Бисембаева жанат кумаровна



бет1/45
Дата12.06.2023
өлшемі1,67 Mb.
#100710
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
У.СУЛТАНГАЗИН АТЫНДАҒЫ
ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИСЕМБАЕВА ЖАНАТ КУМАРОВНА


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
(Оқу – әдістемелік құрал)
Қостанай, 2019
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
Б 58
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Иржасова Ж.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, Қостанай Әлеуметтік техникалық университетінің, гуманитарлық ғылым кафедрасының доценті
Байжанова С.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті
Успанова А.О. – Қостанай қаласының №13 бөбекжай – бақшасының әдіскері
Бисембаева Ж.К.
Б 58 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі: оқу әдістемелік құрал / Бисембаева Ж.К. – Қостанай: У.Султангазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, 2019. – 81 б.
ISBN 978-601-7934-91-0
Оқу құралының мазмұны «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» курсының бағдарламасына сәйкес келеді. Курстың негізгі бөлімдерінің мазмұны сызба мен кестелерде көрсетілген, бұл курстың негізгі мәселелерін бейнелейді және оны оқуға негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Оқу-әдістемелік құралы 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған.
ӘОЖ 373.2
КБЖ 74.102
У.Султангазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылады.
ISBN 978-601-7934-91-0
© Бисембаева Ж.К., 2019
© ҚМПУ, 2019

МАЗМҰНЫ


Кіріспе..............................................................................................................4
Тіл дамыту әдістемесінің теориялық негіздері ............................................. 5
Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер............................................................. 9
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамыту бойынша
жұмыс жүйесі .................................................................................................. 11 Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер........................................................... 14
Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуін
дамытудың теориясы мен әдістемесі .......................................................... 15
Мектепке дейінгі балалардың диалогтық сөйлеуін дамытудың
теориясы мен әдістемесі .............................................................................. 16
Балалардың монолог тілін дамытудың теориясы мен әдістемесі ............ 22
Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер........................................................... 33
Балалармен сөздік жұмысының теориясы мен әдістемесі ....................... 36
Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер........................................................... 46
Мектепке дейінгі жастағы балалардың грамматикалық құрылысын
қалыптастыру теориясы мен әдістемесі ..................................................... 49 Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер ………. .............................................. 53
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дыбыс мәдениетін
тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі....................................................... 55 Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер .......................................................... 61
Балаларды сауат ашуға дайындаудың теориясы мен әдістемесі ............ 63
Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер........................................................... 66
Көркем әдебиетпен таныстыру теориясы мен әдістемесі ......................... 68
Өзін-өзі бақылауға арналған тесттер........................................................... 73
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тілін дамыту бойынша
жұмысты жоспарлау ...................................................................................... 75
Тест жауаптары ............................................................................................. 79 Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................... 81 АЛҒЫ СӨЗ
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі курсы мектепке дейінгі бейіндегі педагогтарды даярлаудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Ол баланың дамуы мен тәрбиесі, сөйлеу және сөйлеу қарым-қатынасының онтогенезі туралы қазіргі ғылыми білім негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуы саласындағы кәсіби қызметке студенттердің дайындығын қалыптастырады. Оқу-әдістемелік құрал тілді дамыту мен ана тілін оқытудың әдістемесінің дәстүрлерін, пәнді оқыту тәжірибесін ескере отырып жазылған. Онда мектепке дейінгі балалардың тілдік дамуына заманауи көзқарастар, соңғы жылдардағы зерттеу материалдары, оның ішінде ғылыми зерттеулермен орындалған авторлардың жетекшілігімен студенттерді даярлауда кең апробациядан өткен «Мектепке дейінгі балалардың ана тілін оқыту және сөйлеуді дамыту әдістемесі» (Алексеева М. М., Яшина В. И., 2000) оқу құралының материалдары негізге алынып жазылған.
Оқу-әдістемелік құрал 9 тақырыптан тұрады, онда мектепке дейінгі балалардың сөйлеу қарым-қатынас және сөйлеу тілінің әр түрлі жақтарын дамыту теориясы мен практикасы мәселелері кесте мен сызба түрінде көрсетілген. 1 – 2 тарауларда жалпы тіл дамыту әдістемесінің және оның жеке жақтарының әдіснамалық, физиологиялық, психологиялық, лингводидактикалық және педагогикалық негіздері, курстың негізгі ұғымдары баяндалады. 3-9-тарауларда балалар тілінің әртүрлі жақтарын дамытудың теориясы мен әдістемесі (лексикалық, грамматикалық құрылысы, фонетика, байланыстырып сөйлеу: диалогтық және монологтық), көркем әдебиетпен таныстыру теориясы, сауат ашуға мектепалды даярлық мәселелері қарастырылады. Оқу құралының әрбір тарауы бағдарламалық материалды түсіну және меңгеру үшін тест тапсырмалармен аяқталады. Құралдың соңында ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет