауи  Мәдени  зерттеулер  Орталығының  қызметкерлері 
салмақты үлес қосты. 
Қазақстан  Республикасында  ғалымдардың  бағасы  бойынша,  жастар  еңбекке 
қабілетті тұрғындардың шамамен 50 пайызын құрайды. С.Ж. Туркпенованың ойын-
ша[4], жастар мәселесі қазіргі қоғам өмірінің әртүрлі салаларының трансформаци-
ясымен ғана емес, сәйкесінше, кәсіби білімнің жоқтығына байланысты, рөлдер мен 
статустарды бөлудегі көзқарастың екінші деңгейлігімен, жастардың өзінің мүдделері 
мен  құндылықтарын  толық  сезіну  процесінің  аяқталмағандығымен  байланысты. 
Әлеуметтік  топ  ретінде  жастардың  өзіндік  ерекшелігі  олардың  ұдайы  қоғамдық 
әсер етудің объектісі қасиетінен әлеуметтік-түрлендіргіш қызметтің субъектісі болу 
қасиетіне  өту  күйінде  тұратындығында.  Жастардың  «есеюінің»  әлеуметтік  мәні  де 
осында. 
Ерекше құбылыстар тәрізді, жастар субмәдениеті жастардың физиологиялық ак-
селерациясы олардың әлеуметтенуі кезеңінің (30 жасқа дейін) бірден артуымен қатар 
жүретіндігімен байланысты да туындайды. Бұл дәуір талабына сәйкес келетін білім 
мен кәсіби дайындыққа кететін уақытты арттыру қажеттілігімен туындаған. Қазіргі 
кезде балалар сәби болудан ерте қалады (өзінің психофизиологиялық дамуы бойын-
ша), алайда, әлеуметтік статусы бойынша ұзақ уақыттар бойы ересектер әлеміне жат-
пайды. Балалық шақ-экономикалық белсенділік және дербестік әлі де толыққанды 
жетілмеген уақыт. Егер біліммен қанығу тұрғысынан адам әлдеқайда ерте жетілсе, 
онда  қоғамдағы  орны,  өз  ойын  айту  мүмкіндігі  тұрғысынан-  оның  ересектігі  ары 
жылжиды. Мемлекеттің социомәдени ерекшеліктері жастарға бірінші кезекте әсер 
етеді, өз кезегінде, «жастар» ұғымы нақты-тарихи ғана емес, социомәдени де ұғым 
болып  табылады;  ол  міндетті  түрде  өзіне  этномәдени  сипаттағы  аспектілерді  де 
қосады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет