Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет1/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
Құралай КҮДЕРИНОВА
БІРГЕ және БӨЛЕК
ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ
ОРФОГРАФИЯСЫ
Алматы
2005


ББК 81.2 Каз.я7 
К 91
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми кеңесі
баспаға ұсынған
Жауапты редакторы  филология ғылымдарының
кандидаты Н.Уәлиұлы
Пікір жазғандар  филология ғылымдарының
докторы, ҚР ҰҒА-ның академигі Ш. Сарыбаев
филология ғылымдарының кандидаты В. Тамаева
КҮДЕРИНОВА Қ.
К 91 Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы.  Алматы: 2005. 
144 бет.
ISBN 9965-25-620-9
Монографияда қазақ тілі орфографиясының күрделі мәселелерінің бірі
сөздерді бірге, бөлек таңбалаудың теориялық негіздері көрсетіліп, бірге жазудың
формалды және семантикалық белгілері сараланады. Күрделі сөздердің бөлек
жазылуын айқындайтын әдіс-тәсілдер баяндалады.
Кітап ғылыми қызметкерлер мен аспиранттарға, студенттерге, жоғары оқу
орындарының оқытушыларына, сондай-ақ мектеп мұғалімдеріне арналған.
4602020400
К
0О(О5)-О5
ББК 81.2 Каз. я7
ISBN 9965-25 -620-9
© Күдеринова Қ., 2005


Бұл еңбегімді әкем 
Әміреұлы Бимолданың 
жарқын бейнесіне арнаймын.
Автор
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алып, қоғамдық өмірдің алуан
түрлі саласындағы қызметінің жандануы, алдымен оның нормалануына, әсіресе
жазу нормасын кодификациялауға деген талапты күшейтіп отыр. Жазудың
ғарыш заманында коммуникация қызметін өз монополиясына айналдыруы
жалпы жазуды зерттейтін грамматология саласының пайда болып, жазу
теориясының дамуына, жазуды бейнеграфиялық жүйе ретінде қарауға жол ашты.
Ал дәстүрлі жазу нормасы бар тіл қоғам мәдениетінің жоғары сатыда екенін
көрсетеді. Жазудың маңызы туралы грамматолог А.А. Волков былай дейді:
“Письменная словесность-важнейший предмет филологического исследования,
т.к. языковая культура сохраняется, воспроизводится и приумножается главным
образом в произведениях письменности. В условиях современности проблемы
письма выходят далеко за рамки вспомогательных исторических и
филологических дисциплин, изучающих письменные памятники: палеографии,
дипломатики, эпиграфики, текстологии” (1. 3).
Жазуды нормалаудың бастапқы кездерінде интуитивтік сипат басым
болатыны белгілі. Бастапқыда орфографиялық сөздіктер мен емле ережелері
зерттеу нысанасына айналмай-ақ, тәжірибе негізінде түзіле беретін. Орфогра-
фияның өзі емле, тасымал тәртібін белгілеу дегенді ғана білдіріп, кейін нысанасы
мен пәні бар тіл білімінің маңызды бір саласы екенін айғақтады.
Бұл ретте қазақ орфографиясының айтарлықтай тарихы бар.
С. Аманжолов, І. Кеңесбаев басшылығымен 1941 ж., М. Балақаев
редакторлығымен 1946 ж. жарық көрген алғашқы емле сөздіктері, әр он жыл
сайын жаңаруы дәстүрге айналған қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері (ары
қарай ҚТОС) (1963,1978,1988), проф. Р.Сыздықованың екі дүркін өңделіп, үш рет
басылған “Емле және тыныс белгілері жайындағы анықтағышы”, ондағы емле
сөздігі орфография, қазақ грамматологиясы саласындағы маңызды еңбектер
болып саналады. Ал ондағы шешуі қиын да, келелі мәселе қашан да
сөздердің бөлек, бірге тұлғалануы болып келеді.
Жалпы, бірге, бөлек тұлғаланатын құрама сөздер ҚТОС- інің 30%
бөлігін қамтиды. Бұл сандық көрсеткіш құрама сөздердің (қос сөз,
қысқарған сөз, біріккен сөз, күрделі сөз) морфология саласында, сөздерді
таптастыру аясында барынша зерттелуіне мүмкіндік берді. Бұл тұрғыда
қазақ тіл білімінен Қ.Жұбанов, А. Ысқақов, М.Балақаев, Н.Оралбаева
сынды ғалымдардың еңбектерін айрықша атауға болады. Ал
композиттердің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері туралы неміс тіл
білімінен В.С.Вашунин, А. Л. Кирсанов, Г. Пауль, М.Д. Степанова,


Р.Поленц, француз тілінен А.П.Буянов, ағылшын тілінен О.Д.Мешков,
А.В.Кунин, А.М.Смирницкий, орыс тілінен О.С.Ахманова, Л.Н.Кома-
рова, М.М.Копыленко, А.А. Реформатский, В.И.Кодухов, Л.В.Щерба тағы
басқа көптеген ғалымның еңбектері бар.
Ал құрама сөз түрлері: қос сөз, біріккен сөз, күрделі сөздердің бір-
бірінен негізгі айырым белгісі компоненттердің арақатынасы, соған лайық
тұрпат межесі, яғни орфографиялануы жеке зерттеулерден бұрын орфогра-
фиялық сөздік, емле ережелері материалдарында қамтылып, арнайы
зерттеу нысанасы ретінде қараған ғалымдар Ә.Ермековтің (1949),
Г.Жәркешованың (1950) кандидаттық диссертацияларында біріккен
сөздердің (ары қарай БС), дәлірек айтсақ, кіріккен сөздердің этимология-
сына, лексикалық мағынасына көп көңіл бөлінді. Сөйтіп, орфографиялық
сөздіктер мен анықтағыштарды түзуде сөздердің бірге, бөлек жазылуының
ғылыми негіздерін іздеу мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Ал жазу
қызметі мейлінше артып отырған бүгінгі таңда сөздердің бөлек, бірге
жазылуы графикалық шарттылық қана емес, құрылымдық, мағыналық
деңгейдегі өзгерістерді көрсететін негізгі белгі екенін танытып отыр.
Сондықтан тілдің даму иерархиясының үздіксіздігі, лингвистикалық
зерттеулердің тереңдеп, теориялардың ашылуы, тілдік универсалийлердің
әсері кұрама атаулардың жазылуын жаңа қырынан қарастыруды қажет етті.
Тіл білімінің семасиология, ономасиология, морфология, фразеология,
лексикология салаларындағы зерттеулердің теориялық деңгейі, жаңа
тұжырымдардың пайда болуы аталған мәселеге басқа қырынан келуге
итермеледі. Осыдан келіп, монографияның негізгі мақсаты тіл білімі
дамуының жаңа деңгейін пайдалана отырып,сөздердің бөлек, бірге
кодификациялануының негізін, уәжін, теориялық таянышын іздеумен
сипатталады.
Еңбекте А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл
мәдениеті бөлімінде жүргізілген бірнеше жылғы зерттеу нәтижелері мен
қорытындылар жинақталып, тиісті тілдік материалдармен дәйектеліп
берілді. Ал бұның қазақ тілі орфография мәселелерін, оның ішіңде
сөздердің бөлек, бірге жазылу проблемасын теориялық негіздеуде, жазба
тіл нормалары туралы лингвистикалық ұғымдарды нақтылауда
айтарлықтай жәрдем ететіні сөзсіз. Сонымен қатар орфографиялық
сөздіктерді, емле ережелерін түзуде, мектепке, жоғары оқу орындарына
арналған оқулықтардың орфография бөлімін жазуда, күнделікті баспасөз,
баспа ісінің, көпшілік қауымның жазу мәдениетін көтеруде біршама
септігін тигізеді деген ойдамыз.
Бұл еңбектің жазылу барысында және талқылау кезінде пайдалы
пікір айтып, кеңес берген Институт ғалымдарына үлкен алғысымды
білдіремін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет